Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет44/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   258
Бабына келу
Бабына келу – жұмыс кезінде жүретін функциялық өзгерістердің 
бірінші фазасы. Бабына келу үдерістерімен «өлі нүкте» жəне 
«екінші тыныс алу» құбылыстары тығыз байланысты. Ол – дене 
жаттығуларын орындау кезінде байқалатын жұмыс қабілеттілігінің 
біртіндеп жоғарылау үдерісі. Бабына келу нəтижесінде организм ал-


93
дында тұрған жұмыстың орындалуына бейімделеді. Ол үдеріс бары-
сында: 
1) қозғалысты жəне вегетативтік үдерістерді басқаратын 
жүйкелік жəне нейрогуморалдық механизмдердің құрылулары;
2) қажетті қозғалыс стереотипін (сипаты, түрі, амплитудасы, 
жылдамдығы, күші жəне ырғағы бойынша) біртіндеп қалыптастыру, 
яғни қозғалыс координациясын арттыру;
3) бұлшық ет əрекетін қамтамасыз ететін вегетативтік қызмет-
тің қажетті деңгейіне жету жүреді.
Бабына келудің бірінші ерекшелігі – аталмыш кезеңдегі 
вегетативтік үдерістердің жүйкелік жəне гуморалдық реттелуі 
сипатымен айтарлықтай шамада байланысты осы үдерістердің 
күшеюіндегі салыстырмалы баяулығы, вегетативтік қызметтің 
инерттілігі. 
Бабына келудің екінші ерекшелігі – гетерохронизм, яғни 
организмнің жеке қызметтерінің күшеюінің бір уақытта болма-
уы. Қозғалыс аппаратының бабына келуі вегетативтік жүйелерге 
қарағанда, тезірек жүреді. Вегетативтік жүйелер қызметінің түрлі 
көрсеткіштері, бұлшық ет пен қандағы метаболизмдік заттар кон-
центрациясы əртүрлі жылдамдықпен өзгереді. Мысалы, жүректің 
минуттық қан көлемі мен қан қысымына қарағанда, ЖЖЖ 
тезірек өседі, оттегі пайдалануға қарағанда, ӨВ тезірек күшейеді
(М. Я. Горкин, 1986).
Бабына келудің үшінші ерекшелігі – орындалатын жұмыс 
қарқындылығымен (қуаттылығымен) физиологиялық қызметтер 
өзгерістері жылдамдығы арасындағы тура тəуелділіктің болуы, 
яғни орындалатын жұмыс қарқынды болған сайын, соғұрлым оның 
орындалуымен тікелей байланысты организм қызметінің бастапқы 
күшеюі тезірек жүреді. Сондықтан бабына келу кезеңі ұзақтығы 
жаттығу қарқындылығымен (қуаттылығымен) кері тəуелділікте бо-
лады. Мысалы, оттегі пайдаланудың қажет деңгейіне жету үшін ба-
бына келу кезеңі аз аэробтық қуаттылықты жаттығуларда шамамен, 
7-10 мин, орташа аэробтық қуаттылықты жаттығуларда 5-7 мин, 
субмаксималды қуаттылықты жаттығуларда 3-5 мин, максималдыға 
жуық аэробтық қуаттылықты жаттығуларда 2-3 мин-қа дейін, макси-
малды аэробтық қуаттылықты жаттығуларда 1,5-2 мин-қа созылады. 
Бабына 
келудің 
төртінші 
ерекшелігі – спортшының 
жаттықтырылу деңгейі жоғары болған сайын соғұрлым сол бір 
жаттығуды орындау кезінде бабына келу үдерісі тезірек өтеді. 


94
Жұмыс атқарушы бұлшық еттерге оттегі жеткізілуін қамтамасыз 
ететін тыныс алу жəне жүрек-тамыр жүйесінің қызметі біртіндеп 
күшейеді. Кез келген жұмыстың басында бұлшық ет жиырылуы 
негізінен анаэробтық механизмдер энергиясы есебінен, яғни сүт 
қышқылының түзілуімен анаэробтық гликолиз, АТФ, КрФ ыдыра-
уы есебінен жүзеге асырылады. Жұмыс басындағы организмнің 
(жұмыс атқарушы бұлшық еттердің) оттегіге қажеттілігі мен бабы-
на келу кезеңіндегі олардың арасындағы шынайы қанағаттануының 
сəйкес келмеуі оттектік тапшылыққа əкеледі.
Ауыр емес аэробтық жаттығуларды (тіпті, субмаксимал-
ды аэробтық қуаттылықты жұмыстарға дейін) орындау кезінде 
оттектік тапшылық «тұрақты» күйдің бастапқы кезеңінде оттегі 
пайдаланудың біраз артық мөлшері есебінен сол жаттығу кезінде-ақ 
жабылады («төленеді»). Максималдыға жуық аэробтық қуаттылық-
ты жаттығуларды орындау кезінде оттектік тапшылықтың тек біразы 
сол жұмыс кезінде-ақ жабылуы мүмкін, ал оның көп дəрежеде 
қалпына келу кезеңіндегі оттектік қарыздың айтарлықтай бөлігін 
құрай отырып, жұмысты тоқтатқаннан соң жабылуы орын алады. 
Максималды аэробтық қуаттылықты жаттығуларды орындау кезінде 
оттектік тапшылық оттектік қарыздылықтың өте елеулі бөлігін 
құрай отырып, қалпына келу кезеңінде тұтасымен жабылады.
Оттегі тапшылығы түзілуіне əкелетін жұмыс басында оттегі 
пайдаланудың баяулап артуы ең алдымен, тыныс алу жəне қан 
айналу жүйелері қызметінің инертті күшеюімен, яғни бұлшық 
ет əрекетіне оттегі тасымалдау жүйесінің баяу бейімделуімен 
түсіндіріледі. Бірақ оттектік тапшылық туындауының жұмыс 
атқарушы бұлшық еттердегі энергиялық метаболизмінің өзінің ки-
нетикасы ерекшеліктерімен байланысты басқа да себептері бар. 
Бабына келу үдерістері неғұрлым тезірек (қысқарақ) болған 
сайын соғұрлым оттектік тапшылық азырақ болады. Сондықтан 
бірдей аэробтық жаттығуларды орындау кезінде оттектік тапшылық 
жаттықпаған адамдарға қарағанда, жаттыққан спортшыларда азырақ 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет