Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


«Өлі нүкте» жəне «екінші тыныс алу»



Pdf көрінісі
бет45/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   258
«Өлі нүкте» жəне «екінші тыныс алу»
Жаттықпаған адамда ұзақ жəне ауыр бұлшық ет жұмысын 
орындай бастағаннан бірнеше минуттан кейін жұмысты əрі қарай 


95
жалғастырудың мүмкін болмауы мен толық əлсіреуді субъективті 
сезінуімен қатар жүретін жұмыс қабілеттіліктің шұғыл төмендейтін 
ерекше күйі туындауы мүмкін. «Өлі нүкте» деп аталатын бұл күй 
кейде жаттыққан спортшыларда да байқалады. Жұмысты шектен 
тыс қарқынды бастау бұл күйдің көріну мүмкіндігін жоғарылатады. 
Ол ауыр субъективті сезімдермен, солардың ішінде бастысы ентігуді 
сезінумен сипатталады. Осымен қатар адамда кеуденің қысылу 
сезімі, бас айналу, ми тамырларының лүпілін сезіну, кейде бұлшық 
ет ауырсынуын сезіну, жұмысты тоқтату ниеті байқалады. «Өлі 
нүкте» күйінің объективті себептеріне жиі жəне салыстырмалы беткі 
тыныс алу, оттегі пайдаланудың жоғарылауы, дем шығарған ауадағы 
СО
2
бөлінуінің артуы, жоғары оттегінің вентиляциялық эквиваленті, 
ЖЖЖ жоғарылауы, қанда жəне альвеолалық ауада СО
2
мөлшерінің 
жоғарылауы, қандағы рН төмендеуі, тер бөлінудің артуы жатады 
(8-кесте).
«Өлі нүктенің» пайда болуының жалпы себебі бабына келу 
үдерісінде туындаған жұмыс атқарушы бұлшық еттердің оттегіге 
жоғары қажеттілігі мен организмді оттегімен қамтамасыз ететін 
оттегі тасымалдау жүйесі қызметінің жеткіліксіз деңгейі арасындағы 
сəйкессіздіктен туындауы ықтимал. Нəтижесінде бұлшық ет пен 
қанда анаэробтық метаболизм өнімдері, ең алдымен, сүт қышқылы 
жинақталады. Бұл жұмыс басында активті жəне активті емес дене 
мүшелері мен ұлпалары арасындағы жүректің қан айдауының 
(жүректің минуттық қан көлемінің) баяу қайта таратылуынан салы-
стырмалы гипоксия күйін сезінетін тыныс алу бұлшық еттеріне де 
қатысты. 
Уақытша «өлі нүкте» күйін жеңу үлкен ерік күшін қажет етеді. 
Егер жұмыс жалғаса берсе, онда ең алдымен жəне көбінесе, қалыпты 
(«комфортты») тыныс алудың пайда болуымен көрінетін кенеттен 
жеңілдену сезіміне ауысады. Сондықтан «өлі нүкте» ауысқан күйді 
«екінші тыныс алу» деп атайды. Бұл күйдің пайда болуымен ӨВ 
көбіне азаюы, тыныс жиілігінің баяулауы, ал тыныс тереңдігінің 
артуы, ЖЖЖ біраз төмендеуі жүреді. О
2
пайдалану жəне дем 
шығарған ауаға СО
2
бөліну азаяды, қандағы рН өседі. Тер бөлінудің 
күшеюі байқалады (8-кестені қараңыз). «Екінші тыныс алу» күйі 
организмнің жұмыстардың орындалуын қанағаттандыру үшін 
жеткілікті мобилді екенін көрсетеді. Неғұрлым жұмыс қарқындырақ 
болса, соғұрлым «екінші тыныс алу» ертерек пайда болады.


96
«Екінші тыныс алу» пайда болуы əрқашан жаттықтырылу 
дəрежесімен байланысты емес. Кейбір жақсы жаттыққан спортшы-
лар ешқашан бұл күйді сезінбеген. Сонымен қатар жаттықтырылу 
дəрежесі төмен спортшыларда субъективті сияқты «екінші тыныс 
алудың» нақты себептері де объективті байқалған. 
8-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет