Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Оттектік қарыздылық жəне организмнің энергиялық



Pdf көрінісі
бет58/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   258
Оттектік қарыздылық жəне организмнің энергиялық 
қорларының қалпына келуі. Бұлшық ет жұмысы үдерісінде 
организмнің оттектік қоры, фосфагендер (АТФ жəне КрФ), 
көмірсулар (бұлшық ет жəне бауыр гликогені, қан глюкозасы) жəне 
майлардың шығындалуы жүреді. Жұмыстан соң олардың қалпына 
келуі орын алады. Тек майлар ғана қалпына келмеуі мүмкін.
Жұмыстан кейін организмде жүретін қалпына келу үдерістерінің 
энергиялық сипаты жұмыс алдыңғы күймен салыстырғанда оттегі 
пайдаланудың жоғарылауымен – оттектік қарыздылықпен көрінеді. 
А. Хилл теориясына сəйкес оттектік қарыздылық дегеніміз жұмыс 
кезінде шығындалған энергия қорының қалпына келуімен жəне 
сүт қышқылының жойылуымен жүретін жұмыс алдыңғы күйге 
дейін қалпына келу үшін организмді энергиямен қамтамасыз ететін 
тыныштықтағы жұмыс алдыңғы деңгейден асатын оттегіні артық 
пайдалану. Жұмыстан кейін оттегі пайдалану жылдамдығы экс-
поненциалды төмендейді, яғни алғашқы 2-3 минутта өте жылдам 
(жылдам немесе алактатты оттектік қарыздылық компоненті), содан 
соң жұмыс алдыңғы деңгейге жуық тұрақты өлшемге (30-60 мин) 
жеткенге дейін неғұрлым баяулау (баяу немесе лактатты оттектік 
қарыздылық компоненті) болады.
ОМП-дан 60%-ға дейін қуаттылықты жұмыстан кейін оттектік 
қарыздылық оттегі тапшылығынан біршама асады. Неғұрлым 
қарқынды жаттығудан кейін оттектік қарыздылық оттектік 
тапшылықтан айтарлықтай жоғарылайды. Мұнда неғұрлым жұмыс 
қуаттылығы жоғары болған сайын оттектік қарыздылық соғұрлым 
көп болады (34-сурет).


119
Оттектік қарыздылықтың жылдам (алактатты) компоненті 
бастысы жұмыс атқарушы бұлшық еттердегі жұмыс кезінде 
шығындалған жоғары энергиялық фосфагендерді жылдам қалпына 
келтіруге оттегі қолданумен жəне сонымен қатар вена қанындағы 
оттегінің қалыпты мөлшерін қалпына келтірумен жəне миоглобинді 
оттегімен қанықтырумен байланысты.
34-сурет. Əртүрлі салыстырмалы қуаттылықты жаттығулар кезіндегі 
оттектік қарыздылық пен оттектік тапшылық (Х. Кнуттген, Б. Салтин 
бойынша)
Оттектік қарыздылықтың баяу (лактатты) компоненті 
көптеген факторлармен байланысты. Ол жұмыстан кейінгі лактаттың 
көп мөлшерде қан мен ұлпа сұйықтығынан жойылуымен байланыс-
ты. Бұл жағдайда оттегі қан лактатынан (ең бастысы бауырда жəне 
бүйректің кейбір бөлімінде) гликоген ресинтезі мен жүрек пен қаңқа 
бұлшық еттерінде лактаттың тотығуын қамтамасыз ететін тотығу 
реакцияларына пайдаланылады. Бұдан басқа оттегі пайдаланудың 
ұзақ жоғарылауы қалпына келу кезеңінде тыныс алу мен қан ай-
налу жүйесінің күшейтілген қызметін, күшейтілген зат алмасу-
ын жəне т.б. үдерістерін сақтап тұру қажеттілігімен байланысты. 
Ол үдерістер, сонымен қатар қалпына келу кезеңі барысында баяу 
төмендейтін жоғары дене температурасының, симпатикалық жəне 


120
ішкі секрециялық жүйелердің жоғары белсенділігінің ұзақ уақыт 
сақтап тұрылуымен негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет