Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Субмаксималды аэробтық қуаттылықты



Pdf көрінісі
бет56/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   258
Субмаксималды аэробтық қуаттылықты жаттығулар жүрек-
тамыр жүйесіне жүктеменің көп болуымен байланысты. Олар-
ды орындау негізгі субстрат ретінде бұлшық ет гликогені мен қан 
глюкозасын пайдаланатын жұмысшы бұлшық еттердегі тотығу 
үдерістерімен қамтамасыз етіледі. Бұл жаттығулар кезінде қажудың 
басты механизмі жұмыс атқаратын бұлшық еттер мен бауырдағы 
гликоген қорының түгесілуі болып табылады. Квази тұрақты күй 
кезеңі барысында жүрек-тамыр жүйесі қызметінде байқалатын 
көптеген өзгерістер ақыр аяғында қажуға əкеледі. Жүрекке көп жəне 
ұзақ уақыт ықпал еткен жүктеме миокард қызметінің төмендеуіне 
əкеледі. Қажудың дамуында жұмыстың жалғасуы барысында 
жоғарылайтын қажетті дене температурасын ұстап тұру (жұмыс ги-
пертермиясы) белгілі бір рөл атқарады. 
Орташа аэробтық қуаттылықты жаттығулар да оттегі та-
сымалдау жүйесіне айтарлықтай жүктеме түсіреді. Мұндай 
қуаттылықты жұмыстарда гипогликемияның дамуына əкелетін 
бұлшық ет гликогенінің айтарлықтай жəне бауырдағы гликогеннің 
күшті шығындалуы (түгесілуі) жүреді. Сонымен қан глюкозасы 
жалғыз энергия көзі болып табылатын ОЖЖ екіншілік зардап шегеді. 
Бұдан басқа жылу реттелу үдерісінің бұзылуының көп маңызы бар. 


116
Бұл дене температурасының критикалық жоғарылауын тудыруы 
мүмкін. Қосымша қан айналымының қайта таратылуы (тері қан 
айналымының күшеюі мен жұмыс атқаратын бұлшық еттердегі қан 
айналымның төмендеуі) нəтижесінде жылу шығару жоғарылайды. 
Жұмысшы бұлшық еттерге оттегі жеткізілуінің төмендеуі бұлшық 
ет қажуына əкеледі.
Аз аэробтық қуаттылықты жаттығулар да орташа аэробтық 
қуаттылықты жаттығулар кезіндегі қажу локализациясы мен 
механизмдері сияқты сипатталады. Айырмашылығы сипатталған 
үдерістердің неғұрлым баяулап өтуінен жəне майлардың көп 
шығындалуынан тұрады. Толық тотықпаған өнімдер қанға түсіп 
қажудың маңызды факторы болуы мүмкін. 
Қалпына келу
Жаттығуды тоқтатқан соң сол жаттығудың орындалу-
ын қамтамасыз ететін физиологиялық жүйелер қызметінің кері 
өзгерістері жүреді. Осы кезеңдегі өзгерістер жиынтығының барлығы 
қалпына келу түсінігіне келіп саяды. Қалпына келу кезеңі барысын-
да жұмыс метаболизмі өнімдері жойылады жəне бұлшық ет əрекеті 
кезінде шығындалған энергиялық қор, пластикалық (құрылымдық) 
заттар (белок жəне т.б.) мен ферменттер толтырылады, яғни бұзылған 
гомеостаз жұмысының қалпына келуі жүреді. Бірақ қалпына келу 
организмнің тек жұмыс алдыңғы күйіне оралу үдерісі ғана емес. 
Осы кезеңде организмнің қызметтік мүмкіндігінің жоғарылауын, 
яғни жаттықтыру əсерінің тиімділігін қамтамасыз ететін өзгерістер 
де жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет