Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Жұмысты тоқтатқаннан кейінгі қызметтердің қалпына



Pdf көрінісі
бет57/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   258
Жұмысты тоқтатқаннан кейінгі қызметтердің қалпына 
келуі. Жұмысты тоқтата салысымен түрлі физиологиялық жүйелер 
қызметінде алуан түрлі өзгерістер жүреді. Қалпына келу кезеңінде:
1. Тез қалпына келу;
2. Баяу қалпына келу;
3. Суперкомпенсация (немесе «қайта қалпына келу»);
4. Ұзақ (кеш) қалпына келу сияқты 4 фазаны бөліп көрсетуге бо-
лады.
Əртүрлі қызметтерде бұл фазалар, олардың ұзақтығы мен си-
паты түрліше болады. Алғашқы екі фазаға қажытатын жұмыс 


117
нəтижесінде төмендейтін жұмысқа қабілеттіліктің қалпына келу 
кезеңі, үшінші фазаға жоғары жұмысқа қабілеттілік, төртіншіге 
жұмыс қабілеттіліктің қалыпты (жұмыс алдыңғы) деңгейіне оралу 
сəйкес келеді (33-сурет).
Жұмыстан кейін қызметтердің қалпына келуінің жалпы 
заңдылықтары келесілерден тұрады. 
Біріншіден, көптеген функциялық көрсеткіштердің қалпына 
келу жылдамдығы мен ұзақтығы жұмыс қуаттылығымен тура 
тəуелділікте болады: неғұрлым жұмыс қуаттылығы жоғары болған 
сайын соғұрлым жұмыс кезінде көптеген өзгерістер жүреді жəне 
(сəйкесінше) қалпына келу жылдамдығы жоғары болады. Бұл 
неғұрлым жаттығудың шекті ұзақтығы қысқарақ болған сайын 
соғұрлым қалпына келу кезеңі қысқа болатынын көрсетеді. Мəселен, 
максималды анаэробтық жұмыстан соң көптеген қызметтердің 
қалпына келу ұзақтығы бірнеше минутқа, ал ұзақ жұмыстан кейін 
мысалы, марафондық жүгіруден кейін бірнеше күнге созылады. 
Көптеген функциялық көрсеткіштердің бастапқы қалпына келу ба-
рысы өзінің сипаты бойынша бабына келу кезеңіндегі олардың 
өзгерістерінің айнадағы бейнесі ретінде көрінеді. 
Ψɚɠɵɬɚɬɵɧ
ɠαɦɵɫ
ɌɵɧɵΥɭ
ɀαɦɵɫΩɚ
 
Ωɚɛɿɥɟ
ɬɬɿɥɿɤ
ɬɿέ
 
Ωɚ
ɥɵɩɬɵ
 
ɞɟέɝ
ɟɣɿ
ɀɨΥɚɪɵ
 
ɠαɦɵɫΩɚ
Ωɚɛɿɥɟɬɬɿɥɿɤ
ɀαɦɵɫΩɚ
Ωɚɛɿɥɟɬɬɿɥɿɤɬɿέ
ɬλɦɟɧɞɟɭɿ
ɀαɦɵɫΩɚ
Ωɚɛɿɥɟɬɬɿɥɿɤɬɿέ
Ωɚɥɩɵɧɚ
 
ɤɟɥɭɿ
Ψɚɥɵɩɬɵ
 
ɠαɦɵɫΩɚ

Ωɚɛɿɥɟɬɬɿɥɿɤ
33-сурет. Жұмысты тоқтатқанға дейінгі жəне қалпына келу кезеңінде 
жұмысқа қабілеттілік өзгерістерінің сызбанұсқалық көрінісі 
(Г. В. Фольборт бойынша)
Екіншіден
түрлі 
қызметтердің 
қалпына 
келуі 
түрлі 
жылдамдықпен, ал қалпына келу үдерістерінің кейбір фазалары 
əртүрлі бағыттылықпен өтеді, сондықтан олардың тыныштықтағы 


118
деңгейге жетуі бір мезгілде жүрмейді, яғни гетерохронды болады. 
Сондықтан тұтас қалпына келу үдерісінің аяқталуын бір жəне тіпті, 
бірнеше көрсеткіштермен ғана шектеп көрсетпей, тек неғұрлым баяу 
қалпына келетін көрсеткіштің бастапқы (жұмыс алдыңғы) деңгейге 
оралуымен бағалау керек. 
Үшіншіден, қарқынды жұмыстан кейін қалпына келу кезеңі ба-
рысында организм қызметін анықтайтын көрсеткіштердің көпшілігі 
мен жұмысқа қабілеттілік жұмыс алдыңғы деңгейге жетіп қана 
қоймай, «қайта қалпына келу» фазасы арқылы өте отырып, одан 
асып түсуі де мүмкін. Энергиялық субстраттар туралы сөз болғанда, 
мұндай жұмыс алдыңғы деңгейден уақытша жоғарылау суперком-
пенсация деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет