Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Бұлшық еттің ерікті күші мен төзімділігінің байланысы



Pdf көрінісі
бет85/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   258
Бұлшық еттің ерікті күші мен төзімділігінің байланысы
Бұлшық еттің ерікті күші мен төзімділігі («локалды» төзімділік) 
көрсеткіштері арасында күрделі байланыс бар. Сол бір бұлшық ет 
тобының МЕК мен статикалық төзімділігі тура тəуелділікке байла-
нысты: сол бұлшық ет тобының МЕК көп болған сайын, соншалықты 
таңдалған күштенуді ұзақ ұстап тұруға болады («абсолютті локалды 
төзімділік»). Түрлі зерттелушілерде бірдей салыстырмалы бұлшық 
ет (мысалы, олардың МЕК-нен 60%) күштенуін дамытатын ерікті 
күш пен төзімділік арасындағы басқа байланыс эксперименттер-
де байқалған. Мұнда зерттелуші күшті болған сайын соғұрлым 
ол абсолютті мөлшері бойынша бұл күштенуді көбірек ұстап тұра 
алады. Бұл жағдайларда жұмыстың орташа шекті уақыты көбіне, 
МЕК əртүрлі адамдарда бірдей болады («салыстырмалы локалды 
төзімділік»).
МЕК мен динамикалық төзімділік көрсеткіштері түрлі 
мамандандырылған спортшылар мен спортпен шұғылданбайтын 
адамдарда тура байланыста болмайды. Мысалы, ерлер арасындағы 
сияқты əйелдер арасында да диск лақтырушылардың аяқ бұлшық 
еттері неғұрлым күштірек, бірақ оларда динамикалық локал-
ды төзімділік көрсеткіштері ең төмен болады. Орташа жəне ұзақ 
арақашықтықта жүгіретін желаяқтардың аяқ бұлшық еттерінің күші 


167
бойынша спортпен шұғылданбайтын адамдардан еш айырмашы-
лығы жоқ, бірақ алғашқыларында динамикалық локалды төзімділік 
ерекше жоғары. Сонымен қатар оларда қол бұлшық еттерінің 
жоғары динамикалық төзімділігі байқалмаған. Бұлардың барлығы 
жаттықтыру əсерінің жоғары арнайылығын көрсетеді: спортшының 
жаттықтыру кезінде негізгі болып табылатын бұлшық еттердің 
функциялық қасиеттері барлығынан көбірек жоғарылайды. Бұлшық 
ет күшін дамытуға бағытталған жаттықтыру бұлшық ет төзімділігіне 
айтарлықтай аз ықпал ете отырып, бұл сапаны арттыруға мүмкіндік 
беретін механизмдерді жетілдіреді жəне керісінше. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет