Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет82/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   258
42-сурет. Қимыл бірліктерінің физиологиялық профилі: моторлық 
бірліктегі барлық талшықтар дəл сондай талшықтар типінен тұрады (Mod 
from Burke and Tsairis, Ann NY Acad Sci 228:145-159, 1974)


160
Бұлшық ет аралық кординация сол жəне басқа буындардағы 
«қажетсіз» антагонист бұлшық еттер белсенділігіне шек қоюда, 
«қажет» синергист бұлшық еттерді адекватты (барабар) таңдауда, 
аралас жəне т.б. буындардың бекітілуін қамтамасыз ететін антаго-
нист бұлшық еттер белсенділігінің күшеюінде көрінеді.
Сонымен, бұлшық еттердің МЕК көрінуі талап етілетін кез-
дерде оларды басқару ОЖЖ үшін күрделі міндет болып табыла-
ды. Осыдан кəдімгі жағдайларда бұлшық еттің МЕК-нің олардың 
МК-не қарағанда неліктен азырақ екені түсінікті. Бұлшық еттің МК 
мен олардың МЕК арасындағы айырмашылық күштік тапшылық 
(мұқтаждық) деп аталады.
Бұлшық ет аппаратын орталық басқару неғұрлым жетілдірілген 
сайын сол бұлшық ет тобының күштік тапшылығы соғұрлым аз бо-
лады. Күштік тапшылық мөлшері үш факторларға: 
1. Адамның психологиялық, эмоциялық күйіне;
2. Бір мезгілде белсендірілетін бұлшық ет топтарының қажетті 
санына;
3. Оларды ерікті басқарудың жетілдіру дəрежесіне байланысты.
Бірінші фактор. Адам кейбір эмоциялық күй кезінде кəдімгі 
жағдайдағы оның максималды мүмкіндіктерінен асып түсетін күшті 
көрсете алатыны белгілі. Мұндай эмоциялық (стрестік) күйге соның 
ішінде спортшының жарыс кезіндегі күйі де жатады. Эксперименттік 
жағдайларда МЕК көрсеткішінің айтарлықтай жоғарылауы, яғни 
күштік тапшылықтың азаюы зерттелушінің күшті эмоциялық реак-
циясын тудыратын жағдайларда, оның күшті мотивациясы (əуестігі) 
кезінде байқалады. Мысалы, күтпеген қатты дыбыстан соң жəне 
гипноз, кейбір дəрілік препараттарды қабылдаған кездерде де 
аңғарылады. Мұнда оң əсер (МЕК артуы, күштік тапшылықтың 
төмендеуі) жаттықпаған адамдарда күшті, ал жақсы жаттыққан 
спортшыларда əлсіз көрінеді немесе мүлдем көрінбейді. Бұл спорт-
шыларда бұлшық ет аппаратын орталық басқарудың жетілуінің 
жоғары дəрежесін көрсетеді.
Екінші фактор. Бірдей жағдайларда күштік тапшылық мөлшерін 
өлшеу неғұрлым бір мезгілде жиырылған бұлшық ет тобының саны 
көп болған сайын соғұрлым жоғары болады. Мысалы, тек қолдың 
бас бармағы иілуіне əкелетін бұлшық еттің МЕК өлшеген кезде 
түрлі зерттелушілерде осы бұлшық еттердің МК-нен 5-15%-н күштік 
тапшылық құраған. Бас бармақ жəне оның бөліктерінің бүгілуіне 


161
əкелетін бұлшық еттің МЕК-н анықтау кезінде күштік тапшылық 
20%-ға дейін артқан. Балтыр бұлшық еттері көп топтарының макси-
малды ерікті жиырылуы кезінде күштік тапшылық 30%-ға тең.
Үшінші 
фактордың 
маңызы 
түрлі 
эксперименттермен 
дəлелденген. Мысалы, аяқ-қолдың белгілі бір қалпында жүргізілген 
изометриялық жаттықтыру сол қалпында өлшенген МЕК-нің 
айтарлықтай жоғарылауына əкеледі. Егер өлшеу аяқ-қолдың басқа 
қалпында жүргізілсе, онда МЕК жоғарылауы айтарлықтай бол-
майды немесе мүлдем өспейді. Егер МЕК өсуі жаттыққан бұлшық 
еттердің (шеткі фактор) көлденең қимасының артуына ғана байла-
нысты болса, онда ол аяқ-қолдың кез келген қалпында өлшеу кезінде 
байқалушы еді. Сəйкесінше, аталмыш жағдайда МЕК өсуі жаттығуға 
дейінгіге қарағанда дəл сол жаттыққан қалыпта неғұрлым жетілген 
бұлшық ет аппаратын орталық басқаруға байланысты. 
Координациялық фактор рөлі салыстырмалы ерік күші 
көрсеткішін анықтау кезінде де айқындалады. Ол МЕК көрсеткішін 
бұлшық ет көлденең қимасының мөлшеріне бөлумен анықталады. 
Изометриялық жаттығуларды қолдана отырып, 100 күндік 
жаттықтырудан кейін жаттыққан қол бұлшық етінің МЕК 92%-ға, 
ал олардың көлденең қимасы ауданы 23%-ға өскен. Сəйкесінше, са-
лыстырмалы ерік күші орташа 6,3-тен 10 кг/см² дейін артты. Соны-
мен жүйелі жаттықтыру бұлшық етті ерікті басқарудың жетілуіне 
мүмкіндік жасайды. Жаттықпаған қол бұлшық етінің МЕК бұл 
қолдың бұлшық ет көлденең қимасының ауданы өзгермесе де соңғы 
фактор есебінен біршамаға артқан. Бұл бұлшық еттерді неғұрлым 
жетілген орталық басқару симметриялық бұлшық ет топтарына 
қатысты көрінуі мүмкін екенін аңғартады. Мұны жаттықтыру əсерін 
«тасымалдау» құбылысы дейді.
Бұлшық еттің жылдам қозғалыс бірліктеріне ең жоғары 
табалдырық күші тəн екені белгілі. Олардың бұлшық еттердің жалпы 
ширығуына үлесі мол, себебі олардың əрқайсысы көптеген бұлшық 
ет талшықтарынан құралады. Жылдам бұлшық ет талшықтарында 
көп миофибрилдер бар, жуандау жəне сондықтан олардың жиырылу 
күші баяу қозғалыс бірліктеріне қарағанда жоғары келеді. Осыдан 
неліктен МЕК бұлшық ет композицияларына тəуелді екені түсінікті, 
яғни оларда неғұрлым жылдам бұлшық ет талшықтары көп болса, 
соғұрлым олардың МЕК жоғары болады.
Спортшының алдында жарыс жаттығуларын орындау кезінде 


162
айтарлықтай бұлшық ет күшін дамыту міндеті тұрса, онда ол 
жаттықтыру кезінде жоғары бұлшық ет күшімен (оның МЕК 70%-
дан аз емес) орындалатын жаттығуларды жүйелі түрде қолданып 
отыру керек. Бұл жағдайда бұлшық етті ерікті басқару, атап айтқанда, 
негізгі бұлшық еттердің қозғалыс бірліктерінің, соның ішінде 
неғұрлым табалдырық күші жоғары, жылдам қозғалыс бірліктерінің 
көп мөлшерінің қатысуын қамтамасыз ететін бұлшық ет ішілік коор-
динация механизмдері жетіле түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет