Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет84/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   258
46-суретБұлшық еттің зақымдалуы мен күштік тапшылыққа пассивті 
жəне изометриялық жаттықтырудың ықпалы (Koh & Brooks (2001) Am J 
Physiol 281:R155-R161)
Ал зақымдалудан 4 күн, 2 апта жəне 4 аптадан кейін бұлшық 
ет талшықтарының біртіндеп қалпына келу динамикасы миолог 
ғалымдар түсірген фотосуретте көрсетілген. Перри мен Рудницкий 
(2000) еңбектерінде бағаналы (діңгек) жасушалар – сателлиттерден 


165
бұлшық ет талшықтарының дифференциациялану үдерісіне дейінгі 
кезеңдер бейнеленген (47-сурет).
47-суретСателлит жасушаларының активациясы жолымен бұлшық ет 
талшықтарының қалпына келуі Myology (Sanes, McGraw-Hill, 1994); Perry 
and Rudnicki (2000) Frontiers in Bioscience 5:D750-67)
Спорттық практикадағы күш түсінігі. Күш – адамның өз 
бұлшық еттері күші есебінен сыртқы қарсылықты жеңу неме-
се оған қарсы тұра алу қабілеті. Оның мөлшері бұлшық еттердің 
физиологиялық кесіндісіне, оның талшықтарының ерекшеліктеріне 
жəне биохимиялық қуатына байланысты болып келетіндігі белгілі. 
Күш дене сапасына орталық жүйке жүйесінің қызметі ерекшелігі де 
елеулі əсер етеді. 
Күш дене сапасын жалпы жəне арнайы деп бөлу, белгілі бір 
спорт түріне қажетті күш түрлерінің бағытын көрсетеді, ол жаттығу 
түрлерін таңдауға байланысты болып келеді.
Күштің берілу түрлеріне байланысты статикалық жəне 
динамикалық, спорттық кейбір түрлерінде «жарылыстық» деп ата-
латын күш түрлерінің атаулары кездеседі. Динамикалық күш бұлшық 
еттердің кедергіні жеңу немесе шегінуі жағдайында іске асырылады. 
Бірінші жағдайда бұлшық ет жиырылады, екінші жағдайда созыла-
ды. Динамикалық жұмыс түрлі жылдамдықта, қарқында əрі əртүрлі 


166
күшті жұмсау жағдайында өтуі ықтимал. Статикалық жағдайда 
бұлшық еттер өздерінің ұзындығын өзгертпейтін жағдайда болады. 
Абсолюттік күш динамикалық жəне статикалық жағдайда 
ең жоғары күш қабілетін көрсету болып табылады. Салыстыр-
малы күшке спортшының бір килограмм салмағына бөлінген 
күш көрсеткішін алады. Осы көрсеткіштің жоғары жəне сапалы
деңгейде болуы спортшының спорттық шеберлігінің шыңдалуына 
ықпал етеді.
Арнайы күш қабілетін арттыру алдымен, жалпы дайындық 
кезеңдерін өткізуден кейін іске асырылады. Ол спортшының 
маманданған спорт түріне қажетті жағдайда жұмыс жасауына 
мүмкіндік береді. 
Күш дене сапасын арттыруға арналған əдістемелер бойын-
ша үлкен күш жұмсай орындалатын жаттығулар орындалу уақыты 
жағынан жылдам, көп күшті жұмсауды қажет ететін болуы əрі
бағыты жағынан спорт түрінің өзіндік ерекшелігін сақтауы керек
(Д. Оңғарбаева жəне əріпт., 2013).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет