Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Бұлшық ет талшықтары зақымдалуы жəне дене жаттығулары



Pdf көрінісі
бет83/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   258
Бұлшық ет талшықтары зақымдалуы жəне дене жаттығулары
Бұлшық еттер адам организміндегі əртүрлі қозғалыстарды 
қамтамасыз ететін тірек-қимыл жүйесінің белсенді бөлігі 
болғандықтан дене жаттығуларымен шұғылдану кезінде де оның 
зақымдалуы жағдайлары кездеспей қоймайды.
Бұлшық еттің ұзындығы мен ширығу ерекшеліктеріне байланыс-
ты бұлшық ет талшықтарының зақымдалу дəрежесі де əртүрлі бола-
ды (43-сурет). Бұл зерттеулерден бақылау тобы мен изометриялық 
жиырылуға қарағанда ұзара жиырылу кезінде зақымдалу пайызының 
нақты (р<0,05) бірнеше есе жоғары екендігін көруге болады. Мұны 
спорт практикасында ескерген жөн. Сондай-ақ бұлшық еттің 
зақымдалуына басқа да көптеген факторлар, оқыс жағдайлардағы 
механикалық зақымдар, ферменттер жетіспеушілігі, шаршау, күштің 
азаюы кезіндегі субъективті себептер əсер ететіндігі белгілі. 
43-суретБұлшық ет жиырылуы мен бұлшық ет талшықтары зақымдалуы 
(Koh & Brooks (2001) Am J Physiol 281:R155-R161)


163
44-суреттегі Фолкнер мен əріптестерінің еңбектерінен зақым 
алғаннан 3 күн өткеннен кейінгі бұлшық ет талшықтарының күйін 
анық көруге болады.
Дене жаттығуларының организм үшін қаншалықты маңызды 
екендігіне Faulkner, Brooks жəне Zerba жүргізген зерттеулер дəлел 
болады. Зерттеу нəтижелерінен 2 апта бойы жаттығудан кейін
күштік тапшылықтың жаттықпаған кезеңге қарағанда 3 есеге жуық
кемитінін, ал зақымдалған бұлшық еттің талшықтары санының 4 есе-
ге дейін азаятындығын көруге болады. Екі жағдайда да жаттықпаған 
кезеңге қарағанда айырмашылықтар нақты (Р<0,05) болған (45-су-
рет).
44-сурет. Зақым алғаннан 3 күннен кейінгі бұлшық ет талшықтарының 
«елесі» (Faulkner, Brooks and Zerba (1995) J Gerontol 50:B124-B129)
45-сурет. Бұлшық еттің зақымдалуы мен күштік тапшылыққа 
дене жаттығуларының ықпалы (Koh & Brooks (2001) Am J Physiol 
281:R155-R161)


164
Сонымен қатар күштік ташылық пен бұлшық еттердің зақымдалу 
пайызына пассивті жаттығу мен бұлшық еттердің изометриялық
жиырылуын іске асыра отырып, орындалатын жаттығудың əсері са-
лыстыра зерттелген (46-сурет).
Бұл зерттеулерде бұлшық еттердің дегенерациясы мен регенера-
циясына назар аударылған. Бұлшық еттің дегенерациясы дегеніміз 
оның негізгі қабілеті – жиырылудан айырылу болса, ал оның регене-
рациясы жиырылу қабілетінің қайтадан қалпына келуі болып табы-
лады. Қартаю барысында зақымдарға шалдығудың артатындығына 
жəне оның қалпына келуінің төмендеуіне қарамастан жануарларға 
жүргізілген тəжірибелер оларда да зақымдардың алдын алуға мүмкін 
болатындығын көрсеткен. Бұлшық ет талшықтарын жаттықтыру 
əсіресе, егде адамдарда жиырылу кезінде оқыс зақымдалу 
жағдайларын азайтуы мүмкін. 
46-суретте көрсетілгендей, əсіресе, барлық талшықтардың 
ішіндегі зақымдалған талшықтар пайызы жаттықпағандарға 
қарағанда пассивті жаттыққан жануарларда 2 есе аз (Р<0,05) болған. 
Күштік тапшылық пайызы жаттықпағандарға қарағанда жаттыққан 2 
топта да (пассивті, изометриялық жаттығу) нақты айырмашылықпен 
төмен болған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет