214
Капиллярланудың күшеюінің тек төзімділік жаттығулары
кезінде өте белсенді болатын бұлшық еттерде байқалатынын жəне
жаттығуды орындауда белсене қатыспайтын бұлшық еттерде бол-
майтынын баса айтып өткен жөн.
Бұлшық ет капиллярларының жоғары тығыздығы диффузия
беткейін арттырады жəне қан тамырларынан бұлшық ет жасу-
шаларына молекулалар өтетін жолды қысқартады. Бұл аэробтық
бұлшық ет жұмыс қабілеттілігінің жоғарылауына əкеледі, сөйтіп
жұмыс атқарушы бұлшық еттерде қан айналымының жоғары
сыйымдылығын қамтамасыз етеді жəне капиллярлық-жасушалық
мембраналар арқылы энергиялық заттардың, ең əуелі оттегінің та-
сымалдануын жеңілдетеді. Осыдан неліктен стайер-спортшылар-
да (ұзақ қашықтыққа жүгірушілерде) спортпен шұғылданбайтын
адамдарға жəне спринтерлерге (қысқа қашықтыққа жүгірушілерге)
қарағанда максималды бұлшық еттік қан айналымы мен капиллярлық
диффузиялық қабілеттің айтарлықтай жоғары болатыны түсінікті.
Достарыңызбен бөлісу: