Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет131/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   258
Шыныққандық 
дəрежесін 
анықтауда 
тұқымқуалау-
шылықтың рөлі күмəн тудырмайды. Генотипі əртүрлі адамдарды 
бірдей жаттықтыру бірдей нəтиже бермейді, яғни жаттықтыруға 
организмнің сезімталдығы (шыныққандық) айтарлықтай шамада ге-
нотипке байланысты. 
Мəселен, монозиготалы 10 жұп егіздер 20 апта бойы төзімділік 
жаттығуларына қатысқан. ОМП орташа жоғарылауы кезінде 14% 
жеке-дара, өсім вариациялары өте елеулі 41%-ға дейін болған. Алай-
да, егіздерде жаттықтыру əсерінің шамасы (шыныққандық дəрежесі) 
ұқсас болып келген. 
Есептеулер нəтижесі бойынша төзімділік жаттығулары ықпалы-
нан ОМП өсімінің жеке-дара вариациясының 50%-ы спортшының 


255
генетикалық ерекшеліктерімен анықталса, ал оның тек 20-30%-
ы ОМП деңгейінің бастапқы (жаттығу алды) мəніне байланысты 
болған. Сонымен, шамамен, жаттығу əсерінің 70-80%-ы генетика-
лық тəуелділікте болып келеді, яғни организмнің тұқым қуалай 
берілген ерекшеліктерімен анықталады. 
Тұқымқуалаушылық адамның дене белсенділігінің (қозғалғыш-
тығының) жалпы деңгейіне де ықпал етеді. 
Мысалы, жоғары қозғалғыштық дене белсенділігі өте жоғары 
ата-аналардың балаларында 20% жағдайларда, ал «қалыпты» 
ата-аналардың балаларында тек 4% жағдайларда айқындалған. 
Қандай да бір спорттық шынықтыру түріне қатынастары бойын-
ша монозиготалы егіздерде тек 6%, ал дизиготалы егіздердің 85% 
айырмашылық орын алған. Спорттық мамандандыруды таңдау ба-
рысында, белсенділік дəрежесі мен қол жеткізілген нəтижелердің 
толық сəйкес келуі 70% монозиготалы егіздер жұбында, тек 22% 
дизиготалы егіздер жұбында байқалған. 
Əрбір адамның жаттығу əсерінің өсу шегі генетикалық алдын 
ала анықталған. Тіпті, жүйелі түрде жүргізілген дене жаттығулары 
да организмнің қызметтік мүмкіндіктерін генотиппен анықталған 
белгілі бір шегінен арттыра алмайды. Осыған орай генетикалық фак-
торлар жоғары спорттық нəтижелерге жетуде шешуші болып табы-
лады. Табиғи, генетикалық берілген аэробты мүмкіндіктер сыртқы 
орта (жаттығу) ықпалдарына қарамастан жеткілікті дəрежеде 
тұрақты болуы мүмкін. Атап айтқанда, ОМП өсу шегі жеке-да-
ра генотиппен лимиттелген болуы ықтимал, сондықтан ешқандай 
жаттығу бұл кедергінің алдын ора алмайды.
Тұқым қуалайтын факторлардың ықпалы белгілі бір сыртқы 
орта жағдайларында, атап айтқанда, денені жаттықтыру үдерісінде 
көрініс береді. Басқаша айтқанда, тұқым қуалайтын факторлар мен 
орта факторлары өзара əрекет етеді. Жоғарыда айтылғандар айту-
лы спортшылар организмінің арнайы қызметтік мүмкіндіктерінің 
жоғары екендігін жəне оның жоғары шыныққандығын анықтайтын 
бірегей генотипке ие екендігін көрсетеді. Сайып келгенде, «ұлы 
стайерлер мен спринтерлер туа бітеді» тіркесі тек кейбір адамдардың 
ғана генетикалық бейім келетіндігін білдіреді, алайда, ол адамдардың 
айтулы спортшы болуы тек арнайы жаттықтыру нəтижесінде ғана 
жүзеге асырылады.
Сайып келгенде, тұқымқуалаушылық факторларының ықпалы 


256
дене сапаларының даму деңгейін анықтайды. Жаттықтыруға ең 
аз «көндігетін» сапаларға шапшаңдық, иілгіштік, жылдамдықты-
күштік мүмкіндіктер жатады. Оттегіні максималды пайдала-
ну (ОМП), анаэробтық мүмкіндіктер, жүректің жиырылу жиілігі 
(ЖЖЖ) максималды мəні, өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) 
жəне т.б. көптеген физиологиялық көрсеткіштердің өзгерістері 
генетикалық негізделген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет