Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


ІХ ТАРАУ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЕРЕКШЕ



Pdf көрінісі
бет139/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   258
ІХ ТАРАУ
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЕРЕКШЕ 
ЖАҒДАЙЛАРЫНДАҒЫ СПОРТТЫҚ ЖҰМЫСҚА 
ҚАБІЛЕТТІЛІКТІҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Жылу реттелуі. Жылу балансы
«Микроклимат жəне спортшылар денсаулығы» қазіргі спорттық 
медицинаның маңызды мəселелерінің бірі. Жоғары білікті спорт-
шыларды даярлауда сыртқы қоршаған орта факторларының адам 
организмінің жұмыс қабілеттілігіне əсері мен биоырғақты ескеру 
қажет. Мəселен, американдық ғалымдар Чикаго марафоншылары 
нəтижелеріне талдау жүргізу барысында оның қоршаған орта темпе-
ратурасымен жəне уақытпен тікелей байланысты екендігі көрінген 
(55-сурет). Бұл спорт түрінде сыртқы орта температурасының 
өнімділік 
пен 
зат 
алмасуға 
ықпалы 
термодинамикалық 
құбылыстармен айтарлықтай тəуелділікте болады.
55-суретЧикаго марафоншылары нəтижелеріне (2001 жəне 2008 жылдар) 
қоршаған орта мен уақыт көрсеткіштерінің ықпалы (Geoffroy Berthelot, 
Adrien Sedeaud, Marion Gluillame, Jean-FrancoisToussaint. Scientifi c 
American, 2013)


274
Адам мен жануарлар денесінің тұрақты температурасы (изотер-
мия) ішкі орта тұрақтылығы (гомеостазистің) негізгі көрсеткіштері-
нің бірі. Тіршілік бабында адам ауа райы қанша құбылмалы болса 
да төтеп береді. Қоршаған орта температурасына тəуелсіз адамның 
дене температурасы тұрақты болады. Қалыпты дене температурасы 
36,6°-37,0ºС, ол көптеген ферментативтік реакциялар, ұлпалардың 
физика-химиялық қасиеттері (тұтқырлығы, беттік керілу, коллоидтар 
ісінуі), өткізгіштік, қозу, сіңіру, бөліп шығару, т.б. физиологиялық 
үдерістер үшін қолайлы болып табылады.
Жылу реттелу – қоршаған орта температурасы мен ішкі жылу 
түзілу деңгейінің өзгерісі кезінде дене температурасын белгілі бір 
шектеулі диапазонда ұстап тұру. Яғни жылу реттелу дегеніміз – 
сыртқы температура өзгерсе де дененің ішкі, өз температурасының 
қалыпты тұрақты күйінде сақталуы. 
Организмнің температуралық гомеостазын қолдайтын жылу 
өндіру жəне жылу берілу үдерісін термореттелу деп атайды. Тем-
пература оптимумы тыныштық күйде 37°С, қарқынды бұлшық ет 
жұмысында 39°С құрайды. Гомойотермді (жылықанды) организм-
дерде физиологиялық мағынада:
1. «ядросы» (температурасы тұрақты ішкі құрылымдар, мəселен, 
ми мен ішкі мүшелер);
2. оны қоршап тұратын «қабығы» деп екі бөлімді ажыратады. 
Дене температурасы деп дене ядросының температурасын ұғады. 
Ең қарапайым жолмен дене температурасы қолтық астынан, ауыз 
қуысынан өлшенеді. Бұл жерлерде дене температурасы дене ядросы 
температурасынан 0,5°С-1,5°С төмен. Адам суық суда немесе суық 
ауада жалаңаш болса, оның денесінің ядро температурасы 35°С дейін 
төмендеуі мүмкін. Орташа ядро температурасының төмендеуін дене 
гипотермиясы деп, ал жоғарылауын дене гипертермиясы деп атайды. 
Ядро температурасының тұрақтылығы дене қабықшасына тəуелді. 
Қалыпты жағдайда адамның температурасы тұрақты: қолтықта ор-
таша 36,5°С-36,9°С, тік ішекте (ректалды) 37,2°С-37,5°С болады. 
Ішкі мүшелердің температурасы 38°С-38,5°С-қа тең болады.
Автономды жылу реттелу ішкі жəне сыртқы орта 
температурасының жоғарылауына немесе төмендеуіне белгілі бір 
жауап реакцияларымен қамтамасыз етіледі жəне жылу өндіру мен 
жылу шығару үдерістерін басқарудан тұрады (перифериялық жəне 
вазомоторлық тонус өзгерісі, тер бөліну, термиялық тахипноэ, 


275
суықтық дірілдеу). Автономды жылу реттеуші реакциялар сананың 
қатысуынсыз жүзеге асырылады жəне үлкен ми сыңарларын алып 
тастаған жағдайларда да бұзылмайды. 
Сыртқы орта температурасы қаншама құбылмалы болса да (Жер-
де арктикалық қыс кезінде температура -50°С, кейбір шөлдерде жаз-
да +60°С-қа дейін болады) адам денесі температурасы өзгермейді. 
Дене температурасының мұндай тұрақтылығы жылу пайда болуы, 
оның сыртқа шығуы сияқты үдерістерге қатысатын бірқатар мүшелер 
мен мүшелер жүйелері қызметінің жүйке-қан арқылы реттелуіне 
байланысты. Олардың бір-бірімен байланысы өте нəзік, үйлесімді, 
сондықтан да температурасы бірқалыпты сақталады, яғни денедегі 
жылу реттеледі. Адам организмінде жылу өндіру мен оның сыртқа 
шығарылуы үздіксіз жүріп отырады. Мұнда энергия үнемі қандай да 
бір жұмысқа жұмсалады жəне жылу өндіру оның салдары (нақтырақ 
айтқанда оны қамтамасыз ететін химиялық реакциялардың салдары) 
болып табылады. Тыныштық күйде адамда жылудың 70%-ы ішкі 
мүшелермен, ал 30%-ы бұлшық ет арқылы өндіріледі. Дене жұмысы 
(жаттықтыру) кезінде жылу түзілу бірнеше есеге артады жəне бұл 
үдерісте бұлшық ет жұмысының үлесі мол. Жылу өндіру ең бастысы 
бұлшық ет жұмысы қарқындылығына байланысты.
Адамның қалыпты тіршілік əрекеті белгілі бір бірнеше гра-
дус температура диапазоны аралығында мүмкін болады. Дене 
температурасының 36°С-тан 
төмендеуі 
жəне 40-41°С-тан 
жоғарылауы қауіпті жəне организм үшін ауыр зардап тарттырады. 
Көбіне, ұлпалардың тоңуы кезінде түзілген кристалдардың əсерінен 
нəзік жасушалық құрылымдардың бұзылатыны байқалған. Темпе-
ратура 45°С-тан жоғары болғанда белоктар денатурациясы жүреді. 
Белоктар барлық реттеуші қызметтерге аса жауапты болғандықтан 
олардың құрылымдық жəне функциялық тұтастығының өмірлік 
қажеттілігі зор. Температура тірі ұлпалардың метаболизміне 
күшті ықпал етеді, өйткені биохимиялық реакциялар жылдамдығы 
қоршаған орта температурасына байланысты жəне көбіне, ол 
температураəр 10°С жоғарылаған сайын 2-3 есеге артады.
Жылу реттелу жылу түзілудің күшеюі (немесе əлсіреуі) есебінен 
немесе жылу шығару қарқындылығының өзгерісімен жүзеге асыры-
лады. Организмде жылу шығару сəуле шығару, жылу өткізу, судың 
булануы арқылы жүреді. 
Жылу түзілуі мен оның шығарылуы арасындағы қажетті ба-


276
ланс ОЖЖ арқылы сақталады. Жəне жылу реттелу үдерісінде 
ОЖЖ бақылауында болатын эндокриндік жүйе үлкен рөл атқарады. 
Мысалы, қалқанша безі гормондары зат алмасу қарқындылығын 
жоғарылатады, сəйкесінше, жылу түзілуді күшейтеді, ал бүйрек үсті 
безі гормондары тотығу үдерістерін күшейтеді, тері тамырларын та-
рылтады, жылу шығаруды төмендетеді.
Дене температурасы сыртқы орта жағдайымен қатар оның дене 
белсенділігі күйіне де байланысты. Тыныштық күйде дене темпе-
ратурасы 37°С жуық болады, дегенмен тəулік барысында (ұйқы 
кезінде барынша төмендейді) өзгереді. Бұлшық ет жұмысы кезінде 
жылу өндірудің күшеюі салдарынан дене температурасы бірнеше 
градусқа жоғарылайды.
Температура дененің барлық бөлімінде бірдей емес жəне ішкі 
температураның таратылуы түрлі ұлпалардың күрделі қызметі бо-
лып табылады, қан айналымы нəтижесінде жылудың тасымалдануы 
жəне жергілікті температуралық градиенттерге байланысты. Егер 
бұлшық ет жұмысын есептемесе, метаболизмдік жылу өндірудің 
көп бөлігі ішкі мүшелерде, сонымен қатар мида жүреді. Дененің 
терең аймақтарында түзілген жылу немесе ішкі жылу дененің 
беткейіне өтуге тиіс. Перифериялық (шеткі) температура дененің 
терең аймақтарынан тасымалданған жылумен жəне ауа температура-
сымен анықталады. Сəйкесінше, дене ішкі, салыстырмалы тұрақты 
температураға жəне организмнің энергиялық балансына байланы-
сты өте құбылмалы қабықшадан тұратын оқшаулайтын қабатқа ие 
деп есептеуге болады. Суық ортада периферияға қан келуі баяулай-
ды жəне бұл перифериялық температураның төмендеуін тудырады. 
Қоршаған ортаның жоғары температурасы кезінде жылу шығару 
қиындайды жəне ішкі температура дененің барлығына дерлік 
бөлімдеріне таратылуы мүмкін.
Қалыпта (яғни тепе-теңдік жағдайында) организмде өндірілген 
жылу қоршаған кеңістікке дене беткейімен беріледі. 
Аяқ-қолда бойлай тігінен (осьтік) температуралық градиент, со-
нымен қатар радиалды (перпендикулярлық беткей) температуралық 
градиент болады. Дененің геометриялық формасының дұрыс 
еместігіне орай дене температурасының кеңістіктік таратылуы 
күрделі үш өлшемді қызметпен сипатталады. Мысалы, жеңіл 
киінген ересек адам ауа температурасы 20°С мекен жайда болғанда 
санның терең бұлшық ет бөлімінің температурасы 35°С-қа, бал-


277
тыр бұлшық ет терең қабаттары 33°С, табан орталығында тек 27-
28°С-қа жетсе, ал ректалды температура шамамен, 37°С-қа тең 
(H. Hensel et al., 1973). Өзгермелі сыртқы орта жағдайларына дене 
температурасының өзгерістері айтарлықтай жоғары дəрежеде дене 
беткейіне жақын жерлерде жəне аяқ, қол басында (акралды зоналар-
да) көрінеді.
56-суретте көрсетілген изотермалар қоршаған ортаның төмен 
жəне жоғары температура жағдайларындағы адам денесіндегі 
температуралық градиенттерді сипаттайды.
Ішкі дене температурасының өзі тұрақты болып табылмай-
ды. Тіпті, термобейтарап жағдайларда ішкі аймақтарда темпера-
тура айырмашылығы 0,2-1,2°С, мида орталықтан сыртқы бөлімге 
дейін 1°С-тан жоғары радиалды температуралық градиент бо-
лады. Неғұрлым жоғары температура тік ішекте байқалады (H. 
Hensel, 1981). Адам денесіндегі əртүрлі мүшелер мен олардың жеке 
бөліктерінің температурасы зат алмасу деңгейіне байланысты да 
өзгереді. Мысалы, бауырда 37,8-38°С, тері сыртында 29,5-33,9°С, 
қолтықта 36,0-36,9°С.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет