271
организмінің қызметтік мүмкіндіктеріне барабар (адекватты)
жаттығу мен тынығу режимдерін сақтау болып табылады.
Шамадан тыс шыныққандық күйінің ауырлығына байланыс-
ты бұзылған жұмысқа қабілеттіліктің қалпына келуі не дене
жүктемелерін төмендетуді, не оларды мүлдем тоқтатуды қажет етеді.
Спортшыға 1-2 апта немесе 1 ай бойына белсенді тынығу немесе
толық демалыс керек. Түрлі реабилитациялық заттар – дəрумендер,
биологиялық белсенді заттар, массаж, физиотерапия жəне т.б.
қолдану ұсынылады.
Кейбір авторлар шамадан тыс шыныққандықты екі типке
жіктейді, оның 2-типі бойынша жалғыз коррекция əдісі ұзақ уақыт
бойына (6-8 айға дейін) жүктеме сипаты бойынша қарама-қарсы
басқа бұлшық ет қызметі түріне ауыстыру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: