272
Созылмалы шамадан тыс зорығу спортшы организмінің
қызметтік мүмкіндіктеріне сəйкес келмейтін жаттығу жүктемелерін
көп рет қолданған кезде байқалады. Олар қатты шаршаумен, ұйқы
мен тəбеттің
бұзылуымен, жүрек тұсында шаншып ауырсынумен,
артериялық қан қысымының аса жоғарылауы немесе төмендеуімен
көрінеді. Спортшының жұмысқа қабілеттілігі дереу төмендейді.
Дене жүктемелерін азайту немесе
толық тоқтату организмнің
қалпына келуіне əкеледі. Сонымен қатар жүрек-тамыр жүйесінің
өзгерістеріне емдік дəрілік заттар қолданылады. Жəне де дұрыс
теңдестірілген тамақтану мен дəрумендерді
қосымша қабылдауға
аса көңіл бөлу қажет. Жұмысқа қабілеттілікті қалпына келтірудің
биологиялық факторлары туралы
5-тарауда толығымен баяндалған.