Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Ұл балаларда жасқа тəуелді жылдамдықты-күштік



Pdf көрінісі
бет207/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   258
Ұл балаларда жасқа тəуелді жылдамдықты-күштік 
жаттығулардың нəтижелері (см)
Жас,
жыл 
Жоғарыға секіру
(екі аяқпен оқыс 
серпіле)
Ұзындыққа 
секіру 
Қатарынан үш рет 
секіріп түсу (орнында)
12
35
171
517
13
38
185
560
14
40
194
591
15
42
201
615
16
44
211
636
Түрлі бұлшық ет топтарының күш салу ұзақтығы бірдей бол-
майды жəне бірмезгілде артпайды. 8-ден 11 жасқа дейін ең жоғары 
төзімділік кеуденің жазғыш бұлшық еттеріне тəн. 11-14 жаста бал-
тыр бұлшық еттерінің төзімділігі айтарлықтай жоғарыласа, 13-14 
жаста кеуденің жазғыш бұлшық еттері жəне білектің бүккіш пен 
жазғыш бұлшық еттерінің статикалық төзімділігі біраз төмендейді. 
Организмнің дамуы барысында асылу жəне таяну сияқты негізгі 
гимнастикалық дене күйінде ұстап тұру уақыты артады. 13-тен 
17 жасқа дейін асылудың шекті ұзақтығы ұл балаларда 4,3 есе, ал 
қыздарда 4 есе жоғарылайды. 
Жас артқан сайын төзімділікті қажет ететін қызу динамикалық 
жаттығуларды орындау кезінде жұмысқа қабілеттілік елеулі 
жоғарылайды. Велоэргометрде орындалатын жаттығуларда жұмыс 
қуаттылығы 8-9 жаста 509 кгм/мин болса, ол біртіндеп ересектерге 


405
тəн деңгей – 2710 кгм/мин дейін артатынын 27-кестеден байқауға 
болады. 
27-кесте
Велоэргометрде жұмыс қуаттылығының жасқа сай өзгерістері 
(А. З. Колчинская бойынша)
Жас, жылмен
Қуаттылық, кгм/мин
8-9
509
10-11
745
13
916
14
1045
15-16
1219
22
2710
Төзімділік түрлі жас кезеңдерінде біркелкі артып отырмайды.
Мəселен, аэробты қуаттылықты жаттығулар кезінде төзімділіктің 
ең жоғары өсімі 15-16-дан 17-18 жастағы жасөспірімдер мен бозба-
лаларда анықталған. Анаэробты қуаттылықты жаттығуларда жұмыс 
ұзақтығының айтарлықтай артуы 10-12-ден 13-14 жасқа дейін 
аралықтарда байқалған.
Жас спортшылар тек төзімділіктерінің жоғары болуымен ғана 
емес жəне айтарлықтай көбірек болатын жасқа сай өсімдерімен си-
патталады. Мəселен, жүзумен айналысатын қыз балаларда 8-ден 15 
жасқа дейін велоэргометрде орындалатын жаттығуларда жұмысқа 
қабілеттілік 3 есе, ал ұлдарда 3,4 есе артқан. Демек, неғұрлым жас 
спортшылар есейген сайын, сəйкесінше спортпен айналысу өтілі 
(стажы) көбейген сайын соғұрлым олар спортпен шұғылданбайтын 
тұлғалардан көп ерекшеленеді. Алайда, дене белсенділігі 
жағдайында бола тұра ядро серпу, диск лақтыру, марафон жəне бас-
кетбол сияқты спорт түрлерінде жұмыс өнімділігінінің жасқа байла-
нысты төмендейтіндігін 74-суреттен көруге болады.
Ептілік. Бұл қимыл сапасы қозғалыстың күштік, уақыттық жəне 
кеңістіктік параметрлерін басқара білумен сипатталады. 
Ептіліктің 
қалыптасу 
факторларының 
бірі 
кеңістікті 
бағдарлаудың дəлдігі болып табылады. Қозғалысты кеңістіктік диф-
ференциалдау (ажырату) қабілеті 5-6 жаста елеулі күшейеді. Бұл 
қабілеттің барынша өсуі 7-ден 10 жасқа дейін байқалады. 10-12 жа-
ста ол тұрақтанып, 14-15 жаста біраз төмендеп, ал 16-17 жаста қимыл 
бағдарлау көрсеткіштері ересектерге тəн деңгейге жетеді. Жүйелі 


406
түрде жаттығу қозғалыстың кеңістіктік параметрлеріне неғұрлым 
сапалы анализ жасай білуін дамытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет