Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Спорттық шынықтыру кезіндегі организм күйі



Pdf көрінісі
бет210/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   258
Спорттық шынықтыру кезіндегі организм күйі 
динамикасының жасқа сай ерекшеліктері
Спорттық шынықтыру үдерісінде организмнің физиологиялық 
күйінің сөрелік күй, бабына келу, тұрақты жұмыс қабілеттілік күйі, 
қажу жəне қалпына келу сияқты бірінен соң бірі алмасып отыратын 
бірнеше кезеңдермен сипатталатыны өткен тараулардан белгілі. 
Ересектерге қарағанда жас спортшыларда түрлі қызметтердің
сөре алдыңғы шартты рефлекстік өзгерістері көбірек байқалуы 
мүмкін. Балаларда алда тұрған бұлшық ет қызметі туралы ауыз-


410
ша ақпараттың өзі оларда ЖЖЖ мен артериялық қан қысымының 
неғұрлым елеулі өзгерістерін тудырады. Жəне де спортпен 
шұғылданбайтындармен салыстырғанда спортшыларда жұмыс 
алдыңғы күйде қызметтердің күшеюі барынша айтарлықтай көрінеді. 
Бабына келу кезеңі ересектерге қарағанда балаларда біраз 
қысқарақ болады. Мысалы, қысқа арақашықтыққа жүгіру кезінде 
7-14 жастағы балаларда максималды жылдамдық 5-секундта, ал 17-
18 жас бозбалаларда 6-секундта көрінеді. Дегенмен, бозбалалардың 
бұл уақытта жоғары жылдамдыққа жететінін əрі ұзақ қашықтықты 
бағындыратындарын жасырмау қажет. Балаларда, сонымен қатар 
жүзу, велоэргометрде «жүру» сияқты төзімділік жаттығуларында 
да тыныс алу, жүрек-тамыр жүйелері мен жұмысқа қабілеттіліктің 
бірнеше көрсеткіштері біраз ертерек тұрақтана бастайды. 
Бабына келу кезеңінен соң тұрақты жұмыс қабілеттілік күй 
орын алады. Тұрақты күйді ұстап тұру қабілеті жасқа тəуелді бо-
лып келеді. Ересектерге қарағанда балалар оны сақтап тұруға аз 
қабілетті. Олар О
2
пайдаланудың максималды деңгейіне тез жетіп 
қойса да, бірақ бұл деңгейді ұстап тұру қабілеті жағынан ересектерді 
алға салады. Жасөспірімдерде тұрақты күйдің неғұрлым қысқа 
кезеңі ересектерге қарағанда барынша арынды гипоксемия дамуы-
мен өтеді. Бұл жасөспірімдерде қызу бұлшық ет əрекеті кезінде ор-
ганизм қызметтерінің бір-бірімен өте көп келісілмеуі нəтижесі бо-
лып табылады. 
Қажу үдерістерінің сипаты да жасқа байланысты болады. Ере-
сектерге қарағанда балаларда қажу кезеңінде жұмысқа қабілеттілік, 
қозғалыстар жылдамдығы көп шамада төмендейді. Балалар 
организмнің ішкі ортасының кішкене ғана өзгерістері туындаған 
кезеңінде, оттектік қарыздылық айтарлықтай аз жағдайда орын 
алып тұрғанда жұмысты тоқтатуға мəжбүр болады. 
В. М. Волков, А. В. Ромашов мəліметтері бойынша орташа аэроб-
ты жұмыс кезінде жасөспірімдерде қажу дамып келе жатқан кезеңде 
вегетативтік қызметтердің (тыныс алу мен қан айналу) дискоордина-
циясы көбірек байқалады, жаттығулардың энергиялық құндылығы 
көп шамада жоғарылайды. 
Жас спортшыларда тыныс алу жəне вегетативтік қызметтер 
арасындағы өзара əрекетер мен қозғалыс координациясы-
на айтарлықтай бұзылулар тəн болғанда қажудың көрінуі сирек 
байқалмайды. Мысалы, тыныс алу мен қозғалыс арасындағы келісе 
орындалған қызмет бұзылған жағдайларда қажу туындайды. 


411
Дене жүктемесінен кейін қалпына келу үдерістерінің сипаты-
на адам жасының ықпалы болмайды. Ұзақ емес, көбіне, анаэроб-
ты жаттығулардан кейін жұмысқа қабілеттіліктің, вегетативтік 
қызметтердің қалпына келуі, оттектік қарыздылықтың жойылуы 
балаларда ересектерге қарағанда неғұрлым қысқа уақыттарда орын 
алады. Балаларда оттектік қарыздылықтың абсолютті сияқты са-
лыстырмалы мөлшерінің де аз болатыны ақиқат. Максималды 
қуаттылықты жұмыс кезінде О
2
пайдаланудың қалпына келуі 11-14 
жастағы балаларда 12-14-минут, ал ересектерде 16-18-минуттарда 
жүреді. 
Қарқынды жаттығулардан кейін қалпына келу үдерістеріне 
біркелкі емес сипат тəн. Алғашында ол жылдам, содан соң баяу 
өтеді. Қалпына келу жылдам фазасында ересектерге қарағанда 
оттектік қарыздылықтың көп бөлігі жойылады. 8-9 жастағы балалар-
да ол жалпы қарыздың 60-70%, ал ересектерде тек 40%-ға жуығын 
құрайды. Жастан жасқа (11-ден 20 жасқа дейін) төзімділік пен үлкен 
жұмыс атқару мүмкіндігінің жоғарылауымен қатар қалпына келу 
уақыты артады. 
Ұзақ емес жаттығулардан кейін балаларда қалпына келудің 
неғұрлым жылдам өтуі ересектер алдында оларға елеулі 
артықшылықтар бермейді. Өйткені ұзақ уақыттық жəне қажытатын 
жүктемелер кезінде, жаттығуларды бірнеше мəрте қайталау бары-
сында ересектерге қарағанда балаларда қалпына келу үдерістері 
баяу өтеді. Мысалы, 16-18 жастағы спортшыларда 50 км веложарыс-
тан соң артериялық қан қысымы 6-24 сағатта, ал ересек спортшы-
ларда 3-4 сағаттың ішінде қалпына келеді. Жас спортшыларда 25 км 
жарыстан соң қалпына келу үдерістерінің ұзақтығы 50 км жарыстан 
кейін ересектерге тəн уақытпен бірдей болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет