Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Жасөспірімдердегі 200 м арақашықтықта максималды темп-



Pdf көрінісі
бет209/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   258
Жасөспірімдердегі 200 м арақашықтықта максималды темп-
те байдаркада ескек есу кезіндегі жұмысқа қабілеттілік мен 
оттектік сұраныс (В. С. Мищенко бойынша)
Көрсеткіштер
Жас, жылмен
13
14
15-18
Ескек уақыты (с)
70,7 ± 0,5
66,0 ± 0,6
61,5 ± 0,6
Минутына есу саны
81,3 ± 0,4
82,0 ± 0,6
93,0 ± 0,7
Оттектік сұраныс, мл/мин. 
мл/кг- мин
3360 ± 40
62,4 ± 0,3
3562 ± 48
64,0 ± 0,4
4070 ± 60
68,0 ± 0,45
Спорттық жаттықтыру дене жұмыс қабілеттілігінің артуы-
на əкеледі. Жас спортшылар спортпен шұғылданбайтындарға 
қарағанда жоғары жұмысқа қабілеттілікке ие болып келеді. Мұнда 


408
жас спортшылар үлкейген сайын, спортпен айналысу өтілі (ста-
жы) ұзарған сайын соғұрлым олардың спортпен шұғылданбайтын 
құрдастарымен арасында айырмашылық көп болады. 8-9 жастағы 
спортшылардың велоэргометрде 3874 кгм, ал сол жастағы спорт-
пен шұғылданбайтын құрдастарының 3684 кгм жұмыс орындағаны 
анықталған. 14-15 жастағы жүзгіштер 12973 кгм, ал спортшы 
емес құрдастары тек 8486 кгм тең жұмыс атқарған. Спортпен 
шұғылданбайтын немесе спортшы қыздар болсын, мейлі ұлдарға 
қарағанда жұмыс қабілеттіліктері төмен болады. Сонымен бірге 
ұлдарға қарағанда жас спортшы мен спортпен шұғылданбайтын 
қыздар арасындағы жұмысқа қабілеттілік айырмашылығы жоғары 
дəрежеде айқындалған.
Жас өсе келе төзімділік жаттығуларына бейімделудің артуы мен 
жұмысқа қабілеттіліктің жоғарылауы айтарлықтай дəрежеде аэроб-
ты өнімділіктің, соның ішінде ОМП-дың өсуімен байланысты. Жəне 
де жас спортшыларда ең жоғары дəрежеде ОМП-дың артуы оларда 
спортпен айналысу өтілі (стажы) көп болғанда байқалады.
Балалар мен жасөспірімдер организмі тек аз аэробты өнімділік-
пен ғана емес төмен анаэробты өнімділікпен де сипатталады. Бұл 
əсіресе, энергия өндірудің анаэробты үдерістері үлкен рөл атқаратын 
анаэробты қуаттылықты жаттығуларды орындау кезінде жұмысқа 
қабілеттілікті белгілі бір шамада шектейді. Жас артқан сайын өсіп 
отыратын максималды оттектік қарыздылық мөлшері анаэроб-
ты өнімділік көрсеткіштерінің бірі болып табылады. 9-10 жастағы 
балалардың оттектік қарыздылық 800-1200 мл болғанда 8-9,3 кгм/с-
қа тең жүктемеде жұмыстарын тоқтатыны анықталған. 12-14 жаста-
ғы жасөспірімдер 2000-2500 мл оттектік қарыздылық жағдайында 
жүктеме мөлшері 12-17 кгм/с болатын жұмысты орындай алады. 
Ересектер үшін шекті жүктеме 20-45 кгм/с, ал оттектік қарыздылық 
6000 мл тəн. Осымен қатар балаларда оттектік қарыздылық оттектік 
сұраныстың көп пайызын құрайды. Оларда оттектік қарыздылықтың 
жылдам (алактатты) фракциясы сияқты баяу (лактатты) фракция 
шамасы да азырақ. Оттектік қарыздылықтағы бұл компоненттердің 
максималды мəні 20-30 жаста байқалады. 
Жастан жасқа организмнің анаэробты мүмкіндіктерінің 
жоғарылауы жайында қандағы сүт қышқылы концентрациясының 
өзгерісі куəландырады. Максималды қарқындылықты жаттығулар 
кезінде 7-8 жастағы балаларда қандағы сүт қышқылы мөлшері 


409
80 мг%, 14-15 жастағыларда 100 мг%, ал ересектерде 112 мг%-ға 
дейін жоғарылайды. Бұл мəліметтер ересектерге қарағанда балалар 
мен жасөспірімдердің анаэробты жағдайда жұмысқа аз қабілетті 
екендіктерін көрсетеді. 
Бұлшық ет əрекетінің энергиялық қамтамасыз етілуінің аэробты 
жəне анаэробты механизмдерінің қалыптасуы əртүрлі мерзімдерде 
жүреді. Анаэробты мүмкіндіктер кешірек дамиды. Мəселен, салыс-
тырмалы ОМП мөлшері бойынша 13 жастағылардың ересектерден 
ешқандай айырмашылығы болмаса да, оларда салыстырмалы мак-
сималды оттектік қарыздылық ересектерге тəн шаманың тек 60-
70 %-ын құрайды. Осының нəтижесінде балаларда, соның ішінде 
əсіресе, төменгі сынып оқушыларында бұлшық ет қызметінің энер-
гиямен қамтамасыз етілуінде анаэробты үдерістердің біраз пайдала-
нылуы байқалады. 
Бұлшық ет əрекетіне бейімделудің жасқа сай ерекшеліктері 
жоғары қуаттылықты жүктемелер кезінде көрінеді. Ересек спорт-
шылар велоэргометрде 1700 кгм/мин. тең жүктемені ЖЖЖ 175 екп/
мин. бола отырып орындай алады. Бозбалаларда 1500 кгм/мин. тең 
болатын одан аз жұмысты ЖЖЖ 186 екп/мин-қа дейін өсе отырып 
орындайды. 
Сайып келгенде, ересек спортшылар жүрек қызметін аса 
күшейтпей отырып, үлкен көлемді жұмыстарды атқара алады. Ере-
сектермен бірдей оттегі мөлшерін тұтыну үшін балаларға тыныс 
қозғалыстары жиілігін арттыру қажет болады. Мысалы, ересектер-
дің 1 тыныс цикліне 35,8 мл О
2
келетін болса, ал 11-12 жастағы ба-
лалар болса, 17,8 мл О
2
қабылдай алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет