Оқулық Алматы, 014 Əож 159. (075. 8) Кбж 88. 37 я 73 б 24


Іс-əрекеттің рөлі. «Жетекші іс-əрекет» ұғымы



бет42/146
Дата13.10.2022
өлшемі0,87 Mb.
#42890
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   146
Байланысты:
ДАМУ ПСИХОЛОГИЯСЫ кітап (1)

Іс-əрекеттің рөлі. «Жетекші іс-əрекет» ұғымы


А. Н. Леонтьев баланың психикалық дамуын ең алдымен баланың əлеуметтік қатынастар жүйесіндегі орнын есепке ала отыра, оның іс-əрекетін талдаудан бастап зерттеу қажет. Адамның дамуы əлеуметтік-мəдени тəжірибені меңгеру түрінде жүреді. Іс- əрекет – дамудың қозғаушы күші, өйткені интериоризацияланып, психикалық қызметке айналатын құрылым тек іс-əрекетте ғана алғаш рет туындайды.


Ғалым адамның кез келген жас шамасында іс-əрекеттің бір емес бірнеше түрін жүзеге асыратынына негізделген жетекші іс- əрекет ұғымын енгізеді. Ол өмір іс-əрекеттің əрқилы түрлерінің механикалық қосындысы емес деп есептеген. Олар бір-біріне қатынасына жəне психикалық дамуына байланысты тең болмайды. Əрбір жас шамасы нақ сол кезеңдегі баланың ақиқатқа жетекші қатынасымен, баланың əлеуметтік қатынастар жүйесіндегі ор- нына байланысты болатын жəне оның дамудағы жетістіктерін анықтайтын іс-əрекеттің жетекші түрімен сипатталады. Бір жағынан жетекші іс-əрекет əрбір жас шамасы үшін іс-əрекеттің нақты түрін белгілейтін қоғаммен ұйғарылады. Мəселен, ойын мектеп жасына дейінгі жас шамасындағы балалардың жетекші іс-əрекеті болып табылады. Бастауыш мектеп жас шамасында мемлекетпен қадағаланып, реттелетін оқу іс-əрекеті жетекші бо- лып табылады. Зерттеушінің ойынша жетекші іс-əрекет баланың əлемді қабылдап, оның əлеуметтік болмысын, əлемге қатынасын анықтайды.
А. Н. Леонтьев жетекші іс-əрекеттің негізгі үш белгісін көрсетеді, олар: психикалық үдерістердің (танымдық сфераның), тұлғаның жаңадан пайда болған элементтері; бірі болашақта жетекші іс-əрекетке айналатын іс-əрекеттің жаңа түрлерінің пайда болуы жəне дамуы. Басқаша айтқанда, жетекші іс-əрекет іс-əрекеттің жаңа түрлерінің пайда болуына түрткі болады. Іс- əрекеттің жаңа түрлерін қалыптастырудың механизмі мотивтің мақсатқа ұласуы деп анықталады.
Кейінірек Д. Б. Эльконин жетекші іс-əрекет ұғымын ары қарай дамытып, тағы екі белгіні қосады.
Бірінші белгі: жетекші іс-əрекет, аталмыш жас шамасы үшін баланың ересектермен жəне құрдастарымен қатынастарының жетекші типін белгілейді. Жетекші іс-əрекеттің əрбір формасы қарым-қатынастың нақты түріне байланысты болады.
Барлық жас шамалары үшін қарым-қатынастың жетекші типтері əлі де болса көрсетілмеген. Г. А. Цукерман еңбектерінде ынтымақтастықтың типтерін көрсетуге тырысады.
Екінші белгі: жетекші іс-əрекет баланы сəйкес жас шама- сында дамудың бастауы болып табылатын əлеуметтік ортаның элементтерімен байланыстырады. Олар болашақтағы жаңадан құрылатын элементтердің үлгісін қамтитын мінсіз қалыпты анықтайды. Орта шынымен дамудың бастауы болып табыла- ды, алайда баланың əлеуметтік ортасының өзі ұзақ уақыт бойы аса өзгере қоймайды. Баланың ортаның əртүрлі элементтеріне сезімталдығы немесе сензитивтілігі өзгереді. Оны сөйлеу-тілі дамуының үлгісінде оңай түсіндіруге болады. Сіз бір жасқа толмаған немесе бес жастағы балаға сіз бар мейіріміңізбен:
«Құлыншағым менің!» деп айтсаңыз, бірі күлсе, екіншісі қабағын түйіп, жаратпай қалады. Бірінші жағдайда бала мейірімді үнге бағдарланады. Ол үшін сіздің оны қалай атасаңыз да бəрібір. Мектеп жасына дейінгі жас шамасындағы бала семантикаға назар аударады, яғни ол үшін сөздің мəні маңызды (жетекші). Осы мысалдың негізінде салыстырмалы түрде тұрақты ортада дамудың əртүрлі жас шамаларында əрқилы жаңадан құрылған элементтердің қалыптасуына əкелетінін түсінуге болады. Яғни, жетекші іс-əрекет өзгереді – ортаның əртүрлі құраушыларына сезімталдық өзгереді. Іс-əрекет ортада ненің маңызды, ненің қосымша екендігін, баланың не нəрсеге бағдарланып, немен əрекетке түсетінін анықтайды.
А. В. Петровский жетекші іс-əрекет тұжырымдамасына қатысты бірқатар сын пікірін айтады. Тек жетекші іс-əрекет ғана емес, іс-əрекеттің басқа түрлері де дамудың себепшісі болады. Алайда Д. Б. Эльконин дамудың белсенділігі туралы қағиданы құрастыруда іс-əрекет түрлерінің жүйесі жетекші түрімен қатар дамудың себепшісі екендігі айтады. Жаңа жас шамасына өткенде жетекші іс-əрекет өздігінен автоматты түрде пайда болмайды.
Эльконин жетекші іс-əрекеттің шығу тегі, пайда болу жағдайлары, даму кезеңдері жəне трансформациялары бар деп тұжырымдаған. Ғалым құралды пайдалану, ойын, оқу іс-əрекеттерінің мысалында жетекші іс-əрекеттің тарихын жақсы түсіндіріп өткен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет