Оқулық Алматы 2005 ббк 28. 04 М 87 Оцуыцты жогары оцу орындары студенттеріне



Pdf көрінісі
бет89/96
Дата24.11.2023
өлшемі8,63 Mb.
#125580
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   96
Митоздық 
индекс 
- ұлпаның 
митоздық активтілігін 
сипаттайтын көрсеткіш.
Митоздық цикл 
- нәтижесінде бір клеткадан жаңа екі клетка 
түзілетін процестердің жиынтығы.
Модификация 
- генотиптердің өзгеруіне байланыссыз, тек 
фенотипті ғана қамтитын тұқым куаламайтын өзгергіштік.
Моногенді 
- бір ген арқылы анықталатын тұқым қуалайтын 
белгі.
Моногибрид 
- бір жұп аллель (Аа) бойынша гетерозиготалы 
организм.
Моногибридті 
будандастыру 
-
бір 
ғана 
белгісінде 
айырмашылығы бар ата-аналық формаларды будандастыру.
Моносома 
- сыңар хромосома.
Морган заңдары 
- Америка оқымыстысы Томас Морган мен 
оның шәкірттері (1911-1915) негізін салған тұқым қуалаушылықтың 
хромосомдық теориясы.
Морганида 
- гендер арақашықтығының өлшем бірлігі.
Морфогенез 
- онтогенез (жеке даму) процесінде организм 
мүшелері мен белгі қасиеттерінің дамып, қалыптасуы.
Морфоз 
- белгілі бір түрдің дарақтары қалыпты жағдайда сирек 
ұшырайтын, химиялық заттардың (хемоморфоздар), радиацияның 
(радиоморфоздар) әсерінен пайда болатын тұқым қуаламайтьш 
өзгеріс.
233


Мутагенез 
- табиғи жэне жасанды факторлардың әсерінен 
тұқым қуалайтын өзгерістердің пайда болу процесі.
Мутант 
- мутацияның нәтижесінде қайсыбір белгісі немесе 
қасиеті өзгерген организм.
Мутация 
- геннің хромосоманың немесе генетикалық 
аппараттың басқа бір элементінің өзгеруіне байланысты болатын 
тұқым қуалайтын өзгергіштік.
Мутациялық қысым 
- популяцияда 
альтернативті
аллельдердің біреуінің концентрациясының артуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет