Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00


 Оқу əдістерін шəкірттердің танымдық əрекеттеріне



Pdf көрінісі
бет71/159
Дата30.01.2023
өлшемі1,41 Mb.
#63890
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   159
Байланысты:
Бабаев С. Б., О албек Ж. К

3. Оқу əдістерін шəкірттердің танымдық əрекеттеріне
орай топтастыру 
Танымдық іс-əрекет сипаты оқушының ойлау белсенділігінің 
деңгейінен көрінеді. Мұндай топтастыру тұрғысынан келесі əдістер 
түрі ажыралады: түсіндірме – көрнекілі (ақпаратты – рецептивті, іштей 
түсіну), қайталай жасау (репрадуктивті), проблемді баяндау, 
бөлшектеп ізденіс (эвристикалы) жəне зерттеу.
Түсіндірме – көрнекілі əдістің мəні – оқытушы əрқилы құрал-
жабдықтар көмегімен дайын ақпаратты хабарлайды, ал оқушылар оны 
қабылдайды, түсінеді жəне есте қалдырады. Оқушылардың танымдық 
іс-əрекеті дайын білімдерді есте қалдыруымен еленеді, бірақ бұл 
бейсаналық деңгейде де болып, ақыл-ой белсенділігіне ешқандайда 
əсер етпеуі ықтимал. Осыдан түсіндірме, яғни ақпаратты- іштей түсіну 
əдісі əрдайым тиімді бола бермейді.
 Қайта жасау (репродуктивті) əдісте оқытушы ақпаратты дайын 
күйінде хабарлап, түсіндіреді, ал оқушылар оны меңгеріп, ұстаз 
тапсырмасымен сол күйінде қайталап айтып береді. Білім өзгеріске 
түспейді, оқушыдан шығармашыл белсенділік талап етілмейді.
Қайта жасау əдісінің, ақпараттық іштей түйсіну əдісіндегідей басты 
тиімділігі- уақыт, күш қуат үнемділігі. Бұл əдіс қысқа уақытта, көп 
күш жұмсамай ауқымды көлемдегі білім қоры мен ептіліктерді 
түсіндіріп жеткізуге мүмкіндік береді. Сабақ барысындағы көп 
қайталаудан білім бекімі бірқанша жоғары болады. Бірақ бұл əдіс те 
оқушылардың ой белсенділігін көтеруде өзінің тиімсіздігімен 
байқалады.
Проблемді оқу əдісі - оқу процесіндегі орындаушылық қызметтен 
шығармашыл іс-əрекетке өту құралы ретінде танылады. Бұл əдістің 
мəні – оқытушы мəселе ұсына отырып, оның шешімін береді, таным 


процесіндегі ой өрісінің даму жолын көрсетеді. Оқушылар дайын 
білімдерді, қорытындыларды тек қана түсініп, есте қалдырумен 
шектеліп қалмай, дəлелдер қисынына, ой пайымдау тəсіліне бақылау 
қояды. Мұндай əдісті қолдану барысында оқушылар таным процесінің 
тікелей қатысушысы болмағанымен, мұғалімнің ой топшылауларына 
зер сала отырып, өздеріде проблема шешуге үйреніп барады.
Танымдық процестің біршама жоғары деңгейде танылғаны - бұл 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет