Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00


бөлшектеп ізденіс (эвристикалық)



Pdf көрінісі
бет72/159
Дата30.01.2023
өлшемі1,41 Mb.
#63890
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   159
бөлшектеп ізденіс (эвристикалық) əдісі. Бұл əдіске байланысты 
оқушылар күрделі оқу проблемасын толықтай бастан-аяқ шешпестен, 
проблеманы бөлшектерге келтіріп, оларды бірінің ізімен екіншісіне жауап тауып 
отырады.
Оқытушы мұндайда оқушының ізденіс əрекетіндегі əр қадамына 
назар сала отырып, оған бағыт-бағдар сілтейді. 
Оқудың 
зерттеу 
əдісі – оқушының 
білім 
игерудегі 
шығармашылдық ізденісіне басты назар аударады. Бұл əдісті 
қолданудағы басты мақсат- оқушының білім игерудегі саналылығын 
көтеру, құбылыстар мен оқиғаларды нақты күйінде қабылдамай,
олардың мəн-мағынасына тереңдей ұғынуға үйрету, қорытындылар 
жасауға баулып, игерген білім, ептілік жəне дағдыларын тұрмыста 
қолдануға жаттықтыру. 
Бұл əдістің бір кемшілігі – көп уақыт жұмсауды талап етеді. 
Жоғарыда аталған дəстүрлі əдістерінің бəрі оқушының таңдау, есте 
қалдыру, мұғалімнің айтқанын қайталау əрекеттерін дамытуға 
бағытталып, шын мəніндегі шығармашыл еңбек, белсенді таным 
мүмкіндіктерін өрбітуде тиімсіздік танытады. Бұл кемшілікті белсенді 
жəне жедел əдістермен толықтыруға болады. Оқудың белсенді 
əдістері – оқушы іс-əрекетіне өнімділік, шығармашыл- жасампаздық 
жəне ізденісті - зерттеу сипатын беретін жол-жобалар тобы. Оқу 
танымдық процесте шəкірт белсенділігін көтеруге дидактикалық 
ойындар, нақты ситуатцияларды талдау, іскерлік ойындар,  
проблемді мəселелерді шешу, алгоритм бойынша оқу, ақыл 
шабуылы (“мазговая атака”), жеке ұғымдармен жұмыс істеу. 
Жедел əдістер – қысқа уақыт аралығында оқу сеанстарына ұзақтай 
ендіру жолымен көзделген іс-əрекетке үйретуде қолданылады (шомдыру 
əдісі). Бұл əдістер бизнес, маркетинг, шет ел тілдерін, практикалық психология мен 
педагогиканы оқытуда кең қолданылуда.
Қазіргі уақыттары жалпы педагогикада теориялық негізін тауып,
оқу-тəрбие процесіне еніп жатқан бұрын соңды естімеген əдістер 
тобын келтіруге болады: суггестопедия - иландыру жолымен оқыту; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет