9-дəрісбаян. Оқу формалары
Жоспары
1. Оқу формасы түсінігі
2. Оқу формаларының қалыптасуы мен жетіліп баруы
3. Оқу процесін ұйымдастыру формалары
4. Оқу түрлері
9.1. Оқу формасы түсінігі
Оқушылардың білім мазмұнын игеру іс-əрекеттері əрқилы формада
жүзеге асып барады.
Латын сөзі «форма»
тысқы бейне, сырттай көрініс, қандай да
нəрсенің құрылымы дегенді аңдатады.
Оқуға байланысты форма екі
мағынада қолданылады: 1) оқу формасы; 2) оқу-ұйымдастыру
формасы.
Дидактикалық категория ретінде
оқу формасы оқу процесі
ұйымдастырылуының сырттай көрінісін білдіреді. Ол
оқу процесінің
мақсаттары, мазмұны, əдістері мен құрал-жабдықтарына, материалдық
жағдайларына, қатысушылар құрамы жəне т.б. элементтеріне тəуелді.
Оқушылар санына, оқу уақыты мен орынына, іске асыру тəртібіне
орай оқу формасы əрқилы болып келеді. Қазіргі мектеп тəжірибесінде
келесідей оқу формалары қалыптасқан: жеке-дара, топтық,
толық
сыныптық, ұжымдық, жұптастық, дəрісханалық жəне дəрісханадан тыс
сыныптық жəне сыныптан тыс, мектептік жəне мектептен тыс,
əлбетте, мұндай топтастырудың (классификация)
жетілген ғылыми
негіздемесі əзірге болмай тұр. Дегенмен, осы тұрғыдан оқу
формаларының көптүрлілігін біршама ретке келтіру мүмкін.
Жеке-дара оқу формасы мұғалімнің бір оқушымен педагогикалық
қатынасқа келуінен құралады.
Оқудың топтық формасында оқушылар əрқилы мүдде-
мақсатқа орайласқан топтарда оқиды, тəрбиеленеді.
Толық сыныппен жұмыс (фронталь)
формасы оқуда мұғалім бір
мезетте барша оқушылармен, біркелкі тапсырма,
міндет белгілеп,
сынып қатысушыларының бəріне ортақ іс-əрекеттер төңірегінде
бірқалыпты оқу жұмыстарын алып барады.
Достарыңызбен бөлісу: