Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00



Pdf көрінісі
бет76/159
Дата30.01.2023
өлшемі1,41 Mb.
#63890
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   159
Байланысты:
Бабаев С. Б., О албек Ж. К

Оқудың ұжымдық формасы. Бұл оқу түрінің фронталь оқу 
формасынан өзгешелігі: сынып оқушылары өздеріне тəн ара қатынас, 
өзара ықпал жасау ерекшеліктерін сақтаумен біртұтас, мақсат-мүддесі 
ортақ, біртекті жұмыс бағытында бірігіп, бекіген ұжым ретінде 
қарастырылады.


Жұптасып оқуда негізгі өзара байланысты оқу əрекеттері екі 
оқушының қатысуымен орындалады.
Дəрісханалық жəне дəрісханадан тыс, сыныптық жəне
сыныптан тыс, 
мектеп ішілік жəне мектептен тыс оқу 
жұмыстары өздерінің өткізілетін орындарымен белгіленеді.
Оқу ұйымдастыру формасы – бұл оқу процесінің жекеленген 
бөлігінің құрылымы, дəрістің белгілі бір түрі (сабақ, дəрісбаян, 
семинар, саяхат, факультатив дəріс, емтихан, сынақ жəне т.б.) 
Оқудың ұйымдастырылу формалары əрқилы негіздемелерге 
байланысты қарастырылуы мүмкін.
- Оқу процесінде басым болған мақсатқа орай – кіріспе сабақ; 
білімді тереңдете оқыту дəрісі; практикалық сабақ; білімді жүйелестіру 
жəне қорытындылау сабағы; білім, ептілік жəне дағдыларды бақылау, 
тексеру сабағы; аралас сабақ формалары.
Дидактикалық мақсаттарға орай – теориялық, практикалық, 
еңбектік, аралас сабақтар формалары
Жеке-дара өтілетін дəріс түрлері: репетиторлық , тьюторлық, 
менторлық, гувернерлық, отбасылық оқу, өзіндік оқу. 
Ұжымды-топтық сабақ түрлері өз ішіне дəрісбаян, семинар, 
конференция, олимпиада, оқу саяхаттары жəне іскерлік ойындарды 
қамтиды.
Даралықты-ұжымды дəрістер-пəн, тақырып жұмыстарына толық 
шомдыру (погружение), шығармашылдық апталары, ғылыми апталар, 
жоба (курстық, диплом) жұмыстары. 
9.2. Оқу формаларының қалыптасуы мен жетіліп баруы 
Оқу формалары қозғалысты, қоғам, өндіріс, ғылымның даму 
деңгейіне тəуелді пайда болады, өрістейді, бірі бірімен ауысып 
отырады. Əлемдік білім тəжірибесі тарихында əрқилы оқу жүйелері 
қалыптасып, олардың əрқайсысы өзіне ыңғайлы оқу формаларына 
сəйкес, қолданылған.
Алғашқы адамзаттық қауымның өзінде-ақ тəжірибені бір адамнан 
екіншіге, ересектен жас əулет өкіліне өткізу мақсатында жеке-дара 
оқыту жүйесі іске асырылды. Бірақ мұндай жолмен көп санды оқушы 
қамту мүмкін болмады. Қоғамның бұдан былайғы дамуы сауатты 
адамдардың көп болғанын қажет етті. Осыдан жеке–дара оқыту 
басқаша ұйымдастыру формаларымен ауыса бастады. Дегенмен, жеке-
дара оқыту өз маңызын осы күнге дейін жоғалтпастан, 
репетиторлық, тьютарлық, менторлық, гувернерлық оқу 
формаларында қолданым табуда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет