Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00



Pdf көрінісі
бет10/159
Дата30.01.2023
өлшемі1,41 Mb.
#63890
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   159
Байланысты:
Бабаев С. Б., О албек Ж. К

бала тұлғасының дамуы идеялары белсенді жария етіле бастады. Бұл 
идеяға жетекші Мария Монтессори (1870-1952) болды. Өзінің 
«Ғылыми педагогика əдістемесі» кітабында ол балалық жас 
мүмкіндіктерін барынша пайдалану қажеттігін түсіндіріп бақты. 
Себебі, сəбилік шақтағы бала дамуы үлкен тəрбиелік табыстарға есік 
ашады. Оның пікірінше, мектеп оқуының басты формасы өзіндік оқу 
жұмыстары болуы қажет. Монтессори оқушылардың жекелеп оқуына 
ыңғайлы грамматикалық, математикалық, биология-жаратылыстану 
жəне басқа пəндерге арнап дидактикалық материалдар ұсынды. Бұл 
оқу құралдарының ерекшелігі, оларды пайдалана отырып, бала өз 
кемшілік-қателерін табады жəне оларды түзетеді. Бүгінгі күнде 
Қазақстан Республикасында да Монтессори жүйесінің тараптарлары 
мен қолдаушылары баршылық. Осы бағытта түзілген «бала бақша -
мектеп» жүйесі іске қосылып, балаларды еркін тəрбиелеу идеясы өз 
жемісін беруде. 
Ресейдегі еркін тəрбие идеяларын қуаттаушылардың бірі 
Константин Николаевич Вентцель (1857-1947)еді. Ол 1917 жылы 


дүниеде алғашқылардың бірі болып, бала құқықтары декларациясын 
түзіп, 
жариялады. 1906-1909жж. 
аралығында 
Мəскеуде 
ол 
ұйымдастырған «Еркін бала Отауы» жұмыс істеп тұрды. Бұл ерекше 
оқу мекемесінде басты кейіпкер- бала аса құрметпен танылды. 
Тəрбиешілер мен мұғалімдер бала қызығуларына икемдесіп, оның 
табиғаттан берілген қабілеттері мен дарынының дамуына жəрдемдесу 
қызметтерін атқарды.
Қазан төңкерісінен кейінгі кеңестік педагогика жаңа қоғамдағы
адам тəрбиесі идеяларын өзіндік түсінім жолымен дамыта бастады. 
Жаңа педагогикаға байланысты шығармашылық ізденістер аймағында 
белсенділікпен қатысқан белгілі педагог ғалымдар: С.Т.Шацкий 
(1878-1934), П.П.Блонский (1884-1941), А.П. Пинкевич (1884-1939) 
болды. 
Социалистік 
дəуір 
педагогикасын 
танымал 
еткен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет