Отаншылдық тəрбиесі. Бұл тəрбиенің мақсаты – оқушыда өз
Отанына деген сүйіспеншілік сезімін оятып, оған адал қызмет жасауға,
оны қорғауға баулу; туған ел тарихы жəне өз халқы мен басқа да
ұлыстардың мəдени мұрасын, салттары мен дəстүрлерін қастерлеу
қатынасын қалыптастыру;
Отаншылдық тəрбиесінің мазмұны:
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рəміздерін (Ел таңба,
Ту, Əнұран) зерттеп, тану. Сонымен бірге басқа елдердің де
мемлекеттік белгілерін білу;
- отаншылдық (өз Отаныңа болған сүйіспеншілік) пен
интернационализмнің (басқа ұлт адамдарына, елдерге, мемлекеттерге
бағытталып қалыптасқан достық, қатынастар сезімі) əрқилы тұстарын
түсініп, қайта қарастыруға мүмкіндік беретін білімдер шеңберін
кеңейту;
- туған өлке табиғаты мен тарихын зерттеу;
- елімізбен байланысқан өзге мемлекеттер тілін, тарихын, ондағы
халықтар салты мен дəстүрлерін білу;
- халқымыздың жауынгерлік даңқы мен қаhармандығына
байланысты нақты дерек көздерін іздеу жəне зерттеу.
Құқықтық тəрбие. Құқықтық тəрбие мақсаты – оқушыларда
құқықтық мəдениет пен құқықтық əрекет-қылық қалыптастырып,
оларды құқықтық заңдылық талаптарын түсінуге əрі мойындауға
баулу. Құқықтық тəрбие жүйесі мемлекет сипаты жəне саясатымен
белгіленеді.
Құқықтық норма адамның қоғамдағы талапқа сай əрекет-
қылығының мұратты (идеяльная) моделі. Құқық пен тəрбиенің өзара
байланысты əрекеті негізінен жанама түрде тəрбиеге араласқан ата-
аналар мен ересектер арқылы іске асып барады. Азаматтық қорғанысы
əлі жетілмеген бала заң аясында қолдау табады: оның ерекше мəртебесі
«Адам құқықтарының жалпы декларациясында»(1989ж) жəне «Бала
туралы Конвенцияда» (1989ж) жарияланды. Отбасы жəне мектеп
жағдайларында балалар орынды əрекет-қылық əдеттерін, адамгершілік
жəне құқықтық нормаларын, əлеуметтік іс-əрекеттердің алғашқы
дағдыларын меңгере бастайды.
Құқықтық тəрбиеге байланысты іс-əрекеттер мазмұны- құқық
бұзушылық əрекеттерге арқау болар жағдайларды (өмір мен тəрбиедегі
қолайсыз жəйттерді) жою; оқушылардың өмірі мен тəрбиесіне орай
жағдайлар мен оларды қоршаған ортаны зерттеу; тəрбиеленушінің
жеке ұстанымдарына түзетулер енгізу; бұрын қылмыс жасаған
оқушылармен жұмыс алып бару.