Оқулық Алматы, 2012 2 ӘӨЖ 373. 2 Ббк 74. 102 А 75



Pdf көрінісі
бет7/20
Дата31.03.2017
өлшемі1,17 Mb.
#10920
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20

Тапсырма:
Ұсынылған әдебиетті және сыбайлас пәндерден («Бала және жас 
ерекшелік  психологиясы»)  алған  білімді  пайдаланып,  тақырыптың 
6-сұрағын өз беттеріңізбен қарастырыңыздар.
Өзіндік жұмыс үшін тапсырма:
1.  Жеке  сөздіктің  көмегімен  тақырыптың  жетекші  ұғымдарының 
мазмұнын  айқындап  көрсетіңіздер.  Сөздікті  жаңа  анықтамалармен 
толықтырыңыздар,  олардың  авторлығын  атап  көрсетіңіздер, өздеріңіз 
үшін  «тәрбие»  ұғымының  жұмыстық  нұсқасын  тауып  негіздеңіздер 
(тар мағынада).
2. Педагогика курсынан тәрбиенің заңдылықтары мен принциптерін, 
тәрбие  процесінің  қозғаушы  күштерін  қайталаңыздар.  Мектеп  жа-
сына дейінгі балалар үшін бұл ережелердің қайсысы заңды екендігін 
бақылаңыздар.    «Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  тәрбиелеудің 
заңдылықтары мен принциптері» деген кесте құрыңыздар.
3.  «Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  тәрбиесіне  әсер  ететін 
факторлардың» кестесін құрыңыздар, бұл факторлардың маңыздылығын 
график түрінде көрсетіңіздер.
4. «Педагогика», «Мектепке дейінгі педагогика» оқулықтарын пай-
даланып, «Мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу әдістері» атты ке-
сте құрыңыздар.
5. «Мектепке дейінгі педагогиканың тұжырымдамасы» құжатының  
конспектісін жасаңыздар.
6. Мектеп жасына дейінгі педагогика теорияларының біреуі бой-
ынша жазбаша хабарлама дайындаңыздар. Тапсырманы орындау үшін 
сабаққа ұсынылған әдебиетті пайдаланыңыздар.
Ұсынылатын әдебиет
1. А. К. Меңжанова. Мектепке дейінгі педагогика. - Алматы: Рауан, 
1992.
2. Дошкольная педагогика. В 2 ч. / Под ред. В. И. Логиновой, П. Г. 
Саморуковой. – М., 1988.

67
3. Драгунова О. В. Дошкольная педагогика: С.1.- Чебоксары, 2003.
4. История дошкольной педагогики/ Под ред. Л. Н. Литвина. – М., 
1989.
5. Козлова С. А., Куликова Т. А. Дошкольная педагогика. М., 2001.
6. Основы дошкольной педагогики / Под ред. А. В. Запорожца, Т. А. 
Марковой. – М., 1980.
7.  Мектепке  дейінгі  педагогика:  Оқу  құралы/  Жұмабекова  Ф.  Н.- 
Астана: Фолиант, 2008.-336 б.
8. В. С. Мухина. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы.- 
А.: Мектеп, 1986.

68
5-ТАРАУ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІН БІЛІМ БЕРУ  МАЗМҰНЫ МЕН ОНЫ 
ЖАҢАРТУ  ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
Жоспар
5.1 «Білім беру», «білім беру мазмұны», «білім берудің мемлекеттік  
стандарты»,  «білім  беру  бағдарламасы»  ұғымдарының  мазмұны. 
Білім беру мазмұнының құрылымы (Ю. К. Бабанский, И. Я. Лернер). 
Мектепке дейін білім беру мазмұны, оның өзіндік ерекшеліктері.
5.2  Мектепке  дейін  білім  беру  мазмұнын  реттейтін  нормативтік 
құжаттар  (ҚР «Білім туралы» Заңы, мектепке дейін білім беру туралы 
МЖБМБС, білім беру бағдарламалары).
5.3  Мектепке дейін білім беру сапасы және оны өзгертудің негізгі 
тенденциялары.
5.1 «Білім беру», «білім беру мазмұны», «білім берудің мемлекеттік  
стандарты», «білім беру бағдарламасы» ұғымдарының мазмұны. 
Білім беру мазмұнының құрылымы (Ю. К. Бабанский, И. Я. 
Лернер). Мектепке дейін білім беру мазмұны, оның өзіндік 
ерекшеліктері
Білім  беру  –  қоғамдық  тұрғыда  ұйымдастырылған  және 
мөлшерленген процесс, алдыңғы ұрпақтың келесі ұрпаққа әлеуметтік 
маңызды тәжірибені ұдайы беріп отыру нәтижесі.
Білім беру функциясы әлеуметтік тәжірибені беруден тұрады, енде-
ше «білім беру» ұғымының мазмұнын ашып көрсету үшін  әлеуметтік 
тәжірибе дегеніміз не дегенді анықтауымыз қажет; әлеуметтік тәжірибе 
қандай элементтерді қамтиды; қандай әлеуметтік тәжірибе білім беру 
мазмұны болады.
Әлеуметтік тәжірибе – адамзаттың жинағанының бәрі, адамдардың 
қоғамдық-тарихи  практикасы  процесінде  мәдениетті  жаңғырту  және 
тұлғаның игілігі болуға қабілетті болатындай етіп жасалған әрекеттің 
тарихи негізделген құралдары мен тәсілдерінің жиынтығы. Әлеуметтік 
тәжірибе мәдениетті сақтау және дамыту мақсатында беріледі.
Әлеуметтік тәжірибе жеке адамның игілігі бола ала ма? 
Олай  болуы  мүмкін  емес,  өйткені  бір  адам  бүкіл  әлеуметтік 
тәжірибені  иелене  алмайды,  яғни  адамның  жан-жақты  дамуын 

69
қамтамасыз ете алатындай әлеуметтік тәжірибенің қажетті элементтерін 
бөліп көрсету қажеттілігі туындайды. 
Әлеуметтік тәжірибе құрамына қандай элементтер кіреді?
Әлеуметтік тәжірибе құрылымы 
Әлеуметтік тәжірибенің 1-ші элементі – әлемнің қоғамдық бейнесін 
(ӘҚБ) құрайтын табиғат, қоғам, техника, адам туралы білім, сол сияқты 
теориялық білімді практикалық істерде қолдануды қамтамасыз ететін 
іс-әрекет тәсілдері туралы білім.
Әлеуметтік  тәжірибенің  2-ші  элементі  -  іс-әрекеттің  қоғамға 
бұрыннан белгілі тәсілдерін жүзеге асыру тәжірибесі. Бұл компонент 
өзінше айқындалған, өйткені іс-әрекет туралы білімнің болуы оларды 
іс жүзіне асырудың  абсолютті кепілі бола алмайды.
Өмірде  жай  ситуация  мен  проблемалар  ғана  емес,  мүлде  жаңа, 
шешімі әлеуметтік тәжірибе аясында пісіп жетіле қоймаған жағдаяттар 
мен проблемалар да туындауы мүмкін, сондықтан адамға  үшінші ком-
понент қажет.
Әлеуметтік  тәжірибенің  3-ші  элементі  -  шығармашылдық  іс-
әрекет тәжірибесі, яғни белгілі білімнің және іс-әрекет тәсілдерін жаңа 
жағдайда қолдану, оларды түрлендіру 
3-ші  элемент  мәдениетті  жаңғырту  функциясын  орындайды,  ал 
3-ші компонент - мәдениетті дамыту функциясын орындайды.
Әлеуметтік  тәжірибенің  4-ші  элементі  -  дүниеге  және  басқа 
адамдарға эмоционалдық қарым-қатынас. Бұл тәжірибе эмоционалдық 
тәрбиеленгендік  тәжірибені,  нормативтік  қарым-қатынас  туралы 
білімді, этикалық нормаларды сақтау дағдыларын қамтиды.
Бұл элементтердің арасында өзара байланыс бар ма? Бар. Әлеуметтік 
қарым-қатынас  элементтеріне  тән  қасиет  сол,  алдыңғыларының 
әрқайсысы (іс-әрекет туралы, оның тәсілдері туралы білімсіз практика-
да іс-әрекет тәсілдері жүзеге асырылуы мүмкін емес; шығармашылық 
іс-әрекет  тәжірибесі  жоқ  жаңа  жағдайдағы  іс-әрекет  бола  алмайды, 
әлеуметтік  тәжірибені  ары  қарай  жинақтау  мүмкін  емес;  себебі  жеке 
адам тек қана өзін және басқаларды, басқалардың арасындағы өзінің ор-
нын түсінгенде ғана тұлға бола алады). Әрбір келесі элемент алдыңғыны 
өзгертеді,  біліктің  құрамында  білімді  қолдану  оны  неғұрлым  терең, 
көнбіс, жүйелі етеді.
Әлеуметтік  тәжірибе  мен  білім  беру  мазмұнының  арақатынасы 
қандай?
Білім  беру  мақсаты  және  оның  функциялары  -  әлеуметтік 
тәжірибелерді  беру.  Сонда  әлеуметтік  тәжірибе  мен  білім  беру 

70
мазмұнының құрылымдары бірдей болуы керек пе? Олардың арасын-
да айырмашылық - элементтердің мазмұнының көлемінде. Білім беру 
мазмұнына  тек  әлеуметтік  тәжірибе  элементтерінің  әрқайсысының 
негізгі, қолжетімді және меңгеруге қажетті аспектілері кіреді.
Білім беру мазмұнына анықтама берейік.
Білім  беру  мазмұны  –  бұл  дүниеге  білімнің,  біліктің,  дағдының, 
шығармашыл  іс-әрекет  тәжірибесінің  және  дүниеге  эмоционалдық-
құндылық  көзқарастың  педагогикалық  тұрғыда  бейімделген  жүйесі, 
бұл  жүйені  меңгеру  мәдениетті  жаңғыртуға  және  дамытуға  дайын, 
жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруды қамтамасыз етеді (И. Я. 
Лернер).
Әртүрлі жас сатысы үшін білім беру мазмұнын таңдаудың негізгі 
критерийлері қандай? Білім беру мазмұнын  педагогикалық бейімдеу 
ненің негізінде жүргізіледі?
Білім  беру  мазмұнын  таңдаудың  негізгі  критерийлері  (Ю.  К. 
Бабанский, И. Я. Лернер, М. Н. Скаткин):

Білім  беру  мазмұнында  әлеуметтік  тәжірибенің  барлық 
компоненттерін тұтастай көрсету.

Меңгерілуге  тиісті  мазмұнның  ғылыми  және  практикалық 
жоғары маңыздылығы.

Мазмұнның  күрделілігінің  берілген  жастың  шынайы 
мүмкіндігіне сәйкес болуы.

Берілген  мазмұнды  оқып  үйрену  үшін  оның  көлемінің  бар 
уақытқа сәйкестігі.

Мазмұнның білім беру мекемесінің қолда бар оқу-әдістемелік 
және материалдық базасына сәйкестігі.

Тәжірибені  байыту,  әлемдік  білім  беру  стандартына 
сәйкестендіру  мақсатында  білім  мазмұнының  халықаралық  құрылу 
ерекшеліктерін ескеру.
Білім  беру  мазмұнының  теориялық  негіздерін  қарастырғанда  біз 
И.  Я.  Лернердің,  В.  В.  Краевскийдің  тұжырымдамаларына  сүйендік. 
Олардың білім беру мазмұнына педагогикалық бейімделген әлеуметтік 
тәжірибе ретінде анықтама беруі көбінесе ізгілікті ойлау ұстанымдарына 
сәйкес  келеді.  Тұжырымның  мағынасы  –  тұтастай  тұлға  білім,  білік 
және дағдылармен шектелмеу керек. Тұлға көпжақты, ол өзінің эмоци-
ясымен, құндылығымен, дүниеге көзқарасымен, мотивтер жүйесімен, 
сол шығармашылдық мүмкіндігімен сипатталады. Бұл - субъект.
Білім  беру  мазмұнының  құрылымын  анықтайтын  басқа  да 
тұжырымдамалар  бар.  Ұзақ  уақыт  бойы  білім  беру  мазмұнын  білім, 

71
білік  және  дағды  жүйесі  деп  қарастыратын  анықтамалар  жетекші 
орында  болды.  Ол  білім  беру  мекемелерін  оларды  аға  ұрпақтан  кіші 
ұрпаққа беруге бағдарлады. Соның салдарынан оқытудың репродуктік 
әдістері  басымдық  алды,  ол  іс-әрекеттің  бір  түрін  қайталай  беру-
ге  және  іс-әрекетті  үлгі  бойынша  орындауға  бағдарлады,  оқыту 
процесіне продуктивтік әдістерді енгізбеді. Бұл тұжырымдама адамзат 
мәдениетінің  барлық  компоненттерін  меңгеруге  бағытталмаған  және 
олардың екеуімен ғана шектеледі.
Әлеуметтік  тәжірибе  құрылымының  білім  беру  мазмұнына 
сәйкестігі,  олардың  айырмашылығы,  туралы  қорытынды  жасай  келе, 
яғни  білім  беру  мазмұнының  теориялық  негіздерін    қарастыра  оты-
рып, мектепке дейін білім беру мазмұнын, оның өзіндік ерекшеліктерін 
неғұрлым жан-жақты оқып үйренуге назар аударамыз.
Мектепке  дейінгі  мекеме  базасында  мектепке  дейінгі  білім  беру 
мазмұнын беру және балалардың оны меңгеруі жүзеге асырылады.
Мектепке  дейінгі  мекемедегі  білім  беру  мазмұнының  құрылымы 
жоғарыда қарастырылған білім беру мазмұнына сәйкес келе ме?
Мектепке  дейінгі  мекемедегі  білім  беру  мазмұнында  да  сол  эле-
менттер  қарастырылады.  Мектепке  дейінгі  мекемедегі  білім  беру 
мазмұнының элементтерін, оның өзіндік ерекшеліктерін қарастырайық.
Білім – білім беру мазмұнының негізгі компоненті. Жинақталған 
білім  көп,  оны  білім  берудің  әрбір  сатысына  тиісті  қолданатындай 
етіп  педагогикалық бейімдеу қажет (оның ішінде мектепке дейін білім 
беруді). Жинақталған білім әрқашан нақты практиканың алдында бола-
ды, сондықтан білім – мектепке дейінгі білім берудің бірінші элементі 
болады.
Білімнің әр түрі болады, олардың барлығы бірдей мектепке дейінгі 
білім беру жүйесіне ене бермейді. Білім мынадай болып бөлінеді:

ары  қарай  мектепте  оқу  үшін  база  бола  алатындай  негізгі 
ұғымдар мен терминдер;

айналасындағыларды  байқау,  заттармен  жұмыс  істеу,  іс-
әрекеттің әр түрі, қорытындылар жасау арқылы жинақталатын фактілер;

заңдар,  теориялар,  тұжырымдамалар  (мектепке  дейінгі  білім 
беру мазмұнында жоқтың қасы);

іс-әрекет  тәсілдері  және  таным  туралы  білім,  балаларға  іс-
әрекеттің  негізгі  түрлерін  жүзеге  асыру  тәсілдері  –  қозғалыс,  көркем 
өнер, еңбек, ойын, сөз сөйлеу, коммуникативтік тәсілдер  жөнінде білім 
беріледі;

қоғамдағы  қарым-қатынас  нормалары  туралы  білім  беру, 

72
балалардағы  қарым-қатынас  нормалары,  өзін  ұстау  және  қарым-
қатынас жасау ережелері жөнінде білім алады;

бағалаушылық  білімі,  балалар  жақсы  деген  не  және  жаман 
деген  не  екендігін,  өзін,  іс-әрекетін  және  тәртібін,  басқа  адамдардың 
істері мен қылықтарын бағалау туралы білетін болады.
Мектепке дейінгі бала білімнің қандай түрлерін меңгереді?
Мектепке  дейінгі  мекемеде  теория,  заңдар,  тұжырымдамалардан 
басқа білімнің барлық түрі беріледі. Балалардың тікелей байқау арқылы 
алған табиғат заңдарының орны бөлек (уақыттың өтуі, жыл мезгілдері, 
олардың заңдылықпен ауысуы). Бұл білімдер өзара байланысты, олар-
ды кешенді түрде үйрету қажет.
Сонымен,  мектепке  дейін  білім  беру  жүйесіндегі  білім 
айналасындағылар,  өзі  және  басқалар  жөнінде    балалардың  түсінік 
жүйесін  қалыптастырады.  Олар  балалардың  ары  қарай  оқуы  үшін 
іргетас және тұлғаны  дамыту құралы болады.
Іс-әрекет тәсілдері арқылы тәжірибені жүзеге асыру 
Іс-әрекет  тәсілдері  туралы  білім  оны  іс  жүзіне  асыру  үшін 
жеткіліксіз. Іс-әрекет тәсілдерін іс жүзіне асыру үшін тұлғаның нақты 
тәжірибесі қажет. Бұл тәжірибенің негізін практикалық сипатта да, ин-
теллектуалды сипатта да бола алатын білік пен дағды құрайды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың осындай білігі мен дағдыларына 
мысал келтіріңіздер.
Білік пен білімді жалпы және арнайы деп бөледі. Жалпыға өмірдегі 
іс-әрекеттің кез келген ситуацияларына қажетті білік жатады: сөз сөйлеу 
дағдылары, дағдылар және адамгершілік істерінің дағдылары, оқи білу, 
айтып беру, сұрақтар беру және оларға жауап беру, жүру, жүгіру және 
т.с.с. арнайы білік пен дағдыға іс-әрекеттің нақты түрлеріндегі білік жа-
тады: музыкалық, сурет салу, конструктивтік және т.б.
Біліктің дамығандығын бағалау мынадай  критерийлердің негізінде 
жүзеге асады: шапшаңдық, автоматизм, назар қою жылдамдығы, амал-
ды орындауға берілген уақыт, артық қимылдардың болуы немесе бол-
мауы, білім мен дағдыларды  практикалык істе қолдану білігі.
Шығармашылдық іс-әрекет тәжірибесі. Ол тұлға бұрын ешқашан 
шешілмеген  жаңа  проблеиаларға  кездесіп  қалғанда  жинақталады. 
Мұндай жағдайларда іс-әрекеттің белгілі тәсілдерін іс-әрекеттің белгісіз 
жағдайларына көшіріп, оны қажетті түрде түрлендірген маңызды. Бұл 
тәжірибе бірте-бірте жинақталады.
Үлгі бойынша меңгерілген білім мен білік баланың шығармашылық 
қабілетін  дамытуды  қамтамасыз  ете  алмайды.  Мектепке  дейін  білім 

73
беру жүйесінде  ынталылық пен өзіндік әрекет ету үшін  іс-әрекеттің 
аяғына дейін жағдай жасау қажет.
Мектепке  дейін  білім  беру  теориясы  мен  практикасында: 
«Шығармашылыққа  үйретуге  бола  ма?»  деген  сұрақ  талқыланып 
жүр.  шығармашылықты  мақсатты  түрде  қалыптастыруды  елемеу 
балалардың шығармашылық қабілеттерін стихиялық, жаппай дамытуға 
алып  келмейтіндігін  практика  дәлелдеді.    Шығармашылыққа  оның 
белгілерін  біліп  және  арнайы  жағдай  жасай  отырып    (ұйымдастыру-
педагогикалық, психологиялық және т.б.) үйрету керек. Мектеп жасына 
дейінгі баланы әрекет жасауға, өздігінен ойлауға, ынталылық көрсетуге 
үйрету керек. Шығармашылдық белгілерін білу арқылы оны мақсатты, 
бағытты түрде дамыту керек.
Қалыптастыруға  жататын  шығармашылық  іс-әрекет  белгілері  (И. 
Я. Лернер):

білім мен білікті өздігінен жаңа ситуацияға көшіру;

таныс ситуациядағы жаңа проблеманы көру;

объектінің  жаңа  функцияларын  көру,  заттарды  тікелей 
арналмаған мақсаттарда пайдалану;

объектінің құрылымын көру, объектіні бөліктерге бөлу қабілеті, 
олардың  қатынастары  мен  байланысын,  маңыздысы  мен  маңызды 
емесін түсіну;

альтернативті  ойлау  –  бір  ситуацияны  шешуді,  әртүрлі 
әрекеттерді, қарама-қайшы фактілерді білу;

бұрынғы  белгіліден  өзгеше  мүлде  жаңа  шешім  құру;  бұл 
шығармашылықтың дамуының ең жоғары деңгейін көрсетеді (мектеп 
жасына  дейінгі  балада  көрсетілмеген).  Бұл  -  объективті  жаңалықтар 
ашу,  жаңа теориялардың, заңдардың  және т.с.с. пайда болу деңгейі.
Бұл  белгілер  аралас  түрде  көрінуі  мүмкін  және  шығармашыл 
тұлғаны  сипаттайды.  Олар  шығармашылдықтың  даму  бағыттылығын 
көрсетеді.  Оларды  дамытуға  болады  және  дамыту  керек  те,  ол 
шығармашыл тұлғаның  қалыптасуына алып келеді.
Мектепке  дейін  білім  беру  мазмұнының  үшінші  компонентінің 
ерекшелігі  сонда,  шығармашылық  іс-әререт  процедурасында  не 
істеу  қажет  екендігіне  нұсқау  беруге  болмайды,  тұлғаны  дамытуды 
анықтайтын белгілерін дамытуға болады.
Баланың  өзіне  және  айналасындағыларына  эмоционалдық-
құндылық  қарым-қатынас  тәжірибесі.  Мектепке  дейінгі  жас  - 
тәртіп пен өзара ықпалдастық нормалары мен ережелерін меңгерудің 
сензитивтік  кезеңі.  Бұл  кезеңде  тәртіп  негізі  қаланады,  қоғамда  өзін 

74
қалай ұстауы керек, нені істеуге болады және нені болмайды дегендер-
ге алғашқы тұрақты сенімдері қалыптасады. Бұл дәрежеде жыныстық 
тәртіп  негіздері  қаланады,  белгілі  бір  жыныспен  салыстыру  жағдайы 
болады.
Білім беру мазмұнының бұл  элементі ерекше. Оның мазмұны  – 
білім  мен  білік  емес,  айналасындағылардың  барлығына  және  өзіне-
өзінің қарым-қатынасы.
Білім мен қарым-қатынас арасында үш түрлі өзара байланыс бар:

толық  үйлесім  (тұлғаның  нормативті  білімі  мен  қарым-
қатынасының үйлесуінің тамаша нұсқасы);

толық  үйлеспеушілік  (әлеуметтік  нормалар  мен  тұлғаның 
қарым-қатынасының үйлеспеуі – әлеуметтік келіспеушілік);

ішінара үйлеспеушілік – тұлғаның білімі мен қарым-қатынасы 
кейбір жағдайларда қайшылыққа келіп қалады.
Баланың  білімі  мен  өзара  ықпалдастық  қарым-қатынастары  бала 
үшін  оның  айналасындағылар  мен  өзіне  қарым-қатынас  жүйесін 
жүргізгендігінен байқалады, ол ең алдымен ата-аналар, педагогтар және 
басқа үлкен адамдар. Орта және ересек мектеп жасында құрбылары ба-
сым рөл атқарады. Үлкен адам бала үшін тәртіп  және қарым-қатынас 
үлгісі болып табылады, бағалау әркетіне үйретеді, адамгершілік нор-
малары  туралы  ұғым  береді,  бала  тұлғасының  адамгершілік  сапасын 
тәрбиелейді.  Тәртіптің  көп  бағыттарын  қалыптастыру  үлкендерге 
еліктеу  негізінде  жүреді,  ал  оны  мақұл  көру  мектеп  жасына  дейінгі 
бала тәртібін жөнге салатын  күшті фактор болып табылады. Мектеп 
жасына  дейін  қалыптасқан  қарым-қатынас  негізінде  тұрақты  на-
ным, құндылықтар жүйесі, істері мен қылықтарының жағымды және 
жағымсыз жақтарын айыра білу қасиеттері дамиды.  Баланың болашағы 
көбінесе  бұл  компоненттің  дамығандығына  және  оның  әлеуметтік 
нормаларға сәйкес болуына байланысты.
Сонымен,  біз  білім  беру  мазмұнының  элементтерін  және  оның 
ерекшеліктерін  қарастырдық.  Қорытынды  жасасақ,  мектепке  дейін 
білім  беру  мазмұны  өзара  байланысты  төрт  элементтен  тұрады.  Бұл 
элементтер мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту процесінде сабақта 
және  уақытпен  шектелмеген  іс-әрекет  үстінде  көрінеді.  Білім  беру 
мазмұнының элементтері  барлық әдістемелік сабақтар арқылы олардың 
нақтылы мазмұнының ерекшеліктерін ескере отырып жүргізілуі тиіс. 
Олар  балалармен  кез  келген  тақырыпты  оқу  аясында    оқытудың,  ба-
лаларды  тәрбиелеу  мен  дамытудың  мақсаттарында  (дидактикалық, 
тәрбиелік, дамытушылық мақсаттары) көрініс табулары тиіс. Мектепке 

75
дейін  білім  беру  мазмұнының  басты  қозғаушысы  үлкен  адамдар,  ал 
оның қайнар көзі – әлеуметтік тәжірибе.
5.2 Мектепке дейін білім берудің мазмұнын реттейтін  нормативтік 
құжаттар
Жалпы педагогика курсынан еске түсірейік, білім беру мазмұнын  
қандай нормативтік құжаттар реттейді (ҚР МЖБМБС, оқу жоспарлары, 
білім беру бағдарламалары).
Мектепке дейін білім беру мазмұнын реттейтін құжаттар:

мектеп  жасына  дейінгі  балаларға  білім  берудің  мемлекеттік 
жалпыға міндетті білім стандарты, ол мектеп жасына дейінгі балалар-
да оқыту және тәрбиелеудің мазмұны мен әдістеріне, балалардың даму 
ортасына, педагогикалық өзара ықпалдастық сипаттарына қойылатын 
талаптарды көрсетеді;

ерте жастағы және мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту 
мен тәрбиелеудің бағдарламалары;

оқу  және  әдістемелік  материалдар,  ұсыныстар,  құралдар, 
басшылыққа алынатын жетекші материалдар.
Бұл құжаттардың арасында белгілі бір өзара тәуелділік бар. Білім 
мазмұнын құрастырғанда жетекші орын  МЖБМБС-на беріледі, соның 
негізінде  талаптар  құрылып  білім  беру  бағдаламалары  жасалады.  Әр 
құжатқа толығырақ тоқталайық.
 Мектепке дейін білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім 
стандарты.
Мемлекеттік стандарт - бұл заңды түрде белгіленген білімділік 
нормасы.  Ол  негізгі  білім  беру  бағдарламаларының  мазмұнының 
міндетті  минимумын,  білімгерлер  жүктемесінің  ең  жоғары  көлемін, 
бітірушілерді дайындау деңгейіне талаптарды анықтайды.
Мектепке  дейін  білім  берудің  мемлекеттік  стандарты  мектеп  жа-
сына дейінгі әрбір балаға мектепке дейінгі мекемеге барған жағдайда 
заңды түрде белгіленген кепілді білімділік нормасы.
Білім беру стандарты үш деңгейді қамтиды:

ҚР білім және ғылым министрлігі анықтайтын және белгіленген 
білім  беру  сатысында  білім  мазмұнының  міндетті  минимумын  
көрсететін мемлекеттік деңгей.

Жергілікті  білім  басқару  органдары  анықтайтын,  мектепке 
дейін білім беру мазмұнын құрғанда аймақтық, ұлттық, мәдени, табиғи 
және басқа ерекшеліктерді ескеруді қажет ететін аймақтық деңгей.

76

Педагогикалық  ұжымның  шешуі  мен  мүдделеріне  қарай  мек-
тепке  дейін  білім  беру  мазмұнына  толықтырулар  енгізу  мүмкіндігін 
қамтамасыз ететін білім беру мекемесінің деңгейі. Ол мектепке дейінгі 
мекеме мамандарының шығармашылығының дамуына мүмкіндік береді.
Білім беру мазмұнына екінші және үшінші деңгейдегі толықтырулар 
заңнамаларға,  балалардың  жас  ерекшеліктері  мен  мүмкіндіктеріне 
қайшы келмеуі тиіс.
Мемлекеттік    стандарттың  білім  беру  мазмұнының  міндетті  ми-
нимумын  қамтамасыз  ететін  құжат  ретіндегі  маңыздылығы  оны  жа-
сау  және  апробациялау  қажет  екендігін  көрсетті.  «Мектепке  дейінгі 
білім  беруді  стандарттау»  ұғымының  тууына  ықпал  еткен  себептерді 
қарастырайық.
Мектепке дейін білім беруді стандарттау себептері
1.  Мектепке  дейін  білім  беру  жүйесінде  тұрақты  бағдардың 
қажеттілігі.
2. Мектепке дейін білім беруде альтернативтік бағдарламалардың 
пайда болуы жағдайында бірыңғай білім беру кеңістігін құруды талап 
ететін халықтың көші-қоны.
3.  Әртүрлі  бағдарламалармен  жұмыс  істейтін  мектепке  дейінгі 
мекемелерінің түрлі типтерінің іс-әрекетін реттеуді орталықтандырудың 
маңыздылығы. Бала өзінің жасы үшін аса қажетті білім, білік, дағды, 
қасиет, қарым-қатынас және шығармашылық іс-әрекет тәжірибесін алу-
ына кепіл болуы тиіс.
4.  Стандарт  әлемдік  жағымды  тенденцияларға  сәйкес  болатын 
біліммен қамтамасыз етуі тиіс.
  Мектепке  дейін  білім  беру  МЖБМБС  бірқатар  функцияларды 
орындайды:

көпнұсқалалық  жағдайында  білім  беру  сапасын  арттыруды 
жүзеге асыру;

баланы біліксіз педагогикалық әсерден сақтандыру;

аймақтардың,  мектепке  дейінгі  білім  беру  мекемелерінің 
педагогикалық ұжымдарының еркіндігі жағдайында еліміздің террито-
риясында бірыңғай білім беру кеңістігін сақтау;

мектепке  дейін  білім  беру  мекемелерінің  педагогтарына 
қойылатын талаптарды белгілеу;

мектепке дейін білім беру педагогикалық практикасының жақсы 
жетістіктерін тіркеу.
Мектепке  дейін  білім  берудің  мемлекеттік  міндетті  стандарты 
дегеніміз не?

77
Стандарт негізгі үш компонентті қамтиды:

білім  беру  бағдарламасына  талаптар  (бағдарлама  баланың 
денсаулығын сақтауға және нығайтуға, дене және психикалық дамуы-
на, бұл дамуды түзетіп отыруға бағытталуы тиіс; ол тұтас және кешенді 
болуы керек);

  педагогқа  және  оның  балалармен  өзара  қатынаста  жеке 
тұлғалық-бағдарлылығы;

баланың  даму  ортасына  талаптар;    балабақшасын,  алаңын 
заттық-кеңістіктік  ұйымдастыру,  олар  балалардың  сұранысы  мен 
мүдделеріне, ал оның элементтері – олардың дамуына сай болуы керек;
Мектепке  дейін  білім  беру  мемлекеттік  стандарты  мемлекеттік 
заңмен  белгіленеді,  конкурстық  негізде  жасалады,  кем  дегенде  10 
жылдың ішінде бір рет нақтыланып отырады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет