Оқулық Алматы, 2012 2 ӘӨЖ 373. 2 Ббк 74. 102 А 75


Мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеудің негізгі түрлері



Pdf көрінісі
бет6/20
Дата31.03.2017
өлшемі1,17 Mb.
#10920
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

4.4 Мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеудің негізгі түрлері, 
әдістері және құралдары
Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  тәрбиелеудің  мақсаттары, 
міндеттері және мазмұны оны жүзеге асырудың түрлерінің, әдістерінің 
және  құралдарының  өзіндік  ерекшеліктерін  анықтайды.  Түрлері, 
әдістері  мен  құралдары  тәрбиелеу  процесінің  процессуалдық  жағын 
құрайды. Бұл құралдар іс жүзінде тәрбиелеу әрекетін іске асыруға, мек-
теп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттерін 
шешуге мүмкіндік туғызады. Биенің тиімділігі педагогикалық проце-
сте бұл компоненттерді дұрыс таңдап алуға, мектепке дейінгі балалық 
шақтың  барлық  кезеңдерінде  балаларды  тәрбиелеудің  заңдылықтары 
мен принциптеріне бағдарлауға байланысты.
Тәрбиелеу  түрлері  –  тәрбиелеу  процесінің  сыртқы  көрінісі. 
Мектепке  дейінгі  педагогикада  тәрбие  түрлері  дара,  кіші  топтық, 
топтық  болып  бөлінеді.  Тәрбиенің  нақты  мақсаты  мен  міндеттеріне, 
балалардың  жас  және  жеке  ерекшеліктеріне  қарай  тәрбиенің  түрі 
таңдалады.
Мысалы, баланың нақты бір қылығы бойынша этикалық әңгімені 
онымен  жеке  өткізуге  болады,  этикалық  әңгіме  соңынан  талқылау 
түрінде  өткізілуі  де  мүмкін  –  топтық  түрі;    эстетикалық  циклдағы 
сабақтар топтық және кіші топтық түрде өтуі мүмкін; еңбек әрекеті жеке 
тапсырмаларды орындау (кіші топтарда өсімдіктерді күту, бөлмені топ 
болып жинау) түрінде өтуі мүмкін. Ерте жаста негізінен барлық тәрбие 
процесі үлкендер жағынан назар аударуды талап ететін күн тәртібі про-
цестерден басқасы жеке түрде немесе кіші топтарда өткізіледі.
Тәрбиенің  бұл  түрінің  артықшылықтары  мен  кемшіліктері 
«Педагогика» курсында ашылған. Қайталау қажет болған жағдайда 
осы  курстың  оқулықтарын  пайдаланыңыздар  («Тәрбие  түрлері» 
бөлімін қараңыздар).
Тәрбие түрі әртүрлі құралдардың көмегімен орындалатын тәрбиенің 
әдістері мен тәсілдерінің кешенін қамтиды.
Тәрбиелеу  әдістері  –  тәрбиелеу  мақсатына  жетуге  бағытталған 
үлкен адамдар мен балалардың өзара байланысты әрекетінің тәсілдері. 
Тәрбиелеу  әдістерінің  көмегімен  балалардың  тәртібі  түзетіледі, 
тұлғалық  қасиеттері  қалыптасады,  олардың  іс-әрекет,  қарым-
қатынас,  өзіне  және  айналасындарға  көзқарас  тәжірибесі  байытыла-
ды. Әдістер мектепке дейінгі мекемеде білім беру процесінің әртүрлі 
жағдаяттарында, бала іс-әрекетінің түрлерінде пайдаланған жағдайда, 

58
сол  сияқты  педагог  оларды  бірге  және  ұдайы  алмастырып  қолданған 
жағдайда тиімді болады.
Әдістерді  алмастырып  тұру  тәрбие  тәсілдерін  керек  етеді,  олар 
әдістің бөлінбес бөлігі, бұл тәрбиешінің нақты әдісінің ішіндегі жеке 
амалы.  Мысалы,  жазалау  әдістерінің  тәсілдері  –  уақытты  созып  жа-
залау,  ұжым  болып  талқылау  түрінде  жазалау,  үлкеннің  жақтырмаған 
көзқарасы, жақсы көретін ісінен айыру.
Тәрбиелеу  тиімділігі  сол  сияқты  тәрбиелеу  заңдылықтары  мен 
оларды  есепке  алуды  білуге  байланысты.  Мектепке  дейінгі  педагоги-
када мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің бүтін бір кешені 
айтылады. Тәрбиелеу әдістерінің бірнеше классификациясы бар.
Олардың біріншісі тәрбиенің барлық әдістерін тұлғаға ықпал көзіне 
қарай бөледі: көрнекілік, сөздік, практикалық. Екінші классификацияның 
негізіне    адам  (оның  ішінде  баланың  да)  іс-әрекетінің  құрылымы  жа-
тады.  Бұл  классификацияны  Ю.  К.  Бабанский  ұсынған.  Бұл  бала-
ны  тәрбиелеу  мен  дамытуға  іс-әрекеттік  көзқарастың  мағынасын 
көрсетеді. Оның мәні тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту оны іс-әрекеттің 
және  айналасындағылармен  қарым-қатынастың  әр  түріне  қатыстыру 
процесінде тиімді түрде жүзеге асады. Тәрбиелеу әдісі 4 топқа бөлінеді:

тұлғаның санасын қалыптастыру әдісі;

іс-әрекетті  ұйымдастыру  және  қоғамдық  тәртіп  тәжірибесін 
қалыптастыру әдістері;

тәрбиеленушілердің  тәртібі  мен  іс-әрекетін  ынталандыру 
әдістері;

тәрбие процесін бақылау мен оның тиімділігін талдау әдістері.
Мектепке  дейінгі  мекемеде  және  отбасында  мектеп  жасы-
на  дейінгі  балаларды  тәрбиелеу  әдістері  (Тәрбие  әдістерін  Ю.  К. 
Бабанскийдің   классификациялауы бойынша).
Тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері. Балалардың қоғамдағы 
тәртіптің,  қарым-қатынастың,  іс-әрекеттің  нормалары  мен  ережелері 
жөніндегі  білімін  қалыптастыруға,  оны  балалардың  мектепке  дейінгі 
оқушы әлеміне кіруді саналы түрде түсіндіруге бағытталған.
1.  Сөздік  әдістер:  этикалық  әңгімелер,  айтып  беру,  түсіндіру, 
нандыру,  әдебиет  оқып  беру,  кітап,  мультфильм  кейіпкерлерінің,  
өмірдің әртүрлі ситуацияларындағы үлкендер мен балалардың істеген 
қылықтарын талдау. 
2.  Көрнекі  әдістер:  үлкендер  мен  балалардың  іс-қимылдарын 
байқау, кино- және видеоматериалдарды, өмірдегі жағдайларды, үлкен 
адамдардың  ісі  мен  қарым-қатынастарының  мысалдарын  көрсету, 

59
тәрбиелік мазмұны бар слайдтар, картиналар, иллюстрациялар, өмірдегі 
және  ертегідегі  ситуацияларды,  кейіпкерлердің  істерін  көрсететін 
суреттерді қарау.
Іс-әрекетті 
ұйымдастыру 
және 
тәртіп 
тәжірибесін 
қалыптастыру  әдістері.  Бұл    қоғамдағы  практикалық  тәртіп  пен  іс-
әрекет аясындағы мектеп жасына дейінгі балалардың жеке тәжірибесін 
қалыптастыруға бағытталған.
1. Үйрету (белгілі бір қалыппен әрекет ету әдетін қалыптастыру).
2. Жаттығу (бір істі есте қалу үшін бірнеше рет қайталау, дағдыны 
қалыптастыру).
3.  Тәрбиелеуші  ситуациялар,  олардың  негізінде  келіспеушілік  –  
тиісті норма мен баланың ішкі нанымының күресі.
4. Ойын әдістері: ойын-көрсетілімдер, рөлдік ойындар, өмірлік си-
туациялар мен ондағы тәртіп нұсқаларының  көрсетілімі.
Іс-әрекет пен тәртіпке қарқын беру әдістері. Бұл бала тұлғасының 
әлеуметтік  көріністеріне  қарқын  беруге  бағытталған.  Мектеп  жасы-
на дейінгі бала үлкен адамдардың қолдауы мен мақұлдауына мұқтаж; 
сондықтан бұл оны тәрбиелеу мен дамытуда нағыз күшті ынталанды-
рады.
1. Марапаттау (мақұлдау, әдепті қатынас, мақтау, мақтаулы көзқарас, 
дене қимылымен және ыммен қолдау білдіру, алдын ала сенім көрсету, 
марапат  тапсыру, төс белгі, жетондар).
2. Ұялту, бетіне басу (жақтырмаған көзқарас, ескерту жасау, уәде 
етілген марапаттан айыру, іс-әрекетіне шектеу қою, тыйым салу, табиғи 
салдарлар әдісі).
3.  Балаға  үлкен  адамдардың  тарапынан  табысқа  жеткендік, 
мақұлдағандық, қолдау білдіргендік жағдаяттарын жасау.
Тәрбие процесін бақылау және оның тиімділігін талдау әдістері. Ол 
тәрбие процесін бақылау және оның тиімділігін талдауға бағытталған; 
мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиеленгендік деңгейін диагно-
стикалау; қойылған мақсат пен қол жеткізілген нәтижелерді салыстыру.
1. Баланың тәртібін, қарым-қатынасы мен іс-әрекетін байқау.
2.  Баланың  тәрбиеленгендік  деңгейін  диагностикалайтын  арнайы 
ситуациялар (Егер сенде сиқырлы таяқ болса, онда сен не істер едің?).
3. Балалармен және олардың ата-аналарымен әңгімелесу.
4.  Мектепке  дейінгі  мекемелердің  мамандарымен,  ата-аналармен 
сауалнама жүргізу.
5. Адамгершілік талғамға негізделген өмірлік проблемалық ситуа-
цияларды көрсету.

60
6. 
Тәрбиеленгендік 
пен 
баланың 
топтағы 
орнының 
жағдайлылығының арасындағы тәуелділікті анықтайтын социометрия.
7.  Тұлғалық  қасиеттердің,  мінез-құлық  белгілерінің,  тұлғаның 
бағыт-бағдарының, қабілеттерінің, білігінің дамығандығын бағалаудың 
арнайы әдістемесі.
Әдістердің  тізімін  жалғастыра  беруге  болады,  оларды  құрайтын 
тәсілдер  де  ашылған.  Педагогтар  мен  ана-аналардың  тәрбиелеу 
жұмысының жемісті болуы тәрбиеге кешенді көзқарас болған жағдайға, 
мектеп жасына дейінгі балалармен қарым-қатынаста әдістердің әртүрлі 
топтарын  пайдалануға  байланысты.  Балалардың  өмір  әрекеттерін 
ұйымдастырғанда  тәрбие  –  бағытталған  процесс,  ол  табиғи  түрде 
жүруі  тиіс,  үлкендердің  жағымды  үлгі  көрсетіп  әрбір  баланың  қол 
жетістіктерін  мақұлдап  отыру  қажет  екендігін  білу  аса  маңызды. 
Әдістерді таңдағанда тәрбиенің нақты мақсаты мен мазмұнын, тұлғалық, 
ұйымдастырушылық,  психологиялық-педагогикалық  жағдайларын 
ескеру  керек;  бір  ғана  әдіс  емес,  әдістер  жүйесі  пайдалану,  олардың 
үйлесімін келтіріп ауыстырып отыру қажет; мектеп жасына дейінгі ба-
ланы  тәрбиелеудің  түрлерін,  әдістерін  және  құралдарын  қолданғанда 
стереотиптерге жол берілмеуі тиіс; тәрбие әдістерін таңдағанда баланың 
жас және жеке ерекшеліктерін байланыстырып отыру қажет.
Тәрбиелеудің  тиімділігінің  қажетті  шарты  -  мектеп  жасына 
дейінгі  баланың  дамуының  заңдылықтарына  бағдарлау,  тәрбиелеу 
принциптерін сақтау болып табылады.
Заманауи тұлғалық-бағдарлық тәрбиелік парадигмадағы жетекші 
принциптер мыналар:

білім берудің басты нәтижесі ретінде дамыған тұлғаға бағдарлау;

тұлғаны  әртүрлі  іс-әрекет  барысында,  балалардың  күн  тәртібі 
ережесі аясында  тәрбиелеу;

ата-аналар мен педагогтардың балаға талаптарының бірдей бо-
луы;

баланың  жағымды  жақтарына  сүйену,  оны  барлық 
ерекшеліктерімен қабылдау;

тәрбие процесін ізгілендіру;

педагогикалық басшылықты баланың ынтасы мен өзінділігінің 
дамуымен үйлестіру;

тәрбиенің  (мақсатының,  мазмұнының,  технологиясының) 
баланың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес болуы;

балалармен өзара іс-әрекетте екі жақты қарым-қатынас болуы 
принципі.

61
Тәрбиенің түрлері мен әдістері көрнекілікке сүйенуді қажет етеді.  
Мұндай қосымша материал ретінде тәрбие құралдары қолданылады.
Тәрбие құралдары – тәрбиелеу процесінде көмекші ретінде пайда-
ланылатын заттардың, объектілердің, құбылыстардың жүйесі.
Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  тәрбиелеу  құралына  әртүрлі 
тұрмыстық  заттар,  табиғи  материалдар,  ойыншықтар,  көрнекті 
құралдар (суреттер, иллюстрацялар. фильмдер), техникалық құралдар, 
кітаптар,  журналдар,  өнердің  әр  түрлері,  балалардың  жан-жақты  іс-
әрекеті жатады. Мектепке дейінгі педагогикада бұл құралдар жүйесінде 
жетекші болатын үлкен адамдармен қарым-қатынас, мектепке дейінгі 
кезеңдегі ең басты іс-әрекет ойын болып табылады. Ең ерекше құрал 
педагог тұлғасы (оның сыртқы бейнесі, эмоциясы, жүріс-тұрысы, сөзі) 
және балалар ұжымы, қоғамдық пікір.
Л.  С.  Выготский  тұлғаны  жан-жақты  тәрбиелеу  –  материалдық 
және рухани мәдениет құралдарын меңгеру процесі, - деп көрсетеді. 
Олай болса, тәрбие құралдарын шартты түрде екі топқа бөлуге болады.
1.  Материалдық  мәдениет  құралдары  –  ойыншықтар,  ыдыс-аяқ, 
айналасындағы  заттар,  оқытудың  техникалық  құралдары,  ойын-
дар,  киім,  дидактикалық  материалдар  және  т.с.с.  Олар  практикалық 
интеллектісін дамытады.
2. Рухани мәдениет құралдары – кітаптар, өнер заттары, сөз сөйлеу 
түрлері.
Бірқатар педагогтар (В. И. Логинова, П. Г. Саморукова) тәрбиелеудің 
Л. С. Выготский көрсеткен классификациясына үшінші топты қосады.
3.  Қоршаған  дүниедегі  құбылыстар  мен  объектілер  –  табиғат 
құбылыстары, өсімдіктер мен жан-жануарлар дүниесі.
Әлеуметтік тәжірибені беру процесінде тәрбие түрлерін, әдістерін, 
тәсілдері  мен  құралдарын  қолдану,  оларды  үйлестіру  және  қолдану 
тәртіптерінің жиыны П. И. Пидкасистыйдың пікірінше, тәрбие техно-
логиясын құрайды.
Г.  М.  Коджаспирова  және  А.  Ю.  Коджаспиров  тәрбие  техноло-
гиясын    бала  тұлғасын  тәрбиелеу  және  дамыту  міндеттерін  шешуді 
қамтамасыз ететін  ретті түрде орындалатын тәсілдердің, қадамдардың 
жүйесі,  ал  іс-әрекеттің  өзі  процедуралық  түрде,  яғни  іс-қимылдың 
белгілі  бір  жүйесі  түрінде  берілген;  нәтижелілікке  кепілдікті 
қамтамасыз  ететіндей  тәрбие  процесі  компоненттерін  жасауда  және 
оны  процедуралық  тұрғыда  іске  асырудағы  іс-қимыл  жүйесі  ретінде 
анықтайды.  Технология  әдістемені  нақтылайды.    Сонымен,  түрлер, 
әдістер, тәсілдер және құралдар жүйесі технологияның негізі ретінде 

62
тәрбие процесін басқара алушы және қайта жаңғыртушы ете алатын-
дай рөл атқарады.  
Мектепке дейінгі педагогиканың  ғылым және педагогикалық прак-
тика  ретінде  заманауи  маңызды  және  өзекті  бағытын  жасау  оны  ары 
қарай дамытудың перспективалық жолы.
Біртұтас  тәрбие  процесінің  нәтижелері  тәрбие  мақсаттарына    – 
генералдық  (мектепке  дейінгі  жастағы  жан-жақты  үйлесімді  дамыту) 
және  негізін ашып көрсететін субмақсаттарға бөлінеді. Субмақсаттар, 
жоғарыда  көрсеткеніміздей,  жетекші  педагогикалық  мақсатты  нақты 
және  диагностикалық  етеді.  Тәрбиенің  мақсаты  мен  нәтижесін 
сәйкестендіру,  олардың  үйлесу  дәрежесі  тәрбие  процесінің  тиімділігі 
жөнінде қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Мектепке  дейінгі  педагогикада  тәрбие  нәтижелерін  бағалау  үшін 
мамандардың  бақылауына  болатындай  көрсеткіштер  жүйесі  пайдала-
нылады.  Мұндай  көрсеткіштер  ретінде  сөз  сөйлеу,  баланың  жекелеген 
қылықтарынан  жиналатын  тәртіп  алынады;  балалар  мен  үлкендердің 
істеріне  назар  қою;  балалардың  қоршаған  ортамен,  үлкендермен  және 
балалармен қарым-қатынас жүйесі; сыртқы бейнесі; өзіне және басқаға 
қатынасы; іс-әрекетте және қарым-қатынаста таңдампаздығы алынады.
Біз  мектеп  жасына  дейінгі  баланы  тәрбиелеуде  мазмұнына  қарай 
бірнеше бағыт бар екендігін анықтадық – дене, әлеуметтік-адамгершілік, 
ақыл-ой, эстетикалық, еңбек, экологиялық, жыныстық, құқықтық. Әрбір 
бағыт бойынша тәрбие нәтижелері өз критерийлері мен диагностикалық 
әдістерінің көмегімен байқалады. Мысалы, дене тәрбиесінің  нәтижелері 
баланың денсаулық деңгейімен, негізгі қозғалыстарымен, өз денсаулығына 
қарауымен,  мәдени-гигиеналық  дағдыларының  қалыптасқандығымен 
бағаланады.  Еңбек  тәрбиесінің  нәтижелері  балалардың  өз  еңбегіне, 
үлкендердің еңбегіне көзқарас тұрғысынан, олардың еңбек процестерін 
меңгергендігімен бағаланады. Еңбексүйгіштік тұлғаның қасиеті ретінде, 
өзі және басқалар үшін ынталылығымен бағаланады.
Адамгершілікке  тәрбиеленгендік  көрсеткіштеріне,  адамгершілік 
сезімінің қалыптасқандық деңгейіне және адамгершілік тәртіп әдеттеріне, 
оны орындаудағы өзінділігіне, адамгершілік сезімі мен қасиетін жарқын 
көрсете алуына тоқталайық.
Адамгершілік тәрбиесі мәселелерімен Р. С. Буре, А. К.Меңжанова, 
М.  И.  Шарова,  Е.  И.  Белова,  Л.  Ф.  Островская,  С.  Д.  Якобсон,  Т.  В. 
Артемова  және  т.б.  белсенді  түрде  шұғылданды.  Олар  мектеп  жасына 
дейінгі  балалардың  адамгершілікке  тәрбиеленгендігінің  үш  деңгейін 
көрсетті.

63
Жоғары  деңгей  –  адамгершілік  нормалары  қолдану  деңгейінде 
меңгерілген, тәртібі мен қарым-қатынасын реттеуші болып табылады.  
Тәртібі  тұрақты,  үлкендердің  еске  салуынсыз  өз  бетімен  ынталылық 
көрсетеді. Жағымды адамгершілік сезімі мен қасиеті айқын көрінеді. 
Бала  өз  тәртібін  және  адамгершілік  нормалары  тұрғысынан  басқа 
балалардың тәртібін  бағалауға қабілетті.
Орта  деңгей  –  адамгершілік  нормалары  қайталап  жаңғырту 
деңгейінде  меңгерілген,  бірақ  үлкендердің  айтуымен  немесе  еске  са-
луымен  жасалады.  Адамгершілік  тәртібі  мен  дағдылары  қалыптасу 
кезеңінде  болады;  меңгеру  тұрақсыз,  өзіндік  істері  сирек  байқалады, 
адамгершілік  сезімдері  жарқын  көрінеді,  бірақ  жүйелі  түрде  емес. 
Басқалардың тәртібін бағалай алады,  басқа балалар мен үлкендерден 
әлеуметтік адамгершілік нормаларын сақтауды талап етеді.
Төменгі деңгей – адамгершілік нормалары танып білу деңгейінде 
меңгерілген, яғни қылығын көрсеткен кезінде түсінеді. Адамгершілік 
нормалары ісі мен қарым-қатынасының реттеушісі болмайды, балалар 
күнделікті өмірде ережелерді қолданбайды, басқалардан оның орында-
луын талап етпейді. Дағдылары мен әдеттері адамгершілік нормалары-
на сәйкес қалыптаспаған.
Сонымен, біз мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу процесін 
қарастырдық,  оның  мақсаттарын,  мазмұнын,  түрлерін,  әдістерін, 
құралдарын, нәтижелерін көрсеттік. Тәрбиелеу – қоғамдағы адамның 
әлеуметтік  тәжірибені,  адамзат  мәдениетін,  іс-әрекет  және  қарым-
қатынас ережелерін меңгеруінің күрделі, ұзақ, жүйелі, үздіксіз процесі. 
Бұл  адамның  өмірінің  басынан  бастап  тұлға  болып  қалыптасқанға 
дейінгі, жеке тәжірибе жинақтаудың, қарым-қатынас жасаудың, өзін-өзі 
көрсетудің белсенді процесі, бұл адамның  стихиялық және мақсатты 
бағытты дамуы.
4.5 Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері
Әрбір жас кезеңінде тәрбиенің жалпы және өзіндік ерекшеліктері 
болады.  Мектепке  дейінгі  кезеңдегі  бала  тәрбиесінің  ерекшеліктерін 
қарастырайық.  Оларды  екі  топқа  бөлеміз,  бірінші  тобы  –  жалпы,  ол 
адамның қалыптасуының келесі кезеңдерінде жалғасады. Екінші кезең 
бала дамуының мектепке дейінгі кезеңімен байланысты.
Ерекшеліктердің бірінші тобы
Мектеп жасына дейінгі баланың жағымды қасиеттерін, әдеттерін, 
білімі  мен  білігін  тәрбиелеудің,  үлкен  адамдардың  баланың 

64
айналасындағы  өмірге,  өзіне  және  басқа  адамдарға  қарым-қатынас 
жүйесін қалыптастырудың  бағыттылығы. 
Тәрбие  процесінің  көпфакторлығы  –  тәрбие  процесінде  тәрбие 
үдерісінің  күрделендіруге  себеп  болатын  көптеген  субъективтік 
және  объективтік  факторлардың  кездесуі,  Мектепке  дейінгі  тәрбиеге 
әлеуметтік  сұраныс,  қоғамның  экономикалық,  құқықтық,  саяси  даму 
деңгейі,  педагогты  кәсіби  даярлау  деңгейі,  білім  беру  ортасы  мен 
эмоционалдық климат, балалардың тәрбиеленгендік деңгейі, мектепке 
дейінгі  мекеме  саясаты,  ата-аналардың  педагогикалық  сауаттылығы, 
отбасындағы ахуал – факторлардың жиыны, олардың әрқайсысы мектеп 
жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу процесіне және оның нәтижесіне 
өзінің ықпалын тигізеді. 
Тәрбиенің    үздіксіздігі  –  баланың  күн  тәртібіндегі  барлық  іс-
әрекетінде  жүретін  процесс.  Тәрбие  стихиялы  және  мақсатты  түрде 
бала өмірінің әр сәтінде болып тұрады. Тәрбиелеу процесі аяқталмайды. 
Оның аяқталуы шартты түрде, белгілі бір уақыт аралығында баланың жас 
кезеңінің аяқталуымен байланысты болады. Тәрбие процесінің мұндай 
шартты  түрде  аяқталуы  оның  сапасын  бағалауда,  тәрбиеленгендік 
нәтижелерін диагностикалағанда, отбасында және мектепке дейінгі ме-
кемеде тәрбие барысына түзету енгізгенде маңызды.
Тәрбие  процесінің  кешенділік  сипаты  өзара  ықпалдас 
компоненттердің көптүрлілігін (мақсаттық, мазмұндық, процессуалдық) 
қамтиды, олар өзара ықпалдастық және өзара бағыну жағдайында бо-
лады: 
-  тәрбиенің  мазмұндық    элементтері  (дене,  ақыл-ой,  әлеуметтік-
адамгершілік, эстетикалық, еңбек, құқықтық, жыныстық, экологиялық 
және т.б.);
-  тәрбие  процесінің  құрылымдық  компоненттері  (мақсаттары, 
міндеттері, мазмұны, түрлері, әдістері, құралдары, нәтижелері);
-  субъектілері  –  тәрбие  процесіне  қатысушылар  (психологиялық, 
педагогикалық,  ұйымдастырушылық,  әдістемелік,  материалдық-
техникалық).
Балалар  мен  үлкендердің  арасындағы  кері  байланысқа  құрылған 
тәрбиенің  екіжақты  сипаты.  Үлкендердің  баланың  тәрбиелілігі, 
тұлғалық  ерекшеліктері  жөнінде  ақпараттары  неғұрлым  көп  болса, 
солғұрлым тәрбие нәтижелі болады.
Тәрбие 
нәтижелерінің 
бір 
мағыналы 
еместігі 
және 
анықталмағандығы  –  бірдей  жағдайда  тұлғалық  қасиеттері,  әдет-
ғұрыптары,  тәрбиеленгендік  дәрежелері,  тәртібі  әртүрлі  балалар 

65
тәрбиеленеді. Екі бірдей жағдайда  мүлдем әртүрлі нәтижелер болады, 
өйткені  субъективті фактор әсер етеді. 
Ерекшеліктердің екінші тобына мыналар жатады:
Мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиесіндегі үлкен адамдардың 
анықтаушы  рөлі.  Бұл  жас  кезеңінде  үлкендер  тәрбиелеушілік, 
оқытушылық,  дамытушылық,  бейімдеушілік,  ұйымдастырушылық, 
үйлестірушілік және жинақтаушылық функцияларын орындайды.
Тәрбие нәтижелерін уақытымен созу – мектепке дейінгі кезеңде 
тәрбиелеу  негіздері  салынады  да,  келесі  жас  кезеңдерінде  дамып, 
тереңдеп,  кеңейеді  және  тұлғаның  тәрбиеленгендігіне  дейін  өсіп 
жетіледі.
Мектеп  жасына  дейінгі  баланың  тәртібі  мен  іс-әрекеті  тікелей 
сезіммен, эмоциямен, ниеттенуімен реттеледі.
Үлкен  адамдар  тарапынан  баланың  тұлғалық  қасиеттерін 
жағымды бағалаудың, істерін мақұлдаудың ерекше маңыздылығы.
Үнемі  көрнекілікке  сүйенудің,  метеп  жасына  дейінгі  баланың 
тәрбиесінде жағымды практикалық өнегенің қажеттілігі.
Қалыптасқан қасиеттердің, әдептердің, біліктің тұрақсыздығы, 
ұдайы  қайталап  отырудың,  бекітудің,  өмірдің  түрлі  жағдаяттарында  
қолданудың қажеттілігі.
Мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесінің бірқатар физиологиялық 
және психологиялық факторларға тәуелділігін, отбасында және мектеп-
ке дейінгі мекемеде тәрбие процесін құрғанда және ұйымдастырғанда 
оларды ескеру қажет:

баланың тез шаршауы, жүйке жасаушаларының қажығандығы;

зейіні мен қабылдауының тұрақсыздығы;

мектепке  дейінгі  ересек  жасқа  қарай  ұлғаятын  психикалық 
процестердің еріктілік деңгейінің жоғары еместігі;

сезімді ояту процестерінің тежеу процестерінен басым болуы;

психиканың 
қатты 
иілгіштігі, 
балалардың 
жоғары 
эмоционалдығы, айналасындағыларды қабылдағыштығы;

ойлау типінің көрнекі-бейнелі болуы;

шапшаң  меңгеру  және  сонымен  бірге  қалыптасқан  білік, 
дағдылардың, тәртіп әдеттерінің берік еместігі;

ұдайы  жаңаны  танып  білуге  және  меңгеруге  ұмтылу,  білім 
құмарлық;

тұлғаның  сапаларын,  қасиеттерін  тәрбиелеудің  сензитивтілігі, 
тәртіп және қарым-қатынас нормаларын бойына сіңіру, баланың жеке 
тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру;
5–7463

66

ойын  мектеп  жасына  дейінгі  бала  іс-әрекетінің  жетекші  түрі  
болады,  онда  тұлғаның  жаңадан  пайда  болған  қасиеттері,  білімі,  са-
пасы, қарым-қатынасы, білігі, қабілеттері оңтайлы және табиғи түрде 
қалыптасады. 
Мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесінің біз атаған ерекшеліктерін 
білу аса маңызды және оны тәрбие процесін жоспарлағанда, құрғанда, 
ұйымдастырғанда және оның нәтижелерін бағалағанда ескеру қажет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет