Оқулық Алматы, 2012 2 ӘӨЖ 373. 2 Ббк 74. 102 А 75


-ТАРАУ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІН БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНДЕГІ  ОҚЫТУ



Pdf көрінісі
бет9/20
Дата31.03.2017
өлшемі1,17 Mb.
#10920
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20

6-ТАРАУ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІН БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНДЕГІ  ОҚЫТУ  
ПРОЦЕСІ ЖӘНЕ  ОНЫҢ  НӘТИЖЕЛЕРІ
Жоспар
6.1 «Оқыту» ұғымының мазмұны. Мектеп жасына дейінгі балалар-
ды  оқыту ерекшеліктері. 
6.2    Мектепке  дейінгі  кезеңде  балаларды  оқытудың  мақсаты  мен  
міндеттері. 
6.3 Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту процесінің құрылымы,  
функциялары, қозғаушы күштері. 
6.4  Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  оқытудың  заңдылықтары 
мен принциптері.
6.5    Мектепке  дейінгі  мекемедегі  оқыту  процесінің  мазмұны, 
түрлері, әдістері, құралдары. 
6.6  Мектепке дейін білім беру мекемесінде оқыту нәтижелері ту-
ралы ұғым.
6.7  Оқу-танымдық іс-әрекетті меңгеру мектепке дейінгі мекемеде 
мектеп жасына дейінгі баланы оқытудың маңызды нәтижесі ретінде.
6.8  Педагогикалық процесте балаларды оқыту нәтижелерін бағалау.
6.1  «Оқыту» ұғымының мазмұны. Мектеп жасына дейінгі бала-
ларды оқыту ерекшеліктері
Ю.  К.  Бабанскийдің  анықтамасы  бойынша,  «оқыту  –  мақсатты 
бағытталған,  ретті,  педагог  пен  балалардың  өзгеріп  отыратын  өзара 
әрекеті,  оның  барысында  оқытушылық,  тәрбиелік,  дамытушылық 
міндеттері  шешіледі».  Бұл  анықтама  оқыту  процесінде  өзара  әрекет 
белгілерін  (мақсаттылық,  бағыттылық,  реттілік,  динамикалық)  және 
оның  функцияларын  (оқытушылық,  тәрбиелік,  дамытушылық) 
көрсетеді.
 И. Я. Лернер берген түсініктемеге сүйенсек, «оқыту – бұл педа-
гог пен баланың әлеуметтік тәжірибе мазмұнының қандай да бір үзігін 
меңгеру  мақсатындағы  өзара  әрекеті».  Бұл  анықтама  оқытуды  өзара 
әрекеттестік ретінде сипаттайды, бұл процестің мақсаты мен мазмұнын 
көрсетеді.    
Оқыту - біртұтас педагогикалық процестің ажыратылмайтын бөлігі. 
Мектепке  дейінгі  мекемеде  оқыту  көптеген  оқытушылық,  тәрбиелік, 

91
дамытушылық  міндеттерді  шешуге  бағытталған,  бұл  мектепке  дейін 
білім берудің басты мақсаты – мектеп жасына  дейінгі бала тұлғасын 
жан-жақты,  үйлесімді  дамуына  қол  жеткізуге,  жақындатуға  жағдай 
туғызады.
Балаларды  оқыту  үлкендер  (педагогтар)  мен  балалардың  түрлі 
жағдайлардағы, уақытпен шектелген, еркін және білім беру процесіне 
қатысушылардың өзіндік іс-әрекет жасау процесінде жүреді.  
Мектепке дейінгі педагогика бойынша эаманауи сөздіктерде мына-
дай анықтама кездеседі: «Оқыту – бұл мектеп жасына дейінгі балаларға 
білімді,  білікті  мақсатты,  бағытты  түрде  жеткізу,  сол  сияқты  белгілі 
бір білім беру бағдарламасы бойынша дағдыларды, пайдалы әдеттерді 
қалыптастыру».
Біздің  міндетіміз  –  осы  анықтамаларды  талдау  және  мектеп  жа-
сына  дейінгі  баланы  оқытудың  қолданбалы  тіректі  анықтамасын 
бөліп көрсету.   Педагогика курсынан біз И. Я. Лернердің анықтамасы 
толығымен  оқыту  процесінің  мәні  мен  маңызын  жан-жақты 
көрсететінін білдік. Бұл білім мен білікті ұрпақтан ұрпаққа беру ғана 
емес,  бұл  балалардың  тиісті  жас  кезеңінде  оның  үйлесімді  дамуына 
қажетті әлеуметтік тәжірибені меңгеруі (яғни, меңгеру тек білім, білік 
және  дағды  деңгейінде  ғана  емес,  оның  құндылығын,  тұлғалылығын 
түсіну  деңгейінде  және  осының  негізінде  шығармашылық  әрекетін 
қалыптастыру деңгейінде) жүреді.   
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың  ерекшеліктері:

оқу-таным іс-әрекеті ойынмен тығыз байланысты;

мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  оқыту  мектептегі  сияқты 
сабақта  емес,  әртүрлі  формада  жүзеге  асырылады  (саяхаттарда,  ой-
ындарда,  әртүрлі  іс-әрекет  барысында,  күнделікті  өмірде,  күнделікті 
режимдік процестерде және т.с.с.);

мектепке  дейінгі  мекемеде  оқыту  процесінде  балалар  ғылым 
негіздерін оқымайды, қоршаған орта жөнінде жүйеленген түсінік пен 
оқу  туралы  дағдылар  алады  (тәрбиешіні  тыңдау,  сұрақтарға  жауап 
беру,  сұрақ  сұрай  білу,  нұсқау  бойынша  әрекет  жасау,  ересек  мектеп 
жасында  –  оқу-танымдық  міндеттерді  қою  және  оларды  шешу,  оның 
жетістіктерін жоспарлау, өз нәтижелерін бағалау, оларды басқалармен 
салыстыру);

оқыту  іс-әрекеттің  барлық  формаларында  және  түрлерінде 
өзінің әлеуметтік тәжірибесін мақсатты түрде беретін үлкен адамдардың 
жетекшілігімен жүреді;

92

мектепке  дейінгі  жаста  балалар  басты  нәрсе  мен  қосалқы 
нәрсені ажыратуда қиындық көреді;

оқыту  процесінде  балалардың  заттар  мен  өзінің  айналасын-
да  болып  жатқан  құбылыстардың  қасиеттерін  дұрыс  қабылдауын 
қамтамасыз етудің қажеттілігі;

мектеп жасына дейінгі балаларды оқытқанда оқуға ынталылық, 
үлкен  адамдардың  мақұлдауы  мен  тілектестігі,  процестің  жоғары 
эмоционалдық  толыққандылығы,  жағымды  эмоционалдық  ахуал 
сияқты факторлар ерекше маңызды;

зейіннің еріксіздігі, оның тұрақсыздығы, мектеп жасына дейінгі 
балалардың  жоғары  эмоционалдық  қабылдағыштығы,  ес  көлемінің 
аздығы, тез шаршағыштығы балаларды оқытудың өзіндік формаларын, 
әдістері мен құралдарын, уақытпен шектелген сабақтардың ұзақтығын 
анықтайды;

психикалық процестердің даму деңгейі балалармен сабақтағы 
оқу тапсырмаларын құрудың бірқатар ерекшеліктерін анықтайды:
-  кіші  жаста  оқу-танымдық  тапсырмаларды  педагог  сатылап 
(қадамдап) балалардың орындай алуына қарай береді;
-  сезімнің  оянуының  тежелуден  артықшылығы  тапсырмаларға 
қысқа, нақты нұсқаулар жасау, қарапайым  тапсырмалардың санын арт-
тыру қажет екендігін көрсетеді.
6.2 Мектепке дейінгі кезеңде балаларды оқытудың мақсаты мен 
міндеттері
Мақсаттар мен міндеттер оқыту процесінің мақсатты компоненті 
болып  табылады.  Мектепке  дейінгі  кезеңдегі  оқытудың  мақсаты 
қоғамдық-тарихи (әлеуметтік) тәжірибе элементтерін үлкен адамдардың 
жүйелі түрде балаларға беруі және балалардың оны меңгеруі. Оқытудың 
мақсатын әлеуметтік тәжірибенің белгілі бір үзігін баланың саналы түрде 
меңгеруі ретінде анықтағаннан кейін, әлеуметтік тәжірибе элементтерін 
анықтау  маңызды.  Соларды  атайық:  өзі  және  айналасындағылар 
жөніндегі  білім  жүйесі;  іс-әрекет  тәсілдері;  балалардың  алған  білім, 
білік және дағдылары негізіндегі шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі; 
балалардың қоршаған дүниеге, өзіне, басқа адамдарға эмоционалдық-
құндылық қатынастар тәжірибесі.
Бұл  элементтерді  меңгеру  мектепке  дейінгі  мекемеде  басталады 
да  адамның  бүкіл  өмірі  бойы  -  білім  беру  мекемелерінде,  күнделікті 
өмірде, өзімен-өзі болғанда да (стихиялы түрде және мақсатты бағытты 
түрде) жалғаса береді.

93
Әлеуметтік тәжірибені  ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу  –  эволюцияның 
маңызды жемісі, әрбір буын ұрпақ  өзінің дамуында алға қарай жылжы-
май іс-әрекет және қарым-қатынас тәжірибесін жаңадан меңгеруі керек 
болар еді.
Мектеп  жасына  дейінгі  баланы  оқытудың  жалпы  мақсаты  әр 
кезеңде және балаларды оқытудың әр түріне қарай нақтыланып отыра-
ды. Мақсат әр кезеңдегі міндеттерге байланысты өзгеріп отырады және 
жалпы  мақсатқа  бағынады.  Оқытудың  мақсаттары  мен  міндеттерінің 
сипаттамалары мынадай жағдайлармен анықталады:
- балалардың жас және жеке ерекшеліктерімен;
-  мемлекеттік жалпы міндетті білім стандарты талаптарымен;
- педагогикалық ұжымның таңдаған білім беру бағдарламасы-мен;
- білім беру процесіндегі іс-әрекет түрімен (сабақ, дидактика-лық 
ойындар, экскурсиялар);
-  жалпы  дидактикалық жүйедегі сабақтың орнымен;
- мектепке дейінгі мекеме педагогтарының ерекшеліктерімен және 
мүмкіндіктерімен, оның кәсіби біліктілік деңгейімен;
- мектепке дейінгі мекеменің материалдық-техникалық база-сымен 
және басқа факторлармен.
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың міндеттері қоғамдық-
тарихи тәжірибені күшейтудің басты мақсатымен анықталады. Оқыту 
процесінің функциялары міндеттердің сипатын және бағытталғандығын 
анықтайды (оқытушылық, тәрбиелік, дамытушылық).
Мектеп  жасына  дейінгі  баланы  оқытудың    негізгі  жалпы 
міндеттері
1.  Баланың  өзі  және  айналасындағылар  туралы  түсінігін 
қалыптастыру.
2. Балалардың жалпы ой-өрісін дамыту.
3.  Балаға  әртүрлі  іс-әрекетке  (қозғалыс,  көркем-эстетикалық, 
танымдық, ойын, еңбек, конструктивтік және т.б.) араласуға мүмкіндік 
беретін жалпы және арнайы білік пен дағдыны қалыптастыру.  
4. Таным процестерін (сезіну, қабылдау, ойлау, ес, зейін) және  ой-
лау  операцияларын  (анализ,  синтез,  жалпылау,  классификация,  салы-
стыру, абстракциялау және т.б.) дамыту.
5.  Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  өзінің  таным  әрекетін 
ұйымдастыру  (сабақ  орнын  дайындау,  істелетін  жұмыстардың  ретін 
жоспарлау, іс-әрекет барысы мен оның нәтижесін  бағалау, бірге және 
жеке жұмыс істеу) қабілеттерін қалыптастыру.

94
6. Баланың тыңдау, жауап беру және сұрақтар қою, нұсқау бойынша 
әрекет ету, оқу міндетін орындау, сабақта оқыту процесінде еркіндікті 
сақтау білігін қалыптастыру.
7.  Балалардың  білуге  құштарлығын  және  танымдық 
қызығушылығын дамыту.
8.  Алған  білімді,  білікті  және  дағдыны  шығармашылықпен 
түсіндіріп талдап беру қабілетін дамыту.
9. Оқу-таным, зерттеу, жаңа білім мен тәжірибені меңгеру, оқыту 
процесінде педагогпен өзара конструктивтік ықпалдастық әрекеттеріне 
жағымды эмоционалдық қарым-қатынасты тәрбиелеу.
10. Балалардың мектепте оқуға жалпы және арнайы дайындығын 
қалыптастыру.  
Бұл  жалпы  міндеттер  балалардың  жасына,  оқу  материалының 
бағыттылығына,  оқыту  түріне,  оны  дараландыру  қажеттілігіне  қарай 
нақтыланады.
6.3 Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту процесінің 
құрылымы, функциялары, қозғаушы күштері
Оқыту  процесі  балаларды  тәрбиелеу,  өзін-өзі  тәрбиелеу,  дамыту 
және өзін-өзі дамыту процестерімен қатар мектепке дейінгі мекемедегі 
біртұтас  педагогикалық  процестің  құрамды  бөлігі  болып  табылады. 
Процесс ретінде оқыту процесінің мәнін ашу үшін оның құрылымын, 
функцияларын,  мектепке  дейінгі  кезеңдегі  ерекшеліктерін  қарастыру 
қажет. 
Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  оқытудың  құрамдық 
компоненттерін  анықтаудың  негізінде  Ю.  К.  Бабанскийдің 
педагогикалық  процесс  пен  оның  жеке  аспектілерінің    бірыңғай 
құрылымы жөніндегі ұстанымы жатыр.
Сонымен,  оқыту  процесінің  құрылымында  өзара  байланы-
сты  бес  компонент  бар:  қарқынды-мотивациялық  (мектеп  жасына 
дейінгі  балалардың  таным  белсенділігінің  мотивациясын  көздейтін); 
мақсатты (мектепке дейінгі мекемеде балаларды оқытудың мақсаты 
мен  міндеттерін  көрсететін);  мазмұндық  (мектепке  дейін  білім  беру 
мазмұнын  анықтайтын);  бақылаушы-реттеуші  (бақылауды,  реттеуді, 
оқыту  барысы  мен  нәтижелеріне  тиісті  түзетулер  енгізіп  отыруды 
көздейді); бағалаушы-нәтижелі (оқыту нәтижелерін диагностикалауды 
қамтамасыз ететін, мектепке дейінгі мекемеде мектеп жасына дейінгі  
балаларды оқытудың жаңа мақсаттары мен міндеттерін қою).

95
Оқыту процесі екіжақты сипатта болады: педагогтың іс-әрекеті 
(оқыту)  және  балалардың  іс-әрекеті  (оқу).  Мектепке  дейінгі  кезеңде 
оқыту бір мезгілде балалардың үлкен адамдармен бірге іс-әрекетінсіз 
(жеке немесе ұжымдық), бұл екі жақтың дидактикалық өзара әсерінсіз 
мүмкін емес. Үлкен адам бұл кезде адамзаттың жинақтаған әлеуметтік 
тәжірибенің қайнар көзі және оны танудың бала үшін маңызды құралы 
болып табылады, оны бала меңгере алады (жас, физиологиялық және 
басқа да ерекшеліктеріне қарай).
Өткен  материалға  сүйене  отырып  (3-тақырып)  еске  түсірейік, 
оқыту  процесінің  қозғаушы  күші  қайшылық.  Дидактикалық  проце-
сте  қайшылық  мысалы  ретінде  мынадай  жағдайлардан  туындайтын 
қайшылықтарды көрсетуге болады:
-  қоғамның,  мектептің  талаптары  мен  мектепке  дейінгі  мекемеде 
балалардың білімінің, дамығандық деңгейі  және оларды дайындаудың 
нақты деңгейінің арасындағы;

балалардың 
танымдық 
сұраныстары 
мен 
оларды 
қанағаттандырудың нақты мүмкіндіктерінің арасындағы;
- қоршаған дүние, өзі, басқа адамдар туралы алған бұрынғы білімі 
мен жаңадан алған білімінің арасындағы.
Қайшылықтар  тізімі  ары  қарай  ойлану  мәселесі  болуы  мүмкін 
және оны жалғастыруға, нақтылауға, сыртқы және ішкі қайшылықтарға 
жіктеуге  және т.с.с. болады. 
Оқыту заңды түрде мектеп жасына дейінгі бала тұлғасына, оның 
дамуына,  тәрбиесіне,  біліміне  әсер  етеді.  Сондықтан  дидактика-
да  оқытудың  өзара  байланысты  үш  функциясын  бөліп  көрсетеді: 
дидактикалық,  тәрбиелік  және  дамытушылық.  Тәрбие  процесінен 
айырмасы  оқыту  процесінде    дидактикалық  функция  жетекші  рөл 
атқарады.
6.4 Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың заңдылықтары 
мен  принциптері
Мектепке  дейінгі  мекемеде  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды 
оқытудың тиімділігі педагогтардың оқу принциптерін сақтауына бай-
ланысты,  себебі  олар  өз  кезегінде  бұл  процестердің  заңдылықтары 
негізінде  құрылады.  Заңдылықтар  мен  принциптерді  еске  түсіріп, 
олардың мазмұнын ашайық.
Заңдылықтар  –  объективті  түрде  болатын,  берік,  қайталанатын, 
құбылыстар мен процестердің арасындағы олардың дамуын сипаттай-

96
тын  қажетті  және  маңызды  байланыстар.  Оқытудың  заңдылықтары 
оқыту  процесінде  байланыстар  кешенін  көрсетеді.  Оқытудың 
заңдылықтары сыртқы және ішкі байланыстарды көрсетеді.
Оқыту  принциптері  бұл  процестің  ғылым    негіздеген 
заңдылықтарынан  туындайды.  Принциптер  (негізі,  бастауы)  – 
оқытудағы бастапқы, негізгі талаптар жүйесі, ол талаптарды орындау 
тұлғаны дамыту міндеттерін шешудің қажетті тиімділігін қамтамасыз 
етеді,  олар  практикалық  нұсқаулар,  оқытуды  жүзеге  асыру  жөніндегі 
басты талаптар.
Принциптер  негізінде  нақты  педагогикалық  ережелер  жазыла-
ды. Ережелер – тәрбиешінің белгілі бір жағдайдағы оқытудың жалпы 
принциптеріне  негізделген  дидактикалық,  тәрбиелік,  дамытушылық 
мақсаттарға жету үшін жасалған педагогикалық іс-әрекетті суреттеуі. 
Ережелер  қандай  да  бір  оқыту  принциптерін  қолданудың  жекелеген 
жақтарын  ашып  көрсетеді.  Ережелер  теориядан  практикаға  көшудің 
өтпелі буыны болып табылады.
Тапсырма:
Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  оқыту  заңдылықтары  мен 
принциптерінің  мазмұнын  ашу  үшін  1  тақырыптың    тапсырма-
сын  орындаңыздар,  заңдылықтар  мен  принциптерді  кесте  түрінде  
көрсетіңіздер.
6.5 Мектепке дейінгі мекемедегі оқыту процесінің мазмұны
түрлері, құралдары
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту процесінің мәнін тұтастай 
аша  отырып,  біз  оқыту  процесінің  мазмұнын,  түрлерін,  әдістерін, 
құралдарын,  нәтижелерін  ашпауымызға  болмайды,  себебі  олар  оның 
мазмұндық,  амалдық-әрекеттік,  бақылаушылық-реттеушілік  және 
бағалау-нәтижелілік компоненттері. Бұл компоненттердің ауқымдылығы 
мен  маңыздылығы,  мектепке  дейін  білім  беру  ісінің  болашақ 
педагогтарының    терең  ойлануының  қажеттілігі  бұл  проблематикаға 
лекциялық және практикалық сабақтарда арнайы тақырыптар арнауға 
себеп болды.  Бұл лекцияда біз оқыту процесінің барлық құрылымын 
жүйелі  және  толық  түрде  қамту  үшін  компоненттерді  тезис  түрінде 
береміз.
Оқыту  процесінің  мазмұндық  компоненті  –  білім  беру 
мазмұны.  И. Я. Лернер бойынша, бұл білімнің, біліктің, дағдылардың, 
шығармашылық  әрекет  тәжірибесінің  және  дүниеге  эмоционалдық-

97
біртұтас  қарым-қатынастың  педагогикалық  бейімделген  жүйесі. 
Бұларды меңгеру  мәдениетті жаңғыртуға және дамытуға дайын жан-
жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Білім  беру  мазмұнының  анықтамасында  әлеуметтік  тәжірибе 
компоненттеріне  сәйкес  келетін  оның  құрылымдық  компоненттері 
көрініс табатындығын атап көрсетеміз. Сонымен, білім беру мазмұны 
өзі де дидактикалық тұрғыда бейімделген жүйе. Әлеуметтік тәжірибе 
компоненттерінің  мазмұнынан  білім  берудің  белгілі  бір  кезеңінде 
адамның дамуы үшін қолжетімді және қажетті білім, тәжірибе негіздері 
таңдалып алынады. 
Мектепке  дейін  білім  беру  процесінде  балалар  әлеуметтік 
тәжірибенің  өздерінің  толыққанды  дамуы  үшін  қажетті  құрамын 
меңгереді. Мектепке дейінгі білім мазмұнын меңгеру процесінде бала-
лар бұл жас кезеңінде:
-  балалар  айналасындағы  дүние,  өзі,  басқа  адамдар  жөнінде  
жүйеленген түсінік алады;
-  іс-әрекет  тәсілдерін  меңгереді  (қарым-қатынас  білігі  мен 
дағдылары, өзіне-өзі қызмет көрсету, ойын, танымдық, еңбек, қозғалыс 
және т.б.);
-  шығармашылық  іс-әрекет  тәжірибесін  алады  –  өмірдің  әртүрлі 
қалыпсыз жағдайларында бар білімін, білігін, дағдыларын қолдана білу 
тәжірибесі;
-  өзіне,  айналасындағыларға,  алғашқы  құндылық  қарым-
қатынастар, тұлғалық қасиеттер, мінез-құлық негіздері, өзін-өзі көрсету 
тәжірибесі қалыптасады.
Мектепке дейінгі білім мазмұны білім берудің мемлекеттік жалпы 
міндетті стандартымен реттеледі және мектеп жасына дейінгі балалар-
ды тәрбиелеу және оқыту бағдарламаларында көрініс табады.
Сонымен,  оқыту  процесінің  мазмұндық  компонентінің  мағынасы 
-  балалардың физиологиялық, психологиялық және жеке ерекшеліктері 
тұрғысынан  меңгеру  үшін  қолжетімді  әлеуметтік  тәжірибе  мазмұнын 
меңгеруінде.
Оқытудың  амалдық-әрекеттік  компоненттері  -  бұл  балаларды 
оқытудың  әр  кезеңінде  мектепке  дейінгі  мекеме  педагогының  пайда-
ланатын формаларының, әдістерінің және құралдарының жүйесі. Осы 
ішкі  құрылымдар  ғана  оқытудың  динамикасын,  процессуалдығын, 
ықпалдылығын  қамтамасыз  етеді.  Қысқаша  осы  құраушыларды 
сипаттайық.
Форма  -  іс-әрекеттің  сыртқы  көрінісі.  Ол  педагог  пен  баланың 
7–7463

98
өзара  әрекеттестік  ерекшеліктерін  сипаттайды,  дидактикалық 
қарым-қатынастар  жүйесін  анықтайды.  Педагогикада  оқытуды 
ұйымдастырудың формалары жалпы және нақты болып бөлінеді.
Оқытудың жалпы түріне даралап, топтық, ұжымдық түрлері жата-
ды. Бұл түрлер оқыту процесіне бір мезгілде қатыстырылған балалардың 
санымен анықталады. Даралап оқыту түрі көне дәуірлерден бері келе 
жатыр  және  бірқатар  Европа  елдерінде  18  ғасырға  дейін  сақталды. 
Оның мәні бала қандай да бір тапсырманы өздігінен немесе үлкендердің 
көмегімен  орындайтындығында.  Оқытудың  мұндай  түрінде  барын-
ша сенімдік қарым-қатынас іске асады; баланың жеке ерекшеліктерін 
ары  қарай  зерттеу  мүмкіндігі  мен  оны  есепке  алуға  қол  жеткізіледі; 
оқытудың  мазмұны,  түрлері,  әдістері,  құралдары,  қарқыны  даралана-
ды.  Баланың  жетістіктері  мен  кемшіліктері  үлкендердің  көз  алдында 
болады, ол оқыту процесіне тиісті түзетулер енгізуге мүмкіндік береді. 
Бұл түрдің кемшін жағы сол, мұнда құрбыларымен өзара әрекеттестік 
және  серіктестік  болмайды,  бұл  баланың  әлеуметтенуіне  кері  әсер 
етеді; топпен жұмыс істеу білігі қалыптаспайды.    Оқытудың топтық 
түрі бір дидактикалық мақсатқа біріктірілген бір педагог пен бірнеше 
оқушының  өзара  әрекеті  түрінде  ұйымдастырылады.  Ал  бұл  түрдің 
пайдалы жақтары: дамуы әртүрлі және бірдей деңгейдегі балаларды бір 
немесе әртүрлі жастағы балалардан топ ұйымдастыру мүмкіншілігінің 
болуы; даралап оқытуды осы сәттегі педагог үшін маңызды белгілеріне 
қарай  (оқу материалын меңгергендік дәрежесі, темперамент типі, жасы 
және т.б.) саралау арқылы ұйымдастыру.
Оқытудың  ұжымдық  түрі  педагогтың  бір  мезгілде  барлық 
балалардың  тобымен  жұмыс  ұйымдастыруы  және  сабақта  оқытудың 
жалпы  білімдік,  тәрбиелік,  дамытушылық  мақсаттары  көзделеді. 
Сонымен бірге біріккен ұжымдық іс-әрекет барысында оқытуды дара-
ландыру тәсілдері қарастырылады.
Мектепке  дейінгі  оқытудың  нақты  түрлеріне  сабақ,  экскурсия-
лар,  дидактикалық  ойындар,  баламен  жеке  жұмыс  істеу  жатады.  Сол 
сияқты біз бала іс-әрекетінің барлық түрі оның күнделікті өмірі оларды 
оқытудың табиғи түрі, олардың әлеуметтік тәжірибе жинауы екендігін 
атап көрсетуіміз керек. Мектепке дейінгі мекеменің уақытпен шектел-
ген оқу-таным іс-әрекетінің жетекші түрі - сабақ, оның барысында білім, 
білік, дағды, шығармашылдық, қарым-қатынас жүйелері қалыптасады, 
балалардың күнделікті өмірінен және өзіндік іс-әрекетінен басқа түрде 
толықтырылады.
Оқыту  әдістері  –  педагог  пен  балалардың  өзара  байланысты  іс-

99
әрекет  тәсілдері,  оның  барысында  бала  қажетті  әлеуметтік  тәжірибе 
мазмұнын меңгереді. Әдістердің өзіндік түрі мен нұсқалылығы әдістің 
элементі ретінде оны жүзеге асыруға жеке қадам жасауды  қамтамасыз 
етеді.  Г.  М.  Коджаспирова  және  А.  Ю.  Коджаспиров  оқыту  әдістерін 
педагог  пен  балалардың  бірізді,  өзара  байланысты,  білім  мазмұнын 
меңгеруді, ақыл-ой мен қабілетті дамытуды, өздігінен оқу және білім 
алуды қамтамасыз ететін әрекеттер жүйесі деп қарастырады.
Оқыту  әдістері  оқытудың  мақсатын,  меңгеру  тәсілін,  оқыту 
субъектілерінің өзара әрекетінің сипатын белгілейді. 
Оқыту әдістері іс-әрекет құрылымына қарай жіктеледі, олар:
-  балалардың  оқу-таным  іс-әрекетін  ұйымдастыру  және  жүзеге 
асыру  әдістері  (сөздік,  көрнекі,  практикалық,  индуктивтік  және 
дедуктивтік, репродуктивтік, продуктивтік және проблемалық-ізденіс, 
балалардың өздігінен жұмыс істеу әдістері);
- балалардың оқу-таным іс-әрекетін мотивациялау және ынталылық 
тудыру  әдістері  (танымдық  ойындар,  ойын  жаттығулары,  өмірде  кез-
дескен жағдайларды талдау, баланың тәжірибесіне сүйену, жетістікке 
жету  жағдайын  жасау,  педагогикалық  талап,  мадақтау,  ұялту,  бетіне 
басу);
-  балалардың  оқу-таным  іс-әрекетінің  нәтижелерін  бақылау  және 
бағалау  әдістері  (заттармен  жұмыс  істеу,  сөз  сөйлеу  тапсырмалары, 
диагностикалық тестілер, балалардың жұмыс өнімдерін талдау, байқау).
Оқыту құралдары - педагог пен балалардың арасында орналасқан 
және білім алу үшін, танымдық және практикалық іс-әрекет тәжірибесін 
қалыптастыру  үшін  пайдаланылатын  материалдық  немесе  идеялық 
объектілер.
Оқытудың материалдық құралдарына оқу құралдары, модельдер, 
кестелер, макеттер, заттар, техникалық құралдар, мебель, балалармен 
сабақ өткізетін орын, микроклимат, тамақтану ережесі және т.б. жата-
ды.
Идеялық құралдарды ақыл-ой жұмысы мен оның жемісі, баланың 
бұрын алған білімі мен білігі. Л. С. Выготский  лингвистикалық (ау-
ызша  және  жазбаша  сөз  сөйлеу),  семиотикалық  (таңбалар,  символ-
дар, шартты белгілер, кестелер, схемалар), паралингвистикалық (дене 
қимылы, бет әлпет қимылы) құралдар деп бөледі. Жалпы алғанда бұл 
құралдарды коммуникация құралдары деп атауға болады.
Мектепке  дейінгі  мекемеде  оқыту  құралдары  ретінде  сол  сияқты 
бала  іс-әрекетінің  негізгі  түрлерін  де  айтуға  болады  -  ойын,  еңбек, 
танып  білу,  қарым-қатынас  жасау  және  т.б.  сонымен  қатар,  барлық 

100
көріністерімен  қоршаған  орта.  Мектепке  дейінгі  кезеңде  оқытудың  
ерекше  құралы  ретінде  педагогты  –  балаларға  әлеуметтік  тәжірибені 
жеткізуші және үйретуші қажетті үлкен адам ретінде бөліп көрсетеді.
Оқыту процесінің нәтижелілік компоненті – мектеп жасына дейінгі 
балаларды оқыту нәтижелері ретінде осы жас кезеңінде баланы оңтайлы 
дамытуға олар меңгерген педагогикалық тұрғыда бейімделген қажетті  
қоғамдық-тарихи  тәжірибенің  үзігі  алынады.  Оқыту  нәтижелеріне 
қол  жеткізгендік  дәрежесі  мектепке  дейінгі  білім  беру  сапасын 
көрсетеді. Бұл процестің нәтижелілігін байқау  бақылаудың ағымдық, 
кезеңмен,  қорытынды  және  озық  түрлері  арқылы  жүргізіледі.  Соның 
нәтижелерінің негізінде мектепке дейінгі балаларды оқыту процесінің 
барлық компоненттеріне уақтылы түзетулер енгізіліп отырады.
Сонымен,  біз  мектеп  жасына  дейінгі  мекемеде  балаларды  оқыту 
процесін тұтастай қарастырдық, оқыту процесіне түсінік бердік, оның 
функцияларын, құрылымын, қозғаушы күштерін ашып бердік, мектеп-
ке дейінгі кезеңде балаларды оқыту ерекшеліктерін айырып көрсеттік. 
Ары  қарай  тақырып  бойынша  жүргізілетін  практикалық  сабақтар 
мен  өзіндік  жұмыстар  оқу  материалының  ауқымын  кеңейтуге  және 
тақырыпты меңгеру кәсіби біліктілік деңгейіне көтеруге көмектеседі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет