Оқулық Алматы, 2012 2 ӘӨЖ 373. 2 Ббк 74. 102 А 75


Мектепке  дейінгі  жастағы  балаларды  тәрбиелеу  және  оқыту



Pdf көрінісі
бет8/20
Дата31.03.2017
өлшемі1,17 Mb.
#10920
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20

Мектепке  дейінгі  жастағы  балаларды  тәрбиелеу  және  оқыту 
бағдарламасы - бұл мектепке дейін білім беру мазмұнын анықтайтын 
екінші құжат. Білім беру бағдарламасы стандарт анықтаған білім беру 
мазмұнын нақтылайды.
Білім  беру  бағдарламасы  –  мектепке  дейін  білім  берудің 
мақсаттарын,  білім  беру  мазмұнын,  балалардың  іс-әрекет  түрлерін, 
әлеуметтік тәжірибе компоненттерінің қатысуын, олардың бағдарлама 
бөлімдері  және  балалардың  жасына  қарай  бөлінгендігін  көрсететін 
құжат.
Мектепке  дейінгі  мекемеде  бағдарлама  негізгі  екі  функцияны 
орындайды: білім беру мазмұнын оқу пәні деңгейінде бекіту функци-
ясы  және  педагогикалық  процесті  құру  мен  оның  барысын  бақылау 
функциясы.  Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеу 
бағдарламасының даму тарихынан аздап хабарлама жасайық.
Балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеудің  бірінші  бағдарламасын  Я.  А. 
Коменский  1663  жылы  «Ұлы  дидактика»  деген  еңбегінде  аналарға 
жетекшілік  бағдарламаға  әдістемелік  қосымша  оның    «Ана  мектебі» 
атты  кітабында  көрсетілген.  Мектепке  дейінгі  жастағы  балаларды 
оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасының өз нұсқасын  И. Г. Песталоцци 
1703 жылы аналар үшін «Гертруда өз балаларын қалай оқытты?» атты 
еңбегінде ұсынды.
Кеңес Одағында 1919 жылы «Балалар бақшасының ұясын енгізуге 
нұсқау»  басылып  шықты,  онда  балалармен  істелетін  жұмысты 
ұйымдастыру, оның мазмұны, әдістері жөнінде нұсқаулар берілген. 1932 
жылы Н. Н. Суровцеваның басшылығымен бағдарламаның бірінші жо-
басы жарық көрді, ол мынадай бағыттарды қамтыды: қоғамдық-саяси, 

78
еңбек, музыкалық-қозғалыс тәрбиесі, сурет салу, математика, грамма-
тика. Онда ұйымдастыру кезеңдері, қызу сөз, ойын, балалар ұжымын 
ұйымдастыру жөнінде әдістемелік ұсыныстар орын алды. Бағдарлама 
жобасында  мектепке  дейін  білім  беру  мекемесінде  мектеп  жасына 
дейінгі балалармен жұмыстың міндеттері мен көлемін анықтауға тал-
пыныс жасалды.
1934 жылы редакциясын А. Флерина, Д. В. Менджерицкая, Н. Н. 
Суровцевалардың  басқаруымен бірінші «Тәрбие бағдарламасы» жарық 
көрді. Ол мынадай бағыттарды қамтыды: қоғамдық, дене тәрбиесі, су-
рет салу, жабыстыру, еңбекке үйрету, тілін дамыту, кітаппен және су-
реттермен жұмыс істеу, табиғат туралы білім негіздері, математикалық 
түсініктерді  дамыту,  сауат.  Бұл  бағдарлама  жетілдіріліп  1962  жылға 
дейін  балалар  бақшасында  балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеудің  негізі 
болды.
1938  жылы  Н.  К.  Крупская    «Балабақшаларының  тәрбиешілері 
үшін  жетекші»-ні  жазды,  онда  педагогикалық  бұрмалаушылықтарға 
байланысты  өзінің  сын  ескертпелерін  жазды.  Ол  балалар  үшін 
танымдық  материалдардың  ақталуға  жатпайтындай  күрделілігін, 
балаларға  арналған  материалдардың  ғылыми  негізерінің  жоқтығын, 
бағдарламаның  және  ата-аналармен  жұмыс  бөлімінің  ғылыми 
негізделмегендігін  сынайды.  1953  жылы  бұл  құжат    «Балалар 
бақшасында мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту» атты жаңа бөлім 
енгізілуіне байланысты өңделіп қайта басылып шығады.
1962  жылы    «Мектепке  дейінгі  балалар  мекемелерін  ары 
қарай  дамыту,  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  тәрбиелеуді    және 
оларға  медициналық  қызмет  көрсетуді  жақсарту  шаралары  туралы» 
басшылыққа алу құжаты шықты. Осы құжат негізінде балалар яслилері 
мен  бақшаларын  бір  мектепке  дейінгі  мекемеге  сабақтас  біріктіру 
жүгізілді.  1964  жылы  М.  А.  Васильеваның  басшылығымен  «Балалар 
бақшасында  тәрбиелеу  мен  оқытудың  типтік  бағдарламасы»    жаса-
лып шықты, ол 1989 жылға дейін білім беру процесінде жалғыз ғана 
бағдар  болды,  содан  бастап  мектеп  жасына  дейінгі  балаларға  білім 
берудің  жаңа  альтернативті  бағдарламалары  пайда  бола  бастады. 
«Балалар бақшасында тәрбиелеу мен оқытудың типтік бағдарламасы»  
мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеудің  барлық 
бөлімдерін  қамтыды,  жас  кезеңдеріне  қарап  құрылды.  Материалдың 
мазмұны  мынадай  бөлімдер  бойынша  құрылды:  дене,  ақыл-ой, 
адамгершілік,  эстетикалық,  еңбек  тәрбиесі,  балаларды  ойын  ойна-
уда    дамыту.  Бағдарламада  жаңа  «Мектеп  жасына  дейінгі  балалар-

79
ды  балалар  бақшасында  оқыту»  атты  А.  П.  Усова  басқарған  жаңа 
бөлім пайда болды. Бағдарламада қажетті дидактикалық материалдар 
қарастырылған. Содан кейін бағдарламаға тәрбиешілер үшін материал-
дары бар «Әдістемелік ұсыныстар» жасалды. Бұл бағдарлама бірнеше 
рет өзгертілді және мектепке дейін білім беру мазмұнына қойылатын 
талаптардың өзгеруіне байланысты жетілдірілді. Бүгінде оны мектеп-
ке  дейінгі  мекемеде  білім  беру  процесін  құру  үшін  мамандар  пайда-
ланады.  Оның  сыртында  қазіргі  кезеңде  Қазақстан  Республикасында  
«Балбөбек»  (1999)  бағдарламасы,  балабақшадағы  5-7  жастағы  ба-
лаларды  мектепалды  дайындау  бағдарламасы,  мектеп  жағдайында 
6-7  жастағы  балаларды  мектепалды  дайындау  бағдарламасы,  бала-
лар  бақшасында  оқу-тәрбие  процесін  ұйымдастыруда  негізгі  құжат 
ретінде мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті 
стандарты  (базалық  минимум)  бар.  Альтернативті  мемлекеттік  және  
авторлық білім беру бағдарламалары:  «Қайнар», «Қарлығаш»,  «Тәй-
тәй»,  «Алғашқы  қадам»,  «Зерек  бала»,  «Біз  мектепке  барамыз»  және 
т.б. бағдарламалар нұсқалары бар.
Мектепке дейінгі мекемелер үшін бағдарлама құрудың  теориялық 
негіздерін қарастырайық.
Мектепке  дейін  білім  беру  жүйесінің  бағдарламалары  төмен-
дегідей  бөлінеді:

Кешенді  бағдарламалар,  олар  баланы  дамытудың  барлық 
бағыттарын қамтиды (дене, әлеуметтік-адамгершілік, интеллектуалдық, 
эстетикалық, эмоционалдық-еріктік және т.б.).

Парциалды бағдарламалар, олар баланы дамытудың бір немесе 
бірнеше  бағыттарын  қамтиды  (көркемдік-эстетикалық,  экологиялық, 
экономикалық және т.б.).
Кешенді бағдарламалардың мысалы ретінде М. А. Васильеваның  
«Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасын» 
алуға болады; Л. А. Парамонованың, А. И. Давидчуктің «Бастаулар»; Т. 
Н. Доронованың «Кемпірқосақ»; В. И. Логинованың, Т. И. Бабаеваның 
және  т.б.  «Балалық  шақ»;  М.  Сәтімбекованың  «Балбөбек»  және  т.б. 
алуға болады.
Парциалды  бағдарламалардың  мысалы  ретінде  Р.  С.  Бурованың 
«Дружные  ребята»;    Н.  А.  Рыжованың,  Р.  Б.Стеркинаның,  Н.  Н. 
Авдееваның  «Наш  дом  -  природа»;  Т.  С.  Комарованың  «Красота. 
Радость. Творчество»; Р. Б. Стеркинаның, Н. Н. Авдееваның «Основы 
безопасности детей дошкольного возраста»; С. А. Козлованың «Я - че-
ловек»  және т.с.с.

80
Мектепке  дейінгі  мекемеде  тұтас  педагогикалық  процесс  бір 
кешенді бағдарламамен  немесе бірнеше  парциалды бағдарламалармен 
қамтамасыз етіледі. Білім беру бағдарламасы  бүкіл мектепке дейінгі 
кезең  немесе  белгілі  бір  жасты  (ерте,  кіші,ересек)  қамти  алады. 
Қазіргі кезде Ресейде мектепке дейінгі мекемелер М. А. Васильеваның 
бірыңғай бағдарламасынан вариативті («Детство», «Истоки», «Радуга», 
«Из детства в отрочество», «Дом радости» и др.) пайдалануға көшіп жа-
тыр.  Казақстан Республикасында білім берудің мемлекеттік жалпыға 
міндетті стандарты ұстанып отыр, бірақ ол бойынша жаңа балама және  
парциалды бағдарлама жасалған жоқ.
Мұндай  бағдарламалар  көп  болған  жағдайда  маманға  мектеп-
ке  дейін  білім  беруді  таңдау  мақсатында  білім  берудің  мазмұнының 
құрылымына,  оның  құру  тәсілдеріне,  сол  сияқты  оған  қойылатын 
талаптарға  аса назар салу қажет.
Білім беру бағдарламасына қойылатын талаптар 
Бағдарлама  білім  беру  мазмұнын  көрсету  керек  және  ҚР  «Білім 
туралы»  Заңына  сәйкес  болуы  керек.  Ол  мектепке  дейін  білім  беру 
мекемелері туралы жаңа Типтік ережеге бейімделген болуы керек.
Білім  мазмұнын  құрғанда  білім  берудің  зайырлы  сипаттағы 
принциптері сақталуы тиіс (діни бағыттағы білім беру мекемелері үшін 
арнайы мамандандырылған бағдарламалардан басқа).
Бағдарламалар  жалпы  адами  мәдениетке  ғана  емес,  сонымен 
бірге қазақстандық мәдени дәстүрлерге қарай, алынған мазмұнды иге-
ру  процесінде  тұлғалық-бағдарлық  өзара  ықпалдастық  принципінде 
құрылуы керек. 
Бағдарламалар баланың қабілеттерін, танымдық қызығушы-лығын 
дамытуға,  үлкендермен  және  құрбылырымен  араласу  білігін  және 
шығармашылық  қабілетін  қалыптастыруға  бағытталуы  тиіс,  яғни  ба-
ланы оқытудың, тәрбиелеудің, дамытудың міндеттерін шешу кешенді 
түрде қарастырылуы керек. 
Әрбір  бағдарлама  мектепке  дейінгі  мекемеде  балалар  өмірін 
ұйымдастырудың түрлерін қарастыруы тиіс және педагогикалық проце-
ске қатысушылардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған 
болуы қажет.
Бағдарлама балалардың іс-әрекетінің алуан түрлерін олардың жас 
ерекшелік мүмкіндіктерін ескере отырып үйлестіруі тиіс және баланың 
күні бойғы оңтайлы жүктемесін, күн тәртібін ескеру керек.

81
Бағдарлама  балалар  мен  үлкендердің  өзара  әрекетінің  ұжымдық, 
топтық, жеке түрлерін қарастыруы керек.
Бағдарламада оны толыққанды жүзеге асыру үшін қажетті дамыту-
шы орта көрсетілуі керек.
Бағдарламаның мәтінінде мектепке дейін білім берудің мақсаттары 
мен мазмұны толық ашып көрсетілуі керек, нақты (жалпы сөз болма-
уы), тиісті және инструменталды (педагогтардың жұмысының орында-
лу ретін жазу, балаларды оқыту мен тәрбиелеудің түрлерін, әдістерін, 
құралдарын ашып көрсету) болуы тиіс.
Бағдарламада тәрбие мен білім берудің барлық бөлімдері бойынша 
әрбір жас кезеңінде алынатын нәтижелер көрсетілуі керек.
Бағдарламалар  (кешенді  болсын,  парциалдық  болсын)  әртүрлі 
тәсілдермен құрылуы мүмкін.
Білім беру бағдарламаларын құру тәсілдері 
Сызықтық тәсіл – мұнда оқу материалының жекелеген бөліктері 
өзара тығыз байланысқан буындардың үздіксіз тізбегін құрайды. Оның 
үстіне жаңасы бұрыннан белгілінің негізінде құрылады. Материалдың 
мазмұны  оқыту  кезеңінде  бір  рет  жасалады.  Кәсіптік  білім  беру 
бағдарламалардың көбісі осы тәсілдің негізінде құрылған.
Бағдарламаны құрудың концентрлік тәсілі бір материалды бірнеше 
рет қарастыруды көздейді, бірақ білім мазмұнын басқа тұрғыда меңгеру 
үшін  оны  жаңа  компоненттермен  толықтыру  арқылы  күрделендіру, 
кеңейту, тереңдету элементтері енгізіледі. Бұл  - балалар бақшасында 
жылдан-жылға білім деңгейін көтеру үшін педагог өткен материалды 
қайталаған жағдайда мектепке дейін білім беру жүйесіне тән тәсіл.
Аралас тәсіл бірінші және екінші тәсілдердің белгілерін біріктіреді. 
Мұндай  тәсіл  материалдың  әр  бөлігін  әртүрлі  әдіспен  түсіндіруге 
мүмкіндік береді.
Білім  беру  бағдарламасының,    басқа  құбылыстар  тәрізді,  өзінің 
айқын  белгіленген  құрылымы  болады,  ол  мамандардың  жұмысының 
қажетті жақтарының барлығын сәйкестендіреді.
Білім беру бағдарламасының құрылымы
1. Түсінік хат - қысқа, ауқымды және негізделген түрде берілген 
бағдарлама аясында мектепке дейін білім берудің мақсаттарын көрсетеді; 
оқылатын материалдың құрылымы мен мазмұнын, іс-әрекет түрлерін, 
олардың  функцияларын  баяндайды.  Түсінік  хат  бағдарламаның 
мәтінін  негіздейді,  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  оқыту  мен 
6–7463

82
тәрбиелеуді ұйымдастыру принциптерін, олардың жас сатыларындағы  
ерекшеліктерін айқындайды, қойылған мақсаттарға жетудің әдістемелік 
жүйесін,    құралдарын,  жүзеге  асыруға  қажетті  шарттарды  көрсетеді. 
Түсінік хатта бағдарламаны жасаудың тұжырымдамалық негізі, оның 
авторларының  ойы,  басқа  бағдарламалардан  айырмашылығы  және 
олармен байланыс мүмкіндіктері ашып көрсетіледі.
2.  Негізгі  мәтін  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  оқыту  мен 
тәрбиелеу  мазмұнын  тақырып,  бөлім,  жас  кезеңі,  мектепке  дейінгі 
білім беру мекемесіндегі педагогикалық процестің бағыттары бойын-
ша құруды көрсетеді. 
Бағдарламаның  негізгі  мәтінінде  оқыту  мен  тәрбиелеудің  әрбір 
бағыты бойынша педагогикалық іс-әрекеттің мақсаттары мен міндеттері 
болады, балаларға қажетті білім, білік, дағдылар, қалыптастырылатын 
тұлғалық қасиеттері мен қабілеттері, айналасындағылармен орнатыла-
тын  қарым-қатынас  тәжірибесі,  шығармашылық  іс-әрекет  тәжірибесі 
көрсетіледі. Негізгі мәтінде айқын, жасы және жұмыс бағыттары бой-
ынша  балалармен  істелетін  жұмыстың  негізгі  мазмұны,  оқыту  мен 
тәрбиелеудің тәсілдері мен құралдары жазылып көрсетілуі керек.
Бағдарламалардың авторлық бөлімі  негізгі мәтінді нақтылайды. 
Мұнда  бағдарлама  бойынша  жұмыс  нәтижелерін  диагностикалауға 
арналған  материалдар  болуы  мүмкін;  дамытушы  ортаны,  қажетті 
өзіндік  ерекшелігі  бар  материалдарды  бейнелеп  жазу;  педагогтардың 
өздік білімін көтеру үшін әдебиеттер, бұл бағдарлама бойынша педа-
гогтар мен балалардың іс-әрекеттерінің үлгілері; оны жүзеге асыруға 
әдістемелік ұсыныстар болады. Білім беру бағдарламасына әдістемелік 
ұсыныстар бағдарлама мәтініне жеке басылым болуы мүмкін.
Бүгінде  мектепке  дейін  білім  беру  жүйесінде  әртүрлі  көптеген 
авторлық  кешенді  және  парциалды  білім  бағдарламалары  бар,  олар 
білім беру жүйесінде бар бағдарламаларға балама ретінде пайда болған, 
пайда бола береді де және апробацияланады.
Әрбір  бағдарлама  педагогикалық  процесті  ұйымдастыруға 
әртүрлі  көзқарасты  негіздейді.  Бүгінде  мектепке  дейінгі  мекеменің 
бағдарламаны және оны іске асыру технологиясын таңдауына құқығы 
бар (мұның жағымды да, жағымсыз да жақтары бар). 
Мемлекеттік  білім  беру  стандарты  педагогикалық  процесті 
шектемейді,  белгілі  бір  қалыппен  жүргізбейді,  оны  біліксіздіктен 
қорғайды және белгіленген минимуммен қатар әртүрлі қосымшаларды 
да  беруді  көздейді.    Стандарт  орындау  –  мемлекеттің  бәріне  бірдей 

83
тең білім беруді қамтамасыз етумен байланысты баланың, отбасының, 
қоғамның алдындағы міндеттемесін орындау.
Білім  беру  бағдарламалары  жасалу  кезеңінде  мемлекеттік 
деңгейдегі сараптамадан, тәжірибе-эксперименттік апробациядан өтеді, 
содан кейін ғана енгізілуге жіберіледі. Мектепке дейінгі мекеме маман-
дары кешенді білім беру бағдарламасын таңдауда ерікті. Ол парциалдық 
бағдарламалармен  толықтырылуы  мүмкін  (дайын  немесе  авторлық), 
бірақ бұл балалардың жүктемесінің олардың денсаулығын сақтау нор-
маларын сақтау және кешенді бағдарламаны орындау жағдайында бо-
луы тиіс.
Ұзақ уақыт мектепке дейін білім беру жүйесінде бір бағдарлама – 
М. А. Васильеваның «Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен 
оқыту  бағдарламасы»    (ол  түзетулерімен  1962  жылдан)  қолданылып 
келді. Бүгінде бағдарламалардың көптігі жағдайында мектепке дейінгі 
мекемелер білім беру траекторияларын және бағдарламаларын өздері 
таңдайды, оған өзгерістер енгізеді, мемлекеттік стандарт талаптарына 
сәйкес  авторлық  бағдарламалар  енгізеді.  Бұл  траекторияны  анықтау 
кезеңінде  мамандарға  бірқатар  ұйымдастырушылық-педагогикалық 
шарттарды орындау маңызды.
Білім 
берудің 
жаңа 
бағдарламасына 
көшкендегі 
ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттар

Жас  ерекшеліктеріне  қарай  бөлінген  барлық  топтарды 
бағдарламамен теориялық таныстыру.

 «Пәндік-дамытушылық орта» бөлімін оқыту, мектепке дейінгі 
мекеменің мүмкіндігін бағалау.

Таңдалып  алынған  бағдарлама  бойынша  әдістемелік  және 
дидактикалық  материал  жинақтау  –  бағдарламада  қарастырылған 
құралдар, ойындар, дидактикалық ойындар.

Жас  ерекшеліктеріне  қарай  бөлінген  барлық  топтардың 
әрқайсысында балалардың бағдарлама бөлімдерін меңгеру мүмкіндігін 
анықтау мақсатында диагностикалық тексеру жүргізу.

Бағдарламаны  орындау  мәселелері  бойынша  педагогтар  үшін  
теоретиялық және әдістемелік семинарлар өткізу.

Ата-аналар үшін консультациялар және ашық іс-шаралар өткізу.

Жаңа  бағдарламаға  көшуді  кіші  жастан  немесе  бағдарламада 
қарастырылғандай етіп бастау қажет.
Мектепке  дейін  білім  беру  бағдарламаларының    мақсаттарын, 
мазмұны мен ерекшеліктерін көрсететін материалдар жинақта берілген.
Сонымен,  біз  мектепке  дейін  білім  беруді  реттейтін  нормативтік 

84
құжаттарды қарастырдық. Бұл мазмұн мектепке дейінгі барлық кезеңде 
балаларды  тәрбиелеу,  оқыту  және  дамыту  бойынша  әдістемелік 
материалдардың,  ұсыныстардың  көмегімен  жасалатындығын  және 
орындалатындығын  атап  көрсетуіміз  қажет.  Бұл  материалдарды 
таңдағанда  мектепке  дейін  білім  беру  мекемелері  педагогтарының 
кәсіпқойлығы  мен  шығармашылдығы,  олардың  кәсіби  жұмысына 
көзқарасы көрінеді.
5.3 Мектепке дейін білім беру сапасы және оны өзгертудің негізгі 
тенденциялары
Мектепке  дейін  білім  беру  мекемелері  қазір  өзіндік  білім  беру 
траекториясын  таңдау,  негіздеу  және  дамыту  жолын  жүзеге  асыруда. 
Осыған  орай    мектепке  дейінгі  мекемелерді  дамыту  бағдарламалары, 
мамандардың  өздерінің  парциалдық  бағдарламалары,  бала-
лар  бақшаларының  балалармен  және  ата-анамен  жұмыста  жаңа 
бағыттардың  пайда  болды,  мектепке  дейінгі  мекемеде  тәжірибе-
эксперименттік  жұмыстар  жүргізу  және  т.б.  болды.  Мектепке  дейінгі 
мекемеде өз бет-бейнесін көрсететіндей мағыналы бағдар мен нақтылы 
білім беру түрлерін  іздестіру тенденциясы байқалды, мектеп жасына 
дейінгі балалар үшін бейімдеу, тәрбиелеу, оқыту, дамыту, жөнге салу 
және  басқа  да  міндеттерді  орындайтын  жеке  білім  беру  мекемелері, 
қысқа мерзімді жұмыс істейтін топтар ашылды.
Бірақ Н. Н. Кудрявцев атап көрсеткеніндей, мектепке дейін білім 
берудің  мазмұны  мен  түрлерін  өзгертуге  жағымды  тенденциялардың 
бірқатар проблемасы болды:

мектепке  дейінгі  мекеменің  білім  беру  мазмұнын,  түрлерін 
және әдістерін жаңартуда өз бетімен ізденісі көбінесе бағдарламаларды 
ретсіз қалай болса солай іздеуге әкеп соқты немесе өз бағдарламаларын 
жасауға тырысты. Бұл жағдайда педагогтар олардың сапасын анықтауға 
қабілетсіз;

білім  беру  мазмұнын  өзгерту  меңгерілуге  тиіс  білімнің 
көлемінің ұлғаюына, негізсіз стандарттың талаптарын кеңейтуге неме-
се тарылтуға (астрология, мектепке дейінгі мекемеде йога) алып келді;

ойлау  жүктемесінің  көбеюі  және  қозғалыс  белсенділігінің 
төмендеуі;

мектептің мектеп жасына дейінгі жастағы балаларға талабының 
күшеюіне байланысты интеллектуалдық дамытудың көркем өнер, дене, 
адамгершілік, эстетикалық жақтарына қарағанда приоритет алуы;

85

білім мазмұнын меңгеру тәсілдерін таңдағанда үлгілерді, дайын 
рецептерді шамадан тыс пайдалану;

мектепке дейін білім беру мазмұнының маңызды элементтерінің 
бірі ретінде шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыруға жеткіліксіз на-
зар аударылуы.
Мұндай  проблемаларды  көптеп  табуға  болады.  Олардың  бо-
луы  мектепке  дейінгі  мекеме  мамандарының  уақыт  талабына  сай 
болуға, басқалармен бәсекеге түсуге, кәсіби шығармашылық қабілетін 
көрсетуге ұмтылысы мен мектепке дейін білім беру мазмұнын ойлан-
бай  іріктеу  салдарынан  білім  беру  сапасының  төмендеуінің  арасын-
да қайшылық тудырады. Бұл қайшылықтарды ғылым мен практикада 
шешуге талпыныс мектепке дейінгі білім беруді дамытудың қозғаушы 
күші болады.
Мектепке  дейін  білім  беру  мазмұнын  жаңартумен,  ең  алдымен, 
оның сапасын көтеру байланысты. Соның өзінде, Л. А. Парамонованың 
пікірінше,  бұл  жаңа  әдістерді  пайдалану  және  дәстүрлілерін  қайта 
құру.  Білім  мазмұнын  анықтау  балалардың  толыққанды  дамуы  үшін 
қажетті және жеткілікті стандартты жасаумен байланысты. Маңыздысы 
балалардың  білімін  ары  қарай  дамыту  үшін  олардың  тең  бастауын  
қамтамасыз ету керек.
Мектепке дейін білім беру мазмұнын құру принциптері 
(Л. А. Парамонова)
1. Мазмұн баланың әлеуеттік мүмкіндігін ашуға бағытталған дамы-
тушы сипатта болуы керек.  Л. С. Выготскийдің бұл тезисі дүниежүзінде 
мойындалған. Дегенмен қазіргі кезеңде оның түсіндірмесі кеңейтілген. 
Бір  зерттеушілер  (В.  В.  Рубцов,  А.  Г.  Асмолов)  балалар  көп  нәрсеге 
тек  үлкендердің  өнегесінен  ғана  үйреніп  қоймайды,  сонымен  бірге 
бір-бірімен  өзара  әрекеттесу  процесінде  де  үйренеді  деп  есептейді; 
басқалары (А. П. Усова, П. П. Поддьяков, А. Н. Поддьяков) нанымды 
түрде дәлелдейді:  әртүрлі объектілерді практика жүзінде меңгеру және 
оларды  түрлендіру  процесінде  балалар  өз  беттерімен  де  дами  алады. 
Мазмұндық  өзара  әрекет  және  балалар  қауымдастығында  дамытушы 
объектілермен  өзара  әрекетті  үлкендер  ұйымдастырады,  солардың 
көмегімен  объектілер  жасалатындығын  білеміз.  Педагог  білімнің 
қандай мазмұны (тікелей немесе қосалқы) әрбір тәрбиеленушіні жақсы 
дамытатындығын білуі керек.
2.  Білімнің  мектепке  дейінгі  деңгейінің  мазмұны  жүйелі  сипат-
та  болады,  яғни  ол  бала  танитын,  басқа  объектілер  мен  құбылыстар 

86
жүйесінде болатын объектілер мен құбылыстардың өзара байланысын 
қамтамасыз  етуі  тиіс.  Осылайша,  оны  танудың  ақпараттық  кеңістігі 
неғұрлым  кеңейеді  және  нәтиже  ретінде,  бала  ересек  жасқа  келгенде 
бар  жүйеде  жаңа  объектілер  құру  білігін  меңгереді.  Бұл  білік  таным 
құралы болады, яғни нақтылықтың шекарасынан шығып, қорытынды, 
ұсынымдар және тіпті кейбір нәтижелерді болжамдай алады. Жүйелілік 
көзқарас педагогқа практикада маңызды дидактикалық принцип - «жал-
пыдан жекеге» принципін орындауға мүмкіндік береді. Мектеп жасына 
дейінгі  балаға  әрбір  жеке  құбылыс  қандай  да  бір  жалпының  көрінісі 
болып саналады, ол қандай да бір тұтас көріністі жасауға ықпал етеді.
3. Білім берудің мектепке дейінгі деңгейінің жүйелілігі педагогқа 
оқыту  процесінде  баланың  жасына  сай  келетін  сезімдік  және 
рационалдық  танымды  интеграциялауға  жағдай  жасайды.  Бұл  мек-
теп  жасына  дейінгі  бала  үшін  аса  маңызды,  өйткені  оның  іс-әрекеті 
көпжақты.  Бұл  ары  қарай  абстрактылық  танудың  негізін  қалайды. 
Мұндай көзқарас тұрғысында педагогтың балалардың шынайы дүние 
туралы білгендерін дамытып қана қоймай, әрқайсысының тұтастығын 
сақтауға, сол сияқты, ұтымды уақыт ішінде қажетті білім тиімділігіне 
қол жеткізуіне мүмкінкіндігі бар.
Дегенмен білім берудің мектепке дейінгі деңгей мазмұнын интегра-
циялау тетігі (теориялық та емес, әдістемелік те емес) әзірге  жасалған 
жоқ,  зерттелу  үстінде.  Қазір  интеграция  бірлігі  ретінде  тақырыптық 
орын алады, ол, өкінішке орай, негізінен ассоциативтік пласты қамтиды.
4. Білім берудің мектепке дейінгі деңгей мазмұны балаларды тек 
қана өз халқының ғана емес, басқа халықтардың да  мәдениет әлеміне 
енгізуі қажет, мультимәдениеттік тәрбие беруді қамтамасыз ету керек. 
Балаларды өз мәдениетіміз бен дәстүрлерімізге қатыстыра отырып, біз 
оларда  сыйластық,  ата-аналарына,  туыстарына,  өз  халқына,  балалар 
бақшасына,  шағын  ауданына,  қаласына,  жалпы  еліне  сүйіспеншілік 
және оларды мақтаныш ету сезімін тәрбиелейміз. «Кіші отан» ұғымы 
балаға мектепке дейінгі кезеңде аса маңызды. Оның үстіне өз халқының 
мәдениетін  біле  отырып  бала  басқаның  мәдениетіне  сый  көзбен 
қарайды.  Ассимиляцияға  негізделмеген  мультимәдениет  тәрбиесі 
көпшіліктің мәдениетіне тартады, аз халықтың дәстүрлерін сақтайды. 
Бұл тәрбиенің басты міндеттерінің бірі.
Қазірде тәрбие процесі баланың әлеуметтік дамуымен, қоғамдағы 
тәртіп ережелерімен және нормаларын меңгергендігімен  байланысты-
рылады. Осылар мектепке дейінгі мекемеде, балалар қоғамдастығында 
қалыптастырылуы  тиіс.  Өзінің  «Мен»-ін,  мүкіндіктерін  түсіну, 

87
серіктесімен  тіл  табысып,  онымен  қарым-қатынас  орната  білу  – 
осылардың  барлығы  балалар  қоғамдастығына  жүруі  тиіс.  Егер  бала 
топтың  бір  баласымен  байланыс  орнатса  (диада)  –  бұл  бір  жағдай, 
егер ол ойнап жүрген балалардың тобына қосылса, ол  – басқа жағдай. 
Бұл  күрделірек.  Бұл  контексте  айналасындағыларға,  құрбыларына, 
мәдениетке, басқаны қабылдауға және тануға  қарағанда төзімділік ту-
ралы айтпауға болмайды.
5. Білім берудің мектепке дейінгі деңгейінің базистік маз-мұнында іс-
әрекеттің әр түрі, сол сияқты іс-әрекеттің өзі мынадай компоненттерінің 
дамуында болуы керек: мақсаты, құрал таңдау, тәсілдерді табу, бақылау 
және т.с.с. Іс-әрекеттік көзқарас балаларға әлеуметтік-мәдени мазмұнды 
меңгерудің субъективтілігін, қайнар көзі үлкендер де, балалар да бола  
алатын  білім  байланыстарын  қамтамасыз  етеді.  Дамытушы  заттық 
ортаның рөлі шексіз. Функционалдық түрде  іс-әрекет дамуын модель-
деу арқылы, ол оның орындалуын ғана қамтамасыз етпейді, бұл орта-
мен баланың шығармашылық өзара іс-әрекет жасауына ынталандыра-
ды (С. Л. Новоселова).
6. Мектепке дейін білім беру мазмұнының діңгегі баланың психи-
касын қорғаушысы және нығайтушысы -  денсаулығына ерекше қарау. 
«Ерекше қарау» ұғымы балалардың салауатты өмір салтын, гигиеналық 
дағдыларын  қалыптастырып  қана  қоймайды  –  жуыну  талаптарын, 
ертеңгісін және кешке тісін тазалау, тамақ ішер алдында қолын жуу, су 
процедураларын ұмытпау, жүйелі түрде жаттығулар жасап тұру сияқты 
дағдыларын  қалыптастырады.  Әңгіме  мектепке  дейінгі  мекеменің 
тыныс-тіршілігі жайлы болып отыр, өйткені, онда жақсы іс-әрекеттер 
жасау үшін барлық жағдай жасалған, әрбір бала өзінің қорғалғандығына 
сенімді, себебі балабақшасының ахуалы өте тартымды.
Білім  мазмұнын  таңдаудың  бала  денсаулығын  қорғау  принципі, 
ең  алдымен  барлығына  жағымды  бағыт.  Балаларға  дұрыс  тамақтану 
жөнінде  түсінік  бере  отырып,  педагог  организмге  не  пайдалы 
екендігін айтады; серуенге барарда топтың назарын бақтың, саябақтың 
күтімділігіне  назар  аударады,  сол  сияқты  ағаштардың    көлеңкесінде 
дем  алудың  жеңіл  екендігін  айтады.  Жағымсыз  ақпарат  балаға  толқу 
сезімін  әкеледі.  Баланың  денсаулығы  туралы  әңгіме  болып  тұрған 
жағдайда  сұрақ  туады:  «Ол  өзінің  құқығы  туралы  білуі  керек  пе?». 
Баланы  қорғайтын  құқықтарды  үлкендер  –  ата-аналар,  педагогтар, 
әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлер сөзсіз орындаулары тиіс.
Сонымен, біз білім берудің мектепке дейінгі деңгейінің мазмұнын 
жаңарту  мен  таңдаудың  негізгі  алты  түрін  бөліп  көрсеттік.  Олар 

88
бір-бірімен  тығыз  байланысты.  Оларды  орындау  педагогтан  толық 
қайтарымды жұмыс істеуді, шеберлікті талап етеді. Жасыратыны жоқ, 
мектепке  дейінгі  мекемелердің  жұмыс  деңгейі  біраз  төмендеп  кетті. 
Оған объективті себептер бар.
Мектепке  дейін  білім  берудің  мазмұны  мен  сапасын  өзгертуге 
жағымды  тенденцияларды  күшейту  және  кеңейту  мүмкіндігі  бізге, 
болашақ  мамандарға  байланысты.  Мектепке  дейін  білім  беру,  білім 
берудің алғашқы сатысы бола отырып, өзінің «балалық» ерекшелігі бар 
екендігін ескеру қажет.
Өзіндік жұмыс тапсырмалары
1. «Білім беру» ұғымы нені білдіреді»?
2. И. Я. Лернердің білім беруге берген анықтамасын талдаңыздар 
және білім берудің негізгі функцияларын бөліп көрсетіңіздер. 
3.  Тақырып  бойынша  сөздікке  жаңа  терминдер  жазыңыздар, 
өздеріңізге тірек анықтамаларды бөліп көрсетіңіздер.
4.  Педагогика  курсынан  «Білім  беру  мазмұны»  тақырыбын 
оқыңыздар. Білім беру мазмұнының құрылымын айқындаңыздар, білім 
беру мазмұнының құрылымына автордың ұстанымын, көзқарасын еске 
түсіріңіздер. Бұл мәселе бойынша өз ойларыңызды негіздеңіздер.
5. Мектепке дейін білім беру мазмұнын реттейтін құжаттарды оқып 
талдаңыздар, ауызша жауап беру үшін тірек сигналдарын жасаңыздар.
6.  Кешенді  және  парциалды  бағдарламалар  жөнінде  мектепке 
дейін  білім  беру  мазмұнын  анықтайтын  материал  дайындаңыздар. 
Жауаптарыңызда  бағдарламаның  маңыздылығын,  мақсаттарын, 
міндеттерін,  бағдарламаның  бөлімдерін,  құру  принциптерін, 
диагностикалық  материалдар,  білім  беру  бағдарламасындағы  білім 
берудің  барлық  төрт  компонентінің  орын  алғандығын  (  И.  Я.  Лернер 
бойынша) көрсетіңіздер.
Ұсынылатын әдебиет
1.  Дидактика  детского  сада//Дошкольная  педагогика.  В  2  ч./  Под 
ред. В. И. Логиновой, П. Г. Саморуковой. – М., 1988. Ч.2.
2.  Лернер  И.  Я.  Дидактические  основы  методов  обучения.  –  М., 
1989.
3. Михайленко Н. А., Короткова Н. А. Ориентиры и требования к 
обновлению содержания дошкольного образования. – М., 1993.
4. Обучение детей раннего и дошкольного возраста// Козлова С. А., 
Куликова Т. А. Дошкольная педагогика. – М., 2001.

89
5. Современные образовательные программы для дошкольных уч-
реждений/ Под ред. Т. И. Ерофеевой. – М., 1999.
6. Стеркина Р. Б. Аттестация и государственная аккредитация ДОУ. 
– М., 1997. (Требования к содержанию и методам обучения и воспита-
ния дошкольников).
Мектеп  жасына  дейінгі  баланы  тәрбиелеу  мен  оқыту 
бағдарламалары
1. Қазақстан Республикасының «Бала құқығы» Заңы. – Астана, 
2007 г.
2.  Мемлекеттік  жалпы  міндетті  ерте  жастағы  туғаннан  3  жасқа 
дейінгі балаларға білім беру стандарты. Негізгі ережелер - Астана, 2007.
3. Мемлекеттік жалпы міндетті мектепке дейінгі жастағы 3 жастан 
5  жасқа дейінгі балаларға білім беру стандарты. Негізгі ережелер. - А., 
2007.
4. Мемлекеттік жалпы міндетті 5-тен 6-жасқа дейінгі мектепалды 
дайындық балаларға білім беру стандарты. Негізгі ережелер. – А., 2007.
5. Программа воспитания и обучения в детском саду/Отв.ред. М. А. 
Васильева.- М., 1985, 2005.
6.  Детство:  Программа  развития  и  воспитания  детей  в  детском 
саду/В. И. Логинова, Т. И. Бабаева, Н. А. Ноткина и др.- СПб., 1997, 
2010.
7. Методические советы к программе «Детство».- СПб.,2001.
8. Истоки: Базисная программа развития ребенка-дошкольника/ Л. 
А. Парамонова, Т. И. Алиева и др. – М., 2000
9. Из детства в отрочество/ Под ред. Т. Н. Дороновой.- М., 1998.
10. Золотой ключик/ Г. Г. Кравцов, Е. Е. Кравцова и др.-М., 1996.
11.Радуга: Программа воспитания и обучения детей от 3 до 7 лет/ Т. 
Н. Доронова, В. В. Гербова и др.- М., 1997.
12. Развитие/ Л. И. Венгер, О. М. Дьяченко.- М., 1995.
13. Современные образовательные программы для дошкольных уч-
реждений/ Под ред. Т. И. Ерофеевой.- М., 1999.

90

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет