231
бағытта қозғалады. Соның iшiнде, топырақтың төменгi қабатынан
жоғары қарай түйiршiк қуыстарындағы сорғыштық (мениск) күштер
арқылы ылғалданған жерден құрғаққа қарай жылжиды. Сондықтан
бұл судың өсiмдiктер үшiн маңызы зор. Бұл суды өсiмдiктер оңай
сіңіре алады. Жарғақты су. Топырақтың қатты бөлшектерінің сыр-
тын молекулалық тартылыс күшiмен, жарғақты қабат күйiнде
қоршап тұрады. Ол молекулалық тартылыс күшінің көмегiмен
қалың жарғақтанған күйiнен жұқа жарғағына қарай жылжиды.
Топырақ түйiршiктерiне 6-10 мың атмосфералық күшпен байла-
нысып тұрғандықтан жарғақты суды өсiмдiктердiң тамырлары
сіңіре алмайды. Бұл өсiмдіктерге сіңбейтін күйiндегi су болып та-
былады. Гигроскопиялық су – гигроскопиялық ылғал топырақ
түйiршiктерiнің бетiнде молекулалық тарту күшiмен будан жиналған
су. Ол қозғалмайды, өсiмдiкке пайдасыз. Ауыр жəне қарашірікке бай
топырақтарда гигроскопиялық су көп болады. Топырақтан оны ажы-
рату үшін оны 105 градус ыстықта 5–6 сағат кептiредi.
Қатты ылғал. Мұз төмен температурада (0° төмен ) пайда бола-
ды. Ал жарғақты сулар – 78 градуста мұзға айналады. Топырақтың
су қасиеттерi мен ылғалдылығы. Топырақтың су қасиеттерiне су
сыйымдылығы (топырақ өзінің құрамындағы судың белгiлi бiр
мөлшерiн ұстап, сақтап тұруы) жатады. Топырақтың қабатындағы
судың осы қасиеттерi түрлі физикалық күйiне жəне оның түрлерiне
тығыз байланысты. Топырақтың су сыйымдылық шегі – оның
өз бойына белгiлi мөлшерде суды сіңіріп ұстай алатын қасиетi.
Ұсталған (сақталған) су түрлеріне қарай топырақтың су түрлерінің
бiрнеше түрлерiн ажыратады. Ең көп немесе толық су сыйымдылық
деп топырақтың табиғи кеңістегі сумен толған жағдайын ай-
тады. Ауылшаруашылық дақылдарының өсiп, өнiп бере ала-
тын топырақ ылғалдылығының шегi егiстiктiң далалық толық су
сыйымдылығының 50-ден 80 пайызға дейiнгi аралығында жатады.
Дақылдардың əрбiр түрлерi мен сорттарына, алынатын өнiмнің
мөлшерiне қарай топырақтың тиімді ылғалдылығы тəжiрибе арқылы
белгiленедi. Мысалы, Орта Азияның сұр топырағында өсетiн мақта
дақылының суға деген қажеттілігі гүлденгенге дейiнгi кезеңде
топырақтың ылғалдылығы – 75 пайыз, гүлдеу жəне жемiс түзу
кезеңінде – 60 пайыз болған жағдайда қанағаттандырылады.
Топырақтың барлық қуыстары жаңбыр суымен жəне көктемде
қар суымен толады. Бұл өсiмдiкке зиян су топырақтағы барлық ауа-
232
ны ығыстырады да, өсімдіктердi тамырлары ауасыз тұншығады.
Далалық су сыйымдылық шегі топырақтың табиғи құрылымында бос
су өз салмағымен топырақ қабатына сiңіп кетедi. Осы жағдайда же-
расты суы тереңде жатса, ал топырақ қабатындағы су буға айналмай-
тын болса, топырақ бойында ұсталып қалатын су мөлшерiн далалық
су сыйымдылық шегi деп атайды. Капиллярлық су сыйымдылық
шегi деп судың топырақ түйiршiктерiнiң iшiнде ұсталып қалатын
қабiлетiн айтады.
Капиллярлық су сыйымдылық шегi жерасты суының тереңдiк
деңгейiне жəне жоғарыдан келетiн табиғи су мөлшерiне байланысты.
Мұндай сулар капилляр түтiктерi арқылы жоғары көтерiледi жəне
керiсiнше жоғарыдан төмен қарай жылжиды. Соның нəтижесiнде
өсімдіктердің əртүрлi тереңдікте орналасқан тамырларына, кезiнде
олардың өсiп дамуына елеулi əсер етедi. Сонымен капиллярлық суды
өсімдіктер пайдаланып, оның мөлшерiн азайтады да, топырақта
жарғақты су қалады. Бұл су қорының шегi немесе топырақтың ең аз
су сыйымдылық қасиеттi. Ауаның су буымен толық қанған кезiндегi
топырақта ұсталатын ең жоғары гигроскопиялық су мөлшерiн
максималдық гигроскопиялық дейдi.
Топырақ өзінің құрамындағы судың белгiлi бiр мөлшерiн ұстап
тұра алады. Оның бұл қабiлетiн су ұстаушылық күшi деп атайды.
Бұл күш топырақтағы коллоидтық бөлшектерінің гидратталуы-
на байланысты. Судың бұл бөлiгi коллоидтың байланысқан су не-
месе гигроскопиялық су деп аталады. Мұны ылғалдың – пайдасыз
қоры деп атайды. Кейiнiрек ылғалдың пайдасыз қоры топырақтың
екi еселенген максималдық гигроскопиялығына тең болатындығы
анықталды. Топырақта өсiмдiктер қабылдай алмайтын белгiлi бiр
мөлшерi бар кезде ақ олардың сола бастайтындығы байқалады. Бұл
шама солу коэффициентi деп аталған. Бұл ұғым ылғалдың пайда-
сыз қоры ұғымына ұқсас. Топырақ коллоидтары өздерi байланыс-
тырып тұрған гидроскопиялық суды атмосфераға дейiнгi күшпен
ұстап тұрады. Тамырдың сору күшi топырақтағы бұл суды соруға
жеткiлiксiз.
Топырақтың су өткізгіші деп оның жоғарыдан төмен қарай
су өткiзу қасиеттін айтады. Ол топырақтың түйiртпектігiне,
механикалық құрамына, органикалық қорына байланысты жəне
мұның өзi сiңiру, ылғалдану мен өткiзу кезеңдерiнен құралады.
Суды жақсы өткiзгiш топырақтарға – құм, құмай, ең аз су өткiзгiш
233
топырақтарға – балшықтар жатады. Топырақтың су өткiзгiш қабiлетi
деп өзінің капиллярлары (түтiктерi) арқылы оның төменгi қабатынан
жоғары қабатына су көтергiштiгiн айтады. Бұл қасиет топырақтың
түйіртпектігіне, механикалық құрамына байланысты. Құмдар суды
тез, бiрақ аз биіктікке көтередi (тəулiгiне 30-60 см-ге дейiн ғана),
балшықтар керiсiнше суды баяу сорып, биiкке (3-4 м дейiн) көтередi.
Капиллярлы суды көтеру арқылы топырақ құрғақшылық аймақтарда
өсімдіктерді өзінің төменгі қабатындағы сумен қамтамасыз етiп
тұрады. Ал шөлдi аймақтарда жақын жататын ащы жер суларының
буға айналуынан топырақ сортаңдана бастайды. Көптеген
ауылшаруашылық дақылдар кұрғақ заттарды құрау үшiн судың ора-
сан көп мөлшерiн жұмсайды. Мəселен, бидай өсiмдiгi, өзінің жер
бетiндегi массасымен салыстырғанда тəулiк бойында шамамен, 1,3-
1,5 есе артық суды жұмсайды жəне сіңірілген 90-95 пайыз құрғақ
заттың пайда болуы үшiн (транспирация) жұмсалады. Өсімдіктерде
бір грамм құрғақ заттардың пайда болуы үшiн жұмсалатын судың
үлгiлiк мəнi бірнеше дақылдар үшiн мынадай: жоңышқа – 858, сұлы
– 636, мал азықтық бұршақ – 372, тары – 287. Бұл көрсеткіштер
өсімдік өсетiн топырақ климат жəне басқа жағдайларға байланысты
едəуiр ауытқып отырады.
Өсімдіктер транспирация жолымен өте көп мөлшерде су
жұмсайды. Өсiмдiк бойына сiңірген 1000 г судың небары 1-2 гра-
мын ғана пайдаланады, судың 998 грамы өсiмдiк арқылы өзгермей
өтедi. Топыраққа тыңайтқыштарды, əсiресе, фосфор тыңайтқышын
енгiзуі, су, ауа режимiн ретке келтiруi арқылы жəне басқа шаралардың
көмегiмен, өсімдіктердің қоректену жағдайын жақсарта отырып,
1 грамм құрғақ заттың пайда болуы үшін жұмсалатын су шама-
сын азайтуға болады. Алайда, құрғақ заттың пайда болуы үшiн
жұмсалатын судың азайғанына қарамай, тыңайтылған жердің бiр
гектарға жұмсалатын жалпы ылғалдық қоры ұлғаяды, өйткенi оның
өнiмi өседi. Мұндай жағдайда ылғал мейлінше, тиімді пайдаланы-
лады.
8.3.Топырақтағы ылғал түрлері
Топырақ қопсытылған су сиымдылығы бар дене болғандықтан
оның құрамында азды көпті ылғал болады. Топырақ ылғалы – оның
құнарлылығының бір шарты. Ылғал топыраққа ауадан түскен жа-
234
уын-шашынмен жер бетіндегі судан жəне жерастының ыза суынан
келеді. Топырақ ылғалы əр жерде əртүрлі. Бір жерлерде топырақтың
ылғалдылығы мол болса, екінші жерлерде тапшылау. Топырақта
кездесетін ылғалдың өзінің де өсімдіктерге сіңімділігі əртүрлі бо-
лып келеді. Жалпы ылғалдың бірнеше түрі бар:
1. Химиялық байланысқан су топырақ минералдарының
құрамына еніп, өте тығыз байланысқа түседі. Сондықтан топырақ
биологиялық процестерге қатыспайды.
2. Бу күйіндегі су топырақ кеуектерінде кездесетін судың жоғары
температурада булануынан пайда болады. Бұл күйінде ол өсімдікке
сіңбейді, тек тамшыға айналдырған оны өсімдіктер жақсы сіңіре
алады.
3. Гидроскопиялық су – топырақтың беткі қабаты арқылы
сіңірілген молекула күйінде болады. Ол өсімдіктерге пайдасыз.
4. Қылтүтік суы топырақ түтіктерінде жоғары төмен жылжи оты-
рып, өсімдіктер бойына оңай сіңеді.
5. Гравитациялық су өз салмағымен топырақтың жоғары бетінен
төменгі қабаттарына жылжиды. Өсімдіктерге оңай сіңеді.
6. Қатты күйіндегі суға мұз, қар жатады. Қатты күйіндегі су
өсімдіктерге сіңімсіз, ал еріген кезде топыраққа сіңіп, өсімдіктер
үшін пайдаға асады.
7. Жер асты ыза суы топырақтың ол көбіне топырақ түзуші тау
жыныстарының əртүрлі тереңдіктерінде əдетте, су өткізбейтін қабат
үстінде жиналады.
Топырақтың су қасиеттері мен ылғалдылығы. Топырақтың
су қасиеттеріне су сиымдылығы (топырақ өзінің құрамындағы
судың белгілі бір мөлшерін ұстап, сақтап тұруы) жатады. Оның
бүкіл қабілеті топырақтың су ұстаушылық күші деп аталады, су
өткізгіштігіне, суды жоғары көтергіштігі, гигроскопиялығы жəне
буланғыштығы жатады.
Топырақтың су сыйымдылық шегі – оның өз бойына белгі
мөлшерде суды сіңіріп ұстай алатын қасиет. Ұсталған (сақталған)
су түрлеріне қарай топырақтың су сыйымдылығының бірнеше түрін
ажыратады. Ең көп немесе толық су сыйымдылық деп топырақтың
табиғи кеңістегі сумен толған жағдайын айтады.
Далалық су сыйымдылық шегі – топырақтың табиғи құрылымында
бос су өз салмағымен топырақ қабатына сіңіп кетеді. Осы жағдайда
жерасты суы тереңде жатса, ал топырақ қабатындағы су буға ай-
235
налмайтын болса, топырақ бойында ұсталып қалатын су мөлшерін
далалық су сыйымдылық шегі деп атайды.
Капиллярлық су сыйымдылық шегі деп судың топырақ
түйіршіктерінің ішінде ұсталып қалатын қабілетін айтады.
Капиллярлық су сыйымдылық шегі жер асты суының тереңдік
деңгейіне жəне жоғарыдан келетін табиғи су мөлшеріне байланысты.
Мұндай сулар капилляр түтіктері арқылы жоғары көтеріледі жəне
керісінше, жоғарыдан төмен қарай жылжиды. Соның нəтижесінде
өсімдіктердің əртүрлі тереңдікте орналасқан тамырларына, кезінде
олардың өсіп дамуына елеулі əсер етеді.
Топырақтың су өткізгіштігі деп оның жоғарыдан төмен қарай су
өткізу қасиетін айтады.
Топырақ ауасы. Топырақта судан басқа, өсімдік тамырларының
тыныс алуы мен бактериялардың тіршілігі үшін ауа да қажет.
Топырақта неғұрлым ылғал көп болса, соғұрлым ауа аз бола-
ды жəне керісінше. Бұл ауа мөлшері топырақтың ылғалдығына,
тығыздығына, өңдеу жағдайларына, механикалық құрамына, өсіп
өніп тұрған өсімдіктерге, т.б. жағдайларға байланысты. Егістіктер
егілетін, өңделген топырақтарда ауаның мөлшері 30 – 40 % -ға тең.
Мұның біраз бөлігі топырақ бөлшектеріне сіңеді, оны сіңген ауа деп
атайды.
Ал ауаның қалған мол бөлігі топырақ кеуектерінің арасында болады.
8.4.Топырақ су режимі жəне оның экологиялық маңызы
Су режимi деп топыраққа судың енуiнiң барлық құбылыстарының
жиынтығын, оның топырақтан шығынын жəне физикалық күйiнiң
(жағдайының) өзгеруiн айтады. Топырақтың су режимiнiң сандық
көрінісі, яғни ылғалдың кiрiсi мен шығынының барлық мөлшерле-
рінiң жиынтығы, белгiлi бiр уақыт аралығындағы оның қорының
өзгеруi су теңгерiмiн бередi. Көп жылдық орташа су теңгерiмi
топырақтың су режимiнiң сандық сипатын көрсетеді. Солтүстiк
Қазақстанның топырақтарына шайылмайтын су режимi тəн.
Су – өсімдік тiршiлiгiнiң маңызды факторы. Өсімдік өз тiршiлiгiне
керектi судың негiзгi бөлігін топырақтан алады. Топырақ ылғалды
сыйғызатын, сақтайтын орын болып табылады жəне өсімдік
тiршiлiгiнiң барлық кезеңдерiнде оны ылғалмен қамтамасыз етуге
мүмкiндiгi бар.
236
Су өсімдік тiршiлiгiнiң барлық процестерiне дерлiк қатысады.
өсімдіктiң жекелеген мүшелерiндегi судың мөлшері 70-95%-
ға дейiн жетедi. Су өсімдіктi қоршаған ортамен байланыстыра-
тын буындардың бiрi болып табылады. Сонымен қатар, судың
табиғаттағы айналымында өсімдіктер де маңызды рөл атқарады.
Топырақтағы судың мөлшеріне оның тиiмдi құнарлылығын
анықтайтын технологиялық қасиеттерi, химиялық, физикалық-
химиялық жəне микробиологиялық процестердiң қарқындылығы
байланысты болады.
Ауыл шарушылығы дақылдарының көпшiлiгi құрғақ зат құрау
үшiн судың өте көп мөлшерін жұмсайды. Мысалы, бидай өсімдігі
тəулiгiне өзінiң топырақ бетiндегi бөлігінiң массасынан шамамен,
1,3-1,5 есе артық су жұмсайды жəне сiңiрiлген судың 90-95%-ы
транспирацияға кетедi.
И. Г. Мушкиннiң деректерi бойынша, кейбiр дақылдар үшiн транс-
пирация коэффициентiнiң (ТК) орташа мөлшерлері төмендегiдей:
жоңышқа – 858, сұлы – 635, мал азықтық бұршақ – 578, мақта – 562,
арпа – 521, бидай – 505, жүгерi – 372, тары – 87, шай жүгерi – 271.
Транспирация коэффициентiнiң бұл көрсеткіштерi топырақ, климат
жəне өсімдіктердің өсіп-дамуының басқа жағдайларына байланыс-
ты өзгеріп отырады.
Транспирация коэффициентiн тыңайтқыштарды, əсiресе фосфор
тыңайтқыштарын пайдалану, су-ауа режимдерiн реттеу жəне басқа
шараларды жүргiзiп, өсімдіктердің қоректену жағдайларын жақсарту
арқылы төмендетуге болады. Бiрақ, тыңайтқыш пайдаланған
жағдайда ТК төмендегенiмен, өнім көбейетiндiктен жалпы су пайда-
лану артады, алайда ылғал тиiмдiрек пайдаланылады. Егер жаздық
бидайдың транспирациялық коэффициентiнiң орташа мөлшерін
500-ге тең деп алсақ, онда 20 ц/га дəн мен 30 ц сабан мен тамыр
(құрғақ массаның жалпы өнімi 50 ц/га) алуға 2500 м
3
су немесе 250
мм су қабаты керек болады.
Өкінішке орай, бұған қарап, 250 мм жауын-шашын гектарынан
20 ц астық алуға жеткiлiктi деуге болмайды; жауын-шашынның
кезеңдерде бiркелкi болмауы; судың ағып кетуi, топырақтан бу-
ланып ұшуы, арамшөптердің пайдалануы жəне басқа шығындар
түскен ылғалдың 50%-ға дейiн жетуi мүмкiн, сондықтан жылдық
жауын-шашынның мөлшері 400 мм-ден аспайтын далалық жағдайда
жаздық бидайдан тұрақты жоғары өнім алу үшiн көп күш жəне еңбек
237
жұмсау керек. Ауылшаруашылық дақылдарының өсіп-дамуының
кез келген кезеңiндегi судың жетiспеуi өнімдерінiң төмендеуіне
əкелiп соғады. Дегенмен, өсімдіктердің репродуктивтiк органда-
ры құрылатын кезеңдегi судың тапшылығы бəрiнен де қатты əсер
етедi. Өсімдік дамуының нақ осы кезеңiнде топырақта жылжымалы
ылғал қоры жеткiлiктi болуы керек. С. С. Сдобниковтың деректерi
бойынша, мамырдың соңғы онкүндiгiндегi мен маусымның алғашқы
онкүндiгiндегi жауынның əрбiр қосымша 10 мм ылғалы Целиноград
облысы Атбасар ауданында өнімді гектарына 2-3 ц-ге арттырады.
Бiр гектар жердегi өсімдіктер пайдалы өнімінің оған жұмсалған
ылғалға қатынасы жалпы су пайдалану (ЖСП) жəне су пайдалану
коэффициентi (СПК) арқылы сипатталады. Олар 1 т өнім құрауға
жұмсалған судың мөлшерін (м
3
немесе мм) көрсетеді. И. Г. Муш-
киннiң деректерi бойынша, бидайдың СПК-1350 м
3
, жүгерiнiкi –
790, картоптiкi – 360, қант қызылшасынiкi – 1450.
Көптеген
ауылшаруашылық
аймақтарында
топырақтың
ылғалдылығы қар кеткеннен кейiн (бiрiншi көктемдегi ең жоғары
мөлшері) тез төмендей бастайды жəне тек қыркүйекте (екiншi,
күзгi ең жоғары мөлшері) бiршама көтерiледi. Өсімдіктердің суды
қажетсiнуi көктемнен бастап бiрте-бiрте өседі де, топырақта ылғал
ең аз болатын кезеңде өзінiң ең жоғары шегiне жетедi. Сондықтан
өсімдіктер үшiн қиын-қыстау кезеңде судың тапшылығы пайда бо-
лады жəне ол танаптың өнімділігіне шешушi əсерiн тигiзедi.
Бидай масақтануға дейiнгi 15 күнгi жəне масақтанудан кейiнгi 10
күнгi ылғалдың тапшылығына өте сезiмтал келедi.
Топырақ ылғалдылығының тəулiктiк өзгеруiне оның iшiндегi
шықтың əсерi шамалы жəне тек өте қолайлы жағдайларда ғана пай-
далы болуы мүмкiн.
Далалық аймақтар үшiн оны кезiнде А. А. Измайльский атап
көрсеткен болатын. Көктемде ылғалдың тəулiктiк шығыны 2-3
мм, кейде одан да көп болады. Бұл оны сақтаудың арнайы шара-
ларын қолданудың керектiгiн көрсетеді. Топырақтағы ылғал өзінiң
қасиеттерi бойынша бiрыңғай емес.
Агрономиялық тұрғыдан алғанда, ылғалдылық мөлшерінiң
топырақ ылғалының жылжу мүмкiндiгi мен өсімдіктерге сiңiмдiлiгi
шұғыл өзгеретiн деңгейi өте маңызды болып табылады.
238
14-кесте
Жаздық қатты Харьков 46 бидайының су пайдалануы
(В. А. Кумаков, 24)
Даму кезеңдерi
Су шығыны, мм/тəулiк
Тұқым себу – түптену
Түптену – түтiктену
Түтiктену – масақтану
Масақтану – дəннiң толысуының басы
Дəннiң толысуының басы – балауызданып пiсу
Балауызданып пiсу – толық пiсу
1,22
3,69
6,45
6,62
5,73
2,95
Механикалық құрамы жəне қарашiрiк мөлшері əртүрлi
топырақтарда бұл көрсеткіштер топырақ ылғалының əртүрлi
деңгейiне сəйкес келедi.
Топырақтың ылғалдығы деңгейiнен өткенде қасиеттерiн
өзгертетiн түйiндiк нүктелердi (кейбiр авторлардың пiкiрi бойынша-
аралықтарды) агрогидрологиялық тұрақты шама (немесе, топырақ
гидрологиялық тұрақты шама, су – физикалық тұрақты шама) деп
атайды.
Қазақстанның егiншiлiк аймақтарының негiзгi бөліктерi
үшiн: солу ылғалдығы (ТС), капиллярлық байланыстың үзiлу
ылғалдылығы (КБҮ) жəне ең төменгi ылғал сыйымдылығы (ЕТС)
тұрақты шамалардың маңызы зор сияқты. Мұны өсімдіктердің
өсіп-даму кезеңiнде танаптардағы топырақ ылғалының өзгерiстерi
негiзiнен ТС мен ЕТС аралығында жүретiндiгiмен түсiндiруге бо-
лады.
Топырақ ылғалының басқа түрлерi туралы жан-жақты деректердi
топырақтану пəнiнiң оқулықтарынан жəне А. А. Роденiң «топырақ
ылғалы туралы iлiмнiң негiздерi» атты монографиясынан алуға бо-
лады.
Топырақтың құрғақ салмағына пайызбен немесе ылғал
қабатына
миллиметр
есебiмен
берiлген
тұрақты
солу
ылғалдылығы өсімдіктiң ала алмайтын судың шамасын көрсетеді.
Бұл ылғалды топырақ бөлшектерi едəуiр күшпен ұстап тұрады.
239
Ауылшаруашылық өсімдіктерiнiң көпшiлiгi үшiн ТС топырақтың
су ұстау күшi 15 атмосфера шамасында болғанда басталады.
Тұрақты солу ылғалдығында өсімдіктер толық солады жəне
олардың тiршiлiгi ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 100%
жақындағанда да қайта қалпына келмейдi.
А. Г. Дояренко 1940 жылдың өзінде де бидайдың сору күшi
жоғары сорттарын пайдалануды ұсынған болатын. Мысалы, оның
деректерi бойынша, Сарруба сорты тұқымдарының сору күшi
23-24 атмосфераға тең, яғни топырақтың су ұстау күшiнен 7-8 ат-
мосфера артық. Демек, сору күшi жоғары бидайларды пайдалану
арқылы топырақтың өсімдіктер ала алмайтын ылғал қорын бiрталай
азайтуға жəне құрғақшылықта өнімнің ылғалмен қамтамасыз етiлуiн
жақсартуға болады.
Бiздiң зертханалық тəжiрибелерiмiз Саратов 29 сортының
тұқымдарының сору күшi Пиротрикс 28 жəне Харьков 46 сорттары-
на қарағанда, жоғары екенiн көрсетті. Ерiтiндiнiң су ұстағыш күшi
26,1 атм, болғанда Саратов 29 тұқымдарының 44,6% ы өнсе, Пиро-
триксте 28-32,6% өнген, ал Харьковте 46 да өнген тұқым болмаған.
Өсімдіктердің топырақтағы суды алу мүмкiндiгi тек олардың
тұқымдары мен тамырларының сору күшiне ғана емес, топырақтың
механикалық құрамына да байланысты болады. Мəдени өсімдіктер
механикалық құрамы ауыр топырақ құрғақшылыққа жеңiл топыраққа
қарағанда төзімдiрек келедi. Ауыр топырақтарда су ұстағыш күштiң
бiрдей жағдайында жеңiл топырақтарға қарағанда ылғал көп бола-
ды. Сондықтан механикалық құрамы ауыр топырақтарда көктемгі
ылғал қорының маңызы жеңiл топырақтарға қарағанда жоғары.
Құрғақ топырақтың салмағына пайызбен немесе су қабатына
миллиметр есебiмен алынған ең төменгi ылғал сыйымдылығы
деп, бiртектi топырақ қабатында салмақ күшiнiң əсерiне қарсы
ұсталынып тұрылуы мүмкiн болатын ең көп мөлшердегi қалқыған
суды айтамыз. Басқаша айтқанда, ЕТС судың төменгi қабаттарға
еркiн ағу мүмкiндiгi бар жағдайдағы топырақта ұсталуы мүмкiн
ең көп мөлшерін көрсетеді. Ең төменгi ылғал сыйымдылығы
жағдайында топырақтың ылғалдылығының мөлшеріне топырақ
қабатының сулану тереңдiгi əсер етпейтiнi анықталды. ЕТС тепе-
теңдiк ылғалдылыққа жатады жəне топырақтың су ұстайтын
қабiлетiн сипаттайды.
Ең төменгi ылғал сыйымдылығы жағдайындағы топырақтың бiр
240
метр қабатындағы пайдалы ылғал қоры ауыр саздақ топырақтарда
жобамен 200 мм, құмдақ топырақтарда 120 мм болады (15-кесте).
15-кесте
Топырақтың ең төменгi ылғал сыйымдылығы жағдайындағы
пайдалы ылғал қоры, мм (А. Д. Карбышева, 21)
Топырақтың түрi жəне
механикалық құрамы
Қабаттардағы пайдалы ылғал мөлшері
0-20 см
0-50 см
50-100 см 0-100 см
Қара топырақтар
Сазды
Ауыр саздақ
Орта саздақ
Жеңiл саздақ
40
47
46
43
98
100
107
91
79
92
91
80
177
192
198
171
Күңгiрт қара-қоңыр
топырақтар
Ауыр саздақ
Орта саздақ
Жеңiл саздақ
Құмдақ
38
35
37
26
95
102
89
60
90
86
83
57
185
188
172
117
Топырақтың ЕТС жағдайындағы су ұстағыш күшi 0,5 атмосфераға
тең. Онда ылғал бiртұтастылығымен сипатталынады, жеңiл жылжи-
ды жəне өсімдіктер оларды оңай пайдалана алады.
Бiртұтастық топырақтың ылғалы ЕТС тең болғанда ғана емес,
одан төмен жағдайларда да кездеседi. Бiрақ ол ылғалдылықтың тек
белгiлi бiр мөлшеріне, қалқыған судың жылжуы оның булануынан
(немесе өсімдіктердің тамырларының соруынан), шұғыл баяулай-
тын деңгейiне дейiн байқалады. Бұл құбылысты анықтаған М. М. Абра-
мова осындай ылғалдылықты капиллярлық байланыстың үзiлу
ылғалдылығы (КБҮ) деп атауды ұсынды. Оның аты көрсеткендей,
ылғалдылықтың осы мөлшерінен бастап, топырақтың ылғалданған
қабаттарын жоғарыдан төменге дейiн шырмаған су толған қуыстар
жүйесi болмайды.
Сөйтіп, ең төменгi ылғал сыйымдылығы, капиллярлық байла-
ныстар түзiлу ылғалдылығы жəне тұрақты солу ылғалдылығымен
топырақтағы ылғалдың жылжуы жəне олардың өсімдіктерге пайда-
лану мүмкiндiгi өзгерiске ұшырайтын деңгейiн көрсетеді.
|