Дене тəрбиесі мен спорт физиологиясының зерттеу əдістері
Дене тəрбиесі мен спорт физиологиясы ғылымының зерттеу ме-
тодологиясы:
1. Көлденең бағытта салыстыра зерттеу;
2. Бойлық (тігінен) салыстыру сияқты екі бағытта жүргізіледі
(3-сурет).
3 (А, Ə)-суреттерде липидтер (майлар) мен белоктардан тұратын
қосылыстар – жоғары тығыздықты липопротеиндердің (ЖТЛП)
немесе «жақсы холестеролдың» орташа концентрациясын түрлі
жағдайларда салыстыра зерттеу көрсетілген.
Холестерол – организм тіршілігіне қажетті май тəріздес заттар.
Ол бауырда түзіледі жəне аспен, əсіресе, ет, сүт тағамдарымен орга-
13
низмге түсіп отырады. Холестерол барлық мүшелер мен ұлпалардың
жасуша мембранасын жасауға қатысады, одан гормондар мен
ішектерде майлардың сіңірілуін қамтамасыз ететін өт қышқылы
түзіледі. Ол суда ерімейтін болғандықтан, организмде тасымал-
дануы үшін белокпен (аполипопротеинмен) «қапталады». Міне,
осы кешенді (холестерол жəне аполипопротеин) липопротеин деп
атайды. Қанда липопротеиндердің жоғарыда атап өтілген жоғары
тығыздықты липопротеиндер (ЖТЛП), төмен тығыздықты липо-
протеиндер (ТТЛП) мен өте төмен тығыздықты липопротеиндер
(ӨТТЛП) деген 3 түрі кездеседі.
ЖТЛП майлардың организмде қайта өңделуі мен оның ор-
ганизмнен шығарылуын қамтамасыз етеді, сондықтан да олар-
ды «жақсы холестерол» деп атайды. Егер адамның холестеролдың
жоғарылауына тұқымқуалаушылық бейімі болса немесе майлы
тағамдарды тым көп жесе, онда қандағы холестеролдың деңгейі
жоғарылауы мүмкін. Нəтижесінде ол қан тамырлары бойына жина-
лып, атеросклероз, жүрек ауруларының дамуына əкелуі мүмкін. Ал
ЖТЛП майларды организмнен шығарып отыратын болғандықтан,
олардың жоғары концентрациясы бұл аурулардың даму қатерін азай-
тады. Тіптен жалпы холестеролдың қалыпты деңгейі бола тұрып,
ЖТЛП-ХС төмендеуі атеросклероздың дамуына əкеліп соғады.
Сондықтан организмдегі ЖТЛП концентрациясының маңызы зор.
3 А-суретте көлденең қима бойынша отырықшы өмір сал-
тын ұстанатын тұрғындар мен жаттыққан тұлғалар арасындағы
айырмашылықтар динамикасы зерттелген. Салыстыра зерттеу
нəтижелерінен ЖТЛП мөлшерінің неғұрлым дене шынықтырумен
қарқынды айналысқан сайын соғұрлым арта түсу динамикасын
байқауға болады. Яғни бұл көлденең қима бойынша зерттеу нəтиже-
лері спортпен шұғылданудың организм үшін маңыздылығына тағы
бір нақты дəлел болып табылады. Ал 3 Ə-суретте эксперименттік
топ пен бақылау тобы арасындағы айырмашылық айлар барысын-
да осы екі топтың ішінде тігінен салыстыра зерттелген. ЖТЛП
концентрациясы спортпен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда
жаттыққан тұлғаларда жоғары болатындығын көруге болады. Бұл екі
зерттеу жұмысы нəтижелерінің денсаулықты нығайту мақсатында
халықты дене жаттығуларымен айналысуға насихаттауда алатын
орны ерекше.
14
3 А-сурет. Жоғары тығыздықты
липопротеиндер (ЖТЛП) немесе
«жақсы холестерол» орташа
концентрациясы мен əртүрлі
қашықтықта апта бойынша жүгіру
арасындағы өзара байланыс.
Зерттелушілер 5 топты: 1-топ
бақылау тобы жаттықпаған, 2-топ
аптасына 24 км (15 миль), 3-топ
аптасына 48 км (30 миль), 4-топ
аптасына 72 км (45 миль) жəне
аптасына 96 км (60 миль) жүгірген
тұлғалар құраған.
Бұл зерттеудің көлденең қимасын
сипаттайды.
3 Ə-сурет. Жоғары тығыздықты
липопротеиндер (ЖТЛП) немесе
«жақсы холестерол» орташа
концентрациясы мен айлар
бойынша қашықтыққа жүгіру
арасындағы өзара байланыс.
Зерттелушілер 2 топты: 1-топ
бақылау тобы отырықшы өмір
салтын ұстанған тұлғалар (20
адам), 2-топ эксперименттік топ
(қашықтыққа жүгіруші 20 желаяқ)
құраған.
Бұл бойлық салыстыра зерттеуді
сипаттайды (A. Giovanelli
мəліметтері бойынша)
Қимыл дағдыларын зерттеудің негізгі əдістерін:
1. Қозғалыстың сыртқы құрылымын сипаттайтын əдістер (кино,
фото, видео, телетүсірілімдер, тензометрия, динамометрия, гонио-
метрия, циклография жəне т.б.);
2. Қозғалыстың ішкі құрылымын сипаттайтын əдістер
(электрофизиологиялық əдістер: электроэнцефалография, электро-
миография, электрокардиография, қимыл бірліктерінің белсенділігі
мен Н – рефлекстерін жазу) деп 2 топқа жіктеуге болады.
Қимыл дағдыларын кешенді бағалау биомеханикалық жəне
15
4-сурет. Электрондық
браслет-пульсометр
физиологиялық
көрсеткіштерді
бір
мезгілде тіркеу арқылы жүргізіледі. Бұл
бірнеше құралдар көмегімен жүзеге асы-
рылады (4-7 суреттер). Білезікке тағатын
электрондық пульсометрлер ыңғайлы əрі
дəл көрсетеді.
Эргометрия. Зертханалық жағдайларда
физиологиялық зерттеулер барысында
белгілі бір тұрақты жұмыс қарқындылы-
ғын қамтамасыз ету үшін жүктеме
мөлшерін бақылауда ұстап отыру қажет.
Бұл эргометр құралдарының көмегімен
жүзеге асырылады. Эргометр (грек тілінен
ауд. эрго-жұмыс; метр шама) – адам орын-
дайтын дене жұмысының мөлшері мен
қарқындылығын өлшеуге жəне бақылауға
мүмкіндік беретін құрал. Солардың бірі – велоэргометр көп уақытқа
дейін тестілеуде қолданылатын негізгі құрал болып келген (5-су-
рет). Бұл құралда вертикалды не арқамен жатқан қалыпта жұмыс-
ты орындауға болады. Велоэргометрлерде көбіне:
5-сурет. Велоэргометр
16
1. Механикалық үйкеліс;
2. Электрлік кедергі;
3. Ауа кедергісі;
4. Сұйықтықтың гидравликалық кедергісі сияқты төрт кедергінің
бірі қолданылады.
Велоэргометрде зерттелушінің артериялық қан қысымын өлшеу
жəне қан алу қиындық тудырмайды.
6-сурет. Тредбан
Тредбан қазіргі кезде зерттеушілер мен дəрігерлер көп
қолданатын құралдардың бірі (6-сурет). Ондағы мотор мен ролик-
тер жүйесі зерттелушінің не жүруіне, не жүгіруіне мүмкіндік беретін
қозғалыстағы жалпақ лентадан тұрады. Оның ұзындығы мен ені дене
мөлшері мен қадам ұзындығына сəйкес келу керек. Тредбан арқылы
жүректің жиырылу жиілігі (ЖЖЖ), оттегіні пайдалану мен венти-
ляция секілді өлшенетін барлық физиологиялық көрсеткіштердің ең
жоғары «шың» мəндеріне жетуге болады.
Жоғарыда айтылған құралдардан басқа эргометрлер түрлері де
қолданылады. Мысалы, спортшы жəне спортпен шұғылданбайтын
адамдарды тестілеу үшін қозғалысқа негізінен қолы мен иық белдеуі
қатысатын спорт түрлерінде (мəселен, жүзуде) қол эргометрі, ескек
есушілерді тексеруде еспелі эргометр пайдаланылады.
17
7-сурет. Эллипстік тренажер
Жүктеменің жекеленген циклдеріне организмнің жедел немесе
мерзімдік реакцияларын бағалауда:
1. Бұл реакцияларды бағалауда организмнің күйіне ықпал
ететіндіктен
қоршаған
орта
(температура,
ылғалдылық,
жарықтандыру, шу деңгейі) жағдайларын ескеру қажет;
2. Тəуліктік жəне етеккір циклдерін ескеріп, тест жүргізуді
тəуліктің сол белгілі бір уақытында жəне етеккір циклінің белгілі бір
кезеңдерінде жүргізу керек;
3. Тестілеу режимінің зерттелуші үшін үйреншікті дене қызметі
типімен максималды сəйкес келуі өте маңызды.
Сонымен, дене тəрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиясы:
бақылау, табиғи жəне зертханалық тəжірибе (эксперимент), антро-
пометрия (дененің физикалық көрсеткіштерін зерттеу), эргоме-
трия (дене қызметінде жүктеме мөлшерін анықтау), динамометрия
(бұлшық ет топтарының жиырылу күшін өлшеу), рефлексоме-
трия (рефлекстік реакциялардың күші мен (немесе) жылдамдығын
өлшеу), электромиография (бұлшық еттердің электрлік үдерістерін
18
тексеру жəне жазу), электроэнцефалография (мидағы электрлік
үдерістерді тексеру жəне жазу), электрокардиография (жүрек соғу
жиілігін тексеру), спирометрия (өкпенің тіршілік сыйымдылығын
тексеру), қозғалыстың сыртқы құрылымын зерттейтін – циклография
(қозғалыстағы дене бөліктеріне бекітілген лампаларды секундына
жүзге дейін фотоға түсіру арқылы қимыл кезеңдерін тіркеу), тензо-
метрия (тензоқадағалар көмегімен дене жаттығуларын орындаудағы
күш салуды тіркеу), гониометрия (иілгіштік дене сапасын бағалау
мақсатында буындардағы қозғалыс амплитудасы бұрыштық граду-
сын өлшеу), дағдының моторлы жəне вегетативті құрылымдарын
жинақты тіркеу, механография (бұлшық ет жиырылуын тіркеу),
күш пен жылдамдық сапаларын бағалау үшін қолданылатын тест
стандарты, қимылдардың кеңістікті, күшті, уақытты өлшемдерін
бағалау əдістері, спироэргометрия (спирометрия немесе спирогра-
фия арқылы сыртқы тыныс алу мен негізгі алмасуды бір мезгілде
зерттеу), термометрия (температураны өлшеу), тер бөлінуді бақылау
əдістері, оксигемометрия (оттегі мен гемоглобинді өлшеу), пнев-
мотахометрия (максималды тез тыныс алу жəне тыныс шығару
кезіндегі ауа бағытының жылдамдығын анықтау), реоэнцефало-
графия (церебралды қан айналымын зерттеу), хронаксиметрия
(тітіркендіргіштің əсер ету уақытына байланысты жүйкедегі қозу
дəрежесін зерттеу), теппинг-тест (қол басы қозғалыстарының мак-
сималды жиілігін анықтау), треморография (қол мен саусақтың
механикалық тербелісін анықтау), актография (ұйқы кезінде
қозғалыс белсенділігі динамикасын анықтау), функциялық жүктеме
немесе сынамалар (Розенталь, Штанге, Генч, Ромберг, Яроцкий,
саусақ – мұрын), рефлекстерді (құрсақ, тізе, ахиллов, тері, жергілікті
дермографизм, Ашнер рефлексі, Даниелопол клиностатикалық,
Превел ортостатикалық жəне қарашық рефлекстері) зерттеу əдістері
жəне т.б. пайдаланады.
Жоғарыда көрсетілген көптеген əдістерді қолдана оты-
рып, дене тəрбиесі мен спорт түрлері физиологиясы пəні дене
жаттығуларының, спорттық шынығудың жəне қоршаған ортаның
əртүрлі жағдайларының спортшылар организміне əсерін анықтап,
денсаулығына қажетті қолайлы жағдай тудыруды мақсат етіп қояды.
19
ІІ ТАРАУ
БҰЛШЫҚ ЕТ ҚЫЗМЕТІНЕ БЕЙІМДЕЛУ ЖƏНЕ
ОРГАНИЗМНІҢ ҚЫЗМЕТТІК ҚОРЛАРЫ
Бейімделу жəне оның кезеңдері
Тірі организм сыртқы ортаның құбылмалы өзгерістеріне үнемі
бейімделуі арқылы дамиды жəне жоғары сатыға көтеріледі.
Бейімделу (адаптация) – қоршаған ортаның құбылмалы əртүрлі
жағдайларында организмнің икемделуі. Ол жасушалық, мүшелік,
жүйелік жəне организмдік деңгейлерде өтеді, сөйтіп туа болған не-
месе жүре болатын икемделу əрекетінің барлық түрін көрсетеді.
Ортаның көптеген жағдайлары организмнің мұндай қасиеттеріне
адекватты (барабар) немесе адекватты емес (барабар емес) келеді.
Организмнің барабар тітіркендіргіштерге бейімделу қабілеті ұзақ
мерзімді эволюциялық даму сатысында қалыптасқан. Ал барабар
емес тітіркендіргіштер көбінесе, организм мен ортаның теңестірілу
қасиетін жояды.
Табиғи жəне өндірістік жаңаша жағдайларда, организмге
жағымсыз əсер ететін қоршаған ортаның қолайсыз факторлары
жиі кездеседі. Бұларға физикалық-химиялық, орасан, ақпараттық,
семантикалық жəне биологиялық экстремалдық факторлар жатады.
Организм барлық жағдайларға бар мүмкіндігінше өзінің
құрылымдық жəне қызметтік жүйелері арқылы бейімделіп отырады.
Оның табиғи ортадағы əртүрлі маусымдық жағдайларына икемде-
лу құбылысын акклиматизация деп атайды (акклиматизация туралы
толығымен 9-тарауда баяндалады). Ол бейімделудің жекеленген
түрі болып саналады.
Бейімделудің түрлері. Қазір бейімделудің əр алуан түрлері
болғанымен, көпшілік мақұлдаған арнайы классификациялық топ-
тары жоқ. Бейімделуді мерзіміне қарай ұзақ мерзімдік жəне қысқа
мерзімдік деп жіктейді. Қысқа мерзімдік бейімделуді икемделудің
«авариялық сатысы» ретінде қарайды. Мұнда бейімделудің бастапқы
кезінде, жүйке жүйесінің орталық бөлімдерінің функциялық күйі ба-
рынша өзгеріп, организмнің əсерленгіштігін өсіруге мүмкіндік жа-
салады. Ұзақ мерзімдік бейімделу организмнің икемделу қабілеті,
20
мінез-құлық пен жалпы əрекетін жоғарғы сапада қамтамасыз етеді.
Бұл оның гипоксияға, суыққа, тамақтың тапшылығына бұрын
байқалмайтын төзімділігін тудырады.
Жеке организм деңгейінде бейімделудің: туа болған жəне
жүре болған, жеке (даралық) жəне қауымды (түрлік), жалпы жəне
маманданған, арнайы жəне бейарнайы, ішкі жəне сыртқы, шарт-
ты жəне шартсыз, қалыпты жəне төтенше, морфологиялық жəне
физиологиялық, соматикалық жəне психикалық, т.с.с. түрлерін ажы-
ратады.
Сыртқы ортаның құбылмалы өзгерістеріне дені сау адамның
бейімделуі арнайы физиологиялық реакциялар арқылы жүзеге асы-
рылады.
Физиологиялық бейімделу деп организмнің жүйе, мүше, ұлпа
қызметтерінің белсенділігі мен олардың өзара байланысын реттеуші
механизмдердің орнықты деңгейін айтады. Мұның мəні жаңа
орта жағдайларында организмнің сақталуына, дамуына, қалыпты
тіршілігін қамтамасыз ететін əрекеттердің қайта құрылуына келіп
тіреледі. Сонымен бірге қоршаған ортаның өзгермелі жағдайларында
адамның ұзақ өмір сүруі, жұмысқа қабілеттілігінің сақталуы, ұрпақ
жаңғыртуы бейімделудің көрнекті белгілері болып саналады.
Морфологиялық бейімделудің негізін жасушалық бейімделу
түзеді. Жасушалық бейімделу деп тіршілігін сақтап қалу үшін
əртүрлі қоршаған орта жағдайларына жасушаның икемделуін ай-
тады. Ол организмдік бейімделудің бастапқы кезеңі болып санала-
ды. Жасушалық бейімделуді шамамен, генотипті жəне фенотипті
деп екіге жіктейді. Генотипті (тектүр) бейімделу шыдамды, берік
жасушаларды іріктеу нəтижесінде пайда болады. Ал фенотипті
(белгітүр) бейімделу зиянды факторларға қарсы қорғаныш реакция-
сы ретінде туады. Ол тітіркендіргіштердің қарқыны мен мерзіміне
байланысты болады. Сондықтан бейімделудің ұзақтығы жəне
жасушаның төзімділігі өзгеріп отырады.
Организмнің фенотипті бейімделуін даралық бейімделу деп
те атайды. Ол ортаның белгілі факторларына бұрын болмаған
тұрақтылықты жəне алдында шешімі қиын мақсаттарды жаңаша
шешу мүмкіндігін қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Мұнда ең
əуелі осы нақтылы факторға жауапты физиологиялық жүйелер
жұмылдырылады, соңынан жалпы бейарнайы стреске қарсы жүйелер
іске қосылады. Даралық бейімделу түрлік икемделудің құрамына
21
кіріп, оның дамуына əсер етеді. Бұл популяциялық бейімделу.
Популяциялық-түрлік бейімделу тұқымқуалаушылық арқылы жеке
организмдерге беріледі.
Жалпы бейімделу организмнің екі түрлі реакциясына бай-
ланысты болады. Біріншісінде, əсер етуші факторларды түйсіну
үшін физиологиялық реакция белсендіріледі, ал екінші түрінде,
оның факторлар əсерімен кездесуден организм қашқақтайды.
Өйткені организмнің функциялық күйіне, жағдайына байланысты
бейімделетін факторлар жағымды немесе жағымсыз реакциялар
тудыруы ықтимал. Сондықтан көбінесе, бейімделудің мəнін толық
ұғыну оның пайда болатын жағдайларын айқындауды талап етеді.
Адамдарға төтенше факторлар əсер еткенде екі түрлі реакция
байқалады. Біреуі барабар жауап беру болса, екіншісі – абыржу
реакциясы. Барабар реакция организмнің арнайы жауаптары арқылы
төтенше факторлардың əсерін əлсіретіп немесе жойып, оның қажетті
іс-əрекетін сақтауға бағытталады. Мұндай жағдайда адам байып-
ты, мақсатты мінез көрсетеді. Оған көтеріңкі сезім күйі (эмоция)
əсер етеді. Организм реакциясының бұл түрінде талдағыштардың
сезімталдығы өзгереді, зейін шоғырланады, қысқа мерзімдік жəне
оперативті зерде жақсарады, іс-қимылдар дəйекті жоспармен
атқарылады. Адамды қырағылық, қосымша сақтық пайда болады.
Абыржу
реакциясы
кезінде
талдағыштардың
түйсіну
табалдырығы көтеріледі, зейін шашырайды, зерденің көлемі азайып,
адамның жұмысқа қабілеттілігі төмендейді. Абыржу реакциясының
активті жəне пассивті түрлері бар. Активті түрін үрей билеген
адамның мінезінен байқауға болады. Ол пайда болған жағдайдан
қашу əрекетінен басталады. Алайда, бұл мінездік көрініс қисынсыз,
орашолақ түсініксіз жағдайда байланысы жоқ қимылдардан тұрады.
Адамның эмоциялық күйі тасып, еліктеу жəне илану қасиеттері
жоғарылайды. Ал абыржу реакциясының селқос түрінде, керісінше,
белсенді қимыл тыйылады. Адам дағдарып, еркінен айрылып, есінен
танады. Ықпал еткен фактор əсерінен мелшиіп, қаша алмайды. Бүкіл
талдағыштардың сезімталдығы өте төмендейді.
Əдетте, төтенше факторларға жауаптың түрі оларды тудыратын
себептердің сипатына байланысты. Осы себептерді жағдайға бай-
ланысты сыртқы, ішкі жəне əлеуметтік деп жіктейді. Сыртқы се-
бептер əсер етуші факторлардың күші, қарқыны, мерзімі, ырғағы,
қасиеттеріне байланысты болады. Сонымен бірге іс-əрекетті
22
ұйымдастыру сатысы, яғни жұмыс орны, мекені адамның техника-
мен қарым-қатынасы ықпал етеді. Ал əртүрлі реакция тудыратын
ішкі себептерге адам психикасының ерекшеліктері, мінез-құлқы
жəне организмнің хал-ахуалы жатады.
Əлеуметтік себептердің ішінде іс-əрекеттің мақсатын,
адамдардың өзара қатынасын жəне талаптарын атауға бола-
ды. Осы себептердің салдарынан организмнің қалыпты жағдайы
өзгеріп, негізгі əрекеттері зор күш салу арқылы қамтамасыз етіледі.
Сондықтан оның физиологиялық қосалқы қоры тез азаяды, тіпті,
кейде сарқылады немесе үдеріске компенсациялық механизмдердің
тиімсіз түрлері жұмылдырылады.
Алайда, организм сыртқы жəне ішкі ортаның əртүрлі фактор-
ларымен өзара əрекетінде осы белсендіру немесе тосқауылдау
механизмдерін барлық деңгейде қатар қолданады. Сөйтіп ол өзінің
бірнеше кезеңнен өтетін бейімделу үдерісін қамтамасыз етеді.
Бейімделу кезеңдері
Бейімделу нақтылы физиологиялық механизмдермен байланыс-
ты бірнеше кезеңдерден тұрады. Бейімделудің 1-кезеңі – бастапқы
кезең тітіркендіргіштер əсер еткен алғашқы сəттен басталады.
Мұнда əртүрлі бағытталған құрама реакция байқалады. Бірінші
құрама реакция бағдарлау рефлексіне байланысты. Бұл рефлекс
пайда болғанда, осыған дейінгі іс-əрекетті тежейді. Жалпы тежеуші
реакция күшті тітіркендіргіштің бəріне жауап ретінде туады.
Екінші құрама реакция – қозу түрінде жүзеге асырылады. Мұнда
жүйкелік трофикалық ықпалдар белсендіріледі жəне мүшелердің
қызметі күшейеді. Бұл əсерленістерді симпатикалық адреналдық
жүйемен бірге орталық жүйке жүйесі атқарады. Алайда, бейімделудің
бастапқы кезеңінде, олар өзара үйлесімсіз болуы мүмкін. Сонымен
қатар бұл кезеңге организмнің эмоциялық өзгерістері де қатысады.
Бейімделістің келесі сатысы – 2-кезең өтпелі кезең. Мұнда
орталық жүйке жүйесінің қозғыштығы төмендейді, гормондардың
белсенділігі азаяды. Ол кезде организмнің икемделу механизмдері
ұлпаларда тереңдей түседі.
Бейімделудің 3-кезеңі тиянақты кезең – организмнің жəне
оның мүшелері мен жүйелерінің жаңа жағдайларға мұқият икемде-
лу сəтін көрсетеді. Олардың қызметі үйлесімді келеді. Организмнің
бейарнайы төзімділігі көтеріледі жəне əркелкі арнайы бейімделудің
механизмдері дамиды. Бұл кезең физиологиялық үдерістерді үнемді
атқарады жəне энергия шығынын азайтады.
23
Бейімделудің бұл кезеңін ұдайы өзгермейтін тұрақты жағдай деп
қарастыруға болмайды. Организмде оның ауытқулары, өзгерістері
жиі болуы ықтимал. Өйткені оған əр алуан қосымша жанама фак-
торлар ықпал еткенде, ол өзінің тіршілік күйінің шығыны мен қайта
қалыптасуына байланысты туатын гомеостаздың жаңа деңгейін
үнемі сақтауға тиіс. Сондықтан бүкіл физиологиялық функциялар
зор күш салу арқылы жүзеге асырылады. Ол организмнің энергия
шығынын ұлғайтады, иммундық жəне гормондық қосалқы қорын
азайтып, аяғында бейімделудің бұзылуына – дизадаптацияға əкеліп
соғады.
Дизадаптация кезеңі организмнің қызметтік қоры сарқылуы
немесе нейрогуморалдық жəне зат алмасудың өзара байланы-
сы бұзылуы нəтижесінен орын алады. Бұл жағдайда бейімделудің
бастапқы кезеңі сияқты іс-əрекеттің тұрақты көрсеткіштерінің
ауытқулары пайда болады. Олар үйреншікті тітіркендіргіштер ша-
мадан тыс немесе кездейсоқ факторлар көп уақыт əсер еткенде туа-
ды.
Организм бейімделу тудырушы əсерлер болмаған жағдайда,
соның салдарынан туындаған морфологиялық жəне физиологиялық
ерекшеліктерден біртіндеп арылады. Алайда, оның жойылған икем-
делу реакциялары сол бейімдеуші факторлар тағы да əсер етсе,
қайтадан қалыптасуы мүмкін. Мұны қайта бейімделу (реадаптация)
деп атайды.
Бейімделу механизмдері мен белгілері
Адам экологиясының негізгі мақсаты организмнің бейімделу
үдерісін қамтамасыз ететін физиологиялық механизмін зерттей оты-
рып, икемделу əрекетін жетілдіру болып саналады. Мұның басты
міндеті – адамның денсаулығын сақтау, оны жақсарту жəне аурудың
алдын алуда өте тиімді жүйелер жасау.
Организмнің икемделуі негізін жүйкелік жəне гуморалдық ме-
ханизмдер құрайды. Денеге күшті, өте күшті, орасан жəне төтенше
тітіркендіргіштер оқыс əсер еткенде, оларды қабылдап, өңдейтін
негізгі жүйке құрылымдарында стрестік жағдай пайда болады.
Қоршаған ортаның құбылмалы өзгерістеріне икемделуді жүзеге
асыратын бейімделудің жалпы физиологиялық механизмдері
24
физиологиялық жүйелер арқылы атқарылады. Ол қозғағыш жəне
жағдайлық тітіркендіргішті бағалаудан басталып, шешім қабылдау
мен болашақ нəтижені алдын ала болжауды қалыптастырады. Со-
дан кейін əрекет нəтижесін салыстырғыш (акцептор) аппарат іске
қосылады (6-тараудағы 36-суретті қараңыз). Физиологиялық жүйе
лимбия, торлы құрылым жəне ми қыртысының белгілі аймақтарын
қамтиды.
Бейімделу кезінде ақиқатты бейнелеу негізгі шартты рефлекстер
арқылы жасалады. Ол əсіресе, бейімделудің сақтық жəне ишаралық
мəнін айқын бейнелейді.
Жоғарыда айтылғандай, əрбір бейімделу, əсіресе, төтенше
жағдайларда, зор энергия шығынымен тіршіліктің маңызды
жүйелерін реттеуші механизмдердің күш салуын талап етеді. Бұл
бейімделудің алғашқы сəттерінде компенсациялық механизмнің
белсендірілуі арқылы жүзеге асырылады.
Жалпы компенсациялық механизмдер ортаның төтенше фак-
торларынан туатын алғашқы рефлекстік реакция. Ол организмдегі
əрекеттер биологиялық маңызы бойынша организмнің қосалқы
амалдарының негізгі бөлімі болып саналады. Олар – өте жылжы-
малы, организмнің апаттан шығу жағдайларын қамтамасыз ететін,
жедел пайда болатын физиологиялық амалдар. Сондықтан бұл
тиімді компенсациялық механизмдер барабар емес жағдайларға
бейімделудің тиянақты кезеңі дамығанша ұстап тұрады.
Организмнің бейімделу механизмдері ішінде эндокриндік
жүйенің мəні өте зор. Мұны тұңғыш анықтаған канадалық ғалым
Г. Сельенің (1935) айтуынша, бейімделудің негізін гипоталамус-
гипофиз адренокортикалық жүйенің белсенділігі құрайды. Мұны
организмнің стресс жағдайларында байқауға болады. Стресс –
ортаның күші мен қасиеті əртүрлі факторларына жауап ретінде туа-
тын организмнің арнайы емес реакциясының жиынтығы. Бұл күйдің
биологиялық мəні – ортаның жаңаша жағдайларына икемдеуші
механизмдерінің іс-əрекетін көтеру. Икемделу реакциялары
неғұрлым жоғары болса, соғұрлым организм қоршаған ортаның
төтенше жағдайларына төзімді келеді жəне жылдам бейімделеді.
Г. Селье организмнің төзімділік қасиетінде жетекші мəні бар
негізгі жүйелік əсерленіс тек аденогипофиз жəне бүйрекүсті безі
гормондарының белсенділігі деп санады. Алайда, ол стресс кезінде
гормондардың рөлін ерекше дəріптегенімен, кейінгі еңбектерінде
25
бейімделуге басқа механизмдердің де қатысатындығын теріске
шығарған жоқ. Расында, тітіркендіргіштердің əсері вегетативтік
жүйке арқылы əркелкі ұлпаларға, оның ішінде бүйрекүсті безінің
милы қабатына жететіндігі дəлелденді. Сөйтіп соңғыларда адре-
налин мен норадреналинді жұмылдыратындығы анықталды. Ал
басқа жүйке жолдары гипофиздің сыртқы бөлігінде вазопрессинді
белсендіріп, қан тамырлары жүйесі мен бүйрекке ықпал жасайды.
Қазіргі кезде бұл механизмдер көптеген жұмыстарда одан əрі
дəлелдене түсуде. Мысалы, біздің зерттеулерімізде Пəкістанның
орталық жəне оңтүстік жазық аудандарын мекендеген студенттердің
Семей қаласының климаттық жағдайына бейімделуін зерт-
теу барысында вегетативті жүйке жүйесінің функциялық күйі
зерттелінген 81,4% шетелдік студенттердің симпатикалық жəне
парасимпатикалық тонус қатынасының бұзылуымен жəне 80,0%
– вегетативті реактивтілік өзгерістерімен сипатталған. Ол аудан-
дар мынадай климаттық ерекшеліктерімен сипатталады: елдің
үлкен бөлігі құрғақ континенталды субтропикалық климат болып
келеді. Қаңтар айында Үнді жазығында температура +12°С-тан
+16°С-ге дейін болады, аязды күндер кейде ғана -20°С-ге жететін
тек елдің солтүстігіндегі тауларда байқалады. Қаңтарда орташа
температура +14°С, шілдеде +30°С мөлшерінде болады. Ал Семей
қаласының қысқы айларында ауаның орташа температурасы -14°С
(Б. А. Жетпісбаев, А. Ш. Қыдырмолдина, 2003).
ВЖЖ функциялық күйі бұзылған студенттерде иммундық
жүйе көрсеткіштерінің өзгерістері жоғары деңгейде болған. Бұдан
бейімделу үдерісінде орын алған организмде жүретін өзгерістер
атап айтқанда, вегетативті жүйке жүйесі күйімен байланысты екенін
көруге болады.
Сонымен қатар стрессорлық факторлардың əсерінен гипофиздің
алдыңғы бөлігінде кортикотропинмен бірге соматотропин жəне го-
надотропин гормондарының түзілуі жеделдейді. Қазіргі кезде бұл
құбылыстар гипоталамустың «босатушы (рилизинг) факторлары»
арқылы жүзеге асырылатындығы күмəнсіз сипатталды. Ол əрине,
өзінің ықпалын мидың басқа құрылымдарымен (лимбия жүйесі,
орталық ми) бірігіп іске асырады.
Организмнің стрессорлық реакцияларына бүйрекүсті безінің
тағы бір гормоны – альдостерон қатысады. Ол өзінің əрекетін ре-
нинангиотензин жүйесі арқылы жүзеге асырады. Сондықтан бұл
26
реакция кезінде симпатикалық-адреналдық жүйемен байланысты
қан айналысы мен су-тұз гомеостазына қатысты бүйрек қызметінің
көрсеткіштері өзгереді.
Организмде күйзеліс кезінде жаңа жағдайларға икемделудің жал-
пылама реакциялары байқалады. Мұндай стереотипті жауаптардың
жиынтығын Г. Селье бейімделудің жалпы синдромы деп атады. Ол:
абыржу, төзімділік (резистенттілік) жəне түгесілу (əлсіреу) сияқты
3 сатыдан өтеді. Абыржу сатысы естен тану (шок) жəне оған
қарсы кезеңдерден тұрады. Бұл кезеңде орталық жүйке жүйесінде
өзгерістер пайда болады, жабырқау, гипотония, гипотермия,
мембрананың өткізгіш қасиеті мен зат алмасу нашарлайды. Естен
тануға қарсы кезең қарама-қарсы көріністермен сипатталады.
Төзімділік (резистенттілік) – əркелкі зиянды факторлар əсер
еткендегі организмнің орнықты күйін, яғни оларға төтеп беру
қасиетін көрсетеді. Бұл оның реактивтілік қасиетін қалыптастырады.
Реактивтілік организмнің төзімділік механизмінің жалпы атын
көрсетеді. Ал төзімділік – реактивтіліктің қорғаныс жəне икемделу
ісі екендігін айқындайды. Бұл сатыда бүйрекүсті безінің қыртысты
қабаты белсендіріліп, кортикостероидтар көп түзіледі.
Төзімділіктің арнайы жəне бейарнайы түрлерін жіктейді. Ар-
найы төзімділік қоршаған ортаның тек белгілі факторларында
ғана байқалады. Ол кейбір жұқпалы аурулардан немесе жасанды
иммунитет қалыптастырудан кейін пайда болады. Сонымен бірге
ортаның белгілі бір факторларына (биік таулы жерде, суыққа, күшті
жүктемелерге жəне т.б.) бейімделу кезінде туады.
Шетелдік студенттердің жергілікті мекені мен Семей қаласында
желтоқсан айына тəн ауаның орташа температура айырмашылығы
28°С сипатталатын суықтық факторлар иммундық жүйенің нақты
өзгерістерін тудырған.
Кейбір тітіркендіргіштер əсер еткенде пайда болатын бейімделу
мен жоғары төзімділік басқа да факторларға қарсы байқалады.
Мұны айқас төзімділік деп атайды. Алайда, кейбір жағдайларда,
керісінше, жоғары төзімділікпен қатар, басқа тітіркендіргіштерге
айқас өте сезімталдық болуы ықтимал. Бұл айқас сенсибилизация
деп аталады. Ол организмнің иммундық қасиеті арқылы ішкі жəне
сыртқы антигендерге əсіресезімталдығын сипаттайды. Өйткені ар-
найы төзімділік механизмі негізінен иммунитет арқылы жүзеге асы-
рылады.
27
Организмнің бейарнайы төзімділігі деп оның табиғаты əр алуан
көптеген факторлардың төтенше əсерлеріне тұрақтылығын айтады.
Бұл орасан жүктемелер кезінде ғарышкер, ұшқыш, сүңгушілерде
байқалады. Бұл төзімділіктің шығу механизмі өте күрделі, толық
анықталған жоқ. Алайда, организмнің зиянды əсерлерге жауап-
тары, ол іс жүзінде асырылатын деңгейіне қарамастан, біртұтас
жүйенің жауабы түрінде қалыптасады. Ол басқа мүшелер мен
ұлпаларға өз ықпалын жүйке жəне эндокриндік жүйелер арқылы
жеткізеді. Əсіресе, Л. А. Орбели бұған симпатикалық жүйкенің
қатысатындығын, оның бейімделу-нəрлендіру (адаптациялық-
трофикалық) ықпалын жеткілікті дəлелдеді.
Ал А. Д. Сперанский улы жəне уыттық (токсин) заттарға,
жарақаттарға организмнің төзімділігі əртүрлі жүйкелер арқылы
қалыптасатындығын, олай болмаған жағдайда, дистрофиялар пайда
болатындығын көрсетеді.
Жалпы сенсибилизация немесе резистенция кезінде алдағы
жаңаша тіршілік жағдайларының сипатына қарай адам мен жа-
нуарлар организмінің морфологиялық қалпын қалыптастыруда
нейрогуморалдық реттеуші жүйе жетекші болып саналады.
Организмнің бейімделуге даярлығы, оның бірнеше рет икемде-
лу кезінде немесе арнайы жаттықтыру арқасында бейімделген ме-
ханизм қасиеттеріне байланысты. Осыған орай, қоршаған ортаға
бейімделу қабілетіне сəйкес адамдарды екі топқа бөледі. Бірінші то-
бын спринтрлер («шапшаңдар») деп атайды. Олар қоршаған ортаның
қауырт қысқа мерзімді құбылыстарына оңай жəне тез бейімделеді.
Ал стайерлер («шыдамдылар») деп аталатын екінші топ өкілдері ор-
ганизм əрекеттерін өзгерте алатын, ұзақ уақыт əсер ететін фактор-
лар əсеріне жақсы бейімделеді. Олардың бейімделуі тиянақты жəне
тұрақты болып келеді.
Негізінде организмнің бейімделуге даярлығын жəне оны
нəтижелі жүзеге асырылуын, яғни бейарнайы төзімділігін
нығайтатын көптеген маңызды факторлар бар. Олардың қатарына
ұтымды дұрыс тамақтану, белгілі режим, бейімдегіш дəрі-дəрмектер
(адаптогендер), дене шынықтыру жəне жаттықтыру, биологиялық
ырғақтар жатады.
Пəкістандық студенттердегі иммунологиялық ауытқулар кезінде
пантогематоген жəне аралия адаптогендерін қабылдау иммунитет
жүйесінің функциялық белсенділігінің жоғарылауын қамтамасыз ет-
28
кен. Адаптогендерді қолдану барысындағы иммундық жүйе күйінің
жағымды өзгерістері, атап айтқанда, олардың вегетативті жүйке
жүйесіне жəне энергиялық алмасуға ықпал етумен байланысты
болған.
Пантогематогенді бастапқы парасимпатикотония фонында
қолдану иммунологиялық көрсеткіштерге жақсы ықпал етсе, ал ара-
лия тұнбасы – бастапқы симпатикотония фонында сондай ықпал
жасаған.
Сондықтан
бейімделуге
толық
даярлық
генотиптік
жəне фенотиптік факторларға негізделіп, бейімдеуші жəне
гомеостатикалық механизмдер арқылы қалыптасып жетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |