Оқулық Алматы, 2014 2 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің


Қозғалыс дағдыларын бағдарламалы үйрету принциптері



Pdf көрінісі
бет14/47
Дата31.03.2017
өлшемі9,2 Mb.
#10684
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   47

Қозғалыс дағдыларын бағдарламалы үйрету принциптері

Үйретудің бағдарламалы түрінде: 

1. Үйрету бағдарламасының болуы;


146

2. Үйретуді этаптарға бөлу;

3.  Оперативті  (жедел)  бақылау  жəне  шұғылданушының  жеке-

дара ерекшеліктеріне байланысты оқытудың сандық жəне сапалық 

тұстарының  өзгеру  мүмкіндігі  сияқты  жетекші  бөлімдерді  бөліп 

көрсетуге болады.

Бағдарламалы  үйретудің  негізін  салушы  Б.  Скиннер 3 негізгі 

принципін  ұсынған.  Сызықтық  принципі  бойынша  егер  келесі  əр 

операция алдыңғы операция толық, қатесіз орындалған соң орында-

латын болса, үйрену соғұрлым тиімді болады. Қозғалыстың күрделі 

формаларын  бағдарламалы  үйретуде  бұл  принциптің  мүмкін  емес 

болуы ықтимал.



Тармақталған  бағдарламалау  бойынша  күрделі  қозғалыстың 

қанағаттанарлықтай 

дəрежеде 

орындалуына 

жаттығудың 

құрылымдық  жəне  биомеханикалық  тұтастығының  сақталуы 

кезінде  жету  мүмкін  болады.  Тұтас  қозғалыстарды  орындау  бары-

сында  қателіксіз  мүмкін  емес  болғандықтан,  бағдарламада  оларды 

жою  да  қарастырылған.  Жаттығу  қатесіз  орындалған  жағдайларда 

соңғы нəтижеге жету жолы қысқарады. 



Аралас  бағдарламалауда  оқушының  оқылатын  материалға 

бейімделу  элементтері  ескеріледі.  Меңгеру  үдерісі  қате  туындама-

ғанға  дейін  сызықтық  бағдарламасы  бойынша  жүреді.  Туындаған 

қате тармақталған бағдарламалау əдісі бойынша бейімделудің жеке-

дара мүмкіндіктерін ескере отыра түзетіледі.

Сонымен  қатар  қозғалыстарды  орындауда  табыстарға  жету 

жағымды  эмоциялық  күйлермен  қатар  жүреді.  Ал  қозғалыс 

дағдысының  табысты  орындалмауы  керісінше,  жағымсыз  эмо-

цияларды  тудырады.  Жағымды  эмоциялармен  орындалған  дене 

жаттығуларының  тез  меңгеріліп  əрі  берік  бекітілуі  осының  салда-

рынан  болады.  Олар  жетекші  эмоция  жəне  жағдайлық  эмоция  бо-

лып бөлінеді. Жетекші эмоция мұқтаждықтың пайда болуымен не-

месе  күшеюімен  байланысты.  Бұл  эмоциялық  əсерленушіліктің 

сапасы  мен  өзгешелігі,  оны  туғызған  мұқтаждықтың  түрлері  жəне 

ерекшеліктерімен  байланысты.  Жағдайлық  эмоция  мақсатты 

жүзеге  асырушы  іс-қимылды,  нақтылы  жетістіктерді  күтіп 

отырған  нəтижемен  салыстырудан  шығады.  Осыған  байланыс-

ты  эмоциялық  əсерленушілік  жағымсыз  немесе  жағымды  болуы 

ықтимал. Жағымсыз эмоциялар дағдының вегетативтік бөлімдерінің 

айтарлықтай  күштенуін  тудырады.  Нəтижесінде  ішкі  мүшелер 



147

қызметінің бұзылулары, вегетативтік невроздар пайда болуы мүмкін. 

Сонымен  қатар  эмоциялық  тонус  жоғарылауының  төзімділіктің, 

максималды  күш  пен  жылдамдықтың  (шапшаңдықтың)  көрінуіне 

ықпал жасайтыны белгілі. 

Қозғалыс есі (зердесі)

Жүйке  үдерістері  бір  жағынан,  орталық  жүйке  жүйесіне  сезім 

мүшелері арқылы афференттік импульстардың белгілі комплекстері 

мен  орындаушы  мүшелерге  эфференттік  жүйкелер  арқылы 

импульстардың  арнайы  комплекстерінің  жіберілуімен  байланысты 

еске қалдыру кезінде сыртқы жəне ішкі орта əсерлерінің ми нейрон-

дарында із жазбасын (энграммасын) қалдырады. 

Ес (зерде) дегеніміз – жүйкенің ақпаратты код («қойма») түрінде 

сақтап,  нақтылы  бір  жағдайда  оның  қасиеттері  мен  көшірмесін 

өзгертпестен  қайта  жаңғыртуы.  Бұл  «қойманың»  ішінде  басқа  да 

ақпарат түрлерімен қатар əртүрлі дене жаттығуларын орындау тех-

никасымен байланысты бұлшық еттерді үйлесімді (координациялы) 

басқару бағдарламасы арқылы қалыптасқан ақпараттар да бар. 

Дене жаттығуларын орындау үшін бұлшық еттердің жиырылуын 

басқару бағдарламасын есте сақтаудың маңызы зор. 

Еспен байланысты жүйке үдерістері əрқайсының өзіндік маңызы 

бар: 

1. Түрлі сезім мүшелерінен түскен ақпараттарды қабылдау;



2. Осы ақпаратты өңдеу жəне талқылау (синтездеу);

3. Өңделген ақпарат нəтижелерін бекіту (сақтау);

4. Қажет ақпаратты мезгілінде қайта жаңғырту (еске түсіру);

5. Жауап  реакцияларын  бағдарламалау  сияқты  бірнеше 

бөлімдерден тұрады.

Кейбір  кездерде  спортшыларда  қажетті  ақпаратты  еске  түсіру 

уақытша қиынға соғады. Бұл жағдайлар жүйке жүйесінің қалыпты 

қызметін  бұзатын  факторлар  мен  жағымсыз  эмоциялардың  əсері 

кезінде байқалады. Осының салдарынан дене жаттығуларын орын-

дау қиынға түседі. 

Қозғалыс актілерінің түрлі көрсеткіштері бірдей есте сақталып, 

еске  түсірілмейді.  Ол  қабылданған  ақпараттың  мөлшері  мен 

ерекшелігіне  байланысты.  Мысалы,  күштік  ширығу  статикалық 


148

жаттығуларға  (мұнда, 15-25% ауытқумен  жүреді)  қарағанда, 

динамикалық қозғалыстарда айтарлықтай дəлірек болады. 

Бұл  В.  С.  Фарфель  бойынша  қозғалыс  кезінде  орталық  жүйке 

жүйесіне кері байланыс арқылы тек бұлшық ет қана емес буын ре-

цепторларынан  да  импульстердің  түсуімен  түсіндіріледі.  Қозғалыс 

əрекетінің  түрлі  фазаларын  жүзеге  асырудың  бірізділігі  мен 

уақыттық көрсеткіштері есте жеткілікті дəрежеде жақсы сақталады. 

Дене  жаттығуларының  уақыттық  жəне  кеңістіктік  көрсеткіш-

терінің дəлдігі мен есте сақталу тиімділігі көптеген факторларға бай-

ланысты. Оларға үйрету дəрежесі, қозғалыс əрекетінің күрделілігі, 

сабақ кезінде жаттығуды қайталау саны, олардың арсындағы интер-

вал  мөлшері,  машықтану  арасындағы  үзіліс  ұзақтығы,  эмоциялық 

күй жəне т.б. жатады.



Қозғалыстың автоматтандырылуы (дағдылы əрекеттенуі)

Спорттық  қозғалыстар  техникасын  толық  жетілдіру  қозғалыс 

актісінің  көптеген  бөлімдерінің  автоматтандырылуымен,  яғни 

адамның  еріксіз,  мақсатқа  лайық  жəне  ішкі  ортаның  əсерінен 

дағдылы əрекеттенуімен өте тығыз байланысты. Адам организмінде 

еріксіз  туындайтын  рефлекстік  актілер  көптеп  кездеседі.  Бұлар – 

вегетативтік  жəне  кейбір  қозғалыс  қызметтерін  (кірпік  қағу,  жұту, 

т.б.) реттейтін түрлі туа пайда болған шартсыз рефлекстік реакция-

лармен байланысты біріншілік автоматизмдер, осымен қатар бұрын 

саналы,  ерікті  өтіп,  тек  одан  кейін  ғана  автоматты  түрде  іске  асы-

рылуы  мүмкін  болатын  реакциялар,  яғни  екіншілік  автоматизмдер 

де бар. Міне, осыларға соның ішінде қозғалыс дағдылары жатады. 

Қалыптасқан қозғалыс дағдылары берік бекітілген уақытша байла-

ныстармен  сипатталады  жəне  олардың  көптеген  бөлімдері  еріксіз, 

яғни автоматты түрде орындалады.

Адамдағы  ұсақ  бұлшық  еттік  құрылымдар  қызметі  жеке 

функциялық моторлық бірліктер немесе олардың кішігірім топтары 

секілді  көбіне,  сезілмейді.  Арнайы  жаттықтырусыз  көптеген  жеке 

бұлшық еттер қызметі де сана сферасында көрінбейді. Тек тұтас дене 

мен ірі мүшелердің ғана қозғалыстары анық сезіледі. Дағдылардың 

вегетативтік компоненттері санада өте əлсіз көрініс береді.

Жүйке  жүйесінде  қозғалыстың  автоматтандырылған  жəне 



149

автоматтандырылмаған  компоненттерін  басқару  үдерістері  бір-

бірімен  тығыз  байланысты.  Үйрету  жəне  жаттықтыру  кезінде 

қозғалыстың  орындалуының  жалпы  сипатына  саналы  бақылау 

жасаудың  маңызы  өте  зор.  Спортшының  қозғалыстың  жал-

пы  құрылымымен  байланысты  алдына  қойған  міндеттерін  са-

налы  қалыптастыруы  жүйке  орталықтарындағы,  бұлшық  еттер 

мен  вегетативтік  мүшелердегі  адамға  жете  сезілмейтін  көптеген 

автоматтандырылған  үдерістерге  жағымды  ықпал  етеді.  Дене 

жаттығуларын орындау ерекшеліктерін санаға дейін жеткізуде (мы-

салы, спортшының жіберген қателігінің сипаты) үдеріс кезінде не-

месе жаттығуды дереу аяқтағаннан кейін алынған жедел ақпараттың 

маңызы  зор  (В.  С.  Фарфель).  Дағдылы  əрекеттенген  қозғалыс 

актісінің бөлімдері қозғалысты аяқтаған соң жекелей немесе кейін 

толығымен сезілуі мүмкін болатынын атап өткен жөн. Мысалы, ке-

неттен оқыс жағдайдағы қақпашы немесе күрескер əрекеті.

Адамдағы  сезім  алаңы  салыстырмалы  тар  болып  келгендіктен, 

ол бір мезгілде көптеген сипаты бойынша əртүрлі қозғалыс актілері 

компоненттерін қабылдай алмайды. Сезім алаңын моторлық актінің 

бір  бөлімі  алса,  одан  сол  уақытта  басқасы  шығады.  Сондықтан 

қозғалыс техникасын үйрету кезінде неғұрлым бұл компоненттердің 

көпшілігін автоматты түрде орындағанға дейін жеткізу керек. Сон-

да  спортшының  сезім  алаңында  жаттығуды  орындаудың  негізгі 

міндеттерімен байланысты ең басты қозғалыстар енетін болады.



Дене жаттығуларын орындаудың энергиялық үнемділігі

Қозғалыс  əрекеті  кезіндегі  энергия  жұмсалуының  үнемділігіне 

қозғалыс пен вегетативтік қызметтердің үйлесімділігі есебінен же-

туге болады.

Энергия  жұмсалу  бірінші  кезекте  дене  жаттығуларын  орындау 

техникасын жетілдіру есебінен төмендейді. Толық жетілдірілмеген 

техника  кезінде  жүйке  орталықтарындағы  иррадиация  (қозудың 

таратылуы)  салдарынан  қозғалысқа  артық  бұлшық  еттер  мен 

қозғалыс  бірліктері  қатысуы  мүмкін.  Мұндай  жұмыс  энергия 

шығынының жоғарылауымен сипатталады. Қозғалыс актісін орын-

дау  техникасының  жетілуіне  байланысты  жүйке  жүйесіндегі  кон-

центрация (қозудың жинақталуы) үдерістері нəтижесінде жұмысқа 



150

тек қажетті бұлшық ет талшықтары тартылады. Нəтижесінде энер-

гия жұмсалу төмендейді (37-сурет).

Қозғалыс  техникасын  жақсы  меңгерген  спортшыларда  энер-

гия  жұмсалудың  үнемделуі  тек  қозғалыс  қана  емес  біраз  шамада 

вегетативтік қызметтердің үйлесімділігінің артуымен де байланыс-

ты.

Олар  қозғалыс  əрекеті  үдерісінде  шартсыз  рефлекстер 



механизмі  бойынша  белсендіріледі  (мобилденеді).  Сонымен  бірге 

қозғалыс  дағдысының  қалыптасуы  кезінде  вегетативтік  шартсыз 

рефлекстердің  өту  сипаты,  олардың  бұлшық  ет  жұмысына  емес 

аталмыш қозғалыс əрекетінің сол түріне бейімделуі өзгеруі мүмкін. 

Нəтижесінде  жүрек,  тыныс  алу,  бұлшық  ет  жəне  т.б.  вегетативтік 

мүшелердің энергия пайдалануы төмендейді. 

Дағдылардың  қалыптасуы  үдерісінде  жүре  пайда  болған 

вегетативтік  мүшелер  қызметінің  бұл  ерекшеліктері  қозғалыс 

актісінің  шартты  рефлекстік  тыныс  алу,  жүрек-тамыр  жəне  т.б. 

вегетативтік компоненттерін құрайды.



спортпен шұғылдануды жаңадан 

бастаған тұлғалар

37-сурет. 3 минутта 400 м арақашықтықты өту кезіндегі техникалық 

дайындықтары əртүрлі байдаркашылардың О

2

 пайдалануы 



(Ф. М. Кузнецов бойынша)

151

Спорттық техниканы үйрету принциптерін физиологиялық 

негіздеу

Спорттық техниканы үйрету тиімділігі əсіресе, жүйке мен бұл-

шық ет əрекетімен байланысты организм қызметінің физиологиялық 

заңдылықтарын  ескерген  жағдайда  ғана  сақталуы  мүмкін  болатын 

бірнеше оқытудың педагогикалық принциптерімен тығыз байланыс-

ты.


Қозғалыс  техникасын  біртіндеп  күрделендіру  техникасы. 

Спорттық  қозғалыстарды  жүзеге  асыру  барысында  бір  мезгілде 

көптеген  бұлшық  еттер  əрекетін  басқаратын  өте  күрделі  уақытша 

байланыстар  қызмет  атқарады.  Бұл  байланыстар  бұрын  түзілген 

қозғалыс  рефлекстерін  кең  қолданудан  біртіндеп  қалыптасады. 

Мұнда  қозғалыстың  жеке  фрагменттерін  меңгере  отырып,  оны 

үйренген күрделі қозғалыс актісі тұтас жүйесіне енгізуге мүмкіндік 

беретін даярлық жаттығуларының маңызы зор. 

Орталық  жүйке  жүйесі  экстраполяция  механизмі  бойын-

ша  өздерінің  сипаты  бойынша  жаңа  қозғалыс  əрекеттерін  тек  са-

лыстырмалы  шектеулі  мөлшерде  ғана  сол  сəтте  бағдарламалауға 

қабілетті  болады.  Егер  үйренген  жаттығу  бұрын  жүре  пайда 

болған  тəжірибемен  жеткіліксіз  байланыста  болса,  онда  програм-

малау  (бағдарламалау)  үшін  орталық  жүйке  жүйесіне  кері  байла-

ныс  арқылы  арнайы  ақпарат  түсуі  қажет.  Адам  сəйкесінше,  алдын 

ала  даярлықсыз  осы  қозғалыс  əрекетін  іске  асыратын  бұлшық  ет 

əрекетінің күрделі өзара қарым-қатынасын дұрыс программалай ал-

майды. Егер мұндай жаттығу жаттықтырушы көмегімен бірнеше рет 

қайталанса, орталық жүйке жүйесіне кері байланыс арқылы бұлшық 

ет жұмысы мен дене мүшелері жағдайының бірізді өзгерістері дина-

микасы туралы мəліметтер түссе, бұл жүйке орталықтарында кейін 

спортшыға қозғалысты өз бетімен орындауға қолданатын əрекеттің 

бағдарламасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жаттығуды  көп  рет  жүйелі  қайталау  принципі.  Қозғалыс 

дағдысының  негізі  болып  табылатын  уақытша  байланыстар 

жаттығуларды  міндетті  түрде  қайталау  кезінде  қалыптасады  жəне 

жетіле  түседі.  Мұнда  қайталау  саны  мен  қайталау  арасындағы 

интервалдар  сияқты  жаттықтыру  сабақтарының  арасындағы 

интервалдардың  маңызы  зор.  Қайталаудың  жеткіліксіз  болуы-

мен  қатар  қажудың  дамуымен  байланысты  өте  көп  қайталау  да 


152

дағдының  қалыптасуын  қиындатады.  Сонымен  қатар  жаттықтыру 

сабақтарының  арасында  интервалдар  қатынасын  да  ескеру  қажет. 

Бір сабақтағы жаттығулардың қайталау санын жəне сабақ жиілігін 

жаттықтыру дəрежесінің өсуіне байланысты көбейтуге болады.

Жан-жақты  техникалық  дайындық  принципі.  Қозғалыс 

дағдысының қалыптасуы үдерісінде түзілген уақытша байланыстар 

қозғалысты көп рет стереотипті орындау кезінде экстраполяцияның 

тарылуына  əкелуі  мүмкін.  Бұл  біржақты  жаттықтыру  кезінде 

туындаған тарылу өзгермелі барабар сəйкес жағдайға қозғалыс си-

патын  өзгерту  мүмкіндіктерін  шектейді.  Мұнымен  қатар  сыртқы 

жағдайдың, спортшы күйінің өзгерістері жаңа жағдайдың қозғалыс-

ты орындаудың стереотипті бағдарламасымен сəйкес келмеуін туды-

руы мүмкін. Осының салдарынан қозғалыс актісі толық емес болуы 

мүмкін. Тек белгілі бір мөлшердегі дене жаттығуларын стереотипті 

орындауға үйретумен қатар жаттықтыру дəрежесін де тежейді.

Үйретудің  жеке-дара  принципі.  Əртүрлі  спортшыларда  жаңа 

күрделі  қозғалыстарды  тез  үйрену  қабілетін  детерминациялайтын 

генетикалық  ерекшеліктердің  айтарлықтай  айырмашылықтарының 

болуы мүмкін. Оларда бұрын қалыптасқан дағдылар қоры да түрліше 

болуы  ықтимал.  Жоғарыдағы  екі  фактор  да  спорттық  іріктеуде  де 

жəне  сонымен  қатар  спорттық  қозғалыстар  техникасын  үйрету 

кезінде де жеке-дара жұмыс жүргізудің қажеттілігін көрсетеді.


153

VІІ  ТАРАУ

ДЕНЕ САПАЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ 

ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ МЕХАНИЗМДЕРІ

Бұлшық ет күші қозғалыстың жылдамдығына кері тəуелділікте 

болатыны  өткен  тараулардан  белгілі,  яғни  неғұрлым  қозғалыс 

жылдамдығы жоғары болған сайын соғұрлым күш төменірек жəне 

керісінше (20-суретті қараңыз). Əртүрлі спорттық жаттығулар «күш-

жылдамдық» қисық сызығының түрлі нүктелеріне жатады. Сыртқы 

жүктеме максималды изометриялық бұлшық ет күшіне жуық немесе 

оған  тең  болатын  жаттығулар  меншікті-күштік  жаттығуларға  жа-

тады. Мысалы, шығыршықтағы «буынға тұру», «крест», «алдыңғы 

тепе-теңдік» гимнастикалық жаттығулары, максималдыға жуық не-

месе  максималды  салмақты  штангамен  (бағанамен)  орындалатын 

ауыр атлетикалық жаттығулар. 

Сыртқы  кедергі  төмендеген  кезде  қозғалыс  жылдамдығы  арта-

ды, ал көрінетін бұлшық ет күші төмендейді. Орындау кезінде са-

лыстырмалы жоғары бұлшық ет жиырылу күші мен жылдамдығы, 

яғни үлкен қуаттылық көрінетін максималды изометриялық күштің 

40-70%-ына  тең  сыртқы  жүктемелі  жаттығулар  жылдамдықты-

күштік  жаттығуларға  жатады.  Мысалы,  қысқа  арақашықтыққа 

жүгіру, секіру.

Аз  масса  орын  ауыстыра  орындалатын  қозғалыстарда  (макси-

малды изометриялық күштен 40%-дан төмен) жылдамдық жоғары, 

ал көрінетін бұлшық ет күші салыстырмалы аз. Бұлар жылдамдық 

жаттығуларына  жатады.  Мысалы,  орыннан  кіші  допты  лақтыру, 

жүктемесіз аяқ-қол қозғалыстары.

Аталған жаттығу түрлерін бөлетін шекаралар өте шартты болып 

табылады. 

Бұлшық ет жəне бұлшық ет күшінің физиологиялық негіздері

Бұлшық  ет  изометриялық  жиырылу  жағдайында  максималды 

статикалық күшті көрсетеді.


154

Бұлшық  еттің  максималды  статикалық  күші  жəне  мак-

сималды  ерікті  статикалық  күші.  Бұлшық  еттің  жиыры-

лу  күші  тітіркендіргіштің  күшіне,  жиілігіне  жəне  еттің  құрылыс 

ерекшелігіне, функциялық күйіне байланысты. Бұлшық ет мыңдаған 

ет талшықтары шоғынан (топтарынан) тұратыны белгілі. Бұлшық ет 

құрылымы, қызметі туралы 2-тарауда толығымен баяндалған бола-

тын (8-15-суреттерді қараңыз). 

Бұлшық ет изометриялық жиырыла отырып, ол үшін мүмкін бо-

латын максималды ширығуы: 

1) сол бұлшық еттердің барлық моторлық бірліктерінің (бұлшық 

ет талшықтары) белсенуінде;

2) оның барлық қозғалыс бірліктерінің толық тетанусы (сіресіп 

жиырылуы) режимінде;

3) тыныштықта ұзындыққа бұлшық ет жиырылуында сияқты 3 

жағдай бір мезгілде орындалғанда дамиды.

Осы  жағдайларда  бұлшық  еттің  изометриялық  ширығуы  оның 

максималды статикалық күшіне сəйкес келеді.

Бұлшық  еттердің  аз  бөлігі  ғана  ерікті  əрекет  ете  алады.  Қаңқа 

бұлшық еттерінің күш градациясы негізінен жүйке жүйесімен коор-

динацияланады.  Қимыл  бірліктерінің  саны  бұлшық  ет  ширығуын 

бақылауда  маңызды  рөл  атқарады.  Моторлық  бірліктегі  барлық 

бұлшық  ет  талшықтары  бір  мезгілде  байланысатындықтан 

жүктемелер  күші,  жиілігі,  т.б.  барлық  бұлшық  ет  талшықтарға  

бірдей (идентивті) болады (38-сурет).



Жұлын

Бұлшық ет талшықтары

Мотонейрондар

38-сурет.  Моторлық бірліктер: мотонейрондар мен олар жабдықтайтын 

бұлшық ет талшықтары (From Matthews GG Cellular Physiology of Nerve 

and Muscle Blackwell Scientifi c Publications)


155

Белгілі  бір  бұлшық  еттің  қозу  табалдырығын  анықтаған  соң 

тітіркендіргіш  күшін  біртіндеп  көбейтсе,  бұған  сəйкес  бұлшық 

еттің  жиырылу  күші  біртіндеп  өседі,  бірақ  тітіркендіргіштің  күші 

белгілі бір деңгейге жеткен соң бұлшық еттің жиырылу күші одан 

əрі күшеймейді.

Осыған  орай  тітіркендіргіштің  ең  төмен  (минималдық)  жəне 

ең жоғары (максималдық) табалдырық күші болады. Бұлшық еттің 

құрамындағы моторлық бірліктің əрқайсысының қозу табалдырығы 

əртүрлі. Сол себепті минималдық табалдырық ең қозғыш моторлық 

бірлікті  қоздырады,  ал  максималдық  табалдырық  бұлшық  еттегі 

барлық миоциттердің қозу табалдырығынан жоғары болатындықтан 

бəрін  жиырылтады.  Мұнымен  бірге  бұлшық  еттің  жиырылу  күші 

тітіркендіргіштің жиілігіне байланысты. Еттің оптимум жəне песси-

мум жиілігі болатыны жəне оның себептері белгілі. Ұзын бұлшық 

ет  талшықтары  қысқаларына  қарағанда,  қаттырақ  жиырылады. 

Қажыған еттің жиырылу күші біртіндеп азаяды. 

Моторлық  бірліктердің  мөлшері  адамның  қартаюы  барысында 

кеми түседі (39-сурет жəне 12-тараудағы 73-суретте көрсетілген).  

Дегенмен,  жекелеген  бұлшық  ет  талшықтарының  атрофиясын 

ішінара  алдын  алуға  жəне  жаттығулар  арқылы  қалпына  келтіруге 

болады. Ал жоғалған талшықтарды қалпына келтіру мүмкін емес. 



39-сурет. Жасқа байланысты моторлық бірліктердің азаюы (Campbell et 

al., J Neurol Neurosurg Psych 36:74-182)



156

40-суретте моторлық бірлік түрлері мен максимум изометрия-

лық күштің байланысы ересектер мен қарттар арасында салыстыра 

зерттелінген. Зерттеу нəтижелерінен ҒҒ моторлық бірлігінің жасқа 

байланысты  азаюын,  ал S моторлық  бірліктің  жастарға  қарағанда 

қарт  адамдарда  басым  келетінін  байқауға  болады.  Яғни  жасқа  сай 

күшті  тудыру  жылдамдығы  мен  қуаттылығының  төмендеуі  орын 

алады. 

Бұлшық  еттің  күші  оның  көтере  алатын  ең  үлкен  жүгімен 



анықталады. Бұл кезде ет талшықтарының бəрі қатысады, қатаяды. 

Мұндай  күшті  максималдық  күш  (МК)  дейді.  Максималдық  күш 

сол бұлшық етті құрайтын бұлшық ет талшықтарының санына жəне 

оның əрқайсысының жуандығына байланысты.



40-суретМоторлық бірлік түрлері мен максимум изометриялық күштің 

байланысы (Kadhiresan et al., (1996) J Physiol 493:543-552)

Бұлшық ет максималдық күшінің оның анатомиялық көлденеңі 

ауданына қатысын бұлшық еттің салыстырмалы күші деп атайды. 

Бұл 1 см

2

-та күш ньютонмен немесе килограммен өлшенеді (Н/см



немесе кг/см²). Бұлшық еттің анатомиялық көлденеңі деп бұлшық 

еттегі барлық талшықтардың көлденең кесіндісінің жинақы ауданын 

айтады,  яғни  бұлшық  ет  ұзындығына  перпендикуляр  жүргізілген 

оның көлденең кесіндісі ауданы ретінде анықталады. 


157

Мұнымен қатар бұлшық еттің физиологиялық көлденеңі немесе 

көлденең  ауданы  деген  де  ұғым  бар.  Егер  бұлшық  ет  талшықтары 

бір-бірімен  қатар  (параллель)  жатса,  онда  бұлшық  еттің  жинақы 

физиологиялық көлденеңі оның анатомиялық көлденеңіне тең бола-

ды. Ал бұлшық ет талшықтары құстың жүні тəрізді қисық орналас-

са, онда əр талшықтың қақ ортасынан өтетін көлденең сызығының 

ауданы (физиологиялық көлденең ауданы) анатомиялық ауданынан 

жоғары болады. Сондықтан мұндай бұлшық еттер күштірек келеді. 

Бұлшық  еттің  максималдық  күшінің  физиологиялық  көлденеңіне 

қатынасы бұлшық еттің абсолюттік күші деп аталады. Ол шама-

мен, 0,5-1 Н/см

аралығында болады.



Адамда бұлшық ет күшін өлшеу оның ерікті күш салып, қажетті 

бұлшық  еттерді  максималды  жиырылтуға  тырысуы  кезінде  жүзеге 

асырылады. Сондықтан адамның бұлшық ет күші туралы айтқанда 

максималды  ерік  күші  (МЕК)  туралы  сөз  болады  (спорттық  пе-

дагогикада  бұл  түсінікке  «бұлшық  еттің  абсолютті  күші»  түсінігі 

эквивалентті қолданады). Ол: 

1. Бұлшық еттік (шеткі);  

2. Координациялық (орталық-жүйкелік) сияқты 2 топ факторла-

рына байланысты.

МЕК анықтайтын бұлшық еттік (шеткі) факторларға:

А)  бұлшық  ет  ауырлығы  əсерінің  механикалық  жағдайы,  яғни 

бұлшық ет күші оның сүйекке бекітілуіне де байланысты. Рычагты 

түрде бекітілгенде еттің күші жоғары болады;

Ə)  бұлшық  ет  ұзындығы,  өйткені  бұлшық  ет  ширығуы  оның 

ұзындығына байланысты;

Б) бұлшық еттің көлденең қимасы (жуандығы), ол қаншалықты 

жуан болса, оның бұлшық ет күші де соншалықты жоғары болады;

В)  бұлшық  ет  композициясы,  яғни  жиырылған  бұлшық  еттегі 

жылдам  жəне  баяу  бұлшық  ет  талшықтарының  қатынасы  жатады 



(41-сурет).

Бұлшық  ет  талшықтарының  типтері  тұтас  алғанда  ең  баяу,  ба-

рынша тотығатын талшықтардан бастап ең жылдам, гликолизге тез 

ұшырайтын талшықтарға дейін болады.  

Қазіргі  кезде  ғалымдар  адам  геномын  зерттеу  барысын-

да  гистосəйкестіктің  басты  кешенінің  (ГБК)  əртүрлі 10 гендерін 

анықтаған.  Соның  ішінде  оның  жеті  типі  адамның  қаңқа  бұлшық 

еттерінде  дифференциацияланған.  Қимыл  бірліктеріндегі  ГБК 

гомогенді немесе гетерогенді болуы мүмкін (41-суретті қараңыз).


158



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет