«Өлі нүкте» жəне «екінші тыныс алу»
Жаттықпаған адамда ұзақ жəне ауыр бұлшық ет жұмысын
орындай бастағаннан бірнеше минуттан кейін жұмысты əрі қарай
95
жалғастырудың мүмкін болмауы мен толық əлсіреуді субъективті
сезінуімен қатар жүретін жұмыс қабілеттіліктің шұғыл төмендейтін
ерекше күйі туындауы мүмкін. «Өлі нүкте» деп аталатын бұл күй
кейде жаттыққан спортшыларда да байқалады. Жұмысты шектен
тыс қарқынды бастау бұл күйдің көріну мүмкіндігін жоғарылатады.
Ол ауыр субъективті сезімдермен, солардың ішінде бастысы ентігуді
сезінумен сипатталады. Осымен қатар адамда кеуденің қысылу
сезімі, бас айналу, ми тамырларының лүпілін сезіну, кейде бұлшық
ет ауырсынуын сезіну, жұмысты тоқтату ниеті байқалады. «Өлі
нүкте» күйінің объективті себептеріне жиі жəне салыстырмалы беткі
тыныс алу, оттегі пайдаланудың жоғарылауы, дем шығарған ауадағы
СО
2
бөлінуінің артуы, жоғары оттегінің вентиляциялық эквиваленті,
ЖЖЖ жоғарылауы, қанда жəне альвеолалық ауада СО
2
мөлшерінің
жоғарылауы, қандағы рН төмендеуі, тер бөлінудің артуы жатады
(8-кесте).
«Өлі нүктенің» пайда болуының жалпы себебі бабына келу
үдерісінде туындаған жұмыс атқарушы бұлшық еттердің оттегіге
жоғары қажеттілігі мен организмді оттегімен қамтамасыз ететін
оттегі тасымалдау жүйесі қызметінің жеткіліксіз деңгейі арасындағы
сəйкессіздіктен туындауы ықтимал. Нəтижесінде бұлшық ет пен
қанда анаэробтық метаболизм өнімдері, ең алдымен, сүт қышқылы
жинақталады. Бұл жұмыс басында активті жəне активті емес дене
мүшелері мен ұлпалары арасындағы жүректің қан айдауының
(жүректің минуттық қан көлемінің) баяу қайта таратылуынан салы-
стырмалы гипоксия күйін сезінетін тыныс алу бұлшық еттеріне де
қатысты.
Уақытша «өлі нүкте» күйін жеңу үлкен ерік күшін қажет етеді.
Егер жұмыс жалғаса берсе, онда ең алдымен жəне көбінесе, қалыпты
(«комфортты») тыныс алудың пайда болуымен көрінетін кенеттен
жеңілдену сезіміне ауысады. Сондықтан «өлі нүкте» ауысқан күйді
«екінші тыныс алу» деп атайды. Бұл күйдің пайда болуымен ӨВ
көбіне азаюы, тыныс жиілігінің баяулауы, ал тыныс тереңдігінің
артуы, ЖЖЖ біраз төмендеуі жүреді. О
2
пайдалану жəне дем
шығарған ауаға СО
2
бөліну азаяды, қандағы рН өседі. Тер бөлінудің
күшеюі байқалады (8-кестені қараңыз). «Екінші тыныс алу» күйі
организмнің жұмыстардың орындалуын қанағаттандыру үшін
жеткілікті мобилді екенін көрсетеді. Неғұрлым жұмыс қарқындырақ
болса, соғұрлым «екінші тыныс алу» ертерек пайда болады.
96
«Екінші тыныс алу» пайда болуы əрқашан жаттықтырылу
дəрежесімен байланысты емес. Кейбір жақсы жаттыққан спортшы-
лар ешқашан бұл күйді сезінбеген. Сонымен қатар жаттықтырылу
дəрежесі төмен спортшыларда субъективті сияқты «екінші тыныс
алудың» нақты себептері де объективті байқалған.
8-кесте
«Өлі нүкте» жəне «екінші тыныс алу» күйінің кейбір
объективті белгілері
Объективті белгілері
«Өлі нүкте»
«Екінші тыныс алу»
Тыныс алу
ТЖ жиі жəне
салыстырмалы беткі
тыныс алу
тыныс жиілігі баяулайды
жəне тыныс тереңдігі
артады
О
2
пайдалану
жоғарылайды
төмендейді
Дем шығарған
ауадағы СО
2
бөліну
жоғарылайды
төмендейді
О
2
вентиляциялық
эквиваленті
жоғарылайды
төмендейді
ЖЖЖ
жоғарылайды
төмендейді
Қандағы альвеолалық
ауадағы СО
2
мөлшері
жоғарылайды
төмендейді
Қанның рН деңгейі
төмен
жоғарылайды
Тер бөліну
жоғарылайды
жоғарылайды
Тұрақты жұмыс қабілеттілік күйі
Үнемі аэробтық қуаттылықты жаттығуларды орындау
кезінде организм қызметінің тез өзгерістері жүретін кезеңнен (ба-
бына келу) соң А. Хилл тұрақты күй деп атаған кезең басталады.
Ол аз аэробтық қуаттылықты жаттығуларды орындау кезіндегі О
2
пайдалану жылдамдығын анықтай отырып, жаттығудың басында
тез өсе бастаған О
2
пайдалану жылдамдығының əрі қарай белгілі
бір деңгейде қалатынын жəне көптеген ондаған минуттар бойы
өзгеріссіз сақталатынын аңғарды. Аз қуаттылықты жаттығуларды
орындау кезінде тұрақты күй кезеңі барысында организмнің оттегіні
пайдалануы (оттектік сұраныс) жəне онымен қанағаттануы арасын-
да сандық сəйкестік бар. Сондықтан А. Хилл мұндай жаттығуларды
«шынайы» тұрақты күй жаттығуларына жатқызды. Оларды ұзақ
емес орындаудан кейінгі оттектік қарыздылық жұмыс басында пай-
да болған оттектік тапшылыққа ғана тең болады.
Неғұрлым қарқынды жүктемелерді, яғни орташа, субмаксималды
жəне максималдыға жуық аэробтық қуаттылықты жаттығулар орын-
97
дау барысында оттегі пайдалану жылдамдығының тез артуымен си-
патталатын бабына келу кезеңінен кейін ұзақтығы өте аз болса да,
бірақ біртіндеп жоғарылайтын келесі кезең басталады. Сондықтан
бұл жаттығулардағы екінші жұмыс кезеңін «шартты» тұрақты
күй ретінде белгілеуге болады. Жоғары қуаттылықты аэробтық
жаттығуларда сол жұмыс уақытындағы оттектік сұраныс пен оның
қанағаттануы арасында толық тепе-теңдік болмайды. Сондықтан
олардан кейін неғұрлым жұмыс қуаттылығы мен ұзақтығы жоғары
болған сайын, соғұрлым көп оттектік қарыз тіркеледі.
Максималды аэробтық қуаттылықты жаттығуларда бабына
келудің қысқа кезеңінен соң оттегі пайдалану ОМП (оттектік төбе)
деңгейіне жетеді жəне сондықтан оның одан əрі артуы мүмкін бол-
майды. Кейде тек жаттығудың соңына таман төмендейтін ол əрі
қарай осы деңгейде қалады. Сондықтан максималды аэробтық
қуаттылықты жаттығулардағы екінші жұмыс кезеңін «жалған»
тұрақты күй кезеңі деп атайды.
Анаэробтық қуаттылықты жаттығуларда екінші жұмыс кезе-
ңін бөліп көрсетуге болмайды, өйткені оларды орындау барысын-
да барлық уақытта оттегі пайдалану жылдамдығы тез жоғарылайды
жəне басқа да физиологиялық қызметтердің өзгерістері жүреді. Осы
мағынада анаэробтық қуаттылықты жаттығуларда тек бабына келу
кезеңі бар деп айта аламыз.
Кез келген аэробтық қуаттылықты жаттығуларды орындаудың
екінші кезеңі барысында (оттегі пайдалану жылдамдығы бойынша
анықталатын шынайы, шартты немесе жалған тұрақты күй) көптеген
жетекші физиологиялық көрсеткіштер баяулап өзгереді (29-сурет).
29-сурет. Субмаксималды аэробтық жұмыс барысында жүрек-тамыр
жүйесі қызметі («дрейф») көрсеткіштерінің өзгерістері (0-ге жұмыстың 10
минутында көрсеткіштер алынған) (Я. М. Коц бойынша)
98
Осы салыстырмалы баяу функциялық өзгерістер «дрейф»
деп аталады. Неғұрлым жаттығудың қуаттылығы артқан сайын,
соғұрлым функциялық көрсеткіштер «дрейфі» жылдамдығы жоғары
болады (30-сурет) жəне керісінше, неғұрлым жаттығу қуаттылығы
төмен болған сайын (ұзақтау болған сайын), соғұрлым «дрейф»
жылдамдығы төмен болады.
Сонымен О
2
пайдалану деңгейі ОМП-дан 50% асатын аэробтық
қуаттылықты жаттығулардың барлығында басқа барлық анаэробтық
қуаттылықты жаттығулардағы сияқты О
2
пайдалану жылдамдығы
мен басқа да көрсеткіштер бойынша қызметтері өзгермейтін күймен
сипатталатын шынайы тұрақты жұмыс кезеңін бөліп көрсетуге бол-
майды.
Мұндай үлкен аэробтық қуаттылықты жаттығулар үшін негізгі
жұмыс кезеңін псевдо немесе жалған (квази) тұрақты күй неме-
се баяу функциялық өзгерістер («дрейф») жүретін кезең ретінде
қарастыруға болады. Осы өзгерістердің көпшілігі жұмыс барысында
қажу үдерісі дами отырып, сол жүктемені орындауға организмнің
бейімделуінің күрделі динамикасын көрсетеді.
30-сурет. Орындалатын жүктеме қуаттылығымен ЖЖЖ «дрейф»
жылдамдығы мен өлшемінің (амплитудасы) байланысы (Я. М. Коц
бойынша)
Организмнің квази тұрақты күйі кезеңінде жүрек-тамыр,
тыныс алу, жүйке-бұлшық ет, эндокриндік жəне т.б. жүйелер
99
қызметінің біртіндеп қайта құрылулары жүреді. Осы кезең бары-
сында систолалық көлем баяу төмендейді, бірақ ЖЖЖ өтемелі
жоғарылайды, сондықтан жүректің минуттық қан көлемі өзгеріссіз
қалады (29-суретті қараңыз). Қан айналымдағы қан көлемі
төмендейді, содан соң біртіндеп, бірақ толық емес қалпына келеді.
Жылу шығарудың күшеюіне əкелетін тері қан айналысының ар-
туымен қан айналысының қайта таратылуы жүреді. Осы жəне т.б.
жылу реттеуші қайта құрылуларға қарамастан дене температура-
сы үздіксіз (толассыз) жоғарылайды. Квази тұрақты күй кезеңінде
сонымен қоса артериялық, əсіресе, систолалық қан қысымы үнемі
өзгеріп отырады.
Жаттығуды орындау үдерісінде барлық уақытта тыныс жиілігі
сияқты тыныс тереңдігінің де есебінен ӨВ жоғарылайды. Оттегі
бойынша альвеолалық-артериялық айырмашылық өседі. СО
2
парциалдық кернеуі мен артериялық қанның рН төмендеу тенден-
циясы байқалады. Салыстырмалы өзгеріссіз жүректің минуттық
қан көлемінде О
2
пайдалану жылдамдығының біраз жоғарылауын
қамтамасыз ететін, ал жүректің минуттық қан көлемінің төмендеу
тенденциясы кезінде салыстырмалы О
2
пайдалану жылдамдығын
тұрақты ұстайтын АВА-О
2
біртіндеп артады.
Жұмысты аэробтық қамтамасыздандыруға қатысатын тотығуға
ұшырайтын майлар үлесінің артуын жəне сəйкесінше, көмірсу
үлесінің кемуін көрсететін тыныс коэффиценті квази тұрақты күй
кезеңі барысында біртіндеп төмендейді.
Жаттығуды орындау үдерісінде бұлшық еттің жұлын мотонейрон-
дары импульсациясының күшеюін айғақтайтын олардың электрлік
белсенділігі үздіксіз өседі. Бұл күшею бұлшық еттің қажуын өтеу
үшін жаңа қозғалыс бірліктері (ҚБ) рекрутирлеу үдерісін көрсетеді.
Мұндай қажу белсенді ҚБ бұлшық ет талшықтарының жиырылу
қабілетінің біртіндеп төмендеуімен аяқталады.
Жаттығуды орындау барысында ішкі секреция бездері
кейбіреулерінің қызметі күшейсе, басқаларының қызметі əлсірейді.
Соның ішінде қандағы адреналин жəне норадреналин мөлшерінің
жоғарылауымен көрінетін симпатикалық-адреналдық жүйенің
белсенділігі өседі.
Қозғалыс жəне вегетативтік қызметтердің реттелуін жəне осы
қызмет күйінің өзгерістерін жүзеге асыратын жүйелер белсенділігі-
нің біртіндеп күшеюінің көрінісі жаттығуды жалғастыру шамасы
100
бойынша жүктеме ауырлығын үздіксіз жоғарылатуды субъективті
сезіну болып табылады.
Квази тұрақты күй жаттығуларына орындалатын жаттығулар
қуаттылығының жоғарылауына орай мөлшері өсіп отыратын оттектік
қарыздылықтың болуы тəн. Бұл жаттығулардың физиологиялық си-
паттамасы ретінде квазитұрақты күй кезеңінің басында (көбіне, 5-10
минутта) тіркелетін көрсеткіштер қолданылады.
101
V ТАРАУ
СПОРТШЫЛАР ҚАЖУЫНЫҢ ЖƏНЕ ҚАЛПЫНА
КЕЛУІНІҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қажу түсінігі
Қажу үдерісі – дене жұмысын орындау кезеңінде түрлі мүшелер,
жүйелер жəне тұтас организмде жүретін ақыр аяғында оны
жалғастырудың мүмкін болмауына əкелетін өзгерістер жиынтығы.
Қажу күйі жұмыс əсерінен шаршауды субъективті сезінумен көріне-
тін жұмысқа қабілеттіліктің уақытша төмендеуімен сипатталады.
Адам қажу күйінде қажетті жұмыс қарқындылығы деңгейін жəне
(немесе) сапасын (орындау техникасын) ұстап тұруға мүмкіндігі
жетпейді немесе оны жалғастырудан бас тартуға тура келеді.
Қажу – жұмыс салдарынан жəне қайта қалыптасу үдерістерінің
жеткіліксіздігінен туатын жағдай. Ол жұмысқа қабілеттіліктің
төмендеуі реттеуші механизмдер мен жүйелердің, мүшелердің өзара
əрекеттестігінің бұзылуы жəне шаршау түйсігі арқылы сипатталады.
Қажу жұмыс кезінде организмді əлсіретпеу жəне оны əсіресе,
стрестен сақтау əрекеттерін жасайды. Сонымен бірге ол организмнің
қосалқы мүмкіндіктерін іске қосып, жұмысқа қабілеттілікті көтеретін
қайта қалыптастыру үдерістеріне аса зор ықпалын тигізеді.
Қажу күштің жəне төзімділіктің азаюымен, қозғалыс
координациясының төмендеуімен, сол бір жұмысты орындау
кезінде жұмсалатын энергияның артуымен, ақпаратты қайта өңдеу
жылдамдығының баяулауымен, естің (зерденің) төмендеуімен жəне
зейіннің шашырауымен, т.с.с. көрінеді. Қажу критерийі жұмыстың
сандық жəне сапалық көрсеткіштерінің, сонымен қатар жұмыс
кезіндегі дене қызметінің немесе арнайы қойылатын сынақтарға
(тест) жауап берудегі өзгерістер болып табылады.
Кез келген жұмыс түрінде қажудың алдын алудың тиімді тəсілі
еңбек мотивациясын жəне дене дайындығын жоғарылату болып са-
налады.
Шаршау – ұзақ немесе қарқынды жұмыс кезінде туындайтын
физикалық, биохимиялық жəне психофизиологиялық қызметтер
өзгерістерінің жиынтығымен көрінетін қажуды субъективті сезіну.
102
Сол бір жүктемеге туындаған қажудың тереңдігі белгілі
бір жұмыс түріне бейімделу мен спортшының жаттықтырылу
дəрежесіне, физикалық пен психикалық күйіне, мотивация жəне
жүйке-эмоциялық абыржу деңгейіне байланысты. Дене еңбегінде,
кез келген ауырлықта (қарқындылықта) орындалатын жаттығуларда,
сонымен қатар ой еңбегінде қажу дəрежесі жалпы дене жұмыс
қабілеттілігінің деңгейі төмен болған сайын жоғары болады.
Қажу локализациясы (жинақталуы) жəне механизмдері
Сипаты мен қуаттылығы бойынша əртүрлі жаттығуларды орын-
дауда физиологиялық жүйелердің қатысу деңгейі бірдей емес.
Кез келген жаттығуды орындау кезінде қызметтік мүмкіндіктері
адамның сол жаттығуды қажетті қарқындылық пен (немесе)
сапа деңгейінде орындау қабілетін анықтайтын негізгі жетекші
жүйелерді бөліп көрсетуге болады. Бұл жүйелердің олардың макси-
малды мүмкіндіктеріне қатысты жүктелу дəрежесі сол жаттығуды
орындаудың шекті ұзақтығы мен (немесе) сапасын анықтап қана
қоймай, яғни қажу күйінің туындау кезеңін анықтайды. Сонымен,
жетекші жүйелердің қызметтік мүмкіндіктері сол жаттығудың орын-
далу қарқындылығын, шекті ұзақтығын жəне (немесе) сапасын
анықтап қана қоймай əрі лимиттейді.
Əртүрлі жаттығуларды орындау кезінде қажу себептері əркелкі
болады. Қажудың негізгі себептерін қарастыру екі негізгі түсінікпен
байланысты. 1-түсінік – қажу локализациясы (жинақталуы), яғни сол
жетекші жүйелердің (немесе жүйенің) функциялық өзгерістері қажу
күйінің туындауын анықтайды. 2-түсінік – қажу механизмдері, яғни
жетекші физиологиялық жүйелер қызметіндегі сол нақты өзгерістер
қажудың дамуын негіздейді.
Қажудың жинақталуы бойынша кез келген жаттығудың орында-
луын қамтамасыз ететін жүйелердің:
1. Реттеуші жүйелер – орталық жүйке жүйесі, вегетативтік жүйке
жүйесі жəне гормондық-гуморалдық жүйе;
2. Бұлшық ет əрекетін вегетативтік қамтамасыз ету жүйелері –
тыныс алу, қан жəне қан айналу жүйелері;
3. Орындаушы жүйе – қозғалыс (перифериялық немесе шеткі
жүйке-бұлшық ет) аппараты сияқты 3 негізгі тобын қарастыруға бо-
лады.
103
Қажудың пайда болуында жоғары жұмыс қабілеттілігі
сақталатын, ерік күшімен демелетін жасырын, жеңуге болатын қажу
болады. Қозғалыс əрекетінің үнемділігі бұл жағдайда төмендейді,
жұмыс жоғары энергия жұмсалумен орындалады. Бұл өтелетін
қажудың түрі. Жұмысты əрі қарай орындау кезінде өтелмейтін қажу
пайда болады. Бұл күйдің басты белгісі жұмыс қабілеттілігінің
төмендеуі болып табылады. ОЖЖ-нде қорғану тежелуінің дамуы
жұмысты тоқтатуға əкеледі. Өтелмейтін қажу кезінде бүйрекүсті безі
қызметі төмендейді, тыныс алу ферменттерінің белсенділігі азаяды,
анаэробтық гликолиз үдерістерінің екіншілік күшеюі жүреді. Дене
жаттығуларын орындау кезінде дамитын қажу олардың тиімділігінің
жəне спорттық нəтиженің төмендеуіне əкеледі.
Қажудың даму механизмін тереңірек ұғынбай жаттықтыру
үдерісін дұрыс ұйымдастыру мүмкін емес. Қажу физиологиясын-
да кеңінен тараған нейрогендік қағиданың негізін И. М. Сеченов
қалаған. Ол өзінің эргографиялық жұмыстары арқылы белсенді
тынығу феноменін ашып, бұлшық ет жұмыс қабілеттілігінің
төмендеуі жүйке орталығына байланысты екендігін көрсетті. Оның
бұл көзқарасы басқа физиологтардың еңбегінде одан əрі дамыды.
И. П. Павлов қажу мен қалпына келуді бір үдерістің екі жағы
деп түсіндіреді. Олардың қатынастары – тірі құрылымның əрекет
күйі немесе төмен белсенділікке ауысуы негізі. И. П. Павлов идея-
ларын Г. Ф. Фольборт дамытып, қажуды түгесілу мен қалпына келу
үдерістері арақатынастарына тəуелді күй ретінде қарастырудың
принциптік дұрыстығын көрсетті.
Н. Е. Введенский мен А. А. Ухтомскийдің зерттеулері бойынша,
қажу орталық тежелуден жəне жұмыс əрекетінің үйлеспеушілігінен
шығады. Л. А. Орбели жəне оның шəкірттері қажуды жүйке
орталығына əсер ететін шашыраңқы вегетативтік əсерленістерден
туады деп санады.
Кез келген жаттығуды орындау кезінде бұлшық ет əрекетін жəне
оның вегетативтік қамтамасыз етілуін реттейтін жүйке орталықтары
күйінің функциялық өзгерістері жүреді. Мұнда қажуға неғұрлым
«сезімтал» ми қыртысындағы жүйке орталықтары болып табыла-
ды. Орталық жүйкелік қажу қызметтердің, соның ішінде қызметтер
(соның ішінде, қозғалыс) координациясының бұзылуымен, шаршау
сезімінің туындауымен көрінеді. И. М. Сеченов (1903) өз еңбектерін-
де «шаршауды сезіну көзі кəдімгі жұмыс атқарушы бұлшық еттер
болса, мен оны . . . ОЖЖ-не жатқызамын», – деп жазған.
104
Орталық-жүйкелік қажу механизмдері көп қырынан əлі де
ашылмаған. И. П. Павлов теориясына сəйкес жүйке жасушаларының
қажуы – олардың қарқынды немесе ұзақ белсенділік əсерінен ту-
ындайтын қорғаныс тежелуінің көрінуі. Мұндай тежелу жұмыс
кезінде ОЖЖ барлық деңгейіне, тіпті, ми қыртысына дейін
жеткізілетін жұмысшы бұлшық ет, буын рецепторларынан қарқынды
пропиоцептивті импульсация нəтижесінде туындайды. Тежелу –
жүйке жүйесін сақтайтын, ал ол арқылы нəтижесі организмнің
тіршілік қабілеттілігін жоғалтуы мүмкін болатын барлық мүшелер
мен ұлпаларды түгесілуден қорғайтын əмбебап механизм.
Қажу вегетативтік жүйке жүйесі жəне ішкі секреция бездері
қызметтерінің өзгерістерімен байланысты болуы ықтимал.
А. А. Виру бойынша екіншісінің əсіресе, ұзақ жаттығулар
кезінде маңызы зор. Бұл жүйелер қызметінің өзгерістері бұлшық ет
əрекетінің энергиялық қамтамасыз етілуін, вегетативтік қызметін
реттеудегі бұзылуларға əкелуі мүмкін.
Қажудың туындау себептері вегетативтік қамтамасыз
ету жүйелерінде, ең алдымен, тыныс алу жəне жүрек-тамыр
жүйелерінде орын алған көптеген физиологиялық өзгерістері болуы
мүмкін. Мұндай өзгерістердің басты салдары жұмыс атқарушы адам
организмінің оттегі тасымалдау қызметтерінің төмендеуі болып та-
былады.
Қажу орындаушы аппараттың, яғни жұмыс атқарушы бұлшық
еттің өзінде жүретін өзгерістермен де байланысты болуы мүмкін.
Мұнда бұлшық еттік (шеткі) қажу немесе бұлшық ет талшығы жиы-
рылу аппаратының өзіндегі, немесе жүйке-бұлшық ет синапсындағы,
немесе бұлшық ет талшықтарының электрлік-механикалық байла-
ныс жүйесіндегі туындайтын өзгерістер нəтижесі болып табылады.
Кез келген осы локализациялар кезінде бұлшық еттік қажу бұлшық
еттің жиырылу қабілетінің төмендеуімен көрінеді (31-сурет).
Соңғы жылдары адам бұлшық етінің қажуын түсіндіру үшін
ұсынылған ми қыртысы теориясы бойынша, қажуға орталық
жүйке жүйесінің күйі (эмоция, сезу тітіркендіргіштері, белсенді
тынығу, автоматты (дағдылы) қимылдар, т.б.) зор ықпалын тигізеді.
Өйткені қажудың орталық механизмдері ми қыртысы деңгейінде
тұйықталатындығы көрсетіледі. Қажу кезінде жұмыс қабілеттіліктің
динамикасы қозғалыс талдағышының тежелуші элементтерімен бай-
ланысты. Жұмыстың бастапқы кезінде жоғары өрлейтін импульс-
105
тер қозғалыс талдағышының орталығын сергітеді, оның қабілетін
арттырады. А. А. Ухтомскийдің айтуынша, жүйке орталығының
нəрленісі (трофикасы), ширақтығы көтеріледі, ол ырғаққа үйрену
деп аталады. Жұмыс үстінде бұрынғы қалпына келу белсендіріледі,
ол іс-əрекеттің физиологиялық ырғағын жеделдетеді.
31-сурет. Статикалық жұмысқа дейін жəне одан кейін жұмыс атқарушы
бұлшық ет жүйкесін стандартты электрлік тітіркендіруге жауап ретінде
олардың электрлік белсенділігі (ЭБ) мен жиырылу қабілетінің (ЖҚ)
төмендеуімен көрінетін бұлшық еттік қажу (Я. М. Коц, С. П. Кузнецов
бойынша)
Нейрофизиологиялық зерттеулер торлы құрылымның жоғары
жүйке орталықтарын сергітетін, яғни жеңілдеткіш ықпалын
көрсетеді. Қажу кезіндігі ми қыртысы орталықтары жұмыскерлігінің
төмендеуі тек мүмкіндік қорының азаюымен ғана емес, оларда туа-
тын тежелу үдерістеріне байланысты. Олар өзара шиеленісіп, жүйке
орталығының ширақтығын, яғни əрекеттер көрінісін əлсіретеді.
Достарыңызбен бөлісу: |