Оқулық Алматы, 2014 2 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің


Бұлшық ет қызметінің физиологиялық жүйелерге əсері



Pdf көрінісі
бет4/47
Дата31.03.2017
өлшемі9,2 Mb.
#10684
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47

Бұлшық ет қызметінің физиологиялық жүйелерге əсері

Cпорт физиологиясында жұмысқа қабілеттілік өте маңызды орын 

алады. Жұмысқа қабілеттілікті арттыру жəне қозғалыс дағдыларын 

қалыптастыру  үшін  үнемі  жаттықтырудың  мəні  өте  зор.  Өйткені 

жаттығулар  адам  организмі  қызметін  тереңірек  қайта  құрады. 

Жаттықтыру кезінде организм қызметінің дамуы мен оның жоғары 

сатыға  көтерілуі  əртүрлі  болады.  Бұлшық  еттер  жұмысы  энергия 

шығынын көбейтеді. Мəселен, бұлшық еттің 70-90% қатысатын ауыр 

жұмыстарда  энергия  шығыны 12-20 кДж/м,  ал 30-60% қатысатын 

жеңіл жəне орташа жұмыстарда 8-12 кДж/м-ге тең келеді. Бұлшық 

еттің 5-15% қатысатын «отырып» атқаратын дене еңбектерінде энер-

гия шығыны (шамамен, 1-4 кДж/м) аз болады. Энергия шығынының 

мөлшері интегралды көрсеткіш болғандықтан, ол еңбек жəне спорт 

физиологиясында жиі қолданылады. 

Дененің энергия шығыны бұлшық еттер қызметінен ғана тумай-

ды,  оған  адамның  эмоциялық  күйі  де  əсер  етеді.  Ол  организмнің 

негізгі  зат  алмасу  деңгейін  қалыптағыдан 10% көтереді.  Дене 


42

жаттығулары кезінде жұмыс атқарушы бұлшық еттерге оттегі, глю-

коза  жəне  т.б.  қажетті  заттар  дер  кезінде  жеткізіліп,  организмнен 

ыдырау  өнімдері  жедел  шығарылады.  Сондықтан  тыныс  алу  жəне 

жүрек-тамыр жүйелерінің қызметтері күшейеді. 

Қарқынды  жұмыс  кезінде  сүт  қышқылы  толық  тотығып 

үлгермейді.  Сондықтан  ол  жұмыс  аяқталғанда  да  оттегіні  пайда-

ланып тотыға береді. Мұны «оттектік қарыздылық» деп атайды, ол 

ауыр жұмыс істегенде 15-20 литрге жетеді (4-, 5-тарауларда толық 

баяндалады). 

Организм мүшелері қимыл рефлекстер арқылы əрбір əсерленіске 

қатысады. Мұнда кері байланыстар қозғалыс жүйесінің вегетативтік 

əсерленістеріне ерекше ықпалын айқындайды. Жұмыс (жаттықтыру) 

туралы  алдын  ала  ойлаудың  өзі  вегетативтік  өзгерістер  тудырады. 

Ол қозғалыс əрекетінің ми қыртысы арқылы ұйымдастырылатынын 

көрсетеді.

Дене  жаттығулары  ықпалынан  қан  айналысы  қатты  өзгереді. 

Бұлшық  ет  жиырылуы  əуелі  қан  ағысының  жылдамдығы  арқылы 

қамтамасыз етіледі. Жұмыс кезінде жүректің минуттық қан көлемі 

4-8 есе артады, сөйтіп газ алмасуы 5-10 есе жеделдейді. Жүректің 

систолалық  көлемі  ауыр  жұмыстарда 1,5-3 есе  көбейеді,  ал 

жүректің жиырылу жиілігі (ЖЖЖ) минутына 160-240 ретке жетеді. 

Нəтижесінде  қанның  ағысына  жеңілдік  туады.  Өйткені  жұмысқа 

кіріскен бұлшық еттердің ұсақ талшықтарының көбісі ашылып, та-

мырлар тонусы төмендейді. Дені сау жəне еңбекке жарамды адам-

дарда  қанның  диастолалық  қысымы  аз  өзгереді  немесе 5-15 мм 

сынап  бағанасына  көтеріледі.  Систолалық  қысым 150 жəне  тіпті, 

200 мм сынап бағанасына жетеді, ол істелетін жұмыстың алымына 

сəйкес келеді.

Жұмыс кезінде жүректің жиырылу жиілігіне организмнің сезім 

күйі  мен  тұлға  қалпы  əсер  етеді.  Отырған  кезбен  салыстырғанда 

тұрып жұмыс істегенде жүрек шамамен, 10-15 рет жиі жиырылады. 

Ер адамдар мен əйел адамдарда жүректің жиырылу жиілігі қозғалыс 

əрекеті  нəтижесінде  əртүрлі  өзгереді.  Мəселен,  əйелдер  мен  ер 

адамдарға бірдей жүктеме берілген кезде біріншілерінде жүрек жиы-

рылу жиілігі орта шамамен, минутына 10-15 рет артық болады. Дене 

жұмысы  кезінде  жүректің  жиырылу  жиілігіне  қоршаған  ортаның 

температурасы  да  əсерін  тигізеді.  Температура 25-30°С,  не  одан 

жоғары болса, ол минутына 10-15-ке жоғарылайды. Жаттықтыруға 



43

дейін жəне жаттығу барысында ЖЖЖ анықтау, тіркеу организмнің 

физиологиялық күйін бақылауға мүмкіндік туғызады.

Дене  жаттығуларымен  айналысу  кезінде  организмнің  газ  алма-

суын  қамтамасыз  ететін  тыныс  алу  жүйесі  де  өзгереді.  Берілген 

жүктемеге  сəйкес  өкпе  вентиляциясы  (желдетілуі)  жəне  оттегіні 

пайдалану арта түседі. Қалыпты жағдайда өкпенің 5-8 л/мин. венти-

ляция көлемінен 3-4% оттегі пайдаланылады. Ал дене жүктемесінің 

əсер  етуі  кезінде  өкпе  вентиляциясы  минутына  ондаған  литрге 

көбейеді, оттегіні пайдалану 4-8%-ға тең болады. Өкпе вентиляциясы 

тыныстың тереңдеуі мен жиіленуі арқылы көбейеді. Жұмыс істегенде 

тыныс тереңдігі адамға тəн өкпенің тіршілік сыйымдылығының 30-

40%-нан тұрады. Тыныс жиілігі жұмыс кезінде тыныштық күйдегі 

мөлшермен салыстырғанда 2-3 есе өседі.

Қарқынды  жаттықтыру  кезінде  алғашқыда  бейімделу  кезеңі 

байқалады,  онда  тыныс  тарылып,  жеткілікті  дəрежеде  өкпенің 

желдетіліп  үлгермеуінен  тыныс  жолдарында  жағымсыз  күй  пайда 

болады. Содан кейін бұл құбылыстар жойылады, алайда, 20-30 ми-

нуттан  кейін  «өлі  нүкте»  туады.  Мұнда  аталған  жағымсыз  жайлар 

күшейіп,  адам  жаттықтыруды  жалғастырудан  бас  тартуы  мүмкін. 

Егер оны жеңіп жаттықтыру жалғастырылса, бұл сезім тыйылады. 

Сөйтіп, «екінші тыныс алу» ашылады. Мұның физиологиялық мəні 

вегетативтік  əрекеттің  қайта  құрылуында  (4-тарауда  толық  баян-

далады).

Жаттықтыру кезінде жұмысқа қабілеттілікті қамтамсыз ету үшін 

энергия қорын іске тартатын эндокриндік жүйенің белсенділігі арта-

ды. Əртүрлі қозғалыс үдерістерін орындағанда гипофиз-бүйрекүсті 

бездерінің  (симпато-адреналдық  жүйенің)  белсенділігі  күшейеді. 

Көптеген  жағдайда  атқарылған  жұмыстың  ауыртпалық  дəрежесіне 

сəйкес  келеді.  Өйткені  бұл  ішкі  секреция  бездерінің  гормондары 

адамның бейімделу əрекетін жүзеге асырады. 

Мəселен,  жұмыс  кезінде  қанда  тироксиннің  мөлшері  көбейеді. 

Дене жүктемесінің ұзақ уақыт əсер етуі салдарынан қанда инсулиннің 

мөлшері  азаяды  жəне  оның  ыдырауы  күшейеді  (16-сурет).  Мыса-

лы, ОМП 65-70% тең қарқындылықты циклдік жаттығулар кезіндегі 

қандағы инсулин деңгейін зерттеу барысында оның  жаттығу бойы 

уақыт  артқан  сайын  біртіндеп  төмендейтіндігін  байқауға  бола-

ды.  Ал  өсу  гормоны,  адреналин,  норадреналин  сияқты  гормондар 

деңгейлерінің  ұзақ  уақыттық  дене  жаттығуларын  орындау  бары-



44

сында бастапқы жаттығуға дейінгі мəндеріне қарағанда жоғарылап  

отыратындығын көруге болады (17-сурет).

16-сурет. ОМП немесе VO

2max


 65-70% тең қарқындылықты циклдік 

жаттығулар кезіндегі глюкоза мен инсулин концентрацияларының 

өзгерістері (A. Giovanelli мəліметтері бойынша)

17-суретҰзақ уақыттық дене жаттығулары кезіндегі қан плазмасындағы 

(А) кортизол мен БМҚ (бос май қышқылы) жəне (Ə) өсу гормоны, 

адреналин, норадреналин мен БМҚ өзгерістері (A. Giovanelli мəліметтері 

бойынша)


45

Сонымен  эндокриндік  жүйенің  аталған  өзгерістері  жоғарыда 

көрсетілген бейімделу реакциясын көрсетеді.

Егер жаттықтыру жүргізілген ортада температура жоғары болса 

дене температурасы онан сайын өседі. Ауыр дене жұмысында тем-

пература 1,0-1,5°С-қа жоғарылайды. Мəселен, орта жылдамдықпен 

жаяу жүргенде дене температурасы 0,5-0,6°С, ал ұзақ жүргенде не 

жүгіргенде ол 39-40°С-қа дейін көтеріледі.

Өте салқын микроклиматта жаттықтыру дене температурасының 

төмендеуіне,  тіпті,  дененің  тоңазып,  жаттықтыруды  жалғастыру 

мүмкін  болмайтын  күйге  əкелуі  ықтимал.  Адам  температурасын 

тыныштық күйде жəне жаттықтыру кезінде өлшеу арқылы, көптеген 

əртүрлі  орта  жағдайларында  бейімделуді  қамтамасыз  ететін 

ұсыныстар енгізіледі. 

Дене  жұмысы  салдарынан  қан  жүйесінде  көптеген  өзгерістер 

байқалады. Қанның газ тасымалдау қызметі (эритроциттер, гемогло-

бин мөлшері) артады, оның жасушаларының жаңару қарқыны үдейді, 

қанның морфологиялық құрамын реттейтін жүйке орталықтарының 

тонусы күшейеді. Сонымен қатар эритроциттің осмостық төзімділігі 

артып, қанның тұтқырлығы көбейеді, оның оттектік сыйымдылығы 

кеңейеді.  Сөйтіп  қан  жүйесі  жүктемеге  сəйкес  бейімделеді  (Орга-

низм жүйелерінің əрбір дене жаттығуларына тəн өзгерістері алдағы 

тарауларда толық баяндалып отыратын болады). 

Сайып келгенде адам организмі өзінің табиғаты арқылы қарқын-

ды бұлшық ет əрекетіне бейімделеді. Динамикалық қарқынды дене 

жүктемесі организмнің жүйке, жүрек-тамыр, тыныс алу жүйелеріне 

қолайлы  əсер  етіп,  қоршаған  ортаның  жағымсыз  факторларына 

төзімділікті арттырады.



Организмнің қызметтік қорлары жəне олардың жіктелуі

Адам организмі – қоршаған ортаға бейімделудің көп мүмкінді-

гіне ие күрделі биологиялық-əлеуметтік жүйе. 

Организмнің  физиологиялық  қорлары  туралы  ілім  спорт 

физиологиясының негізін қалайтын ілімдердің бірі болып табылады. 

Себебі бұл ілім спортшылар денсаулығын сақтау мен олардың шыны-

ғу дəрежесін жоғарылату міндеттерін шешуге əрі оны дұрыс бағалауға 

мүмкіндік береді. Организмнің  қор (резервті) мүмкіндіктері туралы 



46

мағлұматтар К. Бернар, П. Бэр, У. Кеннон ілімдерімен байланысты 

болып келеді. Бұл ғалымдар организмге түрлі қолайсыз жағдайлар 

əсер ету кезінде өмірлік маңызды мүшелер мен жүйелердің өздерінің 

қорларын пайдалана отырып, қызметтерінің күшеюі есебінен гоме-

остазды сақтауы туралы физиологиялық ілімнің негізін қалаушылар 

болып табылады. Қозғалыс жəне вегетативтік қызметтердің жоғары 

үндесуінің  ішкі  табиғатын  ашуда  У.  Кеннонның  аталмыш  ілімінің 

айтарлықтай септігі бар. Ғалым организмнің ішкі сұйық ортасының 

тұрақтылығын  сақтау  мен  эмоцияның  дамуындағы  симпатикалық-

адреналдық жүйенің маңызын дəлелдеген.

Физиологиялық  қор  туралы  ілімнің  түбегейлі  қағидаларын  Ре-

сейде 1930 жылдары академик Л. А. Орбели жасаған болатын. Ол 

адам организмі резервті мүмкіндіктерінің есебінен сыртқы ортаның 

үйреншікті  емес  жағдайларына  бейімделу  мүмкіндіктері  жайында 

бірнеше мəрте атап көрсеткен. Кейіннен Л. А. Орбели идеялары ең 

алдымен,  əскери  еңбек  физиологиясы  саласы  бойынша  теориялық 

жəне қолданбалы дамуының жемісін тапты. Ал спорт физиология-

сы бойынша бұл мəселе Мəскеуде В. В. Кузнецов жəне Ленинградта                     

А. С. Мозжухин еңбектерінде қарастырыла бастады. 

Қазіргі  уақытта  организмнің  физиологиялық  қорлары  эво-

люция  үдерісінде  қалыптасқан  мүшелер,  жүйелер  жəне  тұтас 

организмнің  салыстырмалы  тыныштық  күймен  салыстырғанда 

өздерінің  қызметтері  қарқындылығын  бірнеше  есе  күшейте  ала-

тын адаптациялық жəне компенсациялық қабілеті деп түсіндіріледі. 

Анықтама авторы М. П. Брестки  көзқарасы бойынша физиологиялық 

қорлар  белгілі  бір  анатомиялық-физиологиялық  немесе  орга-

низм  құрылысы  мен  қызметінің  ерекшеліктері,  атап  айтқанда, 

бұзылған қызметтердің орнын алмастыра тұратын жұп мүшелердің 

(талдағыштар, кейбір ішкі секреция бездері, бүйрек, құлақ, мұрын 

жəне  т.б.)  болуы,  жүрек  қызметінің  айтарлықтай  күшеюі,  қан 

айналудың  жалпы  қарқындылығының  артуы,  өкпе  вентиляциясы 

жəне басқа да мүшелер мен жүйелер қызметтерінің күшеюі жəне ор-

ганизм ұлпалары мен жасушаларының олардың əртүрлі қызмет етуі 

жағдайларының ішкі өзгерістері мен сыртқы орта əсерлеріне жоғары 

резистенттілігі арқылы іске асырылады. Жұп мүшелердің əрқайсысы 

өзінің «серіктесі» істен шығып қалған кездерде кəдімгі жағдайларда, 

кей жағдайларда көрнекі (аса зор) жүктемелер кезінде де организмнің 

қалыпты қызмет етуін жүзеге асырады. Бұл мүмкіндіктер эндокринді 


47

жүйелер үшін ерекше байқалады: ішкі секрециялық жұп бездердің 

біреуінің  кішкентай  ғана  бөлігінің  өзі  организмнің  қалыпты  күйін 

толық  қамтамасыз  ете  алады.  Организмнің  шексіз  жəне  қуатты 

құрылымдық  қорына  тіршілік  жағдайларының  түрлі  өзгерістеріне 

оның жасушалары мен ұлпаларының резистенттілігі жатады.  

Физиологиялық  қордың  көрініс  беруінің  мысалы  ретінде  ауыр 

дене  жүктемесі  кезінде  жақсы  шыныққан  адамда  минуттық  қан 

көлемінің 40 л-ге дейін жетуін, яғни 8 есе ұлғаюын жəне мұндағы 

оттегі  пайдалану  мен  көмірқышқыл  газын  бөліп  шығарудың 15 

есе  жəне  одан  да  көп  жоғарылауына  себепші  бола  отырып,  өкпе 

вентиляциясының 10 есе артуын айтуға болады.  Бұл жағдайларда

есептеулер көрсеткендей адам жүрегінің жұмысы 10 есеге ұлғаяды 

екен. 


Организмнің барлық резервті мүмкіндіктерін А. С. Мозжухин: 

1. Əлеуметтік қор (психологиялық жəне спорттық-техникалық);

2. Биологиялық  қор  (құрылымдық,  биохимиялық  жəне 

физиологиялық) сияқты 2 топқа жіктейді.  

Физиологиялық  қордың  морфологиялық-физиологиялық  негізі 

ақпараттың қайта өңделуін, гомеостаз жəне қимыл мен вегетативті 

актілердің  координациясы  сақталуын  қамтмасыз  ететін  организм 

мүшелері, жүйелері жəне олардың реттелу механизмдері болып та-

былады. 

Автор  бойынша  физиологиялық  қорлар  дереу  барлығы 

бірдей  жұмылдырылмайды,  керісінше,  кезекпен  іске  қосылады 

(физиологиялық  қорларды  жіктеу 4-топта  көрсетіледі).  Қорлар 

бірінші  кезекте,  организмнің  абсолютті  мүмкіндіктерінің 30%-ға 

дейін  болатын  жұмыс  кезінде  жүзеге  асырылады  жəне  тыныштық 

күйден  күнделікті  əрекет  жағдайына  ауысады.  Бұл  үдерістің 

механизмі – шартты  жəне  шартсыз  рефлекстер.  Екінші  кезектегі 

қосылу,  қызу  əрекет  барысында,  көбіне,  максималды  мүм-

кіндіктердің 30-65%-ына  дейін  болатын  жұмыс  (жаттығу,  жарыс) 

кезіндегі    экстремалды  жағдайларда  жұмылдырылады.  Мұнда  ор-

ганизм қорларының қосылуы нейрогуморалды ықпалмен, сонымен 

қатар ерік күші мен эмоция арқылы жүзеге асады. Үшінші кезектегі 

қорлар əдетте, өмір үшін күрес, көбіне, естен танғаннан соң, жанта-

ласу (агония) жағдайларында қосылады. Бұл кезектегі резервтердің 

қосылуы шартсыз-рефлекстік жолмен жəне кері гуморалдық байла-

ныс арқылы қамтамасыз етілуі ықтимал. 


48

Жарыс  немесе  экстремалды  жағдайларда  жұмыс  кезінде 

физиологиялық  қор  диапазоны  төмендейді,  сондықтан  да 

негізгі  міндет  оны  көтеруде  болып  табылады.  Оған  организмді 

шынықтыру,  жалпы  жəне  арнайы  бағытталған  дене  жаттығуларын 

орындау,  фармакологиялық  заттар  мен  адаптогендерді  пайдала-

ну  арқылы  қол  жеткізуге  болады.  Мұнда  жаттығу  организмнің 

физиологиялық  қорларын  қалпына  келтіреді  жəне  нығайтады, 

нəтижесінде  олардың  кеңеюіне  əкеледі.  1890 жылдардың  өзінде 

ақ  И.  П.  Павлов  организмнің  шығындалған  ресурстарының  тек 

бастапқы  деңгейге  дейін  қалпына  келіп  ғана  қоймай,   біршама 

одан  да  артық  болатындығын  көрсеткен.  Артық  компенсация 

феномені  деп  аталған  бұл  құбылыстың  биологиялық  мəні  аса  зор.  

Суперкомпенсацияға  əкелетін  қайталама  жаттығулар  организмнің 

жұмыс  істеу  мүмкіндіктерінің  жоғарылауын  қамтамасыз  етеді. 

Жаттығу əсерлерінің ықпалынан спортшы қалпына келу үдерісінде 

күштірек, шапшаңырақ жəне төзімдірек бола бастайды, яғни соңғы 

нəтижесінде оның физиологиялық қорлары кеңейе түседі.  

Жоғарыда  келтірілген  организмнің  резервті  мүмкіндіктерінің  

(А. С. Мозжухин бойынша) жіктелуімен қатар:

1. Биохимиялық қорлар;

2. Физиологиялық қорлар;

3. Психологиялық қорлар деп топтау да орын алған.

Биохимиялық қорлар. Бейімделу кезінде биохимиялық қорларды 

мобилдеу мен пайдалану нəтижесінде организмнің ішкі ортасының 

динамикалық  тұрақтылығы  сақталады.  Егер  организмде  зат  алма-

су өнімдері жинақталып қалса, гомеостазды сақтаудың гуморалдық 

механизмдері  іске  қосылады.  Осылайша  биохимиялық  қорлар  тек 

энергиялық  пен  пластикалық  алмасуды  ғана  емес,  сонымен  бірге 

негізінен жасушалық жəне ұлпалық деңгейлермен  байланысты ор-

ганизм гомеостазын да қамтамасыз етеді. 



Психологиялық  қорлар.  Организмнің  қызметтік  қорларын 

«іргетасы»  биохимиялық,  ал  «шыңы»  психологиялық  қорлар  бо-

лып табылатын күрделі қорлар жүйесі ретінде қарастыруға болады.  

Қызметтік  қорлар  жүйесінің  «негізі» – нейрогуморалдық  реттелу 

механизмдері есебінен оны біртұтас етіп біріктіретін физиологиялық 

қорлар  болып  табылады.  Жүйе  түзуші  факторлар  организм 

қызметтерінің нəтижесі немесе бейімделу нəтижесі  ретінде көрінеді. 

Нəтиженің  болмауы  жүйелі  жеткіліксіз  нəтиже  сияқты  қызметтік 


49

қорлар  жүйесінің  қалыптасуына  түрткі  болып  қана  қоймай  жəне 

ерік, мақсат, нұсқау, құндылық жүйесіне жəне т.б. байланысты оның 

қызмет етуін тоқтатып əрі оны істен шығаруға да əкелуі ықтимал. 

Қызметтік жүйелер теориясына сəйкес адам организмінің жасы-

рын мүмкіндіктерінің жекелей көрінуін қор ретінде бағалау мүмкін 

емес.  Тек  аталмыш  қызметтің  организмнің  тұтас  қызметтерінің 

нəтижесіне  қатысы  ғана  бейімделу  резервтері  туралы  сөз  қозғауға 

мүмкіндік  береді.  Осының  салдарынан  организм  адаптациясы 

резервтері  анықтамасы  организмнің  құрылымдық  элементтері 

функциялық  белсенділігінің  бейімделу  нəтижесіне  қол  жеткізуге 

үлес қоса алатын өзгерістерімен түсіндіріледі. 

Адаптация  үдерісінде  организмде  қызметтік  қорлар  жүйесі 

қалыптасады  жəне  жетілдіріле  түседі.  Ол  организмнің  бейімделу 

деңгейі мен сипатымен, оның жыныстық, жастық жəне конституци-

ясы ерекшеліктерімен анықталады. 

Қызметтік  қорлардың  күрделі  жүйесін  түзетін  жеке  бөлімдері  

бір-бірлерімен  өзара  əсерлеседі.  Олардың  кейбірі  бір-біріне 

жағымды (оң) жəне жағымсыз (теріс) əсер етіп, яғни қызметтерінің 

күшеюіне  немесе  тежелуіне  себепші  болса,  ал  кейбіреулері  тек 

біржақты  ғана  ықпал  жасайды.  Мəселен,  талдағыштар  жүйесі 

қозғалысқа  жауап  беретін  жүйелер  қызметін  белсендіре  əлде 

төмендете  алуымен  қатар  ол  гомеостазды  сақтау    жүйелеріне  тек 

белсендіруші ықпал ғана ете алады. Бұлшық ет жүйесі гомеостазды 

сақтау жүйесін белсендірумен қатар (гомеостазды сақтау жүйелері 

сияқты) қозғалысты ұйымдастыру жүйелері қызметіне тежеуші əсер 

етеді. 

Негізінде  организм  адаптациясы  қосбірлікті  үдеріс  ретінде 



қарастырылуы мүмкін. Бір жағынан, организм ішкі ортаның өмірлік 

маңызды константаларын (тұрақты шамаларын) сақтауға бейімделсе, 

ал басқа жағынан үнемі гомеостаз өзгерістерінің алдын алу мүмкін 

болмағандықтан,  организм  арнайы  қызметті  орындауға  неме-

се  адаптацияның  физиологиялық  жүйелерінің  қорын  жұмылдыра 

қатыстыру жолымен əсер етуші факторларға бейімделеді.  



Физиологиялық қорлар классификациясы

Физиологиялық қорлар төмендегіше жіктеледі.

1. Организмнің құрылымдық жəне қызметтік деңгейлері бойын-

ша:


А) жасушалық физиологиялық қорлар – бұлшық ет, жүйке жəне 

т.б;


50

Ə) ұлпалық физиологиялық қорлар – жүйке, бұлшық ет, без жəне 

т.б; 

Б) мүшелік физиологиялық қорлар – жүрек, өкпе, бүйрек жəне 



т.б;

В)  жүйелік  физиологиялық  қорлар – жүрек-тамыр,  тыныс  алу, 

зəр шығару жəне т.б;

Г) жүйе аралық физиологиялық қорлар;

Ғ) тұтас организмнің адаптациялық қорлары. 

2. Дене сапалары бойынша:

А) күштің физиологиялық қорлары;

Ə) шапшаңдықтың (жылдамдықтың) физиологиялық қорлары;

Б) төзімділіктің физиологиялық қорлары.  

3.  Орындалатын  бұлшық  ет  жұмысының  сипаты  (қуаттылығы, 

ұзақтығы) бойынша:

А) максималды қуаттылықты жұмыс физиологиялық қорлары;

Ə)  максималдыға  жуық  қуаттылықты  жұмыс  физиологиялық    

қорлары;


Б) субмаксималды қуаттылықты жұмыс физиологиялық қорлары;

В)  орташа  (қалыпты)  қуаттылықты  жұмыс  физиологиялық 

қорлары. 

4. Физиологиялық қорлардың мобилдену кезегі (жоғарыда толық 

сипатталған болатын) бойынша:

А)  бірінші  эшелон – тыныштық  күйден  шаршау  сезімі  пайда   

болғанға дейінгі үйреншікті жұмысқа ауысқанда мобилденеді;

Ə) екінші эшелон – экстремалды жағдайларда қосылады;

Б) үшінші эшелон – өмір үшін күрес кезінде мобилденеді.

5. Физиологиялық қорлардың арнайылығы дəрежесі бойынша:

А) жалпы (арнайы емес) физиологиялық қорлар – сапа қызметі-

нің барлық түрлеріне ортақ жұмылдырылады;

Ə) арнайы физиологиялық қорлар – арнайы қызмет дағдылары   

арқылы мобильденеді.

Адаптация  үдерісінде  организмнің  резервті  мүмкіндіктері 

диапазонының кеңеюі орын алады жəне оларды мобилдеу қабілеті 

жоғарылайды. 


51

Организмнің  қызметтік  қорларын  сандық  бағалау  аса  қиынға 

соғады. Организмнің резервті мүмкіндіктерін зерттеудің 2 жолы бар:

1. Бірінші  жол  организмге    тестік  жүктемелердің  əсер  етуі 

кезіндегі мүшелер, мүшелер жүйесі жəне тұтас организм қызметінің 

диапазонын анықтаумен байланысты;

2. Екінші жол гомеостаз бұзылған жағдайларда адам  организмі-

нің жұмысты атқару қабілетін зерттеуге бағытталған, яғни ұйғарын-

ды (мүмкін болатын) гетеростаз деңгейі анықталады. 

Организмді  кез  келген  функциялық  тестілеу  барысында 

физиологиялық қорлардың тек біраз бөлігінің ғана мобилденетінді-

гін  ескерсек,  оның  потенциалды  физиологиялық  қорларын 



тікелей  анықтау  мүмкін  емес.  Дегенмен,  нейрогуморалдық  рет-

телу  механизмдері  есебінен  физиологиялық  жүйелер  қызметінің 

өзгерістері  өзара  байланысты  болып  келетіндіктен  организм 

адаптациясы  қызметтік  қорларын  бағалау  үшін  жанама  əдістер 

қолданылады.  Ол  мөлшерлі  жəне  шекті  дене  жүктемелері  кезінде 

жүректің  жиырылу  жиілігі  (ЖЖЖ),  оттегіні  пайдалану,  гормон-

дар  секрециясы,  электроэнцефалограмма  (ЭЭГ)  жəне  т.б.  сын-

ды  организмнің  функциялық  күйінің  түрлі  көрсеткіштерін  тіркеу 

арқылы  жүргізіледі.  Мұндай  əдіс  организмнің  функциялық  күйін 

қалыптастырудағы сол немесе басқа да физиологиялық қорлардың 

нақтылы үлесін сандық бағалауға мүмкіндік береді.  Физиологиялық 

қорлар  барлық  адаптациялық  резервтер  жүйелері  ішінде  орталық 

қосалқы  жүйе  болып  табылатындықтан,  оның  қызметіне  басқа  да 

қосалқы  жүйелердің  жұмысы  тəуелді  болып  келеді.  Бұл  тұтастай 

алғанда  қызметтік  қорлар  жүйесінің  мобильдеу  мүмкіндігін 

бағалауға қолайлылық тудырады. 

Организмнің қызметтік қорын бағалау кезінде жүйелік тəсілдеме 

кең  қолданылады.  Ол  тест  жүктемелері  əсеріне  жауап  ретінде 

туындаған  организмнің  жүйелік  адаптивті  реакциясында  əртүрлі 

қорлардың  интеграциясын  (бірігуін)  сипаттауға  мүмкіндік  береді. 

Қызметтік  қорлардың  интеграциясы  организм  бейімделгіштігінің 

ерекшелігі  жəне  оның  деңгейімен,  сонымен  бірге  организмге  əсер 

етуші  сыртқы  орта  факторының  сипатымен  анықталатындығы 

дəлелденген.  



52


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет