Спорттық мамандандыру мен жарыс стилін барабар жəне
барабар емес таңдау маңызы
Спортшының шыныққандығын одан əрі жақсы дамыту үшін
іріктеу жəне болжау жоспарында:
1. Спорттық мамандандыру мен жарыс стилін барабар таңдау;
2. Спортшының арнаулы жүктемелерге бейімделу жылдам-
дығына генетикалық ықпалды ескере отырып, көп жылдық
433
даярлықтың əрбір кезеңдерінде көп сатылы іріктеу сияқты 2 фактор
қажет.
Тек осы екі факторды қатар үйлестіру ғана жоғары жетістіктер
спорты деңгейінде жақсы нəтижелерге жету мен спортшы ден-
саулығының сақталуын қамтамасыз ете алады. Спорттың сан алуан
түрлерінде шыныққандық жайында пайымдаудың негізі жеткілікті
танымал ақпараттық морфологиялық жəне психофизиологиялық
критерийлер болып табылады.
Жоғары дəрежеде жəне төмен дəрежеде жаттыққан спортшылар
арасында сол бір спорттық шеберлік деңгейіне жету мерзімі бойын-
ша айтарлықтай айырмашылықтар болуы мүмкін. Мəселен, К.Б Ка-
зак (1998) мəліметтеріне сүйенсек, спорт шебері нормативін төмен
дəрежеде жаттыққан спортшыларға (4 жыл 8 айда) қарағанда жоғары
дəрежеде жаттыққан ауыр атлетші-кір тасын көтерушілер (3 жыл 7
айда) 1,5 жылдай бұрын, төмен дəрежеде жаттыққандармен (7 жыл
8 айда) салыстырғанда дзюдошы-əйел адамдар (5 жыл 6 айда) 2
жылдан аса жылдамырақ, ал олардан (9 жыл 1 айда) дзюдошы-ер
адамдардың (6 жыл 5 айда) 2,5 жылдан да көп ерте орындайтындығын
көреміз.
Жоғары дəрежеде жаттыққандық жоғары білікті спортшы-
ны дайындау уақытын қысқартумен қатар, тек биологиялық
міндеттердің (оның денсаулығын сақтау) ғана емес, сонымен қатар
əлеуметтік міндеттердің (жарыстарда жеңіске жету) де орындалу-
ын қамтамасыз етеді. Осылармен қатар, бапкер еңбегіне, ғимаратты
жалға алуға, т.б. кететін шығындарды қысқарта отырып, жаттығу
үдерісінің жоғары экономикалық əсеріне қол жеткізуге мүмкіндік
береді. Уақыт факторының спортшының жеке өмірінде де маңызы
зор екені белгілі.
Спорттық шынығудың барабар емес түрін таңдау көптеген артық,
нəтижесіз жəне тіптен мақсатқа сай емес организмнің жүйе ішілік
пен жүйе аралық өзара байланыстары тəн тиімсіз физиологиялық
жүйелердің
бейімделуінің
қалыптасуымен,
компенсациялық
механизмдердің тиімсіз түрлерінің жұмылдырылуымен, қалпына
келу үдерістерінің қиындауымен, шыныққандық дəрежесінің
баяу дамуымен, жарыстарда жеңістердің азаюымен, спорттық
шеберліктің жоғары деңгейінен төменірек деңгейге түсуімен,
болашақта көңіл көншітпейтін болжаулармен қатар жүре оты-
рып, ең ақыры организмнің физиологиялық, генетикалық қосалқы
434
қорларының тез азаюына, тіпті, кейде сарқылуына орай спорттық
шеберліктің артуының тоқтауына да əкеледі.
Осыған орай практикада спорт түрі мен жарыс стилін (шабуыл-
шы немесе қарсы шабуылшы) барабар таңдаудың аса маңызы зор.
Алайда, кейбір мəліметтерге сүйенсек, самбошы-күрескерлер
арасында спортшылардың жартысына жуығы дерлігі өздерінің туа
біткен типтік ерекшеліктеріне сəйкес келмейтін стилді қолданады
екен. Осының салдарынан спорттық техниканы меңгеру қарқыны
баяулайды, спорттық нəтижелер төмендейді, спорттық дəреже
нормативтерін орындау мерзімі артады. Шабуылшы ма, əлде қарсы
шабуылшы стилі ме, оған тəуелсіз «өзінің» стилін қолдану спорттық
шеберліктің өсуі жылдамдығын арттырады жəне бұл айырмашылық
неғұрлым спорттық біліктілік жоғары болған сайын, соғұрлым
көбірек болады. Мысалы, самбошы-күрескерлерде «өз» стилдерін
(4 жылда) таңдау кезінде «басқа» стилді (5 жыл 4 айда) таңдаумен
салыстырғанда 1 дəрежедегі нормативтер орындау уақыты 1,5 жылға
жуық азырақ болады. Спорт шеберлігіне кандидат нормативін орын-
дау 2 жылдан аса ерте уақытта, яғни бұл нормативке стилін дұрыс
таңдамағандар 7,2 жылда, ал өз стиліндегілер 5 жылда-ақ қол жеткізе
алады. «Өз» стиліндегілер (6 жылда) «басқа» стилдегілерге (11 жыл
2 айда) қарағанда спорт шебері нормативін тіптен 5 жылдан да көп
уақыттан бұрын орындай алады.
Ситуациялық спорт түрлерімен шұғылданатын, яғни боксшы,
волейболшы, баскетболшы жəне т.б. спортшылар ішінде көптеген
психологиялық-физиологиялық көрсеткіштер бойынша шабуылшы
мен қарсы шабуылшы стиліндегі спортшылар арасында айтарлықтай
айырмашылықтар орын алған (Сологуб Е.Б. жəне əріпт., 1986, 1993).
Мəселен, қарсы шабуылшылармен салыстырғанда шабуылшы
боксшыларда тактикалық ойлау мен сенсомоторлық реакциялардың
уақыттық көрсеткіштері нақтылы қысқарақ болады, теппинг-тест
пен бұлшық ет күші көрсеткіштері жоғары, жұмыс алдыңғы элек-
троэнцефалограммада (ЭЭГ) алдын ала күйге келтірудің барынша
жоғары деңгейі, яғни ми қыртысы белсенділігінің синхрондалуы
(бірнеше үдерістерді уақыт жағынан дəл, сəйкес келтіруі) тəн, ал
қарсыласымен жұптық өзара əрекеті кезінде электроэнцефалограм-
мада (ЭЭГ) мидың сол жақ жарты шарының төменгі төбелік, көру
жəне моторлық бөлімдерінде қозғалысты басқарудың неғұрлым
асимметриялық жүйесі (шартты түрде «қабылдау жүйесі»)
435
қалыптасады. Кері байланысты электромиография (ЭМГ) кезінде
бұлшық ет күшеюін ерікті басқару қабілетінің өсімі азырақ көрінген.
Ал қарсы шабуылшы боксшыларда жетекші рөлді мидың
маңдай алды бөлімі атқаратын үлкен ми сыңарлары қыртысында
өзара байланысты белсенділіктің неғұрлым симметриялы жүйесі
(«шешім қабылдау жүйесі»), Г. Айзенктің ауызша тесті бойын-
ша интеллектуалдылықтың (зерделіліктің) барынша жоғары
коэффициенті, кері байланысты электромиография (ЭМГ) кезінде
бұлшық еттің сезінуі мен тағайындалған (берілген, орындалуға
тиіс) күш салудың жаңадан өндіру дəлдігінің барынша табысты
жетілдірілуі орын алған.
Волейболшы, баскетболшы, футболшы жəне сайыскер спорт-
шыларды зерттеу барысында алынған ұқсас мəліметтер шабуыл-
шыларды вербалды емес (тілден тысқары) ойлау тəн тұлғаларға,
И.П. Павлов бойынша «көркем» типке, ал қарсы шабуылшыларды
(қорғаушыларды) вербалды (сөзбен білдіру) ойлау тұлғаларына не-
месе «ойшыл» типке жатқызуға мүмкіндік береді.
Шабуылшы жəне қарсы шабуылшы стилі тəн спортшылар топ-
тарында 2/3 бөлігі туа біткен жеке дара-типологиялық ерекшелікте-
ріне сəйкес келетін жарыста өз стилдерін тапқан спортшылар бол-
са, 1/3 жуығына барабар емес таңдау тəн, олар бұл таңдауларын
организмнің басқа да қызметтік мүмкіндіктерімен компенсациялауы
(өтеуі) ықтимал. Дегенмен, стилді дұрыс таңдамау əсіресе, жүйке
жүйесінің жылдамдығына байланысты қасиеттері мен қимыл ап-
параты сынды барынша генетикалық ықпалдың бақылауында бо-
латын сапаға ие шабуылшы спортшылар шеберліктерінің өсуін
айтарлықтай қиындатады (29-кесте). Мысалы, жоғары жетістіктер
спортында ұрыс жүргізудің барабар мəнерін таңдамаған шабуылшы
боксшылардың үлесі (І санаттағы спортшылар тобында) 36%-дан
(спорт шебері мен халықаралық спорт шебері топтарында) 25%-ға
дейін қысқарады.
Спортшыларды физиологиялық-генетикалық ерекшеліктері бо-
йынша дифференциациялау оларды үйретудегі түрлі педагогикалық
əдістерінің негізін құрайды. Жəне жаттығуларды дұрыс іріктеуге,
барабар өз стилін таңдауға, жарыстың табысты болуын моделдеу
мен болжау алгоритмдерін жасауға мүмкіндік береді.
436
29-кесте
Туа біткен жеке дара-типтік ерекшеліктеріне сəйкес жарыс стилін
барабар жəне барабар емес таңдаған шабуылшы жəне қарсы шабуыл-
шылардан тұратын (n=61) жоғары білікті боксшылар (%) саны.
(Е. Б. Сологуб жəне əріпт., 1986, 1993, 1998; В. А. Таймазов, 1986, 1997;
Г. И. Анисимов, 1991; И. Н. Пресняков, 1994 бойынша)
Стиль түрі
Таңдау
барабарлығы
Боксшы біліктілігі
I санат
жəне спорт
шеберлігіне
кандидаттар
Спорт шебері жəне
халықаралық
спорт шебері
Қарсы
шабуылшы
Барабар
(адекватты)
65
62
Барабар емес
(адекватты емес)
35
38
Шабуылшы
Барабар
(адекватты)
64
75
Барабар емес
(адекватты емес)
36
25
437
ХІV ТАРАУ
САУЫҚТЫРУ ДЕНЕ ЖАТТЫҒУЛАРЫНЫҢ
ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Адам қоршаған ортадан тыс өмір сүре алмайды. Адам организмі
ашық жүйе болып табылады, яғни сыртқы ортамен тығыз бай-
ланысты – ауадан тыныс алу үшін оттегі, тіршілікті энергиямен
қамтамасыз ету үшін тамақты, өзінің дамуы үшін əлеуметтік орта-
дан əртүрлі ақпараттарды үнемі алып отырады. Организмнің сыртқы
қоршаған тіршілік жағдайлары мен ішкі дүниесі үнемі бір қалыпта
болмайтындықтан, яғни көптеген ықпалдардың қолайсыз əсер
етуіне орай адам өз денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтау
үшін арнайы шаралар қолдану керек.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) анықтамасы
бойынша «Денсаулық – организмде аурудың не болмаса дене
кемістігінің жоқтығы ғана емес, ол табиғи (физикалық), рухани
жəне əлеуметтік толық аман-есендік». Сондықтан денсаулық сақтау
ісі – физикалық, психикалық, рухани жəне əлеуметтік жағдайларға
жіктеледі. Физикалық саулық – адам организміне тəн функциялардың
өздігінен реттелуі, функциялық үдерістің келісімді өтуі, сыртқы
орта əсерлеріне бейімделу қасиеттерінің жоғары дəрежеде болуы.
Психикалық саулық – ауруды болдырмау, қайтсе де одан арылуға
ұмтылуды, адам өмірінің мақсатына айналдыру. Əлеуметтік саулық
– адам белсенділігінің, яғни жеке адамның айналадағы өмірмен біте
қайнасу дəрежесі.
Қазіргі өмір жағдайларындағы дене шынықтырудың рөлі
ДДСҰ-ның есебі бойынша адам денсаулығының 20-25%-
ы экологиялық факторларға, 20% биологиялық факторларға
(тұқымқуалауға), 10%-ы медициналық факторларға, ал 50-55%-
ы салауатты өмір салтына, яғни адамның өзіне байланысты
екендігі анықталған. Адамның денсаулығы мен жоғары жұмысқа
қабілеттілігінің қажетті деңгейін сақтайтын СӨС факторларының
арасында дене шынықтыру маңызды орын алады.
438
Адам организміне қазіргі өмір жағдайларының ықпалы
Адамға ықпал ететін сыртқы орта факторларының жағымды ғана
емес, жағымсыз əсер ететіні де белгілі. Топтастырылған қатерлі фак-
торлар бір-бірімен байланысты, бірақ аурудың шығу тегіне қарай
оларды шартты түрде:
1) өлі табиғат (абиотикалық);
2) тірі табиғат (биотикалық);
3) əлеуметтік орта факторлары деп 3 топқа жіктеуге болады.
Осы айтылған жағдайларға байланысты адамның жəне əлеуметтік
топтың саулығын болжауға болады.
Денсаулыққа əсер ететін сыртқы физикалық факторларға ауаның
қысымы, температура, газ, радиация, шу, вибрация, жел, жарық,
қараңғылық жəне т.б., химиялық факторларға су, ауа, жер, тағам
құрамындағы түрлі заттар; ал биологиялық факторларға инфекция,
вирустар жатады. Ал ішкі жағдайларға гендік қасиеттер, қанның
құрамы мен қысымы, тыныс алу, жүрек ырғағы, зат алмасуы, т.б.
жатады. Бұлардың өзгеруі адам организміне, оның денсаулығына
əсер етеді. Əуел баста организм олардың өзгерістеріне бейімделіп,
икемделіп немесе төзімділігін күшейту арқылы ішкі ортасының
тұрақтылығын сақтайды. Егер өзгеріс тым күшті болса, адамның
денсаулығы нашарлайды, түрлі аурулар пайда болады. Ішкі
тұрақтылықты сақтауды француз ғалымы Клод Бернар гомео-
стаз деп атаған (грек. гомозис – бірдей, стазис – жайы). Гомеоcтаз
организмнің ішкі тұрақтылығын бір қалыпта ұстайтын үдерістердің
жиынтығы. Бұл тұрақтылық ферменттердің қызметінің, зат
алмасуының қарқынды жүруіне мүмкіндік тудырады. Денедегі
қуаттың алмасуын да осы физиологиялық механизм реттейді.
Қазіргі кезде ғылым мен техниканың орасан өрлеуінің
нəтижесінде «өркениет аурулары», яғни табиғат пен қоғамның
қауырт өзгерістерінің организмге əсерінен туатын аурулар кең
өріс алуда. Бұл өзгерістерге адам организмі жылдам жəне толық
бейімделіп үлгермеу салдарынан аурулар туады.
Итальяндық физиолог А. Моссо «дене жаттығулары көптеген
дəрі-дəрмектің орнын алмастыра алады, бірақ бірде-бір дəрілік зат
дене жаттығуларының орнын толтыра алмайды», – деп атап өткен-
дей қазіргі адам өміріндегі дене шынықтырудың рөлі зор. Жануар-
лар əлемі, соның ішінде адам эволюциясы үдерісінде көптеген орга-
низм мүшелері мен жүйелері əр текті қозғалыстармен тығыз өзара
439
байланысты қалыптасқан. Бұлшық еттердің жұмысынсыз адамның
кеңістікте қозғалуы, сыртқы тыныс алуды жүзеге асыруы, жүректің
қан айдауы, ас қорыту жолдарымен тағамның жылжуы, несеп-жы-
ныс жүйесі жұмысы, есту аппаратында дыбыс толқындарының өтуі,
көздің мəтінді оқу жəне іздеу қызметі, сөздің айтылуы тəріздес, т.б.
көптеген қызметтер мүмкін болмас еді.
Қазіргі əлемде қозғалыс шектелуінің қарыштауы организмнің
түрлі жүйелері қызметтерінің бұзылуына əкеліп, жұмысқа
қабілеттілікті төмендетіп жəне денсаулық күйін нашарлата отырып,
адамның биологиялық табиғатына қайшы келеді. Неғұрлым ғылыми-
техникалық прогресс адамзатты ауыр еңбек пен артық қозғалыстан
босатқан сайын, соғұрлым қозғалыс белсенділігін өтеу қажеттілігі
арта түседі.
Бұл жағдайларда жаппай дене шынықтыруды дамытудың рөлі
зор.
Ертедегі гректер: «Егер сұлу болғың келсе – жүгір, егер сау
болғың келсе – жүгір, егер күшті болғың келсе – жүгір», – деген
екен. Дене қимылы организмнің тіршілігін қозғалтып, жанданды-
рып отырады. Тыныс алу жақсарады, қан айналысы жеделдейді,
бұлшық еттің қозғалысынан лимфа ағысы жылдамдап, денеде жи-
налып қалған улы зиянды заттар сыртқа шығарылады. Академик
В. В. Париннің айтқанындай, дене қимылы зат алмасуын тездетеді,
тірек-қимыл жүйесінің, жүрек-қан тамырлар жүйесінің қызметін
арттырады, ал бұл дененің қуат көзін ашады, жүйке жүйкесінің
қызметін қалыптастырады.
Дене шынықтыруға əйел адамдардың тартылуы өте маңызды,
себебі олардың денсаулығына ұрпақ сапасы байланысты. Балалар
мен жасөспірімдер организмі дамуы қозғалыстың жоғары деңгейін
аса қажетсінеді. Ал егде жас тұлғалары үшін сергектік пен көп
жасаудың бірден-бір факторы болып табылады.
Аз қозғалып қызмет ететін, əсіресе, жасы ұлғайған адамдардың
қанында эритроциттер төмен болады, ал май ұлпасының мөлшері
жоғарылайды. Бұлшық еттердің массасы азаяды, ал сүйектері
опырылғыш келеді.
Қара жұмыстағы адамдардың, спортпен шұғылданатын
кісілердің эритроциттерінің мөлшері қажетті деңгейде болады,
оттегінің жетіспеуінде төзімді болып, тыныс алу жəне бұлшық ет
жүйелері бір қалыпта қызметін атқарады.
440
Дене шынықтыру жаттығуларының əсерінен бұлшық еттердің
қан айналысы күшейеді де, жасушалардың оттегімен, амин.
қышқылдарымен, т.б. қоректік заттармен қамтамасыздануы
жақсарады. Жаттығу кезінде бұлшық еттің 1 мм көлемінде 2500 қан
капиллярлары ашылып, қанның қозғалысын жеделдетеді. И.М. Се-
ченов осындай əсердің ми жасушаларында да болатынын болжаған,
ол болжамды ғалымдар кейіннен іс жүзінде дəлелдеді.
Дене шынықтыру жаттығулары ішкі мүшелерге де, ішектегі
лимфаның түзілуіне де əсер етіп, лимфаның қозғалысын жыл-
дамдатады. Соның нəтижесінде ішек-бауыр лимфасы арқылы
зат алмасуының соңғы қажетсіз қалдықтары организмнен сыртқа
мезгілінде шығып отырады.
Қазіргі уақытта мезгілі жетіп дүниеге келген нəрестенің дене
салмағы мен бойы қалыпқа сай болса да, функциялық жағынан
толық жетілмеулері байқалады. Бұл оның қозғалыс белсенділігінің
төмендеуімен, бұлшық еттік гипотониямен, тез қажумен, суық
тию мен инфекциялық ауруларға төзімділіктің, яғни иммунитеттің
төмендеуімен, эмоциялық реакцияларға əлсіз жəне тұрақсыз,
жүйке жүйесінің əлсіз типімен көрініс береді. Физиологиялық
жетілмеудің нəтижесі дене сапалары мен дағдыларының жеткіліксіз
дамуы, семіздік, жақыннан көргіштік, омыртқа жотасының
қисаюы, жалпақ табандылық, балалар травматизмі болып табыла-
ды. Бұл құбылыс адам өмірінің келесі сатыларына да ықпал етпей
қоймайды. Физиологиялық жетілмеумен күрес фармакологиялық,
психологиялық немесе педагогикалық шаралармен шектелмейді.
Аталмыш құбылысқа қарсы тұрудың бірден-бір негізгі қажетті ама-
лы қозғалыс белсенділігін арттыру. Бұл көп жасауға жəне салауатты
өмір салтына ашылған жол.
Жаппай дене шынықтыруды дамыту денсаулықты сақтау мен
жұмысқа қабілеттілікті жоғарылатуды ғана қамтамасыз етіп қоймай
халықты, əсіресе жасөспірімдерді зиянды əдеттерден – шылым шегу,
маскүнемдік мен нашақорлықтан аулақ болуға əкеледі.
Осыған орай, халықты дене шынықтырумен шұғылдануға тар-
ту қажет. Айтулы спортшылардың спорттық жетістіктері қалың
қауымға рух беріп, спортпен жүйелі түрде айналысуға əкеледі.
Қазіргі олимпизмнің негізін салушы Пьер де Кубертен 100 адам дене
шынықтырумен айналысу үшін 50 адамның спортпен шұғылдануы,
50 адамның спортпен шұғылдануы үшін 20 адам жоғары білікті
441
спортшы болуы, ал бұл адамдар үшін 5 адамның керемет жетістіктер
көрсетуі қажет екендігін дұрыс атап өткен.
Біздің елімізде де Қажымұқан Мұңайтпасұлы, Александр Вино-
куров, Илья Ильин, Бекзат Саттарханов сынды спортшыларымыздың
жетістіктері барша жастардың спортпен шұғылдануына түрткі бо-
лары сөзсіз. Елбасымыз Н.Ə. Назарбаевтың қазақстандықтарды
бұқаралық спорт түрлеріне тарту барысында атқарып жатқан
жұмыстарының да жемісін беріп жатқанына олимпиада жетістіктері
дəлел болып табылады.
Гипокинезия, гиподинамия жəне олардың адам организміне
ықпалы
Қазіргі заман жағдайында дене жүктемелерінің азаюы адам
организмі түрлі қызметтерінің нашарлауына əкеледі.
Гипокинезия жəне гиподинамия
Адам организмі қалыпты қызмет етуі үшін қаңқа бұлшық
еттерінің жеткілікті белсенділігі қажет. Бұлшық ет аппаратының
жұмысы мидың дамуына жəне ми орталықтары аралық пен сенсор
аралық өзара байланыстардың түзілуіне əкеледі. Қозғалыс əрекеті
энергия өнімі мен жылу түзілуді жоғарылатады, организмнің ты-
ныс алу, жүрек-тамыр жəне т.б. жүйелерінің қызметін жақсартады.
Қозғалыстың жеткіліксіз болуы барлық жүйелердің қалыпты
қызметінің бұзылуына əкеледі жəне нəтижесінде гипокинезия мен
гиподинамия күйі туындайды.
Гиподинамия (грек. гипо – төмен, динамос – күш) күштің аза-
юы, дененің іс-қимылының төмендеуі. Жүріп-тұру, қозғалыс-қимыл
азайған сайын бұлшық еттер босаңсиды, жүрек еті, басқа ішкі
мүшелердің жалпақ еттері əлсірейді. Гиподинамияны «гипокине-
зия» (гипо – төмен, кинезис – қимыл, қозғалу) деп те атайды. Бірақ
бұл толық мəнді синоним емес. Гипокинезияны, яғни дененің неме-
се оның кейбір мүшелерінің қимылдамай қалуы не əлсіз қимылын
тудыратын себептердің бірі – ортаңғы ми мен жұлындағы қимыл
рефлекстерінің орталығының істен шығуы.
Гиподинамия ұзақ отырып, қызмет ететін адамдарда жиі
байқалады немесе гипстелген аяқ-қол біраз уақыт қозғалмауына
байланысты, ғарышта ұзақ болғанда пайда болады. Мысалы,
442
ғарышкерлер жерге қайтып келіп қонғанда аяғын баса алмай қалады.
Оларды сүйемелдеп жүргізіп жаттықтырғаннан кейін жүруі қалпына
келеді. Аз уақытқа созылған гиподинамия дене жаттығуынан кейін
басылып, жойылады, дене қимылы, аяқ-қол қозғалыстары қалпына
келеді. Күнделікті жасайтын таңертеңгілік денешынықтыру
жаттығулары, спорт, қара жұмыс, серуендеп жүру, үй шаруасы жəне
мал шаруасымен айналысу – гиподинамияның алдын алу шарасы.
Өз еркімен белсенді жұмыс істеп жүрген адамда гиподинамия бол-
майды. Атақты генетик Н. П. Дубинин «Мəңгілік қозғалыс» (Вечное
движение) атты кітабында: «өмір – үздіксіз мəңгілік қозғалыс», – де-
ген.
Жануарларға жүргізілген көптеген тəжірибелер оларға
қозғалыстың аздығы аса ауыр тиетінін көрсеткен. Мысалы,
егеуқұйрықтарды 1 ай бойына акинезия жағдайында ұстағанда
жануарлардың 60%,-ы ал гипокинезия жағдайында – 80%-ы тірі
қалған. Тар торларда қамалып өсірілген балапандарды кейін еркін
қоя бергенде аулада кішкене жүгіріп өткеннен-ақ өліп қалған.
Қозғалыс белсенділігінің төмендеуі адамда да ауыр өтеді.
Сүңгуір-теңізшілерді зерттеу нəтижелері теңізде 1,5 ай болған соң
оларда кеуде мен қол-аяқ бұлшық еттері күшінің бастапқыдан 20-
40%-ға, ал 4 айдан кейін 40-50%-ға кемитінін көрсеткен. Бұдан басқа
да бұзылулардың орын алғаны байқалған.
Қозғалыс белсенділігі жеткіліксіздігінің адам организміне
ықпалы
Орталық жүйке жүйесінде гипокинезия мен гиподинамия жүйке
орталықтары аралық өзара байланыстардың жоғалуын тудырады,
бірінші кезекте нейрон аралық синапстарда қозудың өтуі бұзылуынан
асинапсия туындайды. Мұнда психикалық жəне эмоциялық сфе-
ра өзгеріске ұшырайды, сезім мүшелерінің қызметі нашарлайды.
Қозғалыстарды басқарудың ми жүйелерінің зақымдалуы қозғалыс
əрекеті координациясының нашарлауына əкеледі, моторлық коман-
да берілуінде қателіктер туындайды, бұлшық еттің ағымдағы күйін
бағалап жəне əрекет ету программасына коррекция енгізе алмайды.
Бұлшық ет көлемінің, салмағының жəне олардың жиырылу
қабілетінің төмендеуімен, яғни бұлшық ет талшықтарының атрофия-
сымен көрініс беретін қозғалыс аппаратында біраз дегенерациялық
құбылыстар байқалады. Бұлшық еттердің қанмен жабдықталуы,
энергия алмасуы нашарлайды.
443
Достарыңызбен бөлісу: |