Физиологиялық қызметтің жасқа сай ерекшеліктері
Организмнің өсуі мен қалыптасуы, оның сыртқы ортамен өзара
əсерінің тиімділігі көбінесе, жүйке жүйесінің дамуына, ең бастысы
оның жетекші бөлімі – ми қыртысына байланысты.
382
Жоғары жүйке қызметінің жасқа байланысты ерекшеліктері
Балалар дамудың жас кезеңдерінің жеке сатыларында жоғары
жүйке қызметінің арнайы ерекшеліктерімен сипатталады.
Бастауыш мектеп жасында жоғары жүйке қызметінің жетілуі
тəн. Бұл кезеңде жүйке үдерістерінің күші мен жылдамдығы артады,
ішкі тежелу күшейеді, нəтижесінде қозу мен тежелу үдерістерінің
өзара əсері мектеп жасына дейінгі балаларға қарағанда жоғары тепе-
теңділікпен (салмақтылықпен) сипатталады. Оларда шартты мен
өшу сияқты ішкі тежелулер түрлері 5-7 жастағы балаларға қарағанда
айтарлықтай жылдамырақ түзілетіні байқалған. Мысалы, шартты
тежелу 5 жастағы балаларда 30 рет бекітілмей барып бірақ түзілсе,
ал 12 жастағы балаларда 4 рет бекітілмеген соң түзіледі.
Бастауыш мектеп жасында шартты рефлекстік байланыс
түзу қабілеттілігі жоғарылайды. Мəселен, 10-12 жастағы ба-
лаларда қарапайым (жай) тітіркендіргіштерге сияқты күрделі
тітіркендіргіштерге де оң шартты рефлекстер жедел қалыптасады
жəне айтарлықтай тұрақтылықтарымен сипатталады. Осылармен
қатар балаларда рефлекстік реакциялар көбіне жайылған сипатта
болады. Бұл – қозу үдерісінің айқын иррадиациясының нəтижесі.
Осының салдарынан ішкі тежелу күші əлі жеткіліксіз, ересектерге
қарағанда дифференциациялау (ажырату) қиынырақ қалыптасады.
Аса күшті əсер еткен кезде балаларда шектен тыс тежелу салыстыр-
малы жылдам дамиды.
10-12 жаста ересектерге тəн, яғни секундына 10-12 тербеліс
болатын мидың биоэлектрлік белсенділігінің альфа-ырғағы
жиілігі көрінеді. Сонымен қатар балалар электроэнцефалограм-
масы айтарлықтай вариабелдікпен сипатталады, мидың түрлі
аймақтарында электрлік белсенділік жиіліктерін таратуда едəуір
айырмашылықтар байқалады.
Бастауыш мектеп жасында сөйлеу қызметі белсенді жүреді, ойлау
қарқынды дами бастайды, бірінші жəне екінші сигналдық жүйелердің
өзара байланысы жетіле түседі. Сөздік ақпарат неғұрлым нақтырақ
жəне толық болады. Тітіркендіргіш ретінде сөз бен қозғалыс қызметі
арасында уақытша байланыстар күшейе түседі. Осының арқасында
өз қозғалыстарын тереңірек əрі алуан түрлі сөзбен жеткізу қабілеті
жоғарылайды.
Дене тəрбиесі мен спорттық жетілдіру сигналдық жүйелердің
383
барынша нəзік өзара қатынастарына əкеледі жəне сөз бен ойлаудың
қозғалыс қызметіне ықпалын кеңейтеді.
Жасөспірімдік жас (орта буын) жыныстық жетілуге сай
бой мен дене дамуының қарқынды дамуына сəйкес келеді. Бұл
үдеріс қыздарда 11-12 жас, ал ұлдарда 13-14 жастарда басталады.
Жыныстық жетілу үдерісіне байланысты:
1-фаза – препубертанттық немесе жыныстық жетілу алды кезеңі;
2-фаза – жыныстық жетілудің күшеюі мен сыртқы белгілерінің
көрінуімен сипатталатын пубертантты (жыныстық жетілу кезеңі);
3-фаза – жоғары мектеп буын жасында жалғасатын жыныстық
жетілудің аяқталуымен байланысты постпубертантты (жыныстық
жетілуден кейінгі) кезеңдер деп 3 фазаны бөліп қарастырады.
Жасөспірімдік шақ бірнеше айрықша ерекшеліктерімен си-
патталады. Жасөспірімдерде қозу үдерістері басымырақ болады,
дифференциациялық тежелу едəуір нашарлайды, тітіркенуге шарт-
ты рефлекстік реакциялар азырақ адекватты (барабар) келеді жəне
барынша айқын көрінетін «екпінді, ағынды, қызулы» сипат тəн.
Осымен бір жағынан, жасөспірімнің қимыл əрекеттерінің қажет
емес бұлшық еттердің жиырылуымен қосымша қозғалыстарының
көп болуымен жиі ерекшеленуі түсіндіріледі. Бұл жастағы бала-
ларда шартты рефлекстер мен ажыратудың (дифференциалдаудың)
түзілуінде уақытша қиындықтар байқалуы мүмкін.
Жасөспірімдер қуаныштан жабырқаңқылыққа (көңілсіздікке)
немесе керісінше қуанышты күйге тез ауысуымен көрінетін
психикалық тұрақсыздықпен сипатталатын мінез-құлықтарындағы
жоғары эмоциялық күймен ерекшеленеді. Бұл өзгерістер уақытша
сипатта болады, аталмыш жас кезеңіне тəн нейро-гуморалдық
өзгерістердің салдары болып табылады.
Жыныстық жетілу кезеңі ретінде жасөспірімдік жас жы-
ныс бездерінің ішкі секрециялық қызметтерінің белсенуімен
ерекшеленеді. Гипофиз бен қалқанша бездермен жыныс бездерінің
өзара əсерлесуінен алдыңғы балалық шаққа тəн организмдегі
нейроэндокриндік жəне нейро-гуморалдық қатынастар өзгеріске
түседі.
Кəмелеттік (жігіттік) немесе жоғары мектеп жасына өту жоғары
жүйке қызметінің əрі қарай жетілдірілуімен байланысты. Ми
қыртысының анализ-синтездік қызметтерінің деңгейі жоғарылайды,
жалпылау қызметі күшейеді, сөз сигналдарының рөлі артады, сөздік
384
тітіркендіргіштерге латенттік кезең азаяды. Ішкі тежелу күшейеді,
жүйке үдерістері барынша тепе-теңділікпен, салмақтылықпен си-
патталады. Ми қыртысының электрлік белсенділігінің қалыптасуы
аяқталады, 17-18 жаста оның қызметі жеткілікті дəрежеде жетіледі.
Зат жəне энергия алмасудың жасқа сай ерекшеліктері
Мектеп жасындағы балалардың зат алмасу үдерістерінің
ерекшеліктері түзілген энергияның ересектерге қарағанда одан
да айтарлықтай үлесінің организмнің өсу жəне даму үдерістеріне,
яғни пластикалық алмасуға жұмсалуында болып табылады. Осыған
орай, спорттық шынығу кезіндегі энергия шығыны тек сол энер-
гия көздерін толтыру қажеттілігімен ғана шектелмей өсу жəне даму
үдерістерімен де байланысты келеді.
Белок алмасу. Ересектерге қарағанда балалар организмінің
белокқа қажеттілігі жоғары. Неғұрлым бала кіші болған сайын,
соғұрлым өсу үдерісі қарқындырақ жүруге сəйкес белокқа қажеттілік
те артады (19-кесте).
Мəселен 4-7 жастағы балалардың 1 кг салмағына 3,5-4 г, 8-12
жастарда – 3 г, 12-15 жастарда 2,5-3,5 г, ал ересектерге – 1-1,5 г белок
қажет. Себебі балаларда белок синтезі белоктың ыдырау үдерісіне
қарағанда басымырақ келеді. Өсіп келе жатқан организм үшін оң
азотты баланс тəн, яғни организмге түсетін тағам құрамындағы
белоктағы азот мөлшері зəрмен бөлініп шығатын азот мөлшерінен
артық болады.
19-кесте
Белоктың тəуліктік қажет мөлшері
Адамның жасы
Белок мөлшері, г/кг
2-3 айдан 1 жасқа дейін
4,0-5,0
2-3 жас
3,5-4,0
12-15 жас
2,5-3,5
15-17 жас
2,0-3,0
17-21 жас
1,5-2,0
21-50 жас
1,0-1,3
385
Пайдаланылған белоктардың санымен қатар сапасы да маңызды.
Белоктардың толық құндылығы синтезделуге қажетті амин.
қышқылдарының болуымен анықталады. Организмге ауыстырыл-
майтын амин қышқылдарының жеткілікті дəрежеде түсуінің мəні
айтарлықтай зор. Белок тапшылығы бала организмі дамуын баяу-
латады. Ал спортпен шұғылданатын балаларда, əсіресе, бұлшық ет
массасының елеулі артуы жағдайларында белокқа қажеттілік 1,5-2
есе жоғарылайды.
Май алмасу. Май жəне май тəріздес заттар өсу үдерісінде
айтарлықтай рөл атқарады. Олардың жүйке жүйесінің морфология-
лық жəне функциялық жетілуінде маңызы аса зор. Сонымен қатар
майлар жасуша мембранасының түзілуіне қажет. Дененің 1 кг
салмағына майдың тəуліктік нормасы 5-6 жаста – 2,5 г, 10-11 жаста
– 1,5 г, 16-18 жаста – 1 г-ды құрайды.
Майларды артық қолдану салдарынан олар қорға жиналуы
мүмкін. Əсіресе, олардың көбі организмде қозғалыс белсенділігі аз
болған жағдайларда қорға жиналады. Майлардың артық мөлшері
зат алмасу, ас қорыту үдерістерінің бұзылуына əкеліп, дене дамуына
теріс ықпал етеді. Балаларда май алмасу тұрақсыз сипатқа ие.
Көмірсу алмасуы. Балаларда көмірсу алмасуының қарқынды-
лығы жоғары келеді. Бұл оларда көмірсулардың тек негізгі энер-
гия көзі болып қоймай, сонымен қатар жасуша қабырғасымен
бірге дəнекер ұлпасының түзілуін қамтамасыз ететін маңызды
пластикалық (құрылымдық) қызмет атқаруымен байланысты
(20-кесте).
20-кесте
Көмірсудың тəуліктік қажет мөлшері
Адамның жасы
Көмірсу мөлшері, г/кг
6 айдан 1 жасқа дейін
113
1-1,5 жас
160
1,5-2 жас
192
3-4 жас
233
5-6 жас
252
7-10 жас
324
11-13 жас
382
жігіттер
422
қыздар
367
386
Балалар тəулігіне тағаммен 4-7 жаста – 280-300 г, 8-13 жаста –
350-370 г, 14-17 жаста 450-470 г көмірсу қабылдау қажет.
Ересек адамдарға қарағанда балаларда көмірсу алмасуының
реттелуі азырақ жетілген. Бұл көмірсу ресурстарының неғұрлым
баяу мобилизациясымен, сонымен қатар жұмыс кезінде
көмірсу алмасуының қажетті қарқындылығын сақтап тұруда
аз қабілеттілігімен көрінеді. Мəселен, 500 м жүгіру, 5 км кросс
сияқты қызу спорттық əрекеттер кезінде ересектерге қарағанда
жасөспірімдер мен бозбалаларда қандағы қант деңгейі жиірек
төмендейді. Əсіресе, бұл ұзақ уақытта орындалатын монотон-
ды (бірсарынды) жаттығуларға тəн. Эмоцияға қанық, сезімге бай
сабақтар, сан алуан ойын жаттығуларын қолдану қандағы қанттың
қалыпты деңгейінің сақталуына əкеледі.
Су жəне тұз алмасу. Су бала денесі массасының 80%-ға жуығын
құрайды. Организмнің дамуы барысында су мөлшері ересектердегі
мөлшерге (дене массасының 68-72%-ы) дейін азаяды. Неғұрлым
бала кіші болған сайын соғұрлым ол тез дамитындықтан оның суға
деген қажеттілігі де арта түседі. Мəселен, суға тəуліктік қажеттілік
1 кг дене массасына шаққанда 6 жаста 100-110 г, 14 жаста – 70-85 г,
18 жаста – 40-50 г-ды құрайды. Жас артқан сайын тұтынатын судың
салыстырмалы мөлшерінің азаюына қарамастан оның абсолюттік
мөлшері артып отырады. Бұл жас өскен сайын бала денесінің
массасының артуымен байланысты. Сондықтан тəулігіне пайдалана-
тын судың жалпы мөлшері ересектерге қарағанда балаларда азырақ
болады. Мысалы, бұл көрсеткіш ересектерде 2200-2500 мл болса,
ал 6-10 жастағы балаларда 1600-2000 мл-ды құрайды. Балаларға
суды жылдам жоғалтып жəне оны тез қорға жинау қабілеті, яғни
жоғары гидролабилділік қасиет тəн. Бұл су алмасуының жүйкелік
жəне гуморалдық (эндокриндік) реттелуінің жеткілікті дəрежеде
жетілмеуі негізделеді.
Минералдық заттардың, олардың ішінде ең бастысы каль-
ций мен фосфор сүйек ұлпаларының қалыптасуында маңызы
зор. Ол заттарға қажеттілік қарқынды өсу кезеңдерінде, əсіресе,
жасөспірімдердің жыныстық жетілу кезеңінде арта түседі. Мысалы,
кальцийге тəуліктік қажеттілік 6-7 жаста 0,3-0,5 г, ал жоғары мектеп
жасындағы оқушыларда 1,0 г болады.
Организмнің қалыпты дамуы үшін минералдық заттардың тек
абсолюттік мөлшері ғана емес, олардың қатынасы да маңызды.
387
Мəселен, мектепке дейінгі жастағы оқушылардың тəуліктік рацио-
нында кальций мен фосфордың мөлшері шамалас болуы тиіс болса,
ал одан жоғары жас кезеңдерінде фосфор мөлшері екі есеге дейін
артық болуы қажет (21-кесте).
21-кесте
Балалар организміне қажетті минералдық заттар мөлшері,
тəулігіне мг
Баланың жасы
кальций
фосфор
магний
1 жасқа дейін
1000
1500
-
1-3 1000
1500
140
4-6
1000
1500
220
7-10
1200
2000
360
11-13
1500
2500
400
14-17
1400
2000
530
ересек
4500
2000
-
Өсіп келе жатқан организм үшін, сонымен бірге натрий, хлор,
темір де аса қажет. Алайда, ересек адамдарға қарағанда балалардың
аталмыш минералдық заттарға тəуліктік қажеттілігі 1,5-2 есеге
кемірек келеді. Осымен қатар балалардың зат алмасу үдерістерінде
мыс, мырыш (цинк), кобальт, марганец сияқты микроэлементтердің
де алатын өзіндік орындары бар.
Энергия алмасу. Ересек адамдарға қарағанда балалар-
да энергиялық алмасу жоғары болады. Мысалы, салыстыр-
малы тыныштық күйде (негізгі алмасу) 1 кг масса мен дене
беткейінің бірлігіне энергия шығыны ересектерге қарағанда 8-10
жаста 2-2,5 есе жоғары келеді. Балалар организмі биоэнергети-
касы қарқындылығының барынша жоғары болуы өсу мен даму
үдерістерінің салдары болып табылады. Жəне де еске сала кететіні
бала неғұрлым жас болған сайын соғұрлым жоғары болады.
Энергияның көп шығындалуы тек күшейтіле жүріп жатқан
пластикалық үдерістерге ғана емес, ересектерге қарағанда
айтарлықтай қарқынды жүретін тыныс алу, жүрек-тамыр жүйелері-
нің жұмыстарымен, сонымен қатар жылу шығындаудың көп болуы-
мен де байланысты. Балалардың дене беткейінің ауданы дене мас-
сасымен салыстырғанда үлкен болып келетіндіктен ол қоршаған
ортаға жылуды көбірек шығарады. Мəселен, негізгі алмасу күйінде
388
энергия шығыны дененің 1 м
2
беткейіне 10 жастағыларда 49,5 ккал
болса, 16-18 жастағыларда 43 ккал тең болады.
Дене жүктемелерін орындау кезіндегі энергия шығыны, соны-
мен қатар адамның жасына да тəуелді болып келеді. Бірдей дене
жүктемесін орындау кезінде ересектерге қарағанда жасөспірімдерде
энергиялық алмасу жоғары болады. Жас артқан сайын сол бұлшық
ет жүктемесіне энергия шығыны төмендей бастайды. Жүріс кезінде
шығындалатын энергияны зерттеу барысында 1 м жолға неғұрлым
балалар үлкен болған сайын, соғұрлым энергиялық шығындардың
аз болатыны дəлелденген. Велоэргометрде жүктемені орындау
кезінде 1 минутта 1 кгм жұмысқа 8-9 жастағы балалар 7,6 мл, ал ере-
сек тұлғалар – 5,4 мл оттегі жұмсаған, яғни балаларға қарағанда 1,4
есеге аз оттегі пайдаланған.
Сайып келгенде, жас ұлғайған сайын бұлшық ет жұмысының
үнемділігі арта түседі (22-кесте). Мұны, сонымен қатар организмнің
дамуы барысында механикалық тиімділіктің өсуі де көрсетеді. Вело-
эргометрде жұмыс орындау кезінде ол ересектерде – 15-20% бол-
са, 6-9 жастағыларда 12,3%-ға тең болған. Спорттық жаттықтыру
ықпалынан жаттығулардың энергиялық құндылығы төмендейді. Жас
спортшыларда спортпен шұғылданбайтын құрдастарына қарағанда
оттегіні пайдалану аз дəрежеде артатыны байқалған.
22-кесте
Дененің 1 кг массасына жұмсалатын тəуліктік энергия мөлшері
Жасы
Энергияның тəуліктік мөлшері,
кДж/кг
1-3 ай
462-504
3-6 ай
420-462
6-12 ай
378-420
2-6 жас
294-315
7-11 жас
252-294
11-15 жас
189-281
Ересек адам
147-168
Балаларда, сонымен бірге қызу бұлшық ет əрекеті кезінде алма-
су артуының максималды деңгейі де азырақ келеді. Мəселен, 10-11
жаста оттегіні пайдалану негізгі алмасумен салыстырғанда макси-
малды 9-10 есеге артуы мүмкін болса, ал ол ересектерде 15-20 есе
389
болады. Организм дамуының жеке-дара темптеріне (қарқынына)
ОМП-дың тəуелділігі анықталған. Дене дамуы темпі бойын-
ша өздерінің құрдастарын басып озған жасөспірімдерде қалыс
қалғандарға қарағанда ОМП жоғарырақ болып келеді.
Жас спортшыларда спортпен шұғылданбайтындарға қарағанда
энергиялық алмасудың максималды деңгейі жоғарырақ болады. Мы-
салы, 16-17 жастағы спортпен айналыспайтын балаларға қарағанда
спортшыларда ОМП 50-60% жоғары.
Қан жəне қан айналу жүйесінің жасқа сай ерекшеліктері
Қан айналымдағы қан көлемі (дене салмағына қатысты алғанда)
жасқа байланысты: 1 жасқа дейінгі балаларда – 11%, ересектерде –
7%, 1 кг дене салмағына шаққанда 7-12 жастағы балаларда – 70 мл,
ал ересектерде – 50-65 мл болады.
Қанның формалы элементтеріне де жасқа байланысты
ерекшеліктер тəн. 1 жастағы сəбиде эритроциттер мөлшері 6-6,5
млн/мм
3
болса, жас артқан сайын ол 4-5 млн/мм
3
дейін төмендейді.
Организмнің даму барысында қандағы гемоглобин концен-
трациясы да ұлғаяды. Мысалы, ұлдар мен ерлерде 8-9 жаста 13,8,
10-11 жаста 14,4, 12-13 жаста 13,7, 14-15 жаста 15,1, 16-17 жаста
15,1, 20-25 жаста 15,5 г/% болады. Ересектермен салыстырғанда
балаларда гемоглобин мөлшерінің төмен болуынан қанның
оттектік сыйымдылығының да біршама төмен болуы түсіндіріледі
(23-кесте).
23-кесте
Ерлер мен ұлдардағы қанның оттектік сыйымдылығы жəне ар-
терия қанындағы оттегі мөлшері
Жас
Көрсеткіштер
3-7
8-9 10-11 12-13
14
15 16-17 20-30
Қанның оттектік
сыйымдылығы (%)
16,8 17,4 17,9
18,0 18,8 19,2 19,0
19,7
Артерия қанындағы
О
2
(%)
16,5 17,0 17,4
17,5 18,3 18,8 18,3
19,0
Сəбидің алғашқы күндерінде қандағы лейкоциттер мөлшері
(1 мм
3
10 000-15 000) көп болады. Сəби өсе келе лейкоциттер
390
мөлшері төмендей отырып, 8-10 жасқа келгенде ересек адамның
деңгейіне жетеді. Лейкоцитарлық формулада да жасқа байла-
нысты айтарлықтай өзгерістер орын алады. Жас артқан сайын
нейтрофилдердің пайызы артып, ал моноциттер мен лимфоциттердің
мөлшері төмендей бастайды. Мектепке дейінгі жастағы балалар-
да қандағы нейтрофилдердің көп болмауы нəтижесінен қанның
фагоцитарлық қызметі төмен болып келеді.
Бұлшық ет əрекеті қан жүйесіндегі айтарлықтай өзгерістермен
қатар жүреді. Жасөспірімдер мен бозбалаларда ересектерге қараған-
да бұлшық ет жұмысынан кейін қанның бірнеше көрсеткіштерінің,
лейкоциттер, эритроциттер, тромбоциттер мөлшерінің, қан ұюы
жоғарылауы сияқты айтарлықтай өзгерістері мен олардың қалпына
келуінің неғұрлым ұзақ кезеңі тəн. Сонымен қатар 12-14 жастағы
жасөспірімдерде қанның жекеленген көрсеткіштерінің əртүрлі
бағыттағы өзгерістері айғақталған. Бұл осы кезеңдегі организм
қызметінің нейрогуморалдық реттелуінің қайта құрылуымен байла-
нысты.
Түрлі жас кезеңдерінде жүрек-тамыр жүйесі өзіңе тəн
ерекшеліктерімен сипатталады. Ол ең бастысы онтогенездің
əртүрлі кезеңдеріндегі зат жəне энергия алмасудың арнайы өзіндік
өзгерістеріне негізделеді.
Жүрек. Балалардың жүрек бұлшық еті үшін миокардтағы
тотығу үдерістерінің айтарлықтай күшеюімен анықталатын энергия
шығынының жоғары деңгейі тəн. Бұл бұлшық еттердің оттегіні көп
пайдалануымен көрініс береді.
Баланың өсу жəне даму үдерістері барысында жүректің массасы
ұлғайып отырады. Жүрек салмағы ұл балаларда 9-10 жаста 111,1 г
болса, ересек тұлғаларда 244,4 г, яғни ересектермен салыстырғанда
2 есеге аз болады. Осылармен қатар жүрек бөлімдерінің қатынасы
да өзгеріске ұшырайды жəне оның гистологиялық құрылымы
да қайта құрылады. Жүрек массасының ұлғаюы көбіне, сол жақ
қарынша есебінен жүзеге асырылады. Жүйелі түрде жаттықтыру
жүрек бұлшық еті массасының ұлғаюын тудырады. Мысалы,
жас жүзгіштерде, шаңғышыларда, велосипедшілерде, орташа
қашықтыққа жүгіретін желаяқтарда басқа спортшыларға қарағанда
жүрек мөлшері көбірек ұлғаяды.
Жүректің жиырылу жиілігі. Жас артқан сайын ЖЖЖ төмендеп
отырады: тыныштық күйде жаңа туған нəрестеде 135-140 екп/мин, 7
жаста – 85-90 екп/мин. болса, 14-15 жаста ересектердегі мөлшермен
шамалас болып келіп, 70-80 екп/мин-ты құрайды.
391
Балаларға жүрек қызметінің тұрақты емес ырғағы тəн. Ол
ішкі жəне сыртқы тітіркендіргіштердің ықпалынан айтарлықтай
өзгерістерге ұшырап отырады. Мысалы, қоршаған орта температу-
расы жоғары болса, ЖЖЖ-нің артуына, ал төмен болса, керісінше,
азаюына əкеледі.
Спорттық жаттықтыру ЖЖЖ мəнді ықпал етеді. Жас спортшы-
ларда, əсіресе, төзімділік жаттығуларымен айналысатындарда са-
лыстырмалы тыныштық күйінде ересектердегі іспеттес брадикардия
байқалады. Алайда, ол азырақ көрінеді.
72-сурет. Түрлі жас кезеңдеріндегі (абсцисса осі бойынша) оқушылардың
бірдей жүктеме кезіндегі жүректің жиырылу сомасы (ордината осі
бойынша) (В. М. Волков бойынша)
ЖЖЖ жасқа байланысты барынша өзгерістері бұлшық ет əрекеті
кезінде аңғарылады. Бірдей аэробты жүктеме кезінде ЖЖЖ жасқа
сай төмендеп отырады. Жүктемесі бірдей сол жұмыс жүрек қызметін
азырақ интенсивтендіру арқасында неғұрлым үнемді жүзеге асы-
рылады (72-сурет). Мысалы, 12-14 жастағы ұл балалар ЖЖЖ 130
екп/мин. болып 70 ваттан аспайтын жұмысты орындай алса, ал 18
жастағылар 122 ваттан аспайтын жұмысты орындай алады.
Балалар мен жасөспірімдер организмі үшін жүктеме мөлшерінің
жоғарылауы (жаттығулар қуаттылығының, ұзақтығы мен қайталау
392
жаттығулары санының артуы, демалыс интервалының азаюы) ере-
сек организмге қарағанда қымбатқа түседі. Мысалы, 9-11 жастағы
балаларда жүктемені 1 кгм арттыру кезінде жүректің соғуы жиілеп,
1 с-та 8,2-9,4 екп/мин. болса, 12-13 жастағыларда – 6,4-9,5 екп/мин,
ал ересектерде – 3,6-5,3 екп/мин. болады.
Балаларда қызу дене жаттығулары кезінде максималды ЖЖЖ
олардың жасымен кері тəуелділікте болады, яғни бала кіші болған
сайын соғұрлым оның мəні жоғары. Мектеп жасында максимал-
ды ЖЖЖ анықтаудың қарапайым ережесі ретінде мына формула
қолданылады: ЖЖЖ
макс
= 220-жас (жылмен) ( 8-тарауда ЖЖЖ
макс
анықтау қарастырылған болатын). Мысалы, 10 жастағы балалар-
да максималды ЖЖЖ орта есеппен 210 екп/мин. (220-10 (жас))
құрайды. Түйіндей келе, тыныштық күйдегі ЖЖЖ сияқты кез
келген жұмыс кезіндегі ЖЖЖ бірдей максималды емес аэробты
жүктемелерде жəне максималды ЖЖЖ ересектерге қарағанда бала-
ларда жоғары болады.
Əртүрлі жастағы тұлғаларда дене жаттығуларын орындағаннан
кейін ЖЖЖ қалпына келуі жүктеменің мөлшеріне де тəуелді болып
келеді. Максималды қуаттылықты ұзақ емес жүктемелерден кейін
ЖЖЖ қалпына келуі ересектерге қарағанда 11-14 жастағы балалар-
да тезірек жүреді. Қызу жəне ұзақ уақыттық жаттығулардан кейін
ЖЖЖ қалпына келу кезеңі жас артқан сайын қысқара түседі. Бұл
жұмысқа қабілеттіліктің жоғарылауымен байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |