Жас,
жыл
Сан жазғыш
бұлшық
еттері
Балтырдың жазғыш
бұлшық еттері
Табанның жазғыш
бұлшық еттері
12
62
24
39
13
74
31
49
14
85
37
55
15
96
41
59
16
106
44
68
Əр жас кезеңдерінде түрлі бұлшық еттердің МЕК арақатынасы
өзгеріп отырады, өзіндік бұлшық еттік профиль қалыптасады. 8-ден
10 жасқа дейін бұлшық еттердің МЕК жоғарылауы салыстырмалы
біркелкі жүреді. 11 жасқа таман оның өсу темпі арта түседі. МЕК
ең жоғары қарқынды өсімі 13-14-тен 16-17 жасқа дейінгі кезеңдерде
анықталған. Одан кейінгі келесі жылдарда (18-20 жасқа дейін) оның
өсу қарқыны ақырындайды. Неғұрлым ірі бұлшық еттерде МЕК
бірсыпыра ұзағырақ артады. 16-17 жаста ересек адамдарға тəн
бұлшық ет күшінің топографиясының қалыптасуы аяқталады.
Қазіргі уақытта акселерация үдерісімен байланысты бұлшық
еттердің жекеленген топтарының барынша ертерек даму тенденция-
сы аңғарылады.
МЕК абсолютті мөлшерінің өсуімен қатар оның (дене
массасының 1 кг-на) салыстырмалы мөлшері де көбейеді. Салыс-
тырмалы күш дамуының ең жоғары темпі 6-7-ден 9-11 жасқа дейін,
ал кеуденің жазғыш, табаның бүккіш бұлшық еттері сияқты кейбір
бұлшық еттер үшін 13-14 жасқа дейін орын алады.
403
Шапшаңдық
Спорттық жаттығуларды орындау кезінде шапшаңдықтың
кешенді көрінуінің байқалуы заңды құбылыс. Мысалы, спринтерлік
жүгіру нəтижесі сөредегі қимыл реакциясы уақытына, қадамдардың
жиілігі (темпі) мен жекеленген қозғалыс шапшаңдығына байланыс-
ты болады.
Алғаш рет жекеленген қозғалыстарда 0,50-0,90 с тең реакция
уақытын 2-3 жас кезеңінде анықтауға болады. Бірақ 5-7 жаста-ақ
ол 0,30-0,40 с-ке дейін төмендеп, 13-14 жасқа келгенде ересектер-
ге тəн көрсеткіштерге (0,11-0,25 с) жуықтайды. Жасқа сай қимыл
реакцияларының өзгерістері біркелкі жүрмейді. 9-11 жасқа дейін
оның уақыты тез азаяды да, ал одан кейінгі жылдарда, əсіресе, 12-14
жастан кейін баяулай бастайды.
Спорттық жаттықтыру қимыл реакциялары жылдамдығының
артуына əкеледі. Жүйелі түрде жаттығу ықпалынан реакция
уақытының барынша азаюы 9-12 жастағы балаларда байқалған.
Осы жас кезеңінде спортпен айналысатын балалардың спортпен
шұғылданбайтындардан артықшылықтары басым келеді. Егер осы
уақытта шапшаңдықты дамыту қарастырылмаса, онда одан кейінгі
жылдары туындаған артта қалушылықты жою қиынға түседі.
Организм даму үдерісінде жекеленген қозғалыстардың
жылдамдығы жоғарылайды. 13-14 жаста ол ересектерге тəн
көрсеткіштерге шамалас болады, 16-17 жаста оның төмендеуі, ал
20-30 жаста біраз артуы байқалады. Жас спортшыларда жекеленген
қозғалыстардың жылдамдығы жақсы дамыған. 13-14 жастың өзінде-
ақ спортпен шұғылданбайтын тұлғалардан олардың одан кейінгі жас
кезеңдерінде де сақталып қалатын айқын басып озуы айғақталған.
Жекеленген қозғалыстардың жылдамдығын дамытудың ең жоғары
тиімділігі 9-13 жаста анықталған.
Шапшаңдықтың маңызды бөлігі қозғалыс жиілігі (темпі) бо-
лып табылады. Шынтақ буынында 10 секундтағы қозғалыстың мак-
сималды жиілігі 4-тен 17 жасқа дейін 3,3-3,7 есеге артады. 11-12
жастағы балаларда велоэргометрде педалды айналдырудың макси-
малды жиілігі орта есеппен, 10 секундта 20 болса, кейіннен 18-20
жаста жоғарылап 33-ке жетеді.
Күш пен шапшаңдықты дамытудың өзара байланысы ұзындыққа
жəне биіктікке секіру сияқты жылдамдықты-күштік жаттығуларда
толығымен
көрінеді.
26-кестеден
көрінгендей
секірудегі
404
нəтижелердің ең жоғары өсімі 12-ден 13 жасқа дейінгіден басқа
кезеңдерде айқындалған.
Сонымен, жылдамдықты-күштік жаттығулар мəліметтерін са-
ралау түрлі жас кезеңдерінде нəтижелердің біркелкі емес өсімі
байқалады.
Төзімділік. Төзімділіктің жасқа сай өзгерістері əртүрлі, мы-
салы алақан, білек, санның бүккіш бұлшық еті сияқты бұлшық ет
топтарының статикалық күш сала орындалуы кезінде барынша
толығымен зерттелінген. Мəселен, максималды күштің 50%-ына тең
келетін динамометрде алақанның бүккіш бұлшық еттерінің күш сала
ұстап тұру уақытының жас ұлғайған сайын артатыны анықталған.
10-12 жаста осы күш салу уақыты 96 с, ал 18-20 жаста – 113 с болған.
26-кесте
Ұл балаларда жасқа тəуелді жылдамдықты-күштік
жаттығулардың нəтижелері (см)
Жас,
жыл
Жоғарыға секіру
(екі аяқпен оқыс
серпіле)
Ұзындыққа
секіру
Қатарынан үш рет
секіріп түсу (орнында)
12
35
171
517
13
38
185
560
14
40
194
591
15
42
201
615
16
44
211
636
Түрлі бұлшық ет топтарының күш салу ұзақтығы бірдей бол-
майды жəне бірмезгілде артпайды. 8-ден 11 жасқа дейін ең жоғары
төзімділік кеуденің жазғыш бұлшық еттеріне тəн. 11-14 жаста бал-
тыр бұлшық еттерінің төзімділігі айтарлықтай жоғарыласа, 13-14
жаста кеуденің жазғыш бұлшық еттері жəне білектің бүккіш пен
жазғыш бұлшық еттерінің статикалық төзімділігі біраз төмендейді.
Организмнің дамуы барысында асылу жəне таяну сияқты негізгі
гимнастикалық дене күйінде ұстап тұру уақыты артады. 13-тен
17 жасқа дейін асылудың шекті ұзақтығы ұл балаларда 4,3 есе, ал
қыздарда 4 есе жоғарылайды.
Жас артқан сайын төзімділікті қажет ететін қызу динамикалық
жаттығуларды орындау кезінде жұмысқа қабілеттілік елеулі
жоғарылайды. Велоэргометрде орындалатын жаттығуларда жұмыс
қуаттылығы 8-9 жаста 509 кгм/мин болса, ол біртіндеп ересектерге
405
тəн деңгей – 2710 кгм/мин дейін артатынын 27-кестеден байқауға
болады.
27-кесте
Велоэргометрде жұмыс қуаттылығының жасқа сай өзгерістері
(А. З. Колчинская бойынша)
Жас, жылмен
Қуаттылық, кгм/мин
8-9
509
10-11
745
13
916
14
1045
15-16
1219
22
2710
Төзімділік түрлі жас кезеңдерінде біркелкі артып отырмайды.
Мəселен, аэробты қуаттылықты жаттығулар кезінде төзімділіктің
ең жоғары өсімі 15-16-дан 17-18 жастағы жасөспірімдер мен бозба-
лаларда анықталған. Анаэробты қуаттылықты жаттығуларда жұмыс
ұзақтығының айтарлықтай артуы 10-12-ден 13-14 жасқа дейін
аралықтарда байқалған.
Жас спортшылар тек төзімділіктерінің жоғары болуымен ғана
емес жəне айтарлықтай көбірек болатын жасқа сай өсімдерімен си-
патталады. Мəселен, жүзумен айналысатын қыз балаларда 8-ден 15
жасқа дейін велоэргометрде орындалатын жаттығуларда жұмысқа
қабілеттілік 3 есе, ал ұлдарда 3,4 есе артқан. Демек, неғұрлым жас
спортшылар есейген сайын, сəйкесінше спортпен айналысу өтілі
(стажы) көбейген сайын соғұрлым олар спортпен шұғылданбайтын
тұлғалардан көп ерекшеленеді. Алайда, дене белсенділігі
жағдайында бола тұра ядро серпу, диск лақтыру, марафон жəне бас-
кетбол сияқты спорт түрлерінде жұмыс өнімділігінінің жасқа байла-
нысты төмендейтіндігін 74-суреттен көруге болады.
Ептілік. Бұл қимыл сапасы қозғалыстың күштік, уақыттық жəне
кеңістіктік параметрлерін басқара білумен сипатталады.
Ептіліктің
қалыптасу
факторларының
бірі
кеңістікті
бағдарлаудың дəлдігі болып табылады. Қозғалысты кеңістіктік диф-
ференциалдау (ажырату) қабілеті 5-6 жаста елеулі күшейеді. Бұл
қабілеттің барынша өсуі 7-ден 10 жасқа дейін байқалады. 10-12 жа-
ста ол тұрақтанып, 14-15 жаста біраз төмендеп, ал 16-17 жаста қимыл
бағдарлау көрсеткіштері ересектерге тəн деңгейге жетеді. Жүйелі
406
түрде жаттығу қозғалыстың кеңістіктік параметрлеріне неғұрлым
сапалы анализ жасай білуін дамытады.
74-сурет. Дене белсенділігі жағдайында бола тұра жасқа байланысты
жұмыс өнімділігінің өзгерістері (D. H. Moore (1975) Nature 253:264-265.
NBA Register, 1992-1993 Edition)
Жас артқан сайын қозғалыс темпін дифференциалдау қабілеті
өзгеріп отырады. 7-8 жаста велосипед педалын айналдыру жиілігінің
айтарлықтай вариациялары байқалған. 13-14 жаста қозғалыстың
қажетті темпін жаңадан өндіру қабілеті жақсарады да, ол ересектер-
ге тəн көрсеткіштерге жуықтайды.
Ептіліктің жасқа сай жетіле түсуі бұлшық еттің күш салуын диф-
ференциациялау қабілетін көрсетеді. 5-10 жастағы балаларда келесі
жас кезеңдеріне қарағанда қажетті күшті жаңадан өндіру дəл бол-
майды. Бұлшық еттік ширығу деңгейін ең нақты дифференциация-
лау 15-17 жастағы жасөспірімдер мен бозбалаларға тəн.
Спорттық жаттығу ықпалынан қозғалыстарды басқару қабілеті
артады. Қозғалыс координациясы дамуының жоғары дəрежесі басқа
қимыл сапаларының барынша жақсы қалыптасуына негіздейді.
Иілгіштік. Организмнің дамуы барысында иілгіштік біркелкі
өзгермейді. Мəселен, арқа жазғанда омыртқа жотасының
қозғалғыштығы ұлдарда 7-ден 14 жасқа дейін, ал қыздарда 7-ден
12 жасқа дейін едəуір жоғарылайды. Неғұрлым үлкен жаста оның
өсімі төмендейді. Арқаны бүккен кездегі омыртқа жотасының
407
қозғалғыштығы ұлдарда 7-10 жаста елеулі жоғарыласа, ал 11-13
жаста төмендейді. Иілгіштіктің жоғары көрсеткіштері ұлдарда
15 жаста, ал қыздарда 14 жаста байқалған. Пассивті қозалыстарға
қарағанда активті қозғалыстар кезінде иілгіштік біраз азырақ бола-
ды.
Жас спортшылардың физиологиялық сипаттамасы
Балалар мен жасөспірімдердің спорттық толық жетілуінің бас-
ты ерекшелігі оларда қимыл мен вегетативтік қызметтердің дамуы,
жұмысқа қабілеттіліктің артуы организмдегі өсу мен қалыптасу
үдерістері əлі аяқталмаған кезде жүріп жатуы болып табылады.
Сондықтан да жас спортшы үшін жылдамдатылған даярлық, аясы
тар дене жаттығуларын қолдану, жаттықтыру жүктемелерін шектен
тыс жəне мезгіліне сай емес арттыру аса зор қауіп тудыратынын
атап өткен жөн.
Спорттық жұмысқа қабілеттіліктің жасқа сай ерекшеліктері
Организмнің дамуы барысында оның дене жұмыс қабілеттілігі
жоғарылайды. Спортта бұл тіптен, салыстырмалы кішкене жас
диапазонының өзінде жүгіру, жүзу, ескек есу, т.б. ұзақтығы мен
қарқындылығын арттыру, қозғалыс жылдамдығының жоғарылауы-
мен көрінеді (28-кесте). А. З. Колчинская кестесі бойынша велоэр-
гометрмен жұмыс кезінде жастан жасқа жұмыс қуаттылығының ар-
татыны жоғарыда айтып өтілген болатын.
28-кесте
Жасөспірімдердегі 200 м арақашықтықта максималды темп-
те байдаркада ескек есу кезіндегі жұмысқа қабілеттілік мен
оттектік сұраныс (В. С. Мищенко бойынша)
Көрсеткіштер
Жас, жылмен
13
14
15-18
Ескек уақыты (с)
70,7 ± 0,5
66,0 ± 0,6
61,5 ± 0,6
Минутына есу саны
81,3 ± 0,4
82,0 ± 0,6
93,0 ± 0,7
Оттектік сұраныс, мл/мин.
мл/кг- мин
3360 ± 40
62,4 ± 0,3
3562 ± 48
64,0 ± 0,4
4070 ± 60
68,0 ± 0,45
Спорттық жаттықтыру дене жұмыс қабілеттілігінің артуы-
на əкеледі. Жас спортшылар спортпен шұғылданбайтындарға
қарағанда жоғары жұмысқа қабілеттілікке ие болып келеді. Мұнда
408
жас спортшылар үлкейген сайын, спортпен айналысу өтілі (ста-
жы) ұзарған сайын соғұрлым олардың спортпен шұғылданбайтын
құрдастарымен арасында айырмашылық көп болады. 8-9 жастағы
спортшылардың велоэргометрде 3874 кгм, ал сол жастағы спорт-
пен шұғылданбайтын құрдастарының 3684 кгм жұмыс орындағаны
анықталған. 14-15 жастағы жүзгіштер 12973 кгм, ал спортшы
емес құрдастары тек 8486 кгм тең жұмыс атқарған. Спортпен
шұғылданбайтын немесе спортшы қыздар болсын, мейлі ұлдарға
қарағанда жұмыс қабілеттіліктері төмен болады. Сонымен бірге
ұлдарға қарағанда жас спортшы мен спортпен шұғылданбайтын
қыздар арасындағы жұмысқа қабілеттілік айырмашылығы жоғары
дəрежеде айқындалған.
Жас өсе келе төзімділік жаттығуларына бейімделудің артуы мен
жұмысқа қабілеттіліктің жоғарылауы айтарлықтай дəрежеде аэроб-
ты өнімділіктің, соның ішінде ОМП-дың өсуімен байланысты. Жəне
де жас спортшыларда ең жоғары дəрежеде ОМП-дың артуы оларда
спортпен айналысу өтілі (стажы) көп болғанда байқалады.
Балалар мен жасөспірімдер организмі тек аз аэробты өнімділік-
пен ғана емес төмен анаэробты өнімділікпен де сипатталады. Бұл
əсіресе, энергия өндірудің анаэробты үдерістері үлкен рөл атқаратын
анаэробты қуаттылықты жаттығуларды орындау кезінде жұмысқа
қабілеттілікті белгілі бір шамада шектейді. Жас артқан сайын өсіп
отыратын максималды оттектік қарыздылық мөлшері анаэроб-
ты өнімділік көрсеткіштерінің бірі болып табылады. 9-10 жастағы
балалардың оттектік қарыздылық 800-1200 мл болғанда 8-9,3 кгм/с-
қа тең жүктемеде жұмыстарын тоқтатыны анықталған. 12-14 жаста-
ғы жасөспірімдер 2000-2500 мл оттектік қарыздылық жағдайында
жүктеме мөлшері 12-17 кгм/с болатын жұмысты орындай алады.
Ересектер үшін шекті жүктеме 20-45 кгм/с, ал оттектік қарыздылық
6000 мл тəн. Осымен қатар балаларда оттектік қарыздылық оттектік
сұраныстың көп пайызын құрайды. Оларда оттектік қарыздылықтың
жылдам (алактатты) фракциясы сияқты баяу (лактатты) фракция
шамасы да азырақ. Оттектік қарыздылықтағы бұл компоненттердің
максималды мəні 20-30 жаста байқалады.
Жастан жасқа организмнің анаэробты мүмкіндіктерінің
жоғарылауы жайында қандағы сүт қышқылы концентрациясының
өзгерісі куəландырады. Максималды қарқындылықты жаттығулар
кезінде 7-8 жастағы балаларда қандағы сүт қышқылы мөлшері
409
80 мг%, 14-15 жастағыларда 100 мг%, ал ересектерде 112 мг%-ға
дейін жоғарылайды. Бұл мəліметтер ересектерге қарағанда балалар
мен жасөспірімдердің анаэробты жағдайда жұмысқа аз қабілетті
екендіктерін көрсетеді.
Бұлшық ет əрекетінің энергиялық қамтамасыз етілуінің аэробты
жəне анаэробты механизмдерінің қалыптасуы əртүрлі мерзімдерде
жүреді. Анаэробты мүмкіндіктер кешірек дамиды. Мəселен, салыс-
тырмалы ОМП мөлшері бойынша 13 жастағылардың ересектерден
ешқандай айырмашылығы болмаса да, оларда салыстырмалы мак-
сималды оттектік қарыздылық ересектерге тəн шаманың тек 60-
70 %-ын құрайды. Осының нəтижесінде балаларда, соның ішінде
əсіресе, төменгі сынып оқушыларында бұлшық ет қызметінің энер-
гиямен қамтамасыз етілуінде анаэробты үдерістердің біраз пайдала-
нылуы байқалады.
Бұлшық ет əрекетіне бейімделудің жасқа сай ерекшеліктері
жоғары қуаттылықты жүктемелер кезінде көрінеді. Ересек спорт-
шылар велоэргометрде 1700 кгм/мин. тең жүктемені ЖЖЖ 175 екп/
мин. бола отырып орындай алады. Бозбалаларда 1500 кгм/мин. тең
болатын одан аз жұмысты ЖЖЖ 186 екп/мин-қа дейін өсе отырып
орындайды.
Сайып келгенде, ересек спортшылар жүрек қызметін аса
күшейтпей отырып, үлкен көлемді жұмыстарды атқара алады. Ере-
сектермен бірдей оттегі мөлшерін тұтыну үшін балаларға тыныс
қозғалыстары жиілігін арттыру қажет болады. Мысалы, ересектер-
дің 1 тыныс цикліне 35,8 мл О
2
келетін болса, ал 11-12 жастағы ба-
лалар болса, 17,8 мл О
2
қабылдай алады.
Спорттық шынықтыру кезіндегі организм күйі
динамикасының жасқа сай ерекшеліктері
Спорттық шынықтыру үдерісінде организмнің физиологиялық
күйінің сөрелік күй, бабына келу, тұрақты жұмыс қабілеттілік күйі,
қажу жəне қалпына келу сияқты бірінен соң бірі алмасып отыратын
бірнеше кезеңдермен сипатталатыны өткен тараулардан белгілі.
Ересектерге қарағанда жас спортшыларда түрлі қызметтердің
сөре алдыңғы шартты рефлекстік өзгерістері көбірек байқалуы
мүмкін. Балаларда алда тұрған бұлшық ет қызметі туралы ауыз-
410
ша ақпараттың өзі оларда ЖЖЖ мен артериялық қан қысымының
неғұрлым елеулі өзгерістерін тудырады. Жəне де спортпен
шұғылданбайтындармен салыстырғанда спортшыларда жұмыс
алдыңғы күйде қызметтердің күшеюі барынша айтарлықтай көрінеді.
Бабына келу кезеңі ересектерге қарағанда балаларда біраз
қысқарақ болады. Мысалы, қысқа арақашықтыққа жүгіру кезінде
7-14 жастағы балаларда максималды жылдамдық 5-секундта, ал 17-
18 жас бозбалаларда 6-секундта көрінеді. Дегенмен, бозбалалардың
бұл уақытта жоғары жылдамдыққа жететінін əрі ұзақ қашықтықты
бағындыратындарын жасырмау қажет. Балаларда, сонымен қатар
жүзу, велоэргометрде «жүру» сияқты төзімділік жаттығуларында
да тыныс алу, жүрек-тамыр жүйелері мен жұмысқа қабілеттіліктің
бірнеше көрсеткіштері біраз ертерек тұрақтана бастайды.
Бабына келу кезеңінен соң тұрақты жұмыс қабілеттілік күй
орын алады. Тұрақты күйді ұстап тұру қабілеті жасқа тəуелді бо-
лып келеді. Ересектерге қарағанда балалар оны сақтап тұруға аз
қабілетті. Олар О
2
пайдаланудың максималды деңгейіне тез жетіп
қойса да, бірақ бұл деңгейді ұстап тұру қабілеті жағынан ересектерді
алға салады. Жасөспірімдерде тұрақты күйдің неғұрлым қысқа
кезеңі ересектерге қарағанда барынша арынды гипоксемия дамуы-
мен өтеді. Бұл жасөспірімдерде қызу бұлшық ет əрекеті кезінде ор-
ганизм қызметтерінің бір-бірімен өте көп келісілмеуі нəтижесі бо-
лып табылады.
Қажу үдерістерінің сипаты да жасқа байланысты болады. Ере-
сектерге қарағанда балаларда қажу кезеңінде жұмысқа қабілеттілік,
қозғалыстар жылдамдығы көп шамада төмендейді. Балалар
организмнің ішкі ортасының кішкене ғана өзгерістері туындаған
кезеңінде, оттектік қарыздылық айтарлықтай аз жағдайда орын
алып тұрғанда жұмысты тоқтатуға мəжбүр болады.
В. М. Волков, А. В. Ромашов мəліметтері бойынша орташа аэроб-
ты жұмыс кезінде жасөспірімдерде қажу дамып келе жатқан кезеңде
вегетативтік қызметтердің (тыныс алу мен қан айналу) дискоордина-
циясы көбірек байқалады, жаттығулардың энергиялық құндылығы
көп шамада жоғарылайды.
Жас спортшыларда тыныс алу жəне вегетативтік қызметтер
арасындағы өзара əрекетер мен қозғалыс координациясы-
на айтарлықтай бұзылулар тəн болғанда қажудың көрінуі сирек
байқалмайды. Мысалы, тыныс алу мен қозғалыс арасындағы келісе
орындалған қызмет бұзылған жағдайларда қажу туындайды.
411
Дене жүктемесінен кейін қалпына келу үдерістерінің сипаты-
на адам жасының ықпалы болмайды. Ұзақ емес, көбіне, анаэроб-
ты жаттығулардан кейін жұмысқа қабілеттіліктің, вегетативтік
қызметтердің қалпына келуі, оттектік қарыздылықтың жойылуы
балаларда ересектерге қарағанда неғұрлым қысқа уақыттарда орын
алады. Балаларда оттектік қарыздылықтың абсолютті сияқты са-
лыстырмалы мөлшерінің де аз болатыны ақиқат. Максималды
қуаттылықты жұмыс кезінде О
2
пайдаланудың қалпына келуі 11-14
жастағы балаларда 12-14-минут, ал ересектерде 16-18-минуттарда
жүреді.
Қарқынды жаттығулардан кейін қалпына келу үдерістеріне
біркелкі емес сипат тəн. Алғашында ол жылдам, содан соң баяу
өтеді. Қалпына келу жылдам фазасында ересектерге қарағанда
оттектік қарыздылықтың көп бөлігі жойылады. 8-9 жастағы балалар-
да ол жалпы қарыздың 60-70%, ал ересектерде тек 40%-ға жуығын
құрайды. Жастан жасқа (11-ден 20 жасқа дейін) төзімділік пен үлкен
жұмыс атқару мүмкіндігінің жоғарылауымен қатар қалпына келу
уақыты артады.
Ұзақ емес жаттығулардан кейін балаларда қалпына келудің
неғұрлым жылдам өтуі ересектер алдында оларға елеулі
артықшылықтар бермейді. Өйткені ұзақ уақыттық жəне қажытатын
жүктемелер кезінде, жаттығуларды бірнеше мəрте қайталау бары-
сында ересектерге қарағанда балаларда қалпына келу үдерістері
баяу өтеді. Мысалы, 16-18 жастағы спортшыларда 50 км веложарыс-
тан соң артериялық қан қысымы 6-24 сағатта, ал ересек спортшы-
ларда 3-4 сағаттың ішінде қалпына келеді. Жас спортшыларда 25 км
жарыстан соң қалпына келу үдерістерінің ұзақтығы 50 км жарыстан
кейін ересектерге тəн уақытпен бірдей болады.
Спорттық
бағдарлау
жəне
оның
физиологиялық
критерийлері
Қазіргі заманғы спорттың ерекшелігі дарынды жастарды іздеу,
ғылыми негізделген спорттық бағдарлану ұйымдастыру болып та-
былады.
Спорттың алуан түрлері дененің құрылысына, жекеленген
қимыл сапаларының даму деңгейіне жəне организмнің қызметтік
мүмкіндіктеріне арнайы өзіндік талаптарын қояды. Яғни спорттық
жетістіктер шекаралары көбіне, спортшының морфологиялық
ерекшеліктерімен анықталады. Оларды спорттық бағдарлау кезінде
412
ескеру қажет, өйткені дене бітімінің кейбір бөлімдері жаттықтыру
ықпалынан айтарлықтай өзгеріп кете қоймайды.
Төзімділікті қажет ететін спорт түрлерінде аэробты өнімділікке
жоғары талаптар қойылады. В. Б. Шварц мəліметтері бойынша
ОМП мөлшерінің 80%-ы генетикалық факторларға, ал тек қана
20%-ы сыртқы орта ықпалына, соның ішінде жаттықтыруға байла-
нысты. Сондықтан да жас спортшыларда ОМП анықтау төзімділік
жаттығулары бойынша келешектегі нəтижелерді болжау үшін
қолданылуы мүмкін.
Орташа арақашықтыққа жүгіретін көптеген айтулы желаяқтар
оттектік тапшылықты жеңе алу қабілеттерінің өте жақсы дамуымен
ерекшеленеді. А. Б. Гандельсман бойынша олар гипоксиялық жəне
гиперкапниялық өзгерістерге басқа спортшылардан 2-3 есеге «шы-
дамды» келеді. Осыған орай анаэробты спорт түрлерінде іріктеудің
сенімді критерийі спортшылардың оттектік тапшылықты жеңе білу
қабілетін бағалау болуы мүмкін. Бағалаудың ең қарапайым əдісі –
гипоксемиялық сынау (тынысты кідірту, тұйық кеңістікте тыныс алу,
газ қоспаларымен тыныс алу жəне т.б.), ал күрделі əдісі максималды
оттектік қарыздылықты анықтау болып саналады.
Ауыр атлетика, күрес, гимнастика, жеңіл атлетикалық лақтыру
сияқты спорттың кейбір түрлерінде спорттық нəтиже айтарлықтай
дəрежеде белгілі бір бұлшық ет топтары күшінің даму деңгейімен
анықталады.
Қысқа арақашықтыққа жүгіретін желаяқтардың жылдамдықты-
күштік дайындықтарының көрсеткіші 0,1 с-қа тəн күш импульсі
болып табылады. Ол спортшының қысқа уақытта көп күш сала алу
қабілетін көрсетеді жəне спринтердің арнайы дайындығы деңгейін
бақылау үшін тест бола алады. Жас өсе келе спорттық жетілдірумен
қатар күш импульсі мөлшері жоғарылап отырады.
Шапшаңдық пен жылдамдықты-күштік сапаларды адамның
қимыл қабілетін көрсететін консервативті (кертартпа) қатарға
жатқызады, яғни олар спорттық жаттықтыру ықпалынан сəл ғана
өзгереді. Жеңіл атлетикалық секірулерде серпілу уақытының
спортшының жасы мен оның біліктілігіне аз тəуелді екені анықтал-
ған. Айтарлықтай «жарылыстық күш салумен» ерекшеленетін жас
спортшылар келер дайындық үдерісінде осы сапаны сақтайды.
Осыған орай секірудің серпілу фазасында күш салу концентрация-
сы қабілетін аталмыш спорт түрі бойынша спортшының потенци-
413
алды мүмкіндіктерін дұрыс болжау үшін қажет критерий ретінде
қарастырады.
Генетикалық факторлардың маңызын зор екенін біле тұра
сыртқы ортаның рөлін де теріске шығаруға болмайды. Генетикалық
ақпарат егер ол организмнің əр жас кезеңдерінде ортаның белгілі
жағдайларымен қолайлы өзара əрекеттескен кезде ғана жүзеге асуы
ықтимал. Егер педагогтар тарапынан сол жас кезеңіндегі спортшы-
ның жеке-дара анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне сəйкес
көңіл аударылып отырса, онда спорттық жетілдіру тиімділігінің
айтарлықтай жоғары болатындығы дəлелденген.
Организм дамуының түрлі кезеңдерінде ортаның белгілі бір
факторларының ықпалы бірдей болмайды. Əр кезең үшін ең жоғары
нəтиже беретін барынша əсер етуші факторлардың «өз кешені»
тəн. Сыртқы факторлар организмнің барабар емес мүмкіндіктеріне
онтогенездің жеке кезеңдерінде пайдалануға қойылған организм
қорларын (резервін) тұтынуға жағдай туғызбайды.
12-16 жастағы спортшыларда қимыл сапаларының дамуы
олардың биологиялық жастарына тəуелді болғандай төлқұжаттағы
жастарымен аса тəуелділікте болмайды. Төлқұжат бойынша
бірдей жастағы балалардың даму қарқынының біркелкі болмауы
жаттықтырушыны олардың нағыз қабілеттерін тануда шатастыруға
əкелуі мүмкін. Балалық пен бозбалалық шақта жоғары спорттық
нəтижелерге спорттық дарындылықтан емес, генетикалық жағынан
биологиялық жетілудің мерзімінен ерте болуынан да қол жеткізілуі
мүмкін. Сонымен, спорттық іріктеу кезінде акселерат балаларға
таңдау жасау əрқашан мақсатқа сəйкес келе бермейді. Жеке-дара
дамуы баяу темпте өтетін жасөспірімдердің потенциалы мықты,
қабілетті келуі сирек жағдай емес, бірақ олардың дарындылығы
кешірек көрінуі мүмкін.
Спорттық жетістіктер бір жағынан, бастапқы нəтижелермен
(ювенилді көрсеткіштермен), ал екінші жағынан, спорттық
жетілдіру барысында олардың өсім темпі арқылы анықталады.
Ювенилді көрсеткіштер мен соңғы жетістіктер (дефинитивті
көрсеткіштер) арасында өсім темпі біркелкі болмауына байланыс-
ты үнемі толық сəйкестік болмайды. Сондықтан жетістіктердің тек
бастапқы деңгейін ғана емес, қимыл сапалары дамуының, қызметтік
мүмкіндіктердің өсім қарқындарын да ескеру қажет. Жас жүзгіштер
мен жеңіл атлетшілердің 2-3 жылдық сабақтан кейін қол жеткізген
414
нəтижелерінің олардың алғашқы бастапқы нəтижелеріне тəуелді
еместігі анықталған. Сəйкесінше, аталмыш жағдайда бастапқы
спорттық нəтиженің емес, қызметтік мүмкіндіктердің жеке-дара
даму темпінің көп дəрежеде дефинитивті көрсеткіштермен өзара
байланысты екені көрінеді.
Спорттық жетістіктер өсімінің неғұрлым жоғары темптерінің
дифференциациялық спорттық жетілдіруде орны бар, яғни онда
спортшыларды іріктеуді олардың жеке-дара морфологиялық жəне
физиологиялық көрсеткіштерін, жоғары жүйке қызметі дамуы
ерекшеліктерін ескере жүргізеді. Даралау (индивидуализация)
ұстанымының аясы кең. Болашақ спортшыны тəрбиелеу – бұл тек
арнайы дене сапаларын жеке-дара дамыту емес, сонымен қатар
болашақ спортшыны тұлға ретінде қалыптастыру.
415
Достарыңызбен бөлісу: |