255
Орташа
субарктикалы мұзды аймағында, теңіз түбіне тіреуіштермен
бекітілген тұрақты темір платформалары қолданылады. Одан басқа теңіздің
тіреу бөлігіне қысқа қадалармен бекітілетін құрамалар ұсынылған.
Жүзбелі платформалар мұз күштеріне ұзақ уақыт төтеп беруге арналған.
Бірақ та терең суларды барлау, бұрғылау өндірісінде қолдауын тапты.
Арктика қайраңы акваториясының таяз жерінде құрылыстардың түбек
тәріздес түрі кеңінен қолданылады. Бірақ түбек тәріздес құрылыстар негізінде
барлау, бұрғылау жүргізуге арналған, түбектен қашықтаған сайын толқыннан
қорғану қиынға түседі.
Толқын әсерінен 19 метрлік терең түбекке 5 млн.м
3
толтыру
материалы
кетті. Түбектің бағасы 60 млн. канада доллары болды. Теңіз тереңдеген сайын
төселетін материалдар көлемі, құлама бұрышы тұрақты болса, үш дәрежеге
көбейеді. Сондықтан көп қолданылатын түбек құрылысын құру тұрғызу мате-
риалдарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде басқалардан гөрі кессон
құрылмадан тұрғызылған түбек түрлеріне көп көңіл бөлінеді. Кессон ретінде
бетонды блоктар, сапалы болат құрылма қатты платформа қолданылады. Терең
суларда қолданылатын сақиналы бөлек кессондар жобасы бар.
«Эксон» компаниясы теңіз тереңдігі 18-36 метрге арналған конус тәріздес
бетонды құрылма тұрғызуларды дайындаған. Құрылма корпусы бетонды кең
тіректі, диаметрі 150 м, тұрғызулардан тұрады, Тұрғызу тұтас мұз шоқысының
қалыңдығы су астында 23 м, үстінде 7 м болғанда жұмыс жасауға арналған.
Су астындағы мұздарды тұрғызуға жақындағанда конус тәрізді бетон жоғары
көтеріліп, сынады. Бұл құрылманы терең акваторияларға қолдануда «Эксон»
компаниясы конус тәріздес етіп тұрғызуға тірек болуы үшін түпті құрылма
ұсынды. Ол тереңдігі 60 м теңіздерде қолданылады.
Құрылманың әртүрлі үлгісі
10.17-суретте
көрсетілген. «Мұз сеңі
әсерінен құраманы қорғау үшін, сақиналы омыратын құрылғысы бар тұрақты
гравитациялық бетонды платформа жасалады.
Платформа мұз сеңімен
соқтығысқанда сақиналы омыратын құрылғы қозғалмайтын табанға көлбеу
орналасады да платформамен омырғыш арасында пайда болатын кинетикалық
энергия үйкелу күшімен жойылады (үйкелу коэффициенті 0,55). Түйіскеннен
кейін құрылғы ауырлататын жүкті қабылдап алып, бұрынғы орнына жүк
шығырымен қайтадан қалпына келеді.
Құрылғы орнынан, айсберг массасы 50 млн.т болғанда ығысады. Егер
құрылғыға массасы 10 млн.т дейінгі айсберг соқтығысса, құрылғы қозғалмайды.
Кинетикалық энергия мұздың бетін құрылғының сүйір ұшымен омырып, жояды.
Екі жағдайда да құрылғы айсбергпен соқтығысқанда орасан зор динамикалық
күштерді жойып, платформаның өте кажетті тетіктерін сақтап қалады. Гравита-
циялы платформаның 7 сақиналы қоршаған түрі (
10.17-суретте
) көрсетілген.
Чейн-Стар платформасы құрылмасының ұсынылуы бойынша айсберг
әсерінен келетін мұз күшін зәкірлі шынжырлар жан-жаққа сәуле сияқты таратып
тіректерге береді. Фирма мамандарының пікірінше шынжырлар кинетикалық
256
энергияны жойып, айсбергті платформадан қашық жерде тоқтатады.
Шынжырлардың бір шеті теңіз түбіндегі зәкірге бекітіліп, екінші шетін энергия-
ны қабылдайтын платформаның жоғарғы жағына бекітеді.
Энергияны қабылдайтын құрылғы орасан зор, сондықтан реттейтін арнайы
құрылғыны талап етеді. «Скэнска» фирмасы шынжырлы жүйені, платформа-
ны қорғау үшін, сатылы кессонды қолдануды ұсынады. Кессонның үстіне төрт
тізбектен тұратын жоғарғы тұрғызу жасайды. Осындай кұрылманың шынжыр
жүйесі салмағы 3,5 млн.т жылдамдығы 3,7 км/сағ. айсбергті тоқтата алады.
Қазіргі уақытта теңіз тұрақты құрылмасын тұрғызу үшін бірнеше техникалық
шешімдер жасалған. Бірақ оның кейбіреулері
тек қана белгілі аймақта ғана,
теңіз жағасындағы мұздардың таяз аймағында, арктикалық мұздың жиналған
аймағында және Канаданың арктикалық түбектері жағасындағы мұз ауданының
терең аймағында қолданылып жүр.
10.17-сурет. Құрылымдар конструкцияларының үлгілері
1 – конустық жылжымайтын мұз уатқышпен жабдықталған мұнара типті
гравитациялы негіз; 2 – бір тіректі және монолит фундаментті қадалық негіз;
3 – дамыған тірек бөлікті негіз конструкциясы; 4 – зәкірлік жүйелі жүзбелі
негіз (жартылай батырылған мұзға қарсы қорғаныспен); 5 – мұз кескішпен
жабдықталған жартылай батырылатын негіз; 6 – төгу арқылы қиыршық
тастан жасалған негіз; 7 – қорғаныс сақиналы гравитациялы негіз; 8 – құрыш
сақиналы кессондардан жасалған, аралдық типті, көп рет қолданылатын негіз
257
Қазіргі теңіз түбіне орнатылатын тіректерді теңіз тереңдігі тежейді, өйткені
тереңдеген сайын оны тұрғызуға көп қаржы кетеді. Оның үстіне тұрғызу
жұмыстары ауысымға байланысты. Қазір акваторияда жиналған мұздардың
қалыңдығы 18-20 м болғанда сенімді, бірақ берік құрылма құрылған жоқ. Қазір
тұрақты кессон типтес тұрғызулар перспективті болып есептеледі. Ол жиналған
мұздар суының тереңдігі 15-60 м болғанда қолданылады.
Теңіз тереңдігі, м
10.18-сурет. Гидротехникалық құрылыстар қолданылатын аймақтардың үлгісі:
1 – қиыршық таспен төселген арал; 2 – Құмды, жуылып тұратын
арал; 3 – көп қолданылатын арал типтес негіз; 4 – гравитациялық
негіз; 5 – конус формалы құрылма; 6 – жүзбелі платформалар
Қазіргі уакытта шетелдерде арктиканың қатал табиғат жағдайын, серпімді,
берік, тиімді құрылмаларды тұрғызу үшін, әртүрлі аймақтың қоршаған
ортасының жағдайына байланысты қолданылатын көптеген ғылыми-зерттеулер
және тәжірибелі конструкторлық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соған байланыс-
ты көптеген мәселелерді және міндеттерді шешуге талап қойылады. Олардың
ішінде ең негізгілері:
- әрбір жұмыс жасайтын ауданнан сенімді мәліметтер алу үшін қоршаған
ортаны қорғау;
- ауа райын жобалаудың дәл оперативтік әдістерін игеру, мұз қозғалысын,
жер сілкінуін, т.б.;
- теңіз түбінде мұқият инженерлік-геологиялық зерттеулер жүргізу;
- су
асты құбырларын төсеу, қадағалау және жөндеу;
- сенімді берік және тиімді тұрақты платформасын тұрғызу. Кен орнын
пайдалану үдерісінде бір қалыпта және қауіпсіз жұмыс жасау үшін,
258
қажетті платформаның құрылмасының жүзбелі және мұнай кәсіпшілігін,
бұрғылау және көмекші жабдықтар мен заттарының суасты құрылмасын
салу, «Браун энд Рут» фирмасының ұсынуымен, теңіз тереңдігіне байла-
нысты қолданылатын гидротехникалық құрылыстардың үлгісі берілген.
Достарыңызбен бөлісу: