Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


Тартылатын тіректері бар жартылай батырылатын



Pdf көрінісі
бет116/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

10.5 Тартылатын тіректері бар жартылай батырылатын 
платформалар (ТЖБП)
Жалпы алғанда тұрақты платформалардың бағасы су тереңдігіне байланыс-
ты квадрат пен куб арасындағы дәрежемен өседі. Әсіресе су тереңдігі 300 м 
асқанда платформалардың бағасы күрт өседі. Бұл жағдайда тұрғызу бағасын 
азайту үшін ТЖБП-ны қолданады. Осымен бірге ол су тереңдігі 200 м кем, қоры 
аз кен орындарында да қолданылады.
ТЖБП-ның кұрылмасы теңіз түбіне арнайы тартылатын құрылғымен 
бекітілген, жартылай батырылған платформадан тұрады. ТЖПБ-ның жалпы түрі 
(
10.16-суретте
) көрсетілген. Хаттон кен орнында Солтүстік теңізде орнатылған 
түрі берілген. Платформа негізгі: платформа, оған кіретін тізбек және қалтқы 
үстіндегі бұрғылау қондырғысы, 2, 3 кәсіпшілік жабдықтар, мұнайды айдау, да-
йындау және қосымша жабдықтар, тұрғын бөлмелер, тікұшақ қонатын алаңша 
сияқты тетіктерден тұрады. Платформа теңіз түбіне қадалы, зәкірлі құрылғымен 
тіреуге бекітілген, тартылғы арқылы жұмыс күйінде ұстап тұрады.
Су астындағы саға жүйесі тірек платформасынан тұрады. Оған мұнай алу 
үшін саға жабдықтары қондырылып, ішкі қуыс бағана жүйесі арқылы платфор-
мамен жалғасады.
Шетелде жасалған ТЖБП-ның қысқаша техникалық мәліметтері (
10.3-кес-
теде
) берілген.


252
10.16-сурет. Солтүстік теңіздің Хаттон кенішінде орнатылған платформа
10.6 солтүстік пен Арктика жағдайында жұмыс жасайтын 
тұрақты теңіз платформалары
Солтүстік пен Арктиканың теңіз аймағының қатал табиғат жағдайында 
осы аудандағы мұнай мен газ кен орындарын пайдалану үшін жаңа принципті 
техникалық шешімдер керек.
Арктика суларында негізгі мәселелер – мұнай мен газ кен орындарын пайдала-
ну үшін берік және үнемді техникалық құралдар қажет. Бұл негізінен мұздардың 
қату-қатпауына, уақытына байланысты жүргізілетін барлау жұмыстарына 
қарағанда, кен орнын жыл бойы пайдалану керектігіне байланысты. Аркти-
ка аймағында әртүрлі табиғат жағдайына байланысты қарастырылатын әрбір 
ауданның өзіне тән техникалық шешімдері болуы керек. 
Жыл бойы мұнай мен газ өндіру, пайдалану, айдау және бақылау ұңғыларын 
бұрғылау, қоршаған орта жағдайының мезгілдік өзгеруіне қарамастан жұмыстың 
сенімділігін қамтамасыз ететін гидротехникалық құрылыстарды салуды қажет 
етеді. Әсіресе, мұз басқан жағдайда Арктикада теңіз мұнай кен орындарын 
игеру үшін тұрақты құрылыстардың құрылмасы мұз бетінде көлбей қозғалу 
күйінің әсеріне байланысты. Егер құрылмаға желдің орташа қысымы 2 КПа, ал 


253
толқындікі 96-дан 114 КПа дейін болса, онда мұздың жүктемесі 2,88 МПа және 
жоғары.
Мұздың жүктемесі күшейген сайын, салынған гидро техникалық 
құрылғылардың бәрі қайраңның таяз бөлігіндегі жасанды түбек сияқты. Шетел 
практикасында жұмыс жасау тәжірибесі және қоршаған ортаның мәліметтері 
жинастырылып, болат бетонды және жерасты құрылыстарының жобасы жасал-
ды.
Мұз қысымына қарсылық тәсіліне қарай, құрылыстардың классификация-
сын келтірген. Ол құрылма үш негізгі класқа бөлінеді. Ол 
10.3-кестеде
мұз 
күшіне әсер ететін, теңіз түбіне қондырылған, іргетас мұздың ауырлық қысымын 
қабылдайды.
Жүзбелі платформалардың тұрқы тартылатын құрылғы мен зәкір жүйесімен 
қамтамасыздандырылған.
Түбек типтес құрылымдарды, оның төзімділігін құм мен қиыршық тас төсеу 
арқылы іске асырады.
Әрбір класс топқа, топ категорияларға бөлінеді. Теңіз түбіне қондыратын 
құрылымдарды көбінің құрылмасы гравитациялық. Оның өзі негізгі үш 
құрылмадан: үлкен диаметрлі табаннан және кіші қималы теңіз деңгейіндегі 
тіреу тізбегінен, тұтас пішінді құрылымнан және сақинамен қоршалған 
құрылыстан тұрады.


254


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет