Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет137/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

Серпімді режим
кен орынды бастапқы стадияларында пайдалану кезінде 
болады. Серпімді режимде қабаттың ұңғыға мұнай мен газдың фильтрация-
ланып қозғалуы мұнай мен газдың сығылуынан болады. Жыныстың серпімді 
деформациясы мен қабат қысымының төмендеу кезінде сұйықтардың 
көлемінің ұлғаюына әкеледі. Қабаттың таза серпімді режимі кезінде қабаттың 
мұнайбергіштігі 1-2% аспайды. 
Мұнай қабаттың айналасында суға қаныққан зонаның созылуының көп 
болуы серпімді режимнің 
серпімді-суарынды режимге
ауысып, осы кезде 
нұсқа сыртындағы судың серпімді қасиеттері пайдаланады (яғни, мұнайлылық 
нұсқасының сыртында орналасқан су). Осы режим қатаң-суарынды режимге 
ауысуы мүмкін, яғни бұл кезде ұңғылардан алынатын өнімнің көлемі (мұнай, 
газ, су) қабаттың аймағындағы нұсқа сыртындағы сумен компенсацияланады. 
Осы кезде кеніште қабат қысымы бір деңгейде ұсталынып, мұнай өндірудің 
тиімділігін қамтамасыз етеді. Серпімді және қатаң-суарынды фильтрация 
режиміндегі алғашқысында қабатта болатын 35-тен 75% дейін мұнайды алуға 
мүмкіншілік береді.
Қабат қысымы қанығу қысымынан төмендей бастағанда мұнайдан, газ 
бөліну үдерісі басталады. Қысым одан әрі төмендегенде газ көпіршіктері 
кеңейіп, мұнайды кезекті кеңістіктен ығыстыра бастайды. Бұл үдерісті еріген газ 
режимі деп атайды, өйткені мұнайды ұңғыларға көбінесе ығыстыратын еріген 
газ. Еріген газ режимі вертикаль бағытта өткізгіштігі төмен болатын қабаттарда 


300
тиімді болады. Кей жағдайларда қосымша бірнеше газдың бөлінуінен де газ 
телпегі пайда болады.
12.3-сурет. Солтүстік теңізде мұнай өндіру кемесі 
(«Норте» кемесі, Статойл).
12.4 Теңiз кен орындарын игерудегі техникалық негiздер
Теңiздегi көмiрсутекті игеру тиiстi технологияның қолдануы мен мұқият 
жоспарлауды талап етедi. Сол себептен жоба жұмыстарының техникалық тала-
бы мұқият жүргізілуі керек.
Сонымен бiрге серiктестiк өндiрiстiң барлық өндірістік ерекшеліктері тура-
лы шешiм қабылдауы керек. Материалды дұрыс таңдау аса маңызды. Мысалы, 
болаттың сапасы мен беріктігі теңізде көмірсутекті игеруде өте үлкен маңызды 
рөл атқарады.
Әдетте, игеру жобасын қарастырғанда және кен орынды қондырғымен 
жабдықтағанда мұнай және газ қорын іздеп тапқаннан соң бір немесе бірнеше 
бұрғыланған ұңғымалар арқылы мұнай және газ қорын бағалағаннан соң кіріседі, 
сонымен бірге кен орынды игеруге дейінгі және өңдеу және орналастырудағы 
кеңейтуге қажеттілік геологиялық құрылым үдерісінде пайда болады. 
Жобалаудың бастапқы бірінші кезеңінде
, жобаның құралдары мен әртүрлi 
техникалық нұсқалары зерттеліп, айырмашылықтары қарастырылады. Содан 
соң бұл нұсқалардың экономикалық көрсеткiштерi бағаланады. Үдерістердiң 
жеке нұсқаларының блок-сызбасы (немесе барлық сұлба) жасалып қаралады 
және техникалық құралдар, құрылыстың әдiстерiн таңдау ұсыныстары берiледi. 
Оларды әрбiр варианттың экономикалық көрсеткiштерi анықталып салыс-
тырады және құнның салыстырмалы айырмашылығы бойынша өңдеу және 
орналастырудың өте үнемдi нұсқасын таңдауға болады.


301
Жобалар мен технологиялық сұлбаларды қарастырғанда жұмыс iстейтiн 
ГОСТ нұсқауларын, әдiстемелерін, нормаларын және тағы басқа нормативтiк-
техникалық материалдарын негiзге алып басқарылады. 
Жобалаудың екiншi кезеңінде
технологиялық және монтаждық сызба-
ларды құрайды, таңдаулы варианттың құндарын алдын ала айқындайды және 
жобаның iске асыруының жоспарларын құрайды. Технологиялық сұлбада 
ағын бағыты көрсетілген, мұнайды жинау және тасымалдау бойынша барлық 
негiзгi техникалық құралдар мен құбырлар, жұмыс қысымы және температу-
ра, сонымен бiрге КИП және автоматика көрсетіледі. Негiзгi технологиялық 
параметрлердiң келтiрiлген кестелерi бар технологиялық сұлбаның сипатта-
масы берiледi. Технологиялық сұлбалары бойынша байлам сызбасының орын-
дарын анықтаған монтаждық сызба қоюды және өртке қарсы техникасы, тағы 
басқа құрылымды техника қауiпсiздiгiнiң құралының байламын қоса құрайды. 
Әрбiр құрал, жапқыш, клапан сызбада реттiк нөмiрлермен белгіленеді. Орнаты-
латын жабдыққа спецификация берiледi. Пайдаланудың күтiлетiн шарттарымен 
сәйкес жабдықты таңдау белгiсi анықталады. 
12.4-сурет. 28 сәуiр атындағы кен орнының 
ұңғымаларының шоғырландыру нұсқасы
Теңiздегi мұнай және газды кен орнындарды игерудегі ерекшелiгі – 
ұңғымалардың қымбаттылығы, теңiздегi бағалы қондырғыларға кеткен 
шығынды төмендету. Ұңғымаларды бұрғылау, шоғырлы стационарлы платфор-
маларды дайындау мен өндіруді ескеріп алдын ала қарастырылады. Пайдалану 
жабдығының бір бөлiгін тұрақты бұрғылау платформасында орналастырады, ал 
екiншi бөлігін, кен орынды пайдаланудың бiрiншi кезеңінде қолданылмайтын 
бөлiк тұрақты платформаларда орналастырады. Барлық платформалардың 


302
құрылыс жобасына мұнайдың және газдың қорлары көлемiн есепке алып, 
кен орнын тұрған орынды, теңiздiң тереңдiгiн, қоршаған ортаның шарттарын 
тағы басқа факторларды ескередi. Мысалы, 
12.4-суретте
Каспий теңiзiндегі 
(Әзербайжан) 28 сәуiр атындағы кен орын ұңғыларының шоғырландыру 
сызбасының нұсқалары келтiрiлген.
Кен орнында тiзбек және қазу тәсiлi нақты шарттар және қойылған 
мақсаттарға байланысты әртүрлi бола алады. Егер кен орын iрi және оның 
қорлары айқын анықталса, онда (бағдарлама) жоба бір-екі кезеңнен тұрады. 
Мысалы, Солтүстік теңіздегі Фортиз кен орнының өңдеу бағдарламасы. 
12.5-сурет. Фортиз теңіз кен орнындағы сызба
12.5-суретте
Фортиз кен орнындағы сызба келтiрiлген. Кен орны ұңғысының 
төрт шоғыры болды. Әрбір шоғырдан (тұрақты металдық платформа) 27 ұңғы 
бұрғыланған. Ұңғылардың дiңгектерiнiң максимал көлбеу бұрышы – 550. Су 
тереңдiгі 73 м. Егер кен орын шала-шарпы барланса және қарсы барлаулы 
үдерісте қосымша мұнай-газ бар алаңдар анықталса, онда өңдеу бағдарламасы 
(фазалар) бiрнеше кезең қосады. Мысалы, Солтүстік теңiздегі Экофисктiң кең 
орны өңдеу (бағдарлама) жобасы бiрнеше кезеңдерден тұрды.
Бiрiншi, эксперименталды, кезеңнiң мақсаты – (Галфтайдтың платформа-
сын тұрақты платформа ретiнде қою) уақытша суасты және көлiк жабдықтарын 
орналастыру арқылы кен орынды пайдалану туралы мәлiмет жинау. Екiншi 
кезеңде тұрақты гидротехникалық жабдықтар мен құрылғылар кешенін орна-
ластыру мен өңдеуді жүргізеді.
Бұл кезеңнiң мақсаты – жобалық көлемде мұнайды өндіру – 31,8 м
3
/тәу. Ол 
үшiн 9 және 17 ұңғыма және 4 және 8 бастырмалатқыш ұңғымадан тұратын үш 
тұрақты платформа орнатылады. 12 тіректі тұрақты платформада мұнай дайын-


303
дайтын, қабатқа су айдайтын, төмен қысымды компрессорлар, тұруға арналған 
екіпалубалы платформа және суасты мұнай сақтағыш жабдықтар орнатылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет