329
Ұңғының өнімін көтеру үшін пайдаланатын энергетикалық көздердің
сұлбасын
13.2-суреттен
көруге болады. Қарастырылған сұлба тек қана класси-
фикациялы түрде қарастырылады.
Ұңғы өнімнің жер бетіне көтерілуі тек қана қабат энергиясының есебінен
болатын пайдалану тәсілді
фонтанды пайдалану тәсілі
деп атайды.
13.2-сурет. Фонтанды арматура:
а – крест пішінді; б – үш жақты
Егер қабат және түп қысымдар арасындағы қысым айырымы сұйық
бағанасының қарсы қысымы және үйкеліске кететін қысым шығындарынан
асатын болса ғана ұңғының фонтандауы болады, яғни фонтандау сұйықтың
гидростатикалық қысым немесе кеңейген газ энергиясының әсерінен болады.
Көп ұңғылар газ энергиясы және гидростатикалық арынның берігу есебінен
фонтандалады.
Мұнайда болатын газдың көтергіш қабілеті бар, ол мұнайға қысым көрсету
формасында білінеді. Мұнайда газ неғұрлым көп болған сайын, коспаның
тығыздығы аз болып, соғұрлым сұйық деңгейі жоғары көтеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: