Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет148/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

Свайлы типті негіздерді 
– әртүрлі тереңдікте, сонымен қатар су түбі 
релефтінің күрт өзгеру жағдайында қолданады. Свайлар астында теңіз түбінде 
ұңғыларды арнайы кемелерден бұрғылайды. Әрбір осындай ұңғыларға құбыр 
түсіріп, оны цементтейді. Осыдан кейін свайларды, олардың аяқтары су бетінің 
үстінде бірдей деңгейде болатындай кеседі. Құбырлар аяқтарын жазық ме-
талды фермалармен байланыстырады, оған еден төсеп мұнара және бұрғылау 
қондырғысын орнатады. Свайлардың су деңгейінен биіктігі ең үлкен толқындар 
биіктігінен асуы керек.
Ірі блокты негіздер
Қазіргі кезде теңіз негіздерін құру үшін ірі блоктарды қолданады (МОС-
1,2). 
Межлумов, Оруджев және Саттаров конструкциялары су тереңдігі 8 м, 14 м, 
22 м-де қолдануға есептелген.
Теңіз түбіне блокты қондырғаннан кейін, оның ішкі қуысы арқылы теңіз 
түбінде ұңғыманы бұрғылайды, одан кейін оған блоктарды түппен байланысты-
ратын темірбетонды свайларды жібереді. 
Блоктың суүстіндегі блогы биіктігі бойынша реттелетін фермалармен 
қамтылған. Олар түп рельефтің 1 м-ге дейін өзгеруінде қолдануға мүмкіндік 
береді.
Теңіз кен орындарын алу қарқынын күшейту қажеттілігі негізгі жаңа 
түрлерді жасауды талап етті. Бұл мәселе құрылыстық іріленген блоктарға 
өтуімен шешілді, ол кезде блоктарды дайындау және жинау бойынша еңбек 
сыйымдылықты жұмыстар жағадағы базада орындалды. Мұндай негіздер 
әрқайсысы жоғарыдан фермалармен байланысқан және биіктігі бойынша дио-
гональ икемдермен байланысқан төрт немесе алты тіреулерден тұратын металл-
конструкцияларды көрсетеді. Теңіз тереңдігіне байланысты негіздер бір, екі, үш 
және төрт ярусты болады. Теңіз ұңғымаларын игеруге дайындау:
• 
Трубоқұбырларды салу;
• 
Эксплуатациялық ұңғымадарды орауды монтаждау;
• 
Штабельдерде алаңдарда бұрғылау құбырларын немесе штангтарды 
әкелу;


326
• 
Бұрғылау және перфорация контурларынан ұңғымаларды қабылдау 
сияқты негізгі операцияларды орындаудан тұрады.
Соңғы кездерде теңіз мұнай кен орындары иілген-бағытталған ұңғыма-
лармен жасалады, олардың сағалары бір-бірінен 1,5 л қашықтықта орналасқан, 
ал көршілес жұптар арасындағы қашықтық 9-10 м. Бірінші бұрғыланған 
ұңғымалардың сағалары бұрғылау еденінен 1,5-2 м төмен түсіріледі. Ұңғыманы 
екі бағанды бұрғылауды аяқтағаннан соң ғана пайдалануға жібереді. Бірінші 
ұңғыма қондырғысын екі нұсқада іске асырады: 1) арматураны міндетті түрде 
коллонада монтаждайды; 2) коллона арматураның басына орнатылады, ұңғыма 
сағаларынан 4-5 м қашықтықта орнатады. Екінші нұсқада трайниктің үстінде 
қозғалмалар мен буферлерді орнатады, олар бұрғылау еденінен біршама жоғары 
орналасқан. 
Фонтанды компрессорлы қондырғының негізгі кемшілігі – оның 
қолайсыздығы. Жоғарыда көрсетілген арматураны шетке апару әдісі 
қондырғыны жинақтауды жақсартады, бірақ оның қолайсыздығы сақталады. 
Осының нәтижесінде бірлескен ұңғымаларды пайдалану тәжірибесінде аз 
габаритті арматураларды кеңінен қолдана бастады. Арматураларды теңіздің 
бірлескен ұңғымалары жағдайларында ораудың өзіндік ерекшеліктері бар. Орау 
жұмысшы агент ұңғымасына түсу үшін теңіз түбінде үшбұрыш болып салынған 
газауа құбырларымен жалғанады. Теңіз ұңғымаларын құрғақтағыдай фонтан-
ды әдістен компрессорлыға өткізеді. Теңіз кәсіптерінде негізінен екі қатарлы 
қабылдағыштарды, ал жіберу қысымдарын төмендету үшін негізінен аэрация 
әдісін қолданады. Газауа таратушы будкаларды жағады немесе металл бірлескен 
алаңдарда немесе негізгі эскададан тармақталуда таратуы, компрессорлы стан-
циялар құрғақта немесе теңізде металл негіздерде орналасады. Жұмысшы 
агент компрессорлы станциялардан эстакада немесе теңіз тереңдігі бойынша 
трубоқұбырлар бойынша беріледі. 
Жердегі қондырғы ретінде қалыпты қатарлы станоктар немесе арнайы ста-
нок тербелткіштер қолданылады. Мысалы, екі діңгекті ұңғымаларды пайдалану 
үшін аз габаритті станоктар жасалған. Бірлескен теңіз ұңғымаларын пайдалану 
кезінде, сонымен қатар әртүрлі штангтары жоқ сорғыштар қолданылады.
Тиеуші және гидропоршеньді сорғыштар үлкен маңызға ие болды, себебі 
бес штангті сорғыштардың тіктен ауытқуы және ұңғыма профелінің сипаты 
ешқандай рөлге ие емес.
Теңіз кәсіптерінің негізгі үш түрі бар: 
А) ұңғымалардың жағаға жақын негіздерде орналасуы;
Ә) жағалаумен байланысты эстакада;
Б) ашық теңізде жағалаудан айтарлықтай қашықтықта орналасқан кәсіп.
Штангісіз сорапты қоңдырғыларды теңізден мұнайды алу кезінде қолдану.
Штангілі сорапты қондырғыларда қолдану аймағын шектейтін бірқатар 
кемшіліктер бар. Сорапты тереңдігі үлкен болған кезде қолдануға қолайсыз 
және ауыр қондырғыларды пайдалану талап етіледі, үлкен жүктемелер 


327
нәтижесінде штангінің үзілу қаупін тудырады. Бұл қондырғыларды пайдалану 
қойылған талаптарды әр кезде қанағаттандырмайды. Қазіргі штангілі жетегі 
бар сорапты қондырғылар осы кен орындарында ұңғымаларды пайдалану үшін 
бейімделмеген. Келтірілген жағдайларда ең перспективті болып плунжерлі лифт 
және штангісіз сорап болуы мүмкін. Плунжерлі лифт және штангісіз сораптың 
артықшылықтары ретінде қызмет көрсетуінің қарапайымдылығы салыстырма-
лы түрде күрделі жөндеулер арасындағы кезең. Оларды толығымен автоматтан-
дыру, ұңғымалардағы сенімді жұмыс болады.
Теңіз ұңғымаларын пайдаланудың гидропоршеньді әдісін пайдалану.
Әзербайжанда гидропоршеньді қоңдырғыларды пайдаланудың көпжылдық 
тәжірибесі соңғысының терең ұңғымаларда сәтті жұмыс істеуі екендігін 
көрсетті. Гидропоршеньді сорғышты қондырғыны пайдалану оңай, толық авто-
маттандырылады, ол теңіз жағдайларында маңызды болып табылады. Қондырғы 
ұңғыма ішіндегі құрылғылардан тұрады. Беткі қондырғыларға электр жетектері 
бар күштік сорғыштар сұйық мұнайды тазалауға арналған резервуарлар, 
қабылдаушы және арынды труба құбырлар, тракт, қондырғылар арасындағы 
труба құбырлар жатады, ұңғыма ішіндегі қондырғы көлемді гидравликалық 
қозғалтқыштан тұрады. Оның жұмысын басқаратын ГП-нің мағызды элементі 
ретінде золотникті қондырғы болады. Әрекет ету принципі бойынша ол төрт 
қадамды кранның әрекетіне ұқсас болып келеді. Золотниктің ішкі бөлігі канал-
дармен 90
0
бұрылуы екі жағдайда болуы мүмкін. Мұндай ауыстырып қосулар 
қозғалтқыш штогынан автоматты түрде іске асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет