Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет159/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   274
13.12-сурет
). Гидропоршеньді сораптарды 
өндіру сұйығының жұмыс сұйығымен бірігіп немесе бөлініп қозғалуына және 
т.б. байланысты дара және қос әсерлі деп бөледі. Бұндай сораптар п.ә.к. 0,6-ға 
дейінгі өте үлкен тереңдіктен (4000-4500 м) сұйықты көтеруді қамтамасыз етеді.
Гидропоршеньді сораптардың артықшылығы – сорапты ауыстыру кезіндегі 
түсіріп-көтеру жұмыстарын автоматтандыру мен қашықтықтан басқару 
мүмкіндігінің болуы. Олардың кемшілігі гидравликалық қозғалтқыштың жақсы 
жұмыс істеуі үшін талап ететін ұңғыны ұқыпты тазалап тұру үшін оны жұмысшы 
сұйығымен жабдықтау жүйесін кәсіпшілікте орналастыру қажеттілігіне байла-
нысты.
Бұрандалы сораптар қондырғылары
Қайраңда ұңғыларды осы қондырғылармен пайдалану үлкен қызығушылық 
тудырады.
Терең бұрандалы сорап (
13.13-сурет

L
nom
қадамы бар қарапайым спираль 
(бұранда) түрінде болатын ротордан (
13.13 а-сурет
) және 
L
cm
қадамы бар, ротор 
қадамынан екі есе үлкен болатын екіеселік спираль түрінде статордан (
13.13 
б-сурет
) тұрады.
13.13 в-суретте
сораптың жиналған түрінің бөлігі көрсетілген. Бұрандалы 
сораптың негізгі параметрлері: ротор диаметр D, статордың қадам ұзындығы 
L
cm
және эксентриситет 
L
. Ротор және статор арасындағы қуыстар бөлінген. 
Ротордың айналу кезінде осы қуыстар радиус және ось бойымен “ығысады”. 
Қуыстардың “ығысуы” сұйықты төменнен жоғары қарай итереді, сондықтан 
кей жағдайда осы сорапты ығыстыратын қуысы бар сорап деп атайды.
Негізінен, бұрандалы ротор үйкелуге қарсы хромдалған және басқа да 
жапқыштармен жабылған беріктігі өте жақсы болаттардан жасалады. Статор 
пластикалық материалдан дайындалып, тұлғада орналасады. Статордың мате-


346
риалы үшін өте қатаң талаптар қойылады. Осы сораптың жетегі тереңдік (ба-
тырмалы электрқозғалтқыш) немесе беттік болып келеді.
Батырмалы электрқозғалтқышты қолданғанда агрегат ұңғыға сорапты-ком-
прессорлы құбырларда түсіріліп, ал оған қорек арнайы кабель арқылы жіберіледі 
(ОТЭС сияқты).
Жер үстіндегі жетекті қолданған кезде сорап роторына қозғалыс штанга 
тізбегі арқылы беріледі. Жетек қозғалтқышы ретінде электрқозғалтқыш немесе 
басқа қозғалтқыштарды қолданады. 
Жылдамдықты реттеу ретінде токты жиілікті түрлендіргіш қолданады.
Жоғарғы жылдамдықты қозғалтқыштарды көбінесе, өнімділігі жақсы 
және динамикалық деңгейлері өте үлкен емес ұңғыларда, ал жағдайларда 
жылдамдығы өзгеретін қозғалтқыштарды қолданады.
13.13-сурет. Терең бұрандалы сорап:
а – ротор; б – статор; в – сораптың жиналған түрі;
1 – сораптың тұлғасы; 2 – статор және ротор арасындағы қуыс.
Бұрандалы сораптар қондырғылары келесі параметрлерде жұмыс істейді: 
беруі 20-дан 240 м
3
/тәу. дейін, арын 2000 м-ге дейін және:
- мұнай тұтқырлығы – 20Па*с дейін, 
- механикалық қоспалардың көп болуы (1% дейін);
- еркін газдың көп болуы;
- вертикалдан ұңғының көп ауытқуы (70% дейін) сияқты күрделі 
жағдайларда ұңғыларды пайдалануға тағайындалған.
Бұрандалы сорап
қондырғысы төменгі күрделі қаржыны жұмсаумен, аз 
габаритті, шулау деңгейі төмен және жоғарғы ПӘК-пен сипатталады. Бұл 


347
қондырғылар теңіз платформаларда мұнай өндірудің жақсы құралдары болып 
табылады.
13.14-сурет. Бұрандалы сораптың қабы – винтті элементінің сызбасы
Бұрандалы сораптар иілімді (резиналы) құрсаудағы (2) металды бұранданың 
(1) (
13.14-сурет
) айналуы әсерінен ағынды үдетеді. Бұл кезде олардың ұзындығы 
бойынша сораптың кіреберіс аузынан оның шығар аузына қарай жүріп отыра-
тын сорылған сұйықпен толтырылған тұйық қуыстар пайда болады, бұдан әрі 
сұйық айдау желісіне қарай шығарылады. Бұранда тілімі (1), қалқымалы бұралу 
ұзындығы оның тілім (15-30) тереңдігіне үлкен байланыста болады, ал иілімді 
құрсаудың беті адымды бұранданың қос адымына тең болатын екі фазалы 
бұранданың бетімен сәйкес келеді. Бұранда қозғалысы күрделі; ол өз осі бойы-
мен және айналысы бойынша эксцентриситет 
е
-ге тең болатын радиуспен айна-
лады (
13.14-суретті
қараңыз).
13.15-сурет. Ағынды сораптың сызбасы


348
Күштерді теңестіру үшін бір бағытта және сол бағытта кері айналатын бірақ 
әртүрлі (оң және сол) бағыттағы спиралдары бар екі бұранда қарастырылған. 
Сұйық одан әрі сорап тұлғасы мен оның құрсауы арасындағы сақиналы саңылау 
бойымен СКҚ-ға көтеріледі. Сорапты түсіру кезінде СКҚ сұйықпен толып 
қалады және көтеру уақытында оны ұңғымаға ағызу арнайы клапан көмегімен 
іске асады. Сорапты жетектеу үшін айналу жиілігі азайтылған батырылмалы 
электрқозғалтқыш (БЭҚ) тағайындалған. Ол трансформатордан кабель арқылы 
қуат алған және гидроқорғаумен жабдықталған. Оның жұмысын бақылап отыру 
үшін басқару станциясы қызмет істейді.
Бұрандалы сораптар сұйық құрамындағы газға деген сезімталдығы төмен, 
жоғары тұтқырлықты мұнайды соруға қабілетті. Электрбұрандалы сорап (баяу 
жүрісті) ЭВНТ5А-100 м болған кезде 100 м
3
/тәу. өнім бере алады.
Ағынды
сорап
(
13.15-сурет
) саптамамен (2) жалғасқан СКҚ (1) айдайтын 
жұмысшы сұйығының (су немесе мұнай) ағыны әсерінен жұмыс жасайды.
Саптаманың жіңішке қимасынан жүріп өткен кезде ағын, диффузор (4) 
алдында үлкен жылдамдыққа ие болады және соның әсерінен каналдарда (3) 
қысым төмендейді. Бұл каналдар сораптың (5) қуысы арқылы, пакер астындағы 
кеңістікпен 6 және қабатпен байланысқан бұл жерде қабат сұйығы сораппен 
сорылып және араластырғыш камерасында жұмысшы сұйығымен араласа-
ды. Сұйық қоспасы одан әрі сораптың сақиналы кеңістігі бойымен қозғалады 
және СКҚ-ға айдалатын жұмысшы сұйығының қысымы әсерінен құбыраралық 
кеңістік бойымен (сорапты екі құрама қатарлы құбырға түсіреді) жоғарыға 
көтеріледі. Сорапта қозғалыстағы бөлшектер болмайды, тұтқырлығы жоғары 
сұйықтарды соруы мүмкін және күрделі жағдайларда пайдаланылады (қабат 
сұйығының температурасы жоғары болғанда, өнім құрамында құм мен еркін 
газдың мөлшері едәуір көп болған жағдайда және т.б.).
13.16-сурет. Дірілдеуіш сораптың сызбасы


349
Дірілдеуіш
сораптар
(
13.16-сурет
) дірілдеткіш тудыратын құбырлар 
тізбегіндегі сұйықтардағы серпімді деформация әсерінен ұңғыдан сұйықтарды 
көтеруге арналған. Дірілдеткіш осьтен ауытқып отырғызылған біліктегі 
жүктерден тұрады, олардың айналуы кезінде серіппеге (2) ілінген көтергіш 
құбырдың (3) жоғарғы бөлігі қайтымды-түсірілетін қозғалысқа келтіріледі. 
Әрбір құбырда жоғары қарай ашылатын тарелка тәрізді клапан (4) орнатылған. 
Кұбырлар тізбегі дірілдеген кезде кезеңдік заңы бойынша сұйықтың 
инерциялық күштері ауырлық күшімен бірге клапандардың жылжуына әкеледі. 
Егер жоғарыға қарай бағытталған инерция күштері сұйықтың ауырлық күшінен 
басым болса, онда клапандар ашылады да сұйықтарды жоғары қарай жібереді, 
егер де осы күш төмен бағытталса, клапандар жабылады. Өнімнің құбыр бойы-
мен клапаннан клапанға дейін көтерілуі осылайша жүреді. Тербеліс амплитуда-
сы әдетте, 5-тен 20 мм құрайды, ал олардың жиілігі – 1 минутта 600-ден 1200-ге 
дейін жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет