Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


өндiрудiң автоматтандырылуы және телемеханизациялануы



Pdf көрінісі
бет162/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

өндiрудiң автоматтандырылуы және телемеханизациялануы
Мұнай мен газ өндiрудiң технологиялық үдерістердiң автоматтандырылуы 
және телемеханизациялануы, басқару жүйелерiн жасау және енгiзу мұнай-газ 
өндiру кәсiпшiлiгiнiң ғылыми-техникалық прогресiнiң аса маңызды бағыты 
болып табылады. Аспаптар мен автоматты технологиялық үдерістердi үздiксiз 
басқаруына, ұңғымалар мен қондырғылардың жұмысын бақылауға, мұнай мен 
газды өндiрудiң режимдiк параметрлерiн бақылауға көмектеседi. 
Теңiздегi мұнай және газ өндiрiсi толық және сапалы автоматтандырылуы 
және телемеханизациялануын аса қажет етедi; оның себебi бұл өнеркәсiптiк 
қызмет көрсетудiң жаға базаларынан алшақ кәсiпшiлiк жұмыс iстеуiнiң ав-
тономды жағдайларымен, мұнай және газды өндiру қондырғылары мен 
технологиялық үдерістерiнiң бақылау мен басқаруын қиындататын күрделi, 
жағымсыз гидрометеорологиялық жағдайлармен себептеледi. Қазiргi уақытта 
теңiз кәсiпшiлiктерi келесiдей автоматика және телемеханика жүйелерiмен 
жабдықталған: ЧТП, АГМ, Каспий және т.б.
13.3.3.1 ЧТП жүйесi
Аталған жүйелердiң ең алғашқысы ЧТП жүйесi болып саналады. Ол “Не-
фтеАвтомат” НИПИ-де құрастырылған және “Артемнефтегаз” МГӨБ-да теңiз 
кәсiпшiлiктерiнде кең таралған.
Жүйе келесi операцияларды көздейдi: орындаушы пунктердi таңдау
телебақылау; телединамометрлеу, теңселме-станоктар қозғалқыштарын 
басқару; ұңғыма теледабылы (жұмыс iстеп тұрғаны, iстемегенi); апаттық дабыл; 


353
екiжақты телефонды байланыс. Жүйе үш желiлiк (бiреуi жерге) байланыс желiсi 
пайдаланылады, 24 ұңғыма бiр шоғырға бiрiктiрiледi. Жалпы үш бағытты еске-
ре отырып, диспетчерлiк пункттiң сыйымдылығы 192 ұңғыма, көлемдi таңдау 
үшiн дабыл деңгейi И=36 В болатын 80-нен 1870 Гц-ке дейiнгi диапазон жиiлiгi 
қолданылады. 
Телемеханика құрылғысы басқару пунктiнен (БП) және бақылаушы пункт-
тер (БП) құрылғысының кешендерi. Әрбiр диспетчерлiк пунктке фидер (бағыт) 
бойынша 24 бақылаушы пункттер қосылуы мүмкiн. Телемеханика жүйесiнiң 
жұмысы үшiн ауа немесе кабельдi байланыс желiлерiн қолданады. ЧТП жүйесiнiң 
жаңартылған түрiнде бақылаушы пункттердiң екi түрi қарастырылған: ұңғымаға 
және топтап өлшейтiн қондырғыға қызмет көрсету. Ұңғымаларға қызмет ететiн 
телемеханика құрылғыларының және бақылау пункттер датчиктерiнiң тұтыну 
көзi – басқару пунктiмен ортақтандырылған, ал өлшеу қондырғыларында – 
жергiлiктi. Бақылаушы пункт басқару пунктiнен басқару объектiлерiне жiберiлген 
командаларды қабылдайды және декодирлейдi, сонымен қатар күй өзгерiсi ту-
ралы немесе технологиялық үдерістер параметрiнiң шектi мәндерiне жеткенде 
апат сигналдарын жiбередi. ЧТП жүйесiнде байланыс желiсiнiң екi өткiзгiштiк 
өткiзгiш нөмірiмен бiрлесе сигналдарды кодирлеудiң жиiлiк-полярлық әдiсi 
қолданылады. Әрбiр фидер өткiзгiштердiң бiреуiмен және жермен екi тәуелсiз 
А-Б тiзбегiн құрайды. 20 бақылаушы пункттер 10 бақылаушы пункттерден 2 
топқа бөлiнедi, бiр топ А тiзбегiне, басқа топ Б тiзбегiне. А тiзбегiн БП-ң таңдау 
торабы (жиiлiк таңдаған) қосылады, ао Б тiзбегiн телебасқару, (ТБ); телесиг-
нализация (ТС) және телеөлшеу (ТӨ) операциялары үшiн қолданылады. Әрбiр 
БП белгiлi бiр жиiлiкпен кодирлейдi. Әрбiр бағыт үшiн БП-ның таңдау торабы 
қосылған өткiзгiштi шартты түрде А өткiзгiш деп атайды. Сондықтан бiр бағытқа 
қосылған БП 1-шi және 2-шi ондықтар топтары үшiн А және Б өткiзгiштерi 
өзiнiң тағайындалуын ауыстырады. Сол себептi, бiрiншi ондықтың А өткiзгiшi 
екiншi ондықтағы Б өткiзгiшi ретiнде жұмыс атқарады, және керiсiнше, бұл екi 
БП үшiн түрлi ондықтардан бiр кодтық жиiлiктi пайдалануға мүмкiндiк бередi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет