3.5 Бұрғылау кемелері (БК). Тағайындалуы және конструкция ерекшеліктері Бұрғылау жұмыстарының жағалық базалардан алыстауы, тасымал-
дау қиындығы және жылдамдығының төмендігі, сонымен қатар шамалы
автономдылығы (дербестілігі) жартылай батырылатын жүзбелі бұрғылау
қондырғыларының қолдану тиімділігін төмендетеді. Сондықтан жағадан қашық
аудандарда іздеу және барлау ұңғымаларын бұрғылау үшін бұрғылау кемелерін
қолданады.
Бұрғылау кемелерінің конструктивтік ерекшелігі – палубада жабдықталған
төменгі жағында негізі бар бұрғылау мұнарасының, ал кеме ішінде және па-
лубада теңіз акваторияларында мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылауды
қамтамасыз ететін, бұрғылау кешендері мен басқа технологиялық жабдықтар
жүйелерінің орналасуы.
Әдетте бұрғылау мұнарасын кеменің орталық бөлігіне қондырады және
ұңғыманы кемеде орналасқан шахта арқылы бұрғылайды. Кейбір кемелерде
бұрғылау мұнаралары ұңғыманы бұрғылап біткеннен соң арнайы құрылғылар
көмегімен түсіріліп көлденең жағдайға келтіріледі, осы арқылы өткелдерден ету,
жүзу кездерінде кеменің желкенділігін азайтып ауырлық центрін төмендетеді.
Бұрғылау кемелерін пайдаланудың негізгі режимі ұңғыманы бұрғылау бо-
лып саналады (кемені пайдаланудың барлық уақытының 85-90%). Сондықтан
тұрықтың формасы мен басты өлшемдерінің қатынасының тұрақтылығы тұрар
орындарының мүмкіндігінше аз ауысу талаптарынан туындайды. Сонымен
қатар, тұрықтың формасы 10-14 узел (1 узел=1,85 км/сағ) ауысу жылдамдығына
сәйкес, одан да көп болуы керек. Бұрғылау кемелерінің ерекше белгісі –
кеме енінің оның шөгуіне қатынасы ең аз дегенде 3-4 тең. Оның үстіне бұл
қатынастың әрі азаю үрдісі байқалады (Пеликан, Сайпем-П және тағы басқа ке-
мелерде), бұны жұмыс аудандарының ұлғаюымен және кеменің теңізде жүзуге
жарамдылығы талаптарымен түсіндіруге болады. Кеменің басты өлшемдерін
таңдау оның жүк көтергіштігімен сипатталады.
Олар кеменің автономдылығы мен ұңғымаларды есептеген бұрғылау
тереңдігімен анықталады. Қазіргі бұрғылау кемелерінің дедвейті 5000-7000
т дейін және оның құрамына: сұйық отын, сұйық бұрғылау ерітіндісі, ұнтақ
тәрізді материалдар, бұрғылау ерітіндісін дайындау үшін химиялық реагенттер,
цемент, ауыз және техникалық су, шегендеуші және бұрғылау құбырлары және
басқа материалдар мен жабдықтар кіреді. Мысалы, Валентин Шашин кемесінің
дедвейті 6990 т.
Бұрғылау кемелерінің негізгі параметрлері
3.4-кестеде келтірілген.