Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет170/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

14.3-суретте,
4,5 м тереңдікте Бофорт теңізінде тұрғызылған, аралдың 
еңісін бекіту конструкциясы көрсетілген, жұмыс алаңы деңгейіндегі арал 
диаметрі 97,5 м тең болды.
14.3-сурет. Арал шалғысы бекiткiштi конструкциясы
Мұндай типті еңістердің сенімді қорғанысын жобалау үшін қапшықтар мен 
сүзгіш төсеніштің ұзақ мерзімділігі, сонымен қатар жергілікті шайылуға кедергі 
болатын, қапшықтарды дұрыс орналастыру сұлбасы негізгі мәселеге айналады.
Прудхо шығанағында 3,4 пен 2,1 м тереңдікте, сәйкесінше СД 7 мен СД 
8 аралдарын құрастыру кезінде қапшықтар мен сүзгіш төсеніштің материалы 
ретінде полипропиленді мата қолданылды. Сүзгіш төсеніш барлық еңіс бо-
йында жұмыс алаңынан 1:3 көлбеулікпен жатқызылды. Еңістердің қорғанысы, 


376
көлемі 1,5 м
3
құм толтырылған қапшықтардың бір қабатынан жасалды. Судың 
орта деңгейінде, еңістердің негізінде, қосымша қапшықтар төселді.
Зақымданудың таралуын шектеу мақсатында, арал периметрі еңіс бөлімінің 
шегінде, Лонгард құбырлары көмегімен жеке секцияларға бөлінді.
Бұл құбырлар диаметрі 0,9 м, цилиндр пішінді, гравиймен толтырылған, по-
лиэтиленнен жасалған қапшықтар; бұлар жеке қапшықтарға қарағанда, массасы 
артық, қапшықтар төсенішін тұрақтандырып, жеке секция аймағында бекітудің 
зақымдануын шектеу, төгілген материалдың еңіс жағалай таралуына кедергі 
келтіруге тиіс болатын. Периметр 30° арқылы бөлінді, оның бекіту сұлбасы 
14.4-суретте
көрсетілген. Лонгард құбырларына көлденең жатқан қапшықтар, 
қапшықтардан жоғары жатқан құбырлардың зақымдануы кезінде, материалдың 
ысырабына кедергі келтіреді. 
14.4-сурет. (Беттiң негiзгi қорғайтын жiгi шартты көрсетiлмеген) секциядағы 
баурайының бөлiнуi, жоспар:
1 – баурайдың негiзiнiң қорғауы; 2 – қосымша қаптар; 3 – көлденең қаптар; 4 
– Лонгартаның қосарланған тұрбалары; 5 – орташа деңгей; 6 – есептi деңгей
Аралдың периметрін вертикаль типті бекіткішпен жасау мақсатында, порт 
құрылысында қолданыс тапқан (мұндай аралдардың конструкциясы 
14.5-су-
ретте
келтірілген), темірбетонды немесе металл массив-гиганттар пайдалану 
мүмкін, металл тығын, тағы басқа шешімдер. 
Соңғы жылдары тереңдігі 20 м асатын, аралас типті жасанды аралдардың 
құрылыс жобалары игерілді, сонда экономикалық талдау көрсеткендей, бұл 
құрылымдардың 50 м дейін тереңдікте қолдану мүмкіндігі бар. 
Аралас типті жасанды аралдардың конструкциясы құрылымды тұрғызуға 
қажетті топырақ көлемін айтарлықтай кемітуге мүмкіндік береді, сонда аралдың 
толқын мен мұздан тиімді қорғанысы да қамтамасыз етіледі.


377
Бофорт теңізінде 1983 жылы жапон фирмалары салған, аралдың 
конструкциялық сұлбасы 
14.6-суретте
анық көрінеді.
14.5-сурет. Қоршауы бар жасанды аралдар массив – (а-в) алыптар және (г ) 
шпунтты ұяшықтар:
1 – құм немесе қиыршақ тастан төсегi; 2 – қап қиыршақ таспен 
қалауы немесе габиондар; 3 – массив-алып; 4 – толқын қайтарғыш 
қабырға; 5 – Арал денесi; 6 – төсенiш; 7 – аралық массив-алып; 
8 – шпунт; 9 – ұяшықтардың төгiндiсi; 10 – бетон белдiгi
14.6-сурет. Компазит типті арал
Аралдың жоғары бөлігі сегіз металл понтон арқылы жасалған, олар 
арқылы сегізбұрышты алаң пайда болды. Әрбір понтонның салмағы, шамамен
1000 т, ұзындығы – 43 м, биіктігі – 12,2 м, жоғарыдағы ені – 7,3 м, төменгі ені – 
13,1 м. Диаметрі 76 мм керілген сегіз болат қанат арқылы, понтондар бірыңғай 
қатты кеңістік конструкцияға жалғанған. Понтондар суасты топырақ негізге 
тұрғызылған, оның жоғарғы жағы теңіз деңгейінен 9 м төмен орналасқан, сол 


378
себепті арал бермасының шайылудан қорғанысы жеңілдейді. Аралдың жоғары 
бөлігінің конструкциясы әрқалай болу мүмкін.
Аралас типті аралдың жоғары бөлігіндегі конструкциясына қарамастан, 
жоғары бөлігі су деңгейіне, шамамен 10 м жетпейтіндей, оның негізі ретінде 
суасты арал болып табылады. 
Жасанды аралдары жобалау кезінде көптеген мәселелер қатарын шешу 
қажет. Біріншіден, технологиялық тағайындалуына сәйкес, аралдың жұмыс 
алаңының көлемі анықталады. Аймақтың жел, толқын, мұз режимдерін зерт-
теу нәтижесінде, аралдың пішіні мен оның жобалық көлемдері анықталады. 
Содан кейін аралдың конструкция типі жөніндегі шешімдері қабылданады. 
Жобалаудың бұл сатысында аралдың денесін толтыратын топырақтың сипа-
ты мен мөлшері, құрылыс орнындағы теңіздің тереңдігі, аралдың жиектен 
қашықтығы, толқындық жағдайлар, ағыс, аралдың тағайындалуы, мүмкін бола-
тын құрылыс тәсілдері мен жергілікті жағдайларды сипаттайтын басқа да фак-
торлар қарастырылады. 
Аралдың рационалды типін таңдау ең күрделі және жауапты мәселе, мүмкін 
болатын жан-жақты экономикалық талдаудың негізінде жасалынып, теңіз кен 
орнын меңгеру тәсілін игерген кезде маңызды болып табылады.
Жасанды аралдың жоғары белгісін тағайындаған кезде деңгейдің тербелісі, 
толқын мен мұз жағдайлары нұсқаулыққа алынады.
Мұз құбылысы болмаған жағдайда, жұмыс алаңының есептік су деңгейінен 
биіктігі мына формуламен анықталады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет