Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет171/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken


 
h
Г 
= Δh+h
Н 
+а 
(14.1)
мұндағы:
Δh
– жел немесе басқа да факторлармен шартталған, су деңгейінің 
көтерілу биіктігі;
h
Н
– есептік толқындардың еңісті төсеу биіктігі;
а
– 0,1
h
1% 
тең деп алынатын, бірақ 0,5 м кем емес, құрылым биіктігінің 
қоры.
Δһ шамасы бақылаулар мәліметтерімен немесе СНиП 2.06.04-82* 
нұсқаулықтарына сәйкес, аналитикалық жолмен анықталады. Сонда толқынның 
төсеу биіктігін анықтау тәсілдері еңістің жоғары және төмен шекарала-
рын бекіту, бекіту есебінде қажетті, еңіске түсетін толқын қысымын анықтау 
әдістемесі келтірілген. Еңісті бекіту жобасында, жиек қорғау құрылымдарын 
есептеу кезінде пайдаланылатын әдістемені қолданады.
Мұз құбылыстары болған кезде, аралдың жоғары белгісі келесі жағдайларды 
есепке алып тағайындалу керек:
- Мұздың қозғалысы кезінде, мұз аралдың жұмыс алаңына жетпеу қажет;
- Құрылыс аумағында мүмкін болатын, аралдың массасы мұз жүктемесін 
қабылдау үшін жеткілікті болу қажет.


379
Мұздың жиі қозғалысы байқалатын үлкен тереңдікті аймақтарда аралдың 
қозғалмалы мұз алаңдарынан қорғанысы маңызды мәселеге айналады.
Пайдалану аралдарын жобалау кезінде қорғаныс жолағын жасаудан басқа, 
аралдың периметрі бойымен, тығындық қабырға немесе металл қадалар (сваи) 
түріндегі, 1-3 м кейін соғылатын немесе басқа да конструкциялар типті (
14.7-су-
рет
) арнайы қоршауды тұрғызу ұсынылады.
14.7-сурет. «Моликпак» платформасының толқынды дефлекторы
Жасанды арал пайдалану кезінде мүмкін болатын барлық жүктемелерге 
төзу қажет. Жобалау кезде арал периметрінің бекітілуі – толқын жүктемесімен, 
ал аралдың жылжуға қатысты жалпы тұрақтылығы – мұз жүктемесімен 
анықталады.
Кейбір жағдайларда тереңдік жылжудың мүмкіндігін қарастыру жөн. Жа-
санды арал гравитациялық типті құрылым болып табылады және сол себепті 
белгілі массаға ие болуы тиіс (
14.8-сурет
).
Осы массаны арттыру мақсатында арал диаметрін үлкейтуге (бірақ бұл кез-
де мұз жүктемесі де артады) немесе аралдың жоғары белгісін үлкейтуге болады. 
Аралдарды жобалау тәжірибесі көрсеткендей, топырақ аралының жылжуға 
кедергісі су қимасындағы көлеміне шамамен пропорционал болады, ол жұмыс 
алаңының белгілеуін тағайындаған кезде назарға алыну қажет. 
Жасанды аралдың жылжуға қатысты жалпы тұрақтылықтың есебі басқа 
да гравитациялық құрылымдағыдай жүргізіледі. Мұндай есептеулерді жүргізу 
кезіндегі негізгі қиындық, жылжымалы мұз жүктемесін анықтаумен байланыс-
ты болады.


380
14.8-сурет. Жасанды аралдардың мұздың әсерінен қирап-бүлінуінің түрлері: 
а – жаз мезгіліндегі мұз алаңының жылжуы кезінде; б – мұздың сеңді 
шоғыр қабатының жылжуы басталғанда, қоршауы және I-IX бермасы жоқ 
жылжудың беті;
1 – мұз алаңы; 2 – топырақтың үйілген жерінің призмасы; 3 – алып алап-
тардан немесе понтондардан жасалған қоршау; 4 – еңісті жерге жа-
бысып қатқан сеңді мұз шоғыры; 5 – аралдың қатып қалған бөлігі
Мұздың көптеген жылжулардың нәтижесінде, аралдың жан-жақты 
төңірегінде мұз басудың алаңы қалыптасады. Белгілі тереңдіктерде ол теңіз 
түбіне отыру мүмкін, сонда арал периметрі бойынша қорғаныс тосқауыл пай-
да болады. Мұндай тосқауылдар АҚШ пен Канаданың көптеген арктикалық 
шельфтерінде байқалды.
Арал төңірегінде мұз басу алаңының пайда болу механизмі 
14.9-сурет-
те
сұлбасымен көрсетілу мүмкін. Арал еңісінің мұзбен әсерлесудің бірінші 
сатысында, қыс мезгілінде жұқа мұздың бұзылуы байқалады, зерттеулер 
көрсеткендей, Бофорт теңізі үшін жүктеме 1пог.м үшін 0,05МН тең болды (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет