Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет178/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

15.3 Теңіз эстакадасы
Теңіз түбінде мұнай кен орындарын ашу ашық мұхитта бұрғылау 
мұнараларын, сонымен қатар әртүрлі бағыттағы теңіз трубоқұбырларын салу 
қажеттілігін тудырды. Бастапқыда бұрғылау үшін, ал содан кейін пайдалану 
үшін арналған барлық гидротехникалық құрылғылар аралдық және эстакадты 
түрлерге бөлінеді. Теңіздің суы аз бөліктерінде эскада рөлін топырақты дамба-
лар орындайды. 
Теңіз кен орындарын меңгеру, әдетте, барланған акваторияларда жүргізіледі. 
Каспий теңізінде кен орындарды меңгеру үдерісінде теңіз стационарлы 
негіздерде орналасқан жеке объектілер арасында сенімді байланыс болуын қажет 
етті. Жүк тиелген кемелерді теңіз толқуының 4 балы және желдің 5 балл болуы 
қиындата түсті. Сондықтан меңгеру орындарында кәсіпшілік объектілерінің 
арасында байланыс болуы үшін 
эстакадаларды 
құру қажет болады. 
Осы тәсілдің маңызы – кен орынды меңгеру жобасының негізінде 
тармақталған магистралды эстакадалар желісін құру. Эстакадаларды құрумен 
қатар ұңғыларды бұрғылау және пайдалану үшін эстакаданың жанына алаңдар, 
мұнай жинау пункттері, суларды жинау сорапты, тазалау құрылымдары, тауар-
лы резервуарлар паркі, тұрғын үйлер салынады. 
Эстакадалар 
деп бұрғылау платформалардың автокөлік арқылы су үстінде 
үздіксіз байланысын қамтамасыз ететін созылыңқы құрылымды айтады. 
Теңіз эстакада теңіз толқынына қарамай объектілер арасында құрлықты 
байланыс үшін қажет және онда: 
1. Теміржол, автокөлік транспортының қозғалысы;
2. Тағайындалуы әртүрлі (су, мұнай, газ, бу, топырақ ерітінділері үшін) 
қажетті құбырлар санын құру (орнату) орындалады.
Жалпы айтқанда, теңіз эстакадасы – құбыршалы тіректерге тірелген, кеңістік 
фермалардан құрастырылған сызықты құрылым.
Терең емес акваторияларда жоғары жағынан ригельмен байланысатын екі 
көлбеу свайлардан тұратын жазық тіректер қолданылады. 
Эстакаданың алаңдары олардың орындалуына қарамастан свайлы құбырлы 
тіректерге тірелетін көп қатарлы фермалар жүйесі болып келеді. Свайлы тіректер 
көлденең және тік қаттылығын қамтамасыз ететін ригельдермен байланысқан. 
Бір пролетті құрудың үдерістер циклі: рамалы түрдегі свайлы тіректерді 
құрастыру, грунтқа свайларды кіргізіп, олардың жоғарғы жағын ригендер-
мен байлау, пролетті құрылымдарды монтаждау, уақытша рельсті жолды құру 
сияқты негізгі жұмыстар түрінен тұрады.


396
15.1-сурет. Металды эстакада
1 – свая, 2 – ригель, 3 – көлденең су үсті байланыс, 4 – ферма, 
5 – Гипроморнефттің эстакадалы құрлыс краны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет