381
14.9-сурет. Мұздың жасанды аралмен өзара әсерінің сызбасы:
а – тегіс жұқа мұздың еңісті жермен өзара әсері, мұз майысудан қирап
бұзылады; б – еңісті жерде сеңді мұз шоғырының алаңы пайда болады,
ол түбіне қарай отырып, мұз сеңді мұз шоғырының алаңының әсерінен
қирап бұзылады; в – сеңді мұз шоғыры алаңының ортаңғы бөлігінің
шоғырлануы (мұздап қатуы) орын алады; г – есептік қалыңдықтағы
мұз сеңді мұз шоғырының алаңымен өзара әсерге түседі
Табиғи және жасанды аралдардың мұз бұзылу үдерісін
қадағалау
мен зертханалық зерттеулер жасанды аралдарға ұқсас, үлкен диаметрлі
тосқауылдарға мұз жүктемелерін анықтауға арналған стохастикалық модельді
жасауға мүмкіндік берді.
Бұл
модельді қолданған кезде, мұз алаңы мен кең тосқауылдың әсерлесу
шекарасында мұз әрқалай бұзылады; бір аймақтарда – иілімнен, басқаларында
– уату мен сығылудан, т.б. Нәтижесінде, жалпы мұз жүктемесі тар тосқауылға
қарағанда айтарлықтай аз екені анықталды. Басқа да, әсіресе Бофорт теңізіндегі
Тарсьют пен Ханс табиғи аралдарына жүргізілген зерттеулер жүктемелерді
анықтауда бұл әдістің дұрыстығын айғақтайды.
Мұз жүктемелерінің кең цилиндрлік құрылымына әсер етуін анықтау әдісі
алғаш рет ұсынылған.
Бұл әдістің негізгі ойы мынада. Мұзбен әсерлесетін құрылым шеңберінің
бөлігі бөліктерге бөлінеді, сонда жергілікті жүктеме әртүрлі болуы мүмкін және
ол жапсарлас бөліктерден тәуелсіз.
Есептелетін бөліктің өлшемдері мұз қозғалысының жылдамдығына байла-
нысты және өрнекке сәйкес:
в
i
= αh
i
,
(14.2)
382
мұндағы:
α
– мұз дрейфінің жоғары және төмен жылдамдықтары
V
үшін,
сәйкесінше 1 мен 3
аралықта өзгеретін коэффициент, ал
h
i
– мұз қалыңдығы.
Мұз дрейфінің жылдамдығы:
V
i
= Vcosβ
(14.3)
мұндағы:
β
i
– мұз қозғалысының бағыты мен радиусы арасындағы бұрыш.
Құрылымға әсер ететін жалпы мұз жүктемесі кездейсоқ шама болып табылады,
ал мұз алаңының құрылыммен әсерлесуі – кездейсоқ үдеріс.
Мұздың құрылыммен әсерлесудің әрбір бөлігінде, мұз жүктемесі уақыт
бойынша максималдан
F
i.max
минималға
F
i.min
дейін азаюы мүмкін, сонда өзгеріс
заңы мына түрде:
F
i.max
= ψ F
i.min
(14.4)
Мұндағы:
ψ
–
Достарыңызбен бөлісу: