Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет169/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

Бақылау сұрақтары:
1. Қайраңда қандай пайдалану тәсілдері бар?
2. Өнім өндірудің механикаландырылған тәсілі қандай варианттарда болады?
3. Арынды сорап қалай жұмыс істейді?
4. Фонтанды өндіру тәсілінде жұмыс неге негізделеді?
5. Танемді қондырғының жұмыс принципін атаңыз.
6. Қандай жағдайларда бұрандалы сораптарды қолданады?
7. Батырмалы ортадан тепкіш сораптың қандай ерекшеліктері бар? 
8. Бұрандалы сораптың жұмыс құралы ретінде не саналады?
9. Бұрандалы сораптың жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз.
10. Бұрандалы сораптың артықшылығын айтыңыз.
11. Бұрандалы сораптың қондырғысына не кіреді?
12. Бұрандалы сораптың негізгі бөліктерін атаңыз.
13. Гидропоршеньді қондырғы неден тұрады?
14. Гидропоршеньді қондырғының жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз.
15. Гидропоршеньді қондырғының артықшылығы мен кемшілігін атаңыз.


373
14-ТАрАу
ЖАсАНДЫ АрАЛДАр
Тәжірибе көрсеткендей, барлау бұрғылау кезінде бұрғылау жабдықтарын, 
материалдарын және қызмет көрсетуші персоналын орналастыру үшін 8000-
10000 м

немесе одан да кішірек алаң жеткілікті. Бұл аралдың диаметрін 
тыныштық горизонтының деңгейінде (шамамен, 100 м) анықтайды. Жұмыс 
алаңы құрылымының теңіз деңгейінен жоғары орналасуы есептік деңгейден ар-
найы есеппен анықталады.
14.1-сурет. Жасанды арал сұлбасы
Пайдалану аралының диаметрі айтарлықтай жоғары болады, кейбір жоба-
лау жұмыстарына сәйкес 500-600 м тең болуы мүмкін, сонда аралдың жұмыс 
алаңының белгісі де үлкейеді.
Аралдың конфигурациясын табиғи шарттарға сүйеніп, құрылыс орнында 
тағайындайды, терең және ашық аймақтарда, олар, әдетте, дөңгелек пішінді, 
толқынның бағытын жоғарырақ болжаммен анықтауға болатын аймақтарда 
сопақ пішінді болады.
Құрылым типіне байланысты, жасанды аралдарды келесі түрде жіктеуге бо-
лады:
1) Еңістері бекітілмеген аралдар;
2) Еңістері бекітілген аралдар;
3) Периметрі тігінен бекітілген аралдар;
4) Аралас типті аралдар.
Бірінші типті аралдар тек тереңдігі аз, шамамен 1-3 м-ге тең, негізінен 
барлау-бұрғылауда қолданылады. Мұндай аралды жобалау кезінде, белгіленген 


374
уақыт мерзімінде, қажетті жұмыс алаңын сақтап қалу мәселесін шешу керек. 
Бұл үшін еңістің өңдеу болжамын беру қажет. Осы үдеріске табиғаты жағынан 
көптеген және әртүрлі факторлар әсер ететіндіктен, бұл мәселе өте күрделі бо-
лып есептеледі және қазіргі уақытта мұндай болжамды жеткілікті түрде дәл 
шешетін, нормативтік құжаттар жоқ.
Арал еңісінің шайылу зонасын анықтаған кезде, бұл зонаны жыл ішіндегі 
ең қатты дауыл мезгілінде және ең қауіпті тербеліс айлығының циклінде бағалау 
қажет. Еңіс шайылуын болжау кезінде мүмкін болатын қателіктер, құрылғыны 
пайдалану үдерісінде, шайылу зонасына қосымша топырақты себу арқылы 
түзетуге болады. Аралдардың бекітілмеген еңістері немесе бөгеттерінде ша-
мамен 1:20 табиғи көлбеулік бар, сондықтан аз тереңдіктерде де топырақтың 
үлкен көлемін қажет етеді. Ауа райы есебінен, топырақтың көп бөлшегі шайы-
лу кезінде жойылатындықтан, аралдарды құрастыру үшін топырақтың қажетті 
мөлшері одан да көбейеді (
14.2-сурет
).
Тереңдігі 5-6 м артқан сайын, ал кейбір жағдайда одан аз тереңдіктерде
екінші және үшінші типті аралдарды қолдану ұтымды болады. Бұл кезде арал 
еңістерін бекіту типі мен оның есебі маңызды мәселеге айналады. 
14.2-сурет. Жасанды арал көлемiнiң тәуелдiлiгiнiң графигi
Бұл жағдайда еңіс көлбеулігі тіктеу, әдетте 1:3-тен 1:5-ке тең болады. 
Көбінесе, еңістің жерасты бөлігі жатық болғанда, ол полигональ пішінді, ал 
жерүсті бөлігі 1:3 көлбеулікке тең. Бекіткіш ретінде көп жағдайда таспен тол-
тыру немесе арнайы фильтрацияға қарсы дайындыққа жатқызылған, бетонмен 
толтыру қолданады. Мұндай типті бекіткіштерді есептеу әдістемесі теңіз және 


375
өзен гидротехникалық құрылғыларды жобалау кезіндегі әдістемеге ұқсас болып 
келеді.
Каспий теңізіндегі кен орындарды меңгеру тәжірибесінде, ең үнемді, 
шайылу тәсілімен тұрғызылған, бөгеттер мен аралдардың еңістерін бекіту 
үшін сумен шайылған бастапқы кескінге, тас призмасының есептелген көлемі 
жатқызылды. Бастапқы кескінді жасау кезіндегі қосымша топырақтың көлемі 
топырақтың ұсақ фракцияларының шайылу себебімен, есептелген көлемнен 
1,5 есе көп алынды. Осы аймақтағы көпжылдық құрылғыларды пайдалану 
тәжірибесі көрсеткендей, белгілі шарттарда еңістерді қорғаудың бұл шешімін 
тиімді (рационалды) деп есептеуге болады. 
АҚШ-тың арктикалық аймақтарында жасанды аралдарды құрастыруда, 
құммен толтырылған, синтетикалық материалдардан жасалған қапшықтарды 
пайдалану арқылы еңістерді бекіту кең қолданыс тапты. Массасы 3 т кем 
қапшықтар, еңіске бекітілген, арнайы иілгіш сүзгіш матаға орналастырылады, 
кейбір жағдайдарда құм қапшықтарымен толтырылған габиондарды қолданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет